Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет33/76
Дата18.10.2023
өлшемі7,03 Mb.
#186331
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar (1)

Көркемдік уақыт
«Абай жолы» үшін кең ауқымда көрінеді. Көркемдік 
уақыт термин ретінде әдебиетте шығармадағы уақыттың суреттелуі, назар-
ға алынатын уақыт, оның қабылдануындағы өзгеше ерекшеліктерді түсіну 
үшін енгізілген. «Абай жолы» эпопеясында жарты ғасырға жуық уақыт 
суреттелген. Оқырман Абаймен ең ағаш кездескенде, ол небәрі 13 жаста, 
ал тұтас роман аяқталған кезде, 60 жасқа таяп қалған, яғни дүниеден өт-
кенге дейінгі тұтас бір ғұмырды көз алдымызға әкеледі. Бұл тек сырттай 
алғанда, осынша ғана сияқты, ал романды оқи отырып, өткен замандағы 
көркем суреттеулерді, аңыз-жырға арқау болған кезеңдерді есепке алған-
да, көркемдік уақыт ауқымды бола түседі. Осындай кеңдік, әрине, роман-
эпопея үшін лайықты және жазушы оны қамти білген. 
Кейіпкерлер жүйесі.
«Абай жолындағы» кейіпкерлерді екі топқа бөлу-
ге болады. Бірі: Абайдың өзінен бастап Әбіш, Мағаш, Оспан, Базаралы
Тоғжан, Әйгерім, Құнанбай, Әзімбай, Тәкежан, Оразбай, Бөжей, Жиренше, 
Майбасар – сол дәуірде өмір сүрген тарихи адамдар. Ал екінші топтағы 
кейбіреулері кейіпкер ретінде жазушының еркі бойынша, типтік жиын-
тық бейне ретінде енгізілген. Кейіпкерлер жүйесін жасағанда, жазушының 
шығармашылық зертханасы да сыр шертеді. Өйткені романдағы Дәрмен, 
Дәркембай, Иса, Иіс, Сейіт, Салтанат – оқиғаны дамыту үшін ойдан қос-
қан кейіпкерлер. Бұл кейіпкерлер шығарманың тартымдылығын арттыру 
мақсатында ғана емес, сонымен бірге жазушының қиялынан туған әрекет-
тер мен қақтығыстарды енгізу үшін, қазақ қоғамында орын алған жағдай-
лардың күрделі болғанын жеткізу мақсатында қолданған. 


110
Романның эпилогінде: «Алда – өмір, тартыс. Сол тартыста бұл –жал-
ғыз. Шынға келсе, жапа-жалғыз. Рас, оның бір қуаты, бір үміті бар екені 
рас. Қуаты – ақындық, үміті – халық. Бірақ бірі оянбаған күш болса, бірі 
танылмай, ұғылмай кетер ме! Жете ме сабыр, жетер ме қайрат?! Жалғыз-
дықтан жасымас қайрат жетер ме!» – деп жазылған. 
Роман-эпопея кеңестік кезеңде жазылғандықтан, сол заманның саяса-
тына сай болуы керек еді. Сол үшін жазушы романда әке мен бала қақты-
ғысын алға шығарды, яғни Құнанбайды үстем тап өкілі ретінде халыққа 
жаны ашымайтын, қатыгез адам бейнесінде сомдады. Өйткені ұлы ақын 
Абай Құнанбайұлының есімі мен шығармашылығын, дана тұлғасын бола-
шаққа жеткізу мақсаты тұрды. Жазушы осындай образда сомдауға мәж-
бүр болды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Құнанбай Өскенбайұлының 
халыққа сіңірген еңбектері зерттеулер арқылы анық бағасын алды. 
М.Әуезовтің төрт кітап болып шыққан «Абай жолы» роман-эпопеясы 
композициясы да, стилі де бір-бірін қайталамайды. Бірінші кітаптан жас 
Абайдың ел тіршілігіне араласуын, жастық шақтың романтикасын кө-
реміз. Екінші кітапта Абайдың ойшылдыққа ауыса бастаған, ақындыққа 
бет бұрған кезін көреміз. Ел арасындағы дау-тартыстарға араласқан кезі 
суреттелген. Үшінші кітапта өз табынан алшақтап, кедейлердің жағына 
белсене шыққан, өз ағайындарымен, зорлықшылармен аяусыз күрескен 
азамат Абайды көреміз. Ал төртінші кітапта Абайдың күрескерлігі ауыл 
арасындағы ауқымнан шығып, қаладағы шенділермен, патша адамдарына 
ашық шыққан қайраткер тұлғасында танимыз. Бұл кезең-кезеңге бөлінген 
даму романның стиліне де айтарлықтай өзгеріс әкелетіні түсінікті. Дау-
тартыстарға араласу көп болған себепті үгіт-насихат, шешендік жиі орын 
алған. 
«Абай жолының» абыройлы болуының бір себебі – автордың орыс әде-
биетін толық білгенімен ғана байланысты деуге болмайды, жазушы, ең 
алдымен, туған халқының мұрасын жақсы білген, елдің тарихын, тұрмыс-
тір ші лі гін ерекше сыйлай білген. Қазақтың тұңғыш академигі Қаныш 
Сәтбаевтың: «XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының өмірі 
мен тұрмысын жан-жақты қамтитын нағыз энциклопедия», – деп баға-
лауы – шындық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет