44 жаттығу
Жаттығу жұмыстың үшінші- төртінші күндері 4-5 адамнан құралған шағын топта орындалады.
Нұсқаулық: «Біз қоршаған ортаны әртүрлі қабылдайтынымыз белгілі, және біз өз әсерлерімізді әртүрлі тәсілдермен реттейміз. Сондай ретке келтірудің бірі-біздің басқалардың маңыздылығы туралы түсінігіміз. Біздің біріге жұмыс істегенімізге біраз болды және бір-бірімізге маңыздылық критериі бойынша қарауға тырыса аламыз. Қазір әркім біздің топтың бес мүшесінің есімін өзі үшін маңыздылығына қарай тізіп және шағын топ бойынша сіздің әріптестеріңіз құрайтын тізімге қатысты өз болжамын жазып шығады жұмысқа жауапты қараңыз. Біз бір-бірімізге маңызды екендігіміз белгілі және әңгіме осы маңыздылықтың деңгейіне қатысты болмақ. Барлығы тапсырманы орындап болғаннан кейін, менары қарай не істеу керек екендігін айтамын. Тапсырманы орындауға бес минут уақыт беріледі».
Бес минуттан кейін жаттықтырушы әр топтың жұмысты аяқтағандығын білдіруін өтінеді. Егер қосымша уақыт қажет болса, , жаттықтырушы барлығына жұмысты аяқтау мүмкіндігін береді, одан соң нұсқаулықты жалғастырады: «Әр топ жаттығуды кім бастайтындығын өзі шешеді. Одан кейін ол адамға кезекпен өз болжамыңызды айтыңыз және өз тізіміңізге ол қатысушыларды неге қостыңыз және неліктен осындай жалғастықта екендігінің себебін түсіндіріңіз. Жаттығуды бастаушы тыңдайды, барлық әріптестер айтып өз пікірлерін айтып болғаннан кейін, өз тізімін көрсетеді. Одан кейін дәл осындай жолмен басқаларының болжамы талқыланады».
Жаттығуды талқылау шағын топтарда да, сондай-ақ жалпы шеңберде жүзеге асады. Жаттықтырушы әріптестер өздерінің маңыздылық және оның деңгейі туралы болжамдарында сүйенген критерилерді атауын ұсынады. Талқылау барысында жаттықтырушы маңыздылық шарттылығының теориялық жағдайын қатысушылардың есіне салады, атап айтқанда, А.В. Петровскидің бір адамның басқаға маңыздылығын анықтайтын үш факторды атап көрсеткен басқаның маңыздылығы туралы үш өлшемді нұсқасын:
а) ондағы жаңа және белгісіз ақпараттың басымдылығы;
б) эмоционалдық тартымдылықты, сүйіспеншілік тудыру қабілеттілігі;
в) институализарланған рөл.
Достарыңызбен бөлісу: |