Пунктуация жазуда ќолданылатын тыныс белгілерініѕ ќўрамын атќаратын ќызметтері мен білдіретін маєыналарын жјне оларды ќолда



бет10/35
Дата29.06.2020
өлшемі379,5 Kb.
#74680
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Байланысты:
ҚабланАяжан курстық жұмысқазақтіл

1. Н ү к т е. Нүкте, біріншіден, сөйлемнің аяқталғандығын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп тұрса, екіншіден, ол сөйлемнің хабарлы сөйлем екендігін байқатады. Мысалы, Жанат – осы үйдің ер жеткен жалғыз баласы. Ұлы да, қызы да қадірлі қонағы да бір өзі. Шаршап шыққанға ұқсайды. Тіл қатпастан қарақат көзін анасына бір, Бейсенге бір төңкере салмақпен қарады да, үлкен бөлмеде ерсілі-қарсылы жүре берді. Айсыз ашық аспан. Жұлдыздар сайрап тұр. Тымырсық аяздағы тымық әуені сіміре, Жақып күндегі әдетімен аулын аралап келеді. (Ғ.Мұстафин). Бұл мысалды жай сөйлем де құрмалас сөйлем де бар. Олардың барлығы да хабарлау, баяндау, суреттеу түрінде айтылған. Бірақ нүкте әрдайым хабарлау, баяндау, суреттеу түрінде айтылған сөйлемдерден кейін ғана қойылып отырмайды, солармен қатар, ерекше екпінсіз айтылған бұйрықты сөйлемдерден, жауап алу үшін айтылмаған, бірақ сұраулық мәні бар сөйлемдерден кейін де қойылады. Мысалы: Қазір аттаныңдар да, күн батқанша қайтып оралыңдар. Малқардың келіні еркімен отыр ма, зорлықпен отыр ма оңашалап сұраңдар. Егер зорлықпен отырса, күйеуімен қосып, осында алып келіңдер. (Ғ.Мұстафин).

Сөйлем соңында келетін тыныс белгілерінің қай-қайсылары болса да, сөйлемнің құрылысына қарай қойылмайтыны сияқты, нүкте қоюда да сөйлемнің құрылыс ерекшіліктері ескерілмейді, тек мағыналық жағы, айтылу сазы ескеріледі. Соныдықтан нүктемен бөлінетін сөйлем құрылысы жағынан алуан түрлі (жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, жай, құрмалас т.б.) бола беруі мүмкін. [20,1]

Жоғарыда ескерткеніміздей, сөйлемнің аяқталғандығының және оның мағыналық ерекшелігінің көрсеткіші болы – нүктенің ең негізгі функциясы. Бірақ осы негізгі функциясымен қатар, оның қосымша функциясы да бар. Олар мыналар:

а) Драмалық шығырмаларда әркімнің сөзінің алдында сол сөздің иесі болып табылатын кейіпкердің аты-жөні келтіріледі де, олардан кейін әрдайым нүкте қойылады. Мысалы:

Ғ а н ш и н. Алдындағы қашқын, артындағылары қуғыншылар, ә?

Қ а д и ш а. Қашқан екеу ғой.

М ұ р а т. Қысқасы, бұл, тегі, сыртқы ел драмасының бір сахнасы ғой өзі. (М.Әуезов).

Драмалық шығармаларда оның кейбір жақтарын актерлерге түсіндіру мақсатымен автор тарапынан берілетін ремарка деп аталатын ескертпелер болады. Ондай ескертпелер кеіпкерлер аттарынан кейін тұруы да, оған берілген сөз ішінде тұруы да мүмкін. Егер ремарка кейіпкер атынан кейін берілсе, нүкте кейіпкер атынан кейін қойылмайды, жақшамен қоршалған ремаркадан кейін қойылады. Мысалы:

М ұ р а т (бинкольмен қарап). Тоқтай қал. Мынауың не қылған серуен?

Қ а д и ш а ( о да қарап). Артындағы шаңның молын байқаймысың? (М.Әуезов).

Егер ремарка кейіпкер сөйлемдерінің арасында келсе, оның тыныс белгісі кейіпкер сөйлеміне байланыссыз, дербес болады да, ол жақшаның ішінде тұрады. Мысалы:

М ұ р а т. Е, Садық, сен бе едің? (Жарқынға.) Сенің атың кім?

М ұ р а т (халыққа). Не әзәрләктерің бар, не айтасыңдар? (Үн жоқ.) Қарсысыңдар ма, әлде? (Үн жоқ.) Қарсы болсаңдар оларыңды айт. (М.Әуезов).

Егер ремарка кейіпкердің бір сөйлемінің ішінде келсе, ол нүктемен бөлінбейді, тек жақшамен қоршалады. Мысалы:

С а д ы қ. Мен оған (Жарқын кеткен жаққа қарап) көрсетермін.

ә) Санай көрсетілген ой тәртібін, ой қатарын білдіру үшін қолданылатын пункттік цифрлардан, әріптерден кейін нүкте қойылады. Бірақ онда әр пункттің аяқталған сөйлемдер болып тұруы шарт. Мысалы:

1. Тізбектеліп бір ұғымды білдіретін бірнеше зат есімдер.

2. Тізбектеліп бір ұғымды білдіретін зат есім мен көмекші есім.

3. Күрделі сан есімдер.

4. Зат есім мен есімшенің тізбегі.

5. Заттық мағынадағы түрлі қос сөздер т.б. («Қазақ тілі грамматикасы».)

б) Кейбір сөздердің шартты түрде қысқартылып жазылған графикалық белгілерінен кейін нүкте қойылады. Мысалы: Ж.Жабаев, А.Құнанбаев, Тург., Мұст., «Х. М.» журналы, т.б., с. С., т., ж.

Бұл мысалда Жамбыл, Абай, Тургенев, Мұстафин, «Халық мұғалімі», тағы басқа, тағы сол сияқты, тағы тағылар, жыл деген сөздер қысқартылып беріледі де, олардан кейін нүкте қойылып отырылған. Бірақ тіліміздегі қалыпты қысқарған сөздер мен қысқартылып алынған ұзындық, ауырлық және көлем өлшеулерінен кейін нүкте қойылмайды. Мысалы: МТС, совхоз, пединститут, КазПИ, 50 м, 20 кг, л, С. [21]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет