Фрустрация
Бұл кезеңге өту индивидтің өзінің құзырындағы барлық ақпаратты сараптап, шешімнің пайда болған түрлерін тексеріп, бірақ-та жауап таппаған кезде жүзеге асады. Басқа сөзбен айтқанда, ол тұйыққа келіп тіреледі.
Креативтілікті сипаттайтын дәстүрлі тәсілдер бұл эффектті кемітеді, әрі оны шығармашылық ойлауға ешқандай қатысы жоқ, өзгеше феномен ретінде қарастырады. Бұл кезде туындайтын «тұйықтық» сезімі шынайы жағдайды түсіну негізіндегі міндетті шешудің мүмкіндіктері таусылғандығын жеткізетін заңды кезең ретінде емес, креативтіліктің көрінуіндегі тосқауыл, кедергі ретінде қарастырылады. Мұндай пікір қарма-қайшы, өйткені ол жасырын түрінде тану мен дамудың шегінің, шекарасы идеясын білдіреді.
Фрустрацияны теріске шығару қатынасы, оны айналып өту ұмтылысы, оның бар екендігіне «көз жұму», оны бастан кешірудің тым қолайсыз екендігін түсіндіреді. Индивид ыңғайсыздық, тітіркенгіштік, есін шығарғандық, өзінің сапасыздығын, зерігу, шаршағандық, енжарлық күй кешеді. Бұл уайымдар субъектінің санасы стеротиптермен, нанымдармен, қатаң теңестірулерге толы болған сайын күшейе түседі. Жағдай кері эмоцияның өз-өзін бақылауды төмендетуге жетелеуімен және болып жатқан оқиғаның рефлекциясының деңгейін төмендеуімен өрши түседі.
Фрустрацияға құралмалы қатынас оның креативтік процестің қызметті қайта құру белгісі болатын заңды кезеңі ретіндегі ролін мойындауына жетелейді. Бұл кезде креативтіліктің көрінуіне қандай тосқауылдар кедергі жасайтындығын немесе қандай кедергі екенін, қандай стеротиптің аясындамыз, қай салада бізге ақпарат жетпейтіндігін және оны қайдан алуға болатындығын және т.б. түсіну жөн болады. Бұл жағдайда, Sapp D (36) «жаңа өсім» деп атаған жағдай жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |