Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


жаттығу Топ шеңбер құрап отырады. Нұсқаулық



бет131/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

52 жаттығу

Топ шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Әңгімелесуде көп жағдайда қарым- қатынас жағдайына енудің бірнеше деңгейін қоса алып отыру қажет: оған қатысу, барлық болып жатқанды бақылау және бейнелеу, болашақты жоспарлау және т.с.с. мұндай көпдеңгейлі тірліктің қиындығы оның эмоционалдық енудің ауқымды болуымен тереңдей түсуінде, бірақ сонымен қатар бақылаушы ретінде әрқайысымыз жағдайдан белгілі деңгейде алшақтау болуымыз керек. әрқайсымыздың тәжірибемізде бізді билеген қандай да бір күй, серігіміздің мінез –құлқымен, , оның ерекшеліктерін, сөздерін назар аударуға кедергі жасаған жағдайлар болған шығар. Келесі жаттығу – қарым- қатынас жағдайындағы көп деңгейлі тірліктің үлгісі.

Қанекей орнымыздан тұрайық та, әңгімелесудегі шиеленушілікті төмендету дағдыларының бірін жаттықтырайық – серігіңмен ұқсастығыңды нақтылау. Сыртқы келбет ұқсастығына немесе аяқ киім түсінің бірдейлігіне және т.с.с. назар аудару емес, жекелік ұқсастық немесе жақындықты нақтылауды ұсынамын. Мысалы, Қарлығаш Дина немесе Ғалымға (нақты топта Дина да, Ғалым да болмауы қажет, жаттықтырушы белгісіз есімдерді нұсқаулыққа белгісіздік сипаттама беру үшін таңдайды) доп лақтыра айтады: «Ғалым, менің ойымша екеуімізді ......... қасиет біріктіреді – деп оларға ортақ қасиетті атайды. Егер Ғалым бұл пікірмен келісетін болса, «Иә, мен келісемін» - деп, ал егер келіспесе: «Мен бұл жөнінде ойланып көремін! – деп жауап береді. Яғни, ол ойланатын ақпарат алды: егер оларды бұл қасиет біріктіредін болса, онда бұл ол адамның мінез-құлқына, қабылдауына қайткенде де бір әрекет ететін қасиет болар және т.с.с. Бұдан кейін, Ғалым басқа бір қатысушыға доп лақтырады да: «Дина екеумізді бір қасиет жақындастыратын сияқты ол қасиет....» - дейді, ары қарай т.с.с. Нұсқаулық барлығына түсінікті ме? Онда қане, бастайық. Мен де жаттығуға қатысамын, бірақ мен жаттығуды басқа бір бастағанын қалар едім».

Бұдан кейін жаттықтырушы допты өзінің сол жағындағы немесе оң жағындағы не бірінші болып бастағысы келген қатысушыға береді. Жаттығу барысында жаттықтырушы нұсқаулықтың дұрыс орындалуын және доптың әрбір қатысушының қолында кем дегенде бір рет болып шығуын қадағалайды. Соңғы талап толығымен орындалғаннан кейін, жаттықтырушы доптың бірнеше рет қайталанып беріліп шығуын біраз уақыт күтеді де, жаттығуды аяқтайды.

Қатысушылар өз орындарына отырады да, жаттықтырушы оларға бірінші сұрақты қояды: «Естеріңізге түсіріңіздер, доп алдымен Жанаттың қолына қалай тиді, одан кейін Назымға өтті (бұл жерде ол доптың қалай өткенін көрсетеді), одан соң Назым оны Асхатқа лақтырды, одан кейін доп Ерғалидың қолына тиді, одан кейін Айгүлге... Доп он үш қатысушының онының қолында болып шыққанына назар аударыңыздар. Басқалары кем дегенде бір рет доп алған уақытта, бірде –бір ретқолдарын доп тимеген үш адамды естеріңізге түсіріңіздер?». Егер сұрақты топтың кейбір мүшелері түсінбесе жаттықтырушы тағы бір рет қатысушылардың назарын топтың бес мүшесі кем дегенде бір рет допты алғанда, сегізінің қолына доп бірде- бір рет тимегеніне аудара отырып, көрнекті түрде доптың қимылын көрсетіп шығады. Доптың келесі лақтыруында ондай адамдар қатары жеті, одан кейін алты, сөйтіп үшеуге де жетті. «Қолдарына осыншама уақыта бір ретте доп тимеген адамдар кімдер?»

Топ мүшелері бұл сұраққа жазбаша түрде жауап беруі керек. Барлығы өздерінің жазуларын аяқтағаннан кейін, жаттықтырушы «сұрақтың субъектісі болған» - яғни доп қолдарына барлығынан кеш тиген адамдардың қолдарын көтеруін өтінеді. Бұл кезде әрқайысысы өзінің жауабынның дұрыстығын тексере алады. Негізінде, бұл сұраққа қатысушылардың тек 10 пайызы ғана дұрыс жауап береді.

Бұдан соң жаттықтырушы топқа келесі сұрақтарға жазбаша жауап беруін өтінеді: «Топта кім допты үш рет және біреуден аса иеленді?; «Топ мүшелерінің қайысысы допты бірақ рет алды?» бұдан кейін, жаттықтырушы «сұрақтың субъектілеріне қолдарын көтеруді өтінеді- алдымен, допты үш рет және біреулен артық иеленгендердің, одан кейін допты тек бірақ рет алғандарды. әр қатысушы өз жауабының дұрыстығын тексереді де, топқа айтады. Жаттықтырушы топқа өзінің қаншалықты дұрыс жауап бергенін жариялайды. Кейде «сұрақтың субъектілерінің» өздері допты екі, үш рет алғандарын білмей жатады. Мұндай жағдайда, доптың жылжуының барлық ілеспелі қозғалысын қайта орындап, әділдікті орнатуға болады.

Нәтижелерді талдау барысында жаттықтырушы: «Неге біз өз бақылауымызда неліктен қажетті деңгейдей тура болмадық?» деген сұрақ қоюына болады. Көп жағдайда топ мүшелері бір сәтте тапсырмаға тартылғандықтың, әрі «Кім саған доп лақтырар екен?», «Ол кезде не айтады екен?», «Сен өзің кімге доп бересің?», «Не айтасың?»- - деп эмоциональды түрде мазаланудың - әрі жалпы топты бақылауың керектігі қиындығы туралы өздері айта бастайды. Топ көп жағдайда сен тартылған қызмет күрделі және сен үшін жекелік мағыналы болған сайын, бақылау міндеті күрделі бола түсетіндігін қорытындысын жасайды.

Аталмыш жаттығуды күрделендіре талқылау үшін, жаттықтырушы: «Сіздің көзқарасыңыз бойынша, бұл жаттығуды орындау барысында, топтың даналығы байқалды ма?» деген сұрақ қоюға болады. Бұл сұраққа жауап беру үшін қатысушыларға өз тобын зерттеуде тағы бір қадам жасау керек болады: қолдауды қажет еткен топ мүшелеріне қолдау көрсете алды ма? қатысушылардың біреуін ренжітіп алған жоқ па?. Талқылаудың бұл кезеңін жақсыз формада өткізген дұрыс болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет