Пунктуация жазуда ќолданылатын тыныс белгілерініѕ ќўрамын атќаратын ќызметтері мен білдіретін маєыналарын жјне оларды ќолда



бет26/35
Дата29.06.2020
өлшемі379,5 Kb.
#74680
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Байланысты:
ҚабланАяжан курстық жұмысқазақтіл

Терме диктант


Терме диктант белгілі бір орфографиялық ережеге, сөздер мен сөз тіркестерін жазуға байланысты жүргізіледі. Бұл диктант арқылы грамматикалық түрлі ереже, анықтамаларды пысықтауға, қайталап естеріне түсіруге болады.

Атап айтқанда, оқушыларға күрделі бір мәтін ұсынып, соның ішінен сөз тұлғаларының бірін немесе сөз таптарының бірін теріп жазуға тапсырма береді. Терме диктантта оқушылар берілген мәтіннен керекті сөздерді ғана көшіріп қоймай, оның қандай тұлғада тұрғанын да ажыратады.

Мұғалім терме диктантына арналған мәтінді оқудан бұрын қандай ережеге көңіл бөлу керектігін ескертеді. Кейбір оқушыларға бұрынғы жазу жұмыстарында жіберіп жүрген қателеріне байланысты тапсырмалар береді.

Сөйтіп, оқушылар бүтін жазбай, мұғалім оқып отырған мәтіннен әркім өздеріне берілген тапсырмаға лайықты ғана ережелері бар сөздер мен тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады. Терме диктанты кез-келген ереже, емле, анықтамаға байланысты жүргізіледі. Оның пайдасы оқушыларды байланысты мәтін ішінен өтілген өзіне қажетті орфографияларды таба білуге үйретеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет