Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет3/76
Дата18.10.2023
өлшемі7,03 Mb.
#186331
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar (1)

«Сайтан көпір»
хикаяты да гуманистік идеяға құрылған. Бұл шығарма-
да үш ұрпақ бар: Тәңір, Аспан, Аман. Шығарма кейіпкерлерінің осылай 
аталуында да символдық мән бар. Қазақта, фольклорлық сана бойынша, 
Алла деп ешкім баласына ат қоймайды, бірақ жазушы өз кейіпкерін Тәңір 
деп атайды. Ал оның баласының аты – Аспан, келесі ұрпақ – Тәңірдің не-
мересі, Аспанның ұлы, ол – жалғыз ұл, сол аман болсыншы деген оймен 
оған Аман деген есім берілген. Тәңірдің жазғаны болады, осынау аспан ас-
тында адам өзіне бұйырғанын көреді, әйтеуір, ұрпақ аман болсыншы деген 
мағыналы ойды меңзейді автор. 
Шығармада, сондай-ақ отансүйгіштікті насихаттау идеясы да бар. Үш 
буын ұрпақтың «кездестірілуі» бекер емес, бұлардың үшеуі де – жыл-
қы баққан, ауылда еңбек еткен жандар. Кеңес өкіметі орнағанша Тәңір 
Әбдікәрім байдың, кейін колхоздың жылқысын баққан. Сол Тәңір шал
яғни баба: «Сен мықты болсаң, қайталама менің өмірімді», – деп айт-
қан болатын. Бірақ ұлы Аспан: «Дүниеде кіндік қаның тамған – кіндік 
жұрттан ыстық не бар?! Ата-бабасының: «Туған жерден бір күрек топырақ 
бұйырсын», – деп зарлап өткені бекершілдік емес, рухының мықтылығы 
шығар» дегізіп, ой тастайды. Өйткені Аспанның ұлы Аман бөлімше басқа-
рушысы қызметін атқарады, яғни оқыған адам, білімсіз емес, ол қалада-
ғы тірлікке қызықпай, өз әулетіне, ауылына келіп, еңбек етеді. «Сайтан 
көпірден» ол да өтеді. Егер әкесі Аспан сол «Сайтан көпірге» қос аяғын 
«беріп» келсе, Аман сол тар кезеңнен өту жолында жаны қиналғанында, 
көз алдына әкесінің осыдан жарты ғасыр бұрын жерге көмген қос сирағы 
елес болып келіп, қиындықтан алып шығады. «Аспан ұлына шаруаның 
бар-барлығын үйретті. Ең әуелі шындықты үйретті», – дейді жазушы. 


8
«Шалбарының құйрығына тері тігіп алған әкесі сол қия жерде артымен 
сырғып, шөп шабатын. Қалың өскен шалғынның арасынан бойы көрін-
бейтін. Анадайдан қараған адам жап-жасыл шалғын өзінен-өзі жапыры-
лып жатқандай зәре-құты қалмай, қорқушы еді». Енді ұлы Аман «Сайтан 
көпірден» өтуі керек боп, өмір мен өлімнің арасында қалғанда, әкесінің 
рухы көмекке келді. Талықсып жатқан Аманның көз алдына әкесінің жер-
ге көмілген екі сирағы елес түрінде келіп, баласының санасына сілкініс 
тудырып, алып шығады. «Мықтылық дегеніміз – әдемі тұрмыс құрып
бақытты ғұмыр кешу емес, қоржын арқалап жүрсең де, адамдығыңды жо-
ғалтпау», міне, Оралхан Бөкей шығармаларындағы басты идея – осы. 
Жалпы, Оралхан Бөкей шығармаларының арқауы – өмір – адам – таби-
ғат. Кейіпкерлер табиғат аясында адамға лайықты өмір сүрулері керек, ең 
бастысы, жазушының ұсынар үлгісі – осы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет