Сабақтың тақырыбы Бернулли теоремасы Педагог Ажибеков Нуржан Пәні



Дата24.12.2021
өлшемі159,09 Kb.
#104695
түріСабақ
Байланысты:
Бернулли теоремасы
Ең үлкен ортақ бөлгіш, ең кіші ортақ еселік негізгі қасиеттері., Ең үлкен ортақ бөлгіш, ең кіші ортақ еселік негізгі қасиеттері., Санау жүйелері ондық санау жүйесінде көп таңбалы сандарды қосу, азайту,көбейту,бөлу, Санау жүйелері ондық санау жүйесінде көп таңбалы сандарды қосу, азайту,көбейту,бөлу, Құран оқып үйренейік, гемо, Ең қызықты анимелер жинағы, 2 5388937423826715770, 5EFABA4E-66DC-49F1-B113-F1A7ABAF9CC6

Онлайн сабақтың жоспары (синхронды оқыту)


Сабақтың тақырыбы

Бернулли теоремасы

Педагог

Ажибеков Нуржан

Пәні

Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

Курс

ІІІ-курс

Тобы

ИБ 18-9













Сабақтың өткізілетін күні

13.10.2020ж













Сабақтың түрі

Онлайн сабақ

Сабақтың мақсаты

n сынақтар нәтижесіндегі ықтималдықты анықтайтын Бернулли формуласымен танысу

Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер

Оқулық. М-10. Шыныбеков Ә.Н. Алматы «Атамұра» 2014

Техникалық құралдар, материалдар

АКТ, ZOOM, Whatsapp

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері




1 Ұйымдастыру кезеңі:


-Студенттерге платонус платформасы арқылы тапсырма жүктеу.

-Whatsapp желісі арқылы кері байланыс орнатып,сабақ барысын түсіндіру

2.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Практикалық /зертханалық жұмысқа орындау кезеңі

(Сабақтың мазмұны қоса тіркеледі)


Whatsapp желісінде тақырыпқа қысқаша түсінік.

1.Cабақ-Мұғаліммен оқушының шығармашылық іс-әрекеті

2.Сабаққа қойылатын талаптар


3. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі Практикалық /зертханалық жұмысты орындау кезеңі

n сынақтар нәтижесіндегі ықтималдықты анықтайтын Бернулли формуласымен танысып есеп шығарады

4. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі


Ойын сүйегін 4 рет тастағанда алтылық ұпайдың кем дегенде бір рет түсуінің ықтималдығын табыңдар

Бөлім меңгерушісі : Жусупбекова М

Педагог: Ажибеков Н

Бернулли теоремасы

 Егер Р әрбір тәжірибе жүргізгендегі А оқиғасының пайда болу ықтималдығы және кездейсоқ шамасы А оқиғасының n рет тәжірибе жүргізгендегі пайда болу саны m болса, онда кез келген  саны үшін



 



(8.2)

Бернулли теоремасы тәжірибе жүргізу шарты тұрақты болғанда жиіліктің орнықты болуын көрсетеді.

Бернулли формуласы

 n сынақ жүргізілді, оның  екі нәтижесі ғана бар: A оқиғасы пайда болады және A оқиғасы пайда болмайды. Бұл сынақтар A оқиғасына қарағанда тәуелсіз, яғни әрбір сынақта A оқиғасының пайда болу ықтималдығы басқа сынақтың нәтижесінен тәуелсіз. Әрбір сынақта A оқиғасының пайда болу ықтималдығы бірдей немесе әртүрлі болуы мүмкін. Сынақтарды жүргізу шарттары бірдей болатын жағдайларды қарастырайық, сондықтан  әрбір сынақта A оқиғасы пайда болуы бірдей. Ол  санына тең болсын, онда   A оқиғасының пайда болмау ықтималдығы. Сынақтардың мұндай тізбегі Бернулли сұлбасы деп аталады.



n сынақтан тұратын серияда A оқиғасы k рет пайда болу ықтималдығын табайық. Бұл ықтималдықты  деп белгілейік.

Келесі болжам жасайық: n сынақта A оқиғасының k рет пайда болуы әртүрлі тізбекте (ретте) жүргізіледі. В күрделі оқиғасының бір жағдайын қарастырайық: A оқиғасы k сынақта пайда болды, ал қалған (n-k) сынақта пайда болмайды, яғни .  A және  оқиғалары тәуелсіз. Сондықтан көбейту теоремасы бойынша

  = .

 оқиғасына ұқсас оқиға:  оқиғасы k сынақта пайда болатын, ал қалған (n-k) сынақта пайда болмайтын жағдайлар саны n-нен k бойынша теруге тең, яғни .  Бұл оқиғалардың барлығы тәуелсіз, ал берілген оқиға олардың қосындысына тең. Сондықтан қосу теоремасы бойынша

= .

 формуласы Бернулли формуласы деп аталады.

          Бернулли формуласымен n сынақта  A оқиғасы k  рет пайда болуының ықтималдығын ғана емес, сонымен бірге n сынақта  A оқиғасы k реттен кем емес, (яғни  k немесе k+1, …, немесе n рет, белгіленуі ) және k реттен артық емес (яғни 0 немесе 1,…, немесе k  рет, белгіленуі ) :

  = ; = .

          Бернулли формуласымен n үлкен (n>10), ал р өте аз шама болғанда көп есептеулерді талап етеді. Бұл жағдайда  ықтималдығын есептеу үшін жуықтап есептеу формулалары қолданылады.  





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет