54 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Мен қазір сіздерге заттар мен оқиғалардың суретемесін ұсынамын. Сіздер суреттемелерді тыңдап болғаннан кейін, сіздер көздеріңізді жұмып ол затты немесе оқиғаны сурет немесе өзгермелі бейне ретінде елестетулеріңіз қажет. Егер бейне бірден пайда болмаса, күте тұрыңыз. Ұсынылған заттың немесе оқиғаның нақты, анық көрінісін байқауға тырысыңыз. Әр бейнемен жұмыс істеуге бір шамамен екі минуттан уақыт бөлеміз».
Одан кейін жаттықтырушы заттар мен оқиғалардың суретемесін ұсынады: «Ақ кубик», «Ақ кубик қызыл кілемнің үстінде жатыр», «балалар өзен жағасында доппен ойнауда», «Балалар қатты күле бастады», «Балалар қаққан қазықтай тұрып қалды» және т.с.с.
Жаттығу қиялды және оларды басқару дағдысын дамытуға бағытталған.
Аталмыш жаттығуды орындау барысында топ мүшелері тап болатын қиындықтар, әр түрлі сипатта және әртүрлі себептермен анықталады: өзін-өзі жүйелеу саласындағы тапшылық, атап кетсек, бар тәжірибенің өзіндік ерекшелігі: тұрақсыз назармен. Өйткені, ақ кубиктің орнына көк кубиктің бейнесі пайда болуы мүмкін, себебі ол адамның үйіндегі балалар бөлмесінде көк кубик жатыр. Балалар бірден қаққан қазықтай тыныш тұра қалмайды, немесе тұрған жағдайда да, барлығы бұны жасамайды. Мұндай жағдайда жаттықтырушы жұмыстың әр түрін пайдалана алады: қатысушылардың өздері ақ кубик жасап жатқанын немесе қайта-қайта пайда болып отырған көк кубикті аққа бояуды елестетуді ұсынады және т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |