Р. М. Таштемханова Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі



бет18/28
Дата31.12.2019
өлшемі2,81 Mb.
#54011
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28

А­лай­да М. Шо­қай­ Анг­лия­ Ке­ңес­ Одағы жө­нін­де екіұ­дай­ көз­қа­рас­та, деген­мен Кон­серва­тив­тік пар­тияға жа­қын­ топ­тар­­ бұ­л елге, о­ның­ сырт­қы саясатын­дағы әре­кет­теріне те­ріс­ ұ­станым­да деген қоры­тын­дыға келеді. Ол герцогиня А­толь­ская­ның­ салонына шақы­рыл­ған ке­зін­де кон­серва­тор­лар­дың­ Ке­ңес­ Ода­ғын­дағы а­шар­шы­лық­, саяси қуғын­-сүр­гін, ұлт а­раз­дықтары [25] туралы әңгіме­лер­ден о­сын­дай ә­сер­ а­лып­ шығады. Осы­ған­ қара­ма­стан Англияның­ КСРО-ны Ұлт­тар­ Лигасына қа­был­дауға келі­сім­ бе­ріп­ о­тыр­ға­нын­, бұ­л қадамы­ның­ Гер­ма­ниядағы жағ­дайға бай­ла­ныс­ты е­кен­ді­гін­ естиді.

М. Шо­қай­ Лон­дон­да э­миг­рациядағы ұлт­тық­ топ­тар­дың­ жұ­мыс­ істеуіне қо­лай­лы жағ­дай бар­лығына, бі­рақ­ о­лар­дың ұлт­тық­ мүд­делеріне ә­лем­дік деңгейде на­зар­ аударылу ү­шін­ Ке­ңес­ өкіметіне қар­сы ор­тақ­ май­дан­ құрылуының­ ма­ңыз­дылығына [26] көзі жетеді.

М. Шо­қай­дың­ Халықара­лық­ қаты­нас­тар жөніндегі Король инс­титу­тын­да жаса­ған­ баяндамасы “Шы­ғыс­ Түр­кі­станды жау­лап­ алу” де­ген,­ аты­мен­ Лондонның “The Slavonіc and East European Revіew” де­ген,­ ә­лем­ жұртшылығына бел­гілі жур­на­лын­да жарияланады [27]. Ал, е­кін­ші баяндамасы еш­бір­ өзге­ріс­сіз Орта­лық­ Азия қоғамы­ның­ бас­па­сөз­ орга­нын­да жа­рық­ көреді [28].

Саяси қай­рат­кер және халықара­лық­ са­рап­шы, ға­лым­ ре­тін­де танылуына бай­ла­ныс­ты мүм­кін­дік­терді М. Шо­қай­ жет­кі­лік­ті пай­далана ал­май­ды, қаражаты­ның­ таусылуы се­беп­ті 30 нау­рыз­да елге (Па­риж­ге) аттануға мәж­бүр болады. Бұ­л да Мұс­тафаны “а­ғыл­шын тың­шысы” де­ген­ сөз­дер­дің­ шын­дыққа жа­нас­пайт­ын­ды­ғын­ дә­лел­дейді. Ол мақалалары­ның­ басылуы мен­ а­ғыл­шын тіліне аударылуына дейінгі шы­ғын­дар­дың­ бар­лы­ғын­ өзі тө­лей­ді. Кейін Мұстафа Лон­дон­да тағы да бес­ күн­ге қалуға өті­ніш­ жасаға­нын­, “өкі­ніш­ке қарай­, о­ған­ мүм­кіндігі­нің­ бол­маға­нын­” [29] еске алады.

М. Шо­қай­дың­ Анг­лия­ның­ түр­лі саяси топ­та­рын­дағы кө­ңіл­-күйді то­лық­ та­нып­-біле алма­ған­дығына өкінуі Түр­кі­стан ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ же­ңіс­ке жетуінде қо­лай­лы халықара­лық­ жағ­дай­дың­ қа­лып­тасуы­ның­ ма­ңыз­ды о­рын­ ала­тын­дығына бай­ла­ныс­ты бола­тын­. Ол “Яш Түр­кі­стан­ның­” бет­те­рін­де жа­рық­ көр­ген “Алма­ниядағы қар­жы дағ­дарысы”, “А­ғыл­шын дағ­дарысы”, “Қы­тай­да”, “Мань­чжурия мәселесі және дү­ниежүзі бас­пасөзі”, “Қиыр Шы­ғыс­та”, “Америка мен­ Ке­ңес­ үкіметі­нің­ Жапо­нияға қар­сы жос­пары”, “1936 жыл­ і­шін­дегі халықара­лық­ жағ­дай”, “Алма­ния, Италия және Жапо­ния­ның­ Ке­ңес­терге қар­сы ба­ғыт­тал­ған­ келісімі”, “Авс­трия мәселесі”, “Халықара­лық­ ө­мір­ден: АнглияИталия келісімі” және бас­қа да мақалала­рын­да халықара­лық­ ө­мір­дің өзек­ті мәселелеріне тал­дау жа­сай­ды.

Жур­нал­да жа­рық­ көр­ген “Қы­тай­лар­ мен­ Ке­ңес­ өкіметі­нің­ Шы­ғыс­ Түркістандағы дос­тығы”, “Шы­ғыс­ Түр­кі­стан мәселесі төңіре­гін­де”, “Шы­ғыс­ Түр­кі­стан, сырт­қы дү­ние және біз­дің мін­деттері­міз­”, “Шы­ғыс­ Түр­кі­станда” деген­ мақала­лар­ халықара­лық­ қауым­дас­тықта тү­рік­ ха­лық­та­рын­ың ұлт­тық­ бостан­дық­ ү­шін­ күресі төңіре­гін­де оң пі­кір­ қа­лып­тастыруға кө­мек­теседі. 1934 жылы “Пос­лед­ние но­вос­ти” газе­тін­де М. Шо­қай­мен­ сұх­баттасу негі­зін­де жазыл­ған “Шы­ғыс­ Түр­кі­станда не бо­лып­ жа­тыр­?” де­ген­ мақала жа­рық­ көреді. Онда М. Шо­қай­ Шы­ғыс­ Түр­кі­стандағы ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ Ке­ңес­ өкіметі­нің­ көмегіне сүйенуі және Қы­тай­ға ғана қар­сы ба­ғыт­тал­ған­дығы жай­лы жора­мал­ды жоқ­қа шыға­рып­, бұл қозғалыстың о­тар­шыл­дық­тың қан­дай тү­рін­ де қа­былда­майт­ын­ды­ғын­ айт­ады.

1933 жыл­дың көк­теміне қа­рай­ көтері­ліс­ке шық­қан қа­зақ­тар, ұй­ғыр­лар, қыр­ғыз­дар­, дүн­ген­дер­ мен­ моң­ғол­дар­ Шы­ғыс­ Түр­кі­стан­ның­ тоқ­сан пай­ыз аумағына бақылау орнатады. Сол­ жылы 10 шіл­деде о­лар­ а­зат­ е­тіл­ген аудандарда Шы­ғыс­ Түр­кі­стан Рес­пуб­лика­сын­ жария­лай­ды. Кейіні­рек­ Қаш­ғар­ қаласына о­рын­ теп­кен Шы­ғыс­ Түр­кі­стан Ис­лам­ Рес­публикасы­ның­ уа­қыт­ша үкіметі құры­лып­, оны Мұ­хам­мед И­мин­ мен­ Сә­бит­ Да­мол­ла бас­қарады.

Мұс­тафа үкі­мет­ құрамы мүшелері­нің­ көп­шілігі­мен­, үкі­мет­ қа­был­да­ған­ құ­жат­тар­мен­ танысады. О­ның­ бас­шылығы­мен­ ТҰ­Б 1933 жылы 12 қарашада Шы­ғыс­ Түр­кі­стан Рес­пуб­ликасы­мен­ қаты­нас­ орнатады.

М. Шо­қай­ Шы­ғыс­ Түр­кі­стан­ның­ география­лық­, экономика­лық­ және саяси жағ­дайы туралы әдебиетті, Ре­сей­ мен­ Шың­жаң­ ара­сын­дағы сауда жолдары, Шәуе­шек­, Хор­гос­ және Қаш­ғар­ жө­нін­дегі көне зерт­теу­лер­ге дейін, ба­тыс­ бас­пасө­зін­дегі материал­дар­ды о­қып­, ма­ңыз­ды деп­ тап­қан ой-пі­кір­лерді жа­зып­ а­лып­ отырады [30].

Өмірі­нің­ соң­ғы күн­деріне дейін Мұс­тафа Тянь­ц­зин­де (Қы­тай­) шыға­тын­ “Шар­к авазы” (“Шы­ғыс­ үні”) атты ай­лық­ жур­налды алды­рып­, Қы­тай­ аумағында ө­мір­ сү­ріп­ жат­қан түр­кі­стан­дық­тар­дың өміріне зер­ салады. О­ның­ Па­риж­дегі мұраға­тын­да осы басы­лым­ның 1941 ж. 4 мау­сым­дағы 22-саны мен­ сол­ жыл­дың 1 шіл­де­сін­де шық­қан 23-саны сақ­тал­ған­. О­ның­ бет­те­рін­де жариялан­ған “Көк­тү­рік­ империясы”, “Қо­қан­ автономиясы” се­кіл­ді мақалалармен, кей­бір­ жол­дары­ның­ тұсына бел­гі қоя оты­рып­, таны­сып­ шығады [31].

Мұс­тафа Шы­ғыс­ Түр­кі­стандағы жағ­дай жө­нін­де ТҰ­Б-ның­ Пеша­вар­дағы өкілі Меж­дед­дин Де­лил­ арқылы үнемі ха­бар­дар бо­лып­ отырады. Шы­ғыс­ Түркістанды а­зат­ ету комитеті­нің­ үндеуін ал­дыр­тып, ондағы та­лап­тар­дың­ прогрес­шіл­дік си­пат­та е­кен­дігіне көзі жетеді. М. Шо­қай­дың­ мұра­ғат­тық қорында сақ­тал­ған­ осы үндеу­дің­ кей­бір­ тармақтары мына­дай­:

1) Шы­ғыс­ Түр­кі­стан­ның­ үкіме­тін­ осы өлкеде тұ­рып­ жат­қан бар­лық ұлттар­дың санына о­рай­ құру;

2) Үкі­мет­ бас­шысы­ның­ тү­рік­ ұлты­нан­ болуы;

3) жер­гі­лік­ті бас­қару сол­ ө­ңір­дегі ха­лық­қа тап­сыры­лып­, ісқа­ғаз­да­рын­ сол­ жер­де көп­ші­лік­ті құ­райт­ын­ ұлт ті­лін­де жүр­гізу;

4) Шы­ғыс­ Түр­кі­стан­ның­ рес­ми тілі ре­тін­де тү­рік­ ті­лін­ жариялау, орта­лық­ өкі­мет­пен ғана қа­рым­-қаты­нас­та қы­тай­ ті­лін­ қол­дану;

5) мек­теп­тердегі оқу­дың­ оқушы­лар­дың ана ті­лін­де жүр­гізілуі, ха­лық­қа білім­ беру ісі­нің­ мем­ле­кет­ тарапы­нан­ қар­жы­лан­дырылуы;

6) көте­ріліс­ші­лер­дің бар­лығына бір­дей ра­қым­шы­лық­ жариялау;

7) Ішкі Қы­тай­дан­ Шың­жаңға Түр­кі­стан үкіметі­нің­ рұқ­са­тын­сыз қо­ныс­ аударуға тыйым салу;

8) Қы­тай­ жа­сақ­тары­мен­ қосыла оты­рып­ көте­ріліс­ші­лер­ге, жал­пы тү­рік­ хал­қына айуан­дық­ қаты­гез­дік­тер­ жаса­ған­ о­рыс­ ақг­вар­дияшылары қарусыздандыры­лып­, о­лар­дың бас­шыла­рын­ жазаға тар­ту т. с. с. [32].

М. Шо­қай­ 1936 жылы С. Рос­товс­кий­дің­ “XІX – XX ға­сыр­лардағы пат­ша өкіметі және Синь­ц­зян­” де­ген­ еңбегі­мен­, а­ғыл­шын, и­тальян, ф­ран­цуз тілдеріндегі басы­лым­дар­мен­ танысады [33].

М. Шо­қай­ шы­ғар­машы­лығындағы бас­ты тақы­рып­тар­дың­ бірі Ке­ңес­ Одағы­ның­ Түр­кия және бас­қа мұ­сыл­ман елдері жө­нін­де жүр­гі­зіп­ кел­ген саясаты­ның­ екі­жүз­ділі­гін­ ә­лем­ ха­лық­тарына жария ету бо­лып­ табылады. “Түркия-ке­ңес­ дос­тығы”, “Боль­ше­вик­тер­дің­ “тү­рік­ дос­тығы” (“Яш Түр­кі­стан”), “Кон­стан­тино­поль­ және бұ­ғаз­дар” [34], “Пер­сияда не бол­ды?” [35], “Большевик­тер және Ауған­стан­” [36], “Жаңа е­мес­, ескі ұ­ран­” [37] атты еңбектерін­де Мұс­тафа Ке­ңес­ өкіметі­нің­ шы­ғыс­ ха­лық­тарына дос­ бо­лып­ көрінуге тырысуы, он­дай­ сая­сат­тың түп­кі мақ­саты Түр­кияны әлжуаз мемлекетке ай­нал­ды­рып­, Ауған­стан­ мен­ И­ран­ды өздеріне қарату е­кен­ді­гін­ жазады. Боль­ше­вик­тер­дің­ Түр­кия жө­нін­дегі саясаты М. Шо­қай­дың­ бұрыны­рақ­ жария­лан­ған “Боль­ше­вик­тер және шы­ғыс­ мәселесі” [38], “Боль­ше­вик­тер және анатолия­лық­ қоз­ға­лыс­” [39], “Боль­ше­вик­тер­дің­ шы­ғыс­-тү­рік­ мәселе­сін­дегі тайсақ­тығы” [40], “Кема­лис­тер және боль­ше­вик­тер” [41] де­ген­ мақалала­рын­да да сын­ға а­лын­ған-ды.

М. Шо­қай­дың­ мұра­ғат­тық қо­рын­да “Ayіn Tarіhі” жур­на­лын­да жария­лан­ған еги­пет­-а­ғыл­шын қаты­нас­тары туралы кө­лем­ді мақала­ның­ [42] сақ­талуы, бас­қа да сан­ алуан мағ­лұ­мат­тар, Иеруса­лим­де шыға­тын­ “Эль-Джамиет-эль-Араб­”, Каирдегі “Эль-Итти­хад­” га­зет­тері­мен­ шы­ғар­машы­лық­ бай­ла­ныс­тар орнатуы қа­зақ­ қай­рат­кері­нің­ дү­ниетанымы көк­жие­гін­ кеңі­тіп­, халықара­лық­ қаты­нас­тарды жеке ел, не ө­ңір­ шең­бе­рін­де е­мес­, ә­лем­дік ау­мақ­та бағалауына мүм­кін­дік­ береді.

“Па­риж­ шолуы”, “Па­риж­ дауысы”, “Тем­п”, “Женева газеті”, “Сая­сат­ және пар­ла­мен­т шолуы” [43] се­кіл­ді басы­лым­дардағы Түр­кі­стан туралы материалдар­дың бар­лығы дер­лік М. Шо­кай­дың­ са­рап­тамасы­нан­ өтеді. 30-жылдар­дың­ орта кезі­нен­ ол ф­ран­цуз-ке­ңес­ қаты­нас­тарына қа­тыс­ты материалдар­ды жи­нас­тыру­мен­ шұ­ғыл­данады. М. Шо­қай­дың­ мұра­ғат­тық қорын­дағы “La Revue des deux mondes” (Па­риж­, 1933), “Osteuropa” (1934, aprіl) журналдарының­ кей­бір­ сан­дары, “Le Populaіre”, “Le Quatіdіen”, “Parіs-mіdt”, “Nouvelles de L'йtrangere”, “Trіbune Lіbre”, “Le Matіn” т. б. ф­ран­цуз газеттерінен­, ке­ңес­ баспасөз­дері­нен­ (“Из­вес­тия”, “П­рав­да”) қиып а­лын­ған материал­дар­, Анд­ре Тардье­нің­ “Alerte aux Franςais” (1936) атты еңбегі [44] Фран­ция мен­ Ке­ңес­ Одағы ара­сын­дағы мем­лекетара­лық­ қаты­нас­тар­дың­ қаншалық­ты жүйелі түр­де зерт­тел­ге­нін­ көр­сетеді.

М. Шо­қай­ назарына “Ос­той­ропа” жур­на­лын­да жария­лан­ған не­міс­ профес­соры Отто Гётч­тің­ “Ре­сей­ және Шы­ғыс­ Еуропа” [45] де­ген­ мақаласы да ілігеді. Онда Ке­ңес­ Одағы­ның­ Шы­ғыс­ Еуропа мем­ле­кет­теріне о­рай­ жүр­гі­зіп­ отыр­ған саясаты баян­дал­ған бола­тын­.

Мұс­тафа­ның­ Ке­ңес­ Одағы­ның­ сырт­қы саясаты, әсіресе, не­міс­-ке­ңес­ қатынас­тары жө­нін­де жи­нас­тыр­ған­ материалдары 200 бет­тен асады [46]. Олардың і­шін­де ше­тел­ бас­па­сөз­дері­нен­ қиып а­лын­ған А. Кан­торо­вич­тің, Н. Кор­неев­тің­, Кар­л Ра­дек­, Д. И­хок­, Ио­ган­н Валь­те­р, С. Вик­то­ров­, К. Гоф­ман­, Н. Аржа­нов­, А. Т­рай­нин­, Б. Сер­геев т. б. ав­тор­лар­дың­ мақалалары, ТАС­С-тың­ мә­лім­демелері бар­.

М. Шо­қай­ шабуыл жасамау туралы ке­ңес­-гер­ман келі­сімшар­ты туралы итальян, ф­ран­цуз, не­міс­, а­ғыл­шын, амери­кан­, канада, жа­пон­, қы­тай­, тү­рік­ баспа­сөз­де­рін­дегі жұрт­шы­лық­ пі­кір­ле­рін­ са­рап­қа салады. Осы­ған­ қара­ған­да ол Түр­кі­стан а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ тағ­дыры Ке­ңес­ Одағы мен­ Гер­ма­ния арасындағы қа­рым­-қаты­нас­тар­дың­ өрбуіне, Италия, Ф­ран­ция, Ұ­лыб­рита­ния, Түр­кия се­кіл­ді мем­ле­кет­тер­дің­ қан­дай ұ­станым­да бола­тын­дығына бай­ла­ныс­ты деп­ ой­лай­ды.

Халықара­лық­ қаты­нас­тарды, ә­лем­ елдері­нің­ бір­-бірі­мен­ бай­ла­ныс­та­рын­ зерт­теу Мұс­тафа ү­шін­ жай­ қызығушы­лық­ е­мес­, Түр­кі­стан ұлт-а­зат­тық қозғалысы­ның­ ст­ратегия­лық­ мақ­сат-мүд­деле­рін­ жүзеге асыру қажеттіліктерінен­ туын­дай­ды. Осы мақ­сатта ол “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйы­мын­ бір­неше мем­ле­кет­тер­дің­ ба­сын­ қо­сып­ о­тыр­ған Ұлт­тар­ Лига­сын­да танытуға кү­ш салады. 1931 жылы шіл­де айында Ұлт­тар­ Лигасы­ның­ қыркүйектегі Ассамб­леясына та­быс­тау ү­шін­ М. Шо­қай­ ТҰ­Б-ның­ меморандумын­ дай­ындауға кіріседі. Құ­жат­та боль­ше­вик­тер­дің­ Орта Азия республикала­рын­дағы әлеу­мет­тік-экономика­лық­ экс­перимент­теріне баға беріліп­, ТҰ­Б-ның­ мақ­саттары мен­ мін­деттері айтылады. “Ұйым­ның­ мұн­дай қадамы­ның­, өзі­міз­дің ішкі топ­тасу­ымыз­ бен­ ұлт­тық­, саяси нығаю­ымыз­ға ықпалын­ бы­лай­ қой­ған­ның ө­зін­де, о­тан­дастары­мыз­ ү­шін­ қан­ша­лық­ты ма­ңыз­ға ие болаты­нын­ айт­ып­ жату ар­тық­ бо­лар­” [47] деп­ ес­кер­теді М. Шо­қай­.

Мемо­ран­думды Женевада Ұлт­тар­ Лигасына ТҰ­Б-ның­ төраға­сы, хат­шысы және о­ның­ Еуропадағы өкілі М. Шо­қай­ға та­быс­тау жүк­теледі.

1934 жыл­дың 9 қыр­күйе­гін­де Түр­кі­стан, Кав­каз­ және Украина орталықтары Ұлт­тар­ Лигасына Ке­ңес­ өкіметі тарапы­нан­ а­тал­мыш ө­ңір­лер­дің­ ха­лық­тарына жүр­гі­зіліп­ о­тыр­ған ұлт­тық­ езгі жө­нін­де мә­лім­деме жа­сай­ды. Осыдан­ кейін бұ­л ұйым­ның­ бір­қа­тар­ бе­дел­ді мүшелері осы наразы­лық­қа жауап ре­тін­де Ке­ңес­ үкіметіне о­рыс­ е­мес­ ұлт­тар­дың та­лап­та­рын­ ескеру қа­жет­тігі туралы мәселе көтере бас­тайды [48].

Келесі жолы М. Шо­қай­ Миря­куб­ Мех­тиев (Әзір­байжан), Т. Чак­ман­ (Солтүс­тік Кав­каз­), А.Ч­хен­кели (Грузия), А. Шуль­ги­н (Украина) се­кіл­ді қайраткер­лер­мен бір­ге 1936 жылы 25 қыр­күйекте Ұлт­тар­ Лигасы XVІІ Ассамблеясы­ның­ прези­ден­ті М. Саа­вед­ра Ла­мас­қа “Қы­зыл­ империализм­ге қарсы наразы­лық­” [49] жол­дайды.

М. Шо­қай­ды 30-жыл­дар­дың­ аяғына қа­рай­ шиелені­сіп­ бара жат­қан халықара­лық­ қаты­нас­тар­дың­ барысы, бұ­л мәселе­нің­ Түр­кі­стан, Украина, Кавказ­ елдері ха­лық­тары­ның­ тәуел­сіз­дік ү­шін­ күресіне тигі­зер­ ықпалы аса маза­лай­ды. Ол саяси оқиға­лар­дың даму бары­сын­ ал­дын­ ала бол­жауға ұмтылады. М. Ве­кил­ли 1938 жыл­дың 4 мамы­рын­да “Құр­мет­ті А­даш­!” деп­ хат­ жа­зып­, М. Шо­қай­мен­ осы мәселе төңіре­гін­де ой бөліседі. “Соң­ғы кез­дегі саяси оқиға­лар­ біз­дің көк­жиек­тер­ді біресе ай­қын­дайды, біресе ойға қал­дырады. Сіздің­ пікірі­ңіз­ қан­дай еке­нін­ біл­мей­мін­: биыл оқиға­лар­дың өрбуі біз­ күт­кен бағыт­та ма, әлде тағы бұйығы жыл­дар мен­ ұ­зақ­ күту то­сып­ тұ­р ма?! Қиыр Шығыс­та әс­кер­лер­дің­ сон­шама көп­тігіне қара­ма­стан, мұн­да жұм­бақ тыныштық” дей­ді ол.

10 ма­мыр­да М. Шо­қай­ М. Ве­кил­лиге “бар­лық сырт­қы бел­гі­лер­ со­ғыс­ болаты­нын­ мең­зейді... мұн­дағы (Еуропадағы) сырт­қы жағ­дай біз­дер ү­шін­ ең қолай­лы бо­лып­ көрінеді. Бі­рақ­ біз­ оны пай­далана ала­мыз­ ба, ол біз­дің мүдделері­міз­ге сай­ келе ме, жоқ­ па, бұ­л – үл­кен­ мәселе. Көп­ нәр­се біз­дің кавказ­дық­ дос­тары­мыз­дың тәр­тібіне бай­ла­ныс­ты” [50] деп­ жауап қай­ырады. Бұ­л о­рай­да да М. Шо­қай­ көре­ген­дігі­мен­, те­рең­ ой­шыл­дығы­мен­ е­рек­шеленеді. Азия мен­ Еуропадағы ірілі-ұ­сақ­ты мем­ле­кет­тер­дің­ тари­хын­, ішкі және сырт­қы саяса­тын­ сарыла зерт­теу­дің­ арқа­сын­да ол Еуропада со­ғыс­тың болатыны туралы тоқ­тамға келеді. Үл­кен­ гума­нис­т ре­тін­де ол қан­тө­гіс­тің болуын қала­май­ды, бірақ­ Гер­ма­ния мен­ Ке­ңес­ Одағы ара­сын­да со­ғыс­ бола қал­ған жағ­дайда оны ұлт­тық­ мүд­де­лер­ге о­рай­ қа­лай­ пай­далануға бола­тын­дығына, о­ның­ Украина, Кав­каз­, Түр­кі­стан ха­лық­тары­ның­ тәуел­сіз­дігі ү­шін­ күресіне не бере­тін­дігіне көңіл­ бөледі.

Мұс­тафа бір­ ха­лық­ты е­кін­ші ха­лық­тан ас­там­ көре­тін­ фа­шис­тік Германияның­ нә­сіл­шіл­дік­ теориясына да, бас­қа ха­лық­тар­дың­ о­рыс­ ұлтына сіңісіп­ жоқ­ бо­лып­ кетуін мақ­сат тұта­тын­ Ке­ңес­ Одағы­ның­ “ин­тер­национа­лис­тік идеологиясына” да бү­кіл­ жан­-тәні­мен­ қар­сы шығады. Ол бір­де-бір­ ха­лық­ты тегіне, нәсіліне қа­рап­ кемі­тіп­ көр­ген е­мес­, санына, тіліне, дініне қара­ма­стан бар­лық ха­лық­тарды тең­ құқылы деп е­сеп­тейді. Ө­мір­ бой­ы е­зіл­ген, зор­лық-зомбы­лық­қа ұшыра­ған­дар­дың­ жа­ғын­да болады. ІІ дү­ниежүзі­лік­ со­ғыс­ басталған кез­де Мұс­тафа мен­ о­ның­ жа­қын­ се­рік­тері А. Оқ­тай­ мен­ Т. Шаға­тай­ не­міс­тер оккупацияла­ған­ ха­лық­тар­мен­ ынты­мақ­тас­тық­та­рын­ біл­діреді.

1939 жыл­дың 2 қыр­күйе­гін­де А. Оқ­тай­дың­ Мұс­тафаға Анкара­дан­ жолдаған­ ха­тын­да он­дай­ кө­ңіл күйі ай­қын­ бай­қалады. “Кү­тіл­­ген со­ғыс­ ақыры бас­талды. Мұ­ның­ арты­ның­ не бола­рын­ за­ман­ өзі көр­сете жа­тар­. Гер­ма­ния әскері­нің­ Поль­шаға шабуылға кі­ріс­кендері жө­нін­де ха­бар­лар бар­... Бұ­л жағдайда біз­дің, Түр­кі­стан тәуел­сіз­дігі жо­лын­дағы­лар­дың, ықыласы, әрине, өз ту­ған­ же­рін­, өз мем­леке­тін­ қор­ғаушы­лар­ жа­ғын­да” [51] дей­ді ол.

Осы­дан­ бі­раз­ кү­н өт­кен­нен кейін А. Оқ­тай­ Анкара­дан­: “Дос­тары­мыз­дың (по­ляк­тарды айт­ады. – К. Е.) басына түс­кен пәле­кет­, сөз­ жоқ­, біз­ ү­шін­ де сол­ дәрежедегі қасі­рет­. Хал­қы­мыз­дың дұш­пандары – бәрі­міз­ге ор­тақ­ дұш­пан... Мен­ ұлт­тық­ мүд­дені тү­сін­ген, ұлт намы­сын­ жаны­нан­ да жоғары қоя­тын­ халықтардың­, о­ның­ жан­ды мысалы – дос­тары­мыз­дың бү­гін­гі ду­шар­ бо­лып­ отырған қасіре­тін­ өт­кін­ші, уа­қыт­ша деп­ біле­мін­ және ақи­қат­тың қан­дай мықтыны да жеңетініне сене­мін­” [52] деп­ жазады. А. Оқ­тай­дың­ бұ­л ұстанымы – өзі­нің­ руха­ни ұстазы М. Шо­қай­дың­ да ұстанымы е­кен­дігіне күмән­ жоқ­.

М. Шо­қай­дың­ саяси қыз­меті­нің­ де, халықара­лық­ оқиға­лар­ды зер­делеуі мен­ ғылыми-пуб­ли­цис­тика­лық­ ізде­ніс­тері­нің­ де негі­зін­ тарихи­лық­ п­рин­ципте­рі құ­рай­ды. Ол ү­шін­ өт­кен­ді пай­ымдау оқиға­лар­ мен­ құбы­лыс­тар­дың­ о­рын­ алуы мен­ дамуы­ның­ түп­кі се­беп­те­рін­ ашу, сол­ арқылы бел­гілі бір­ саяси мақ­сатқа жету жо­лын­дағы ке­дер­гі­лер­ді жеңу, жібе­ріл­ген кем­ші­лік­терді түзету ү­шін­ қажет­. О­лай­ бол­ма­ған­ жағ­дайда өт­кен­-кет­кенді саралау діл­мар­лық­ пен­ жай­ мыл­жыңға айналады дей­ді Мұс­тафа. 1917 жыл­ туралы естелі­гін­де ол қы­зыл­ сөз­дің құлы болу­дан­, ө­зін­ дә­ріп­теу­ден­ бой­ын ау­лақ­ ұс­тап­, ал­ғаш­қы ұлт­тық­ құры­лым­ – Түр­кі­стан Мұх­тарияты­ның­ дү­ниеге келуіндегі объек­тив­тік қиындық­тар­мен­ қа­тар­, ұлт­тық­ кү­рес­кер­лер­ тарапы­нан­ жібе­ріл­ген қате­лік­терді пай­ымдауға кү­ш салады. Ө­зін­-өзі бас­қару жо­лын­дағы ма­ңыз­ды қа­дам­ бо­лып­ табыла­тын­ Мұх­тарият­тың­ та­рих­тан ала­тын­ ор­нын­ а­нық­тап, ол құла­ған­нан кейін ө­ріс­ ал­ған­ бас­машы­лық­ты жал­ғыз Түр­кі­стан­ның­ ғана е­мес­, “жал­пы алғанда ке­ңес­тік би­лік­ке қар­сы қоз­ға­лыс­ тари­хын­да е­рек­ше маңызы бар­ күл­лі халық­тың көтерілісі” деп­ баға­лай­ды.

Мұс­тафа саяси кү­рес­тің ба­ғыт­-бағ­да­рын­ дұ­рыс­ а­нық­тау ү­шін­ тарихи оқиға­лар­дың шы­най­ы зерт­телуіне үл­кен­ мән береді. Осы­ған­ о­рай­ ол 1916 жылғы ұлт-а­зат­тық көтерілісі­нің­, Түр­кі­стан Мұх­тарияты мен­ бас­машы­лар­ қозғалысы­ның­ бір­-бірі­мен­ өзара ты­ғыз­ бай­ла­ныс­та, бір­ арнадағы, бір­ си­пат­тағы оқиға­лар­ е­кен­дігіне на­зар­ аударады. “1916 жыл­ғы көтері­ліс­тер “Қо­қан­ автономиясы” және “бас­машы­лар­ әре­кет­тері­мен­” қосы­лып­, о­рыс­ теп­кісіне қарсы ба­ғыт­тал­ған­ ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­ тарихы­мыз­дың ең ма­ңыз­ды құбылыстарының­ бірі­нен­ сана­ла­ды” деп­ жазады.

1916 жыл­ғы қоз­ға­лыс­ – жал­пы ал­ған­да ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­, онда тап­тық күрес­тің елесі де бол­ған жоқ­. Осы­ған­ қара­ма­стан ке­ңес­ та­рих­шылары оны Түркістан шар­уалары мен­ ұлт­тық­ пролетариаты­ның­ о­рыс­ мұға­жыр­ мұжығы және орыс­ пролетариаты­мен­ бір­лесе оты­рып­, о­рыс­ пен­ Түр­кі­стан­ның­ буржуазия табына қар­сы жүр­гіз­ген­ күресі ре­тін­де тү­сін­діреді.

“О­рыс­ мұжығы мен­ о­рыс­ пролетариа­тын­ 1916 жыл­ғы көтері­ліс­ ке­зін­де түр­кі­стан­дық­тар­ға кө­мек­тес­кен­ е­тіп­ көр­сету тарихи шын­дықты бұр­мала­ған­дық қана бо­лып­ қал­ма­стан­, өті­рік­ті ой­дан­ шығару­дың­ тең­дес­сіз­ үлгісі де бола алады” дей­ді Мұс­тафа.

1916 жыл­ғы қоз­ға­лыс­тың тү­птамыры пат­ша­лық­ Ре­сей­дің­ қо­ныс­ аудару саяса­тынан, о­рыс­ мұ­жық­тарына жер­гі­лік­ті ха­лық­тың шұ­рай­лы жер­ле­рін­ тар­тып а­лып­ беру­ден­, о­тар­лық зор­лық-зом­бы­лық­тар­дан­ туын­дай­ды.

О­рыс­ мұ­жық­тар, ке­ңес­ та­рих­нама­сын­да көр­се­тіл­ген­дей­, о­тар­шыл­дық­ саясат­тың құр­баны е­мес­, қайт­а о­ның­ ең бас­ты әлеу­мет­тік тірегі бол­ды. Өйт­кені пат­ша өкіметі мұ­жық­қа сүйенсе, мұ­жық­ пат­ша­лық­ өкі­мет­ жүр­гі­зіп­ о­тыр­ған жер­ саясаты­ның­ игілі­гін­ кө­ріп­, өз же­рін­де түсіне енбе­ген­ бай­лық­қа ке­нел­ді.

Осы­лай­ша М. Шо­қай­ қо­ғам­танушы­лар­дан бі­рін­ші бо­лып­ Ре­сей­дегі жалпы революция­лық­ про­цес­тің бір­тұ­тас­тығы туралы ле­нин­дік тұжырымдаманың не­гіз­сізді­гін­ көр­сетті, себебі о­рыс­ пролетариаты­ның­ алдына қой­ған­ өз мақ­сат-мүд­делері бол­ды, ал ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­тар о­лар­мен жанас­пай, өз арна­сын­да дамиды, өзі­нің­ мұ­ң-мұқ­та­жын­ көз­дейді. Сон­дық­тан, “1916 жыл­ғы Түр­кі­стан көтерілісі – Ре­сей­ге және жал­пы о­рыс­тыққа қар­сы ба­ғыт­тал­ған­ ұлттық­ бас­ көтеру” деп­ түйіндей­ді М. Шо­қай­. М. Шо­қай­дың­ “Түр­кі­стан ұлт­тық­ күресі­нің­ се­беп­тері мен­ мақ­саттары” атты еңбегі Ис­тан­бұлда шыға­тын­ “Ақшам­” газеті­нің­ 1931 жыл­дың 19 шіл­де­сін­дегі са­нын­да жа­рық­ көр­ген “А­ген­т Лоу­рен­с Түр­кі­стан хал­қын о­рыс­тарға ай­дап­ сал­ды” де­ген­ мақаласына о­рай­ жазылады. Онда Мұстафа тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ түп­кі себеп­те­рін­ қай­дағы бір­ а­ғыл­шын тың­шысы­ның­ әре­кет­тері­нен­ іздеуші­лік­ті тарихи шын­дықты көпекөрінеу бұр­малаушы­лық­ е­кен­ді­гін­, о­лар­дың күресі­нің­ кеше ғана басталмағанды­ғын­, 1916 жыл­ғы пат­ша жарлығына жап­пай көтеріліс­пен жауап бер­ге­нін­ о­қыр­ман­дар­ есіне салады. Тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ бой­көтерулері­нің­ боль­ше­вик­тік үс­тем­дікке қар­сы жал­ға­сып­ отыруы­ның­ бас­ты себебі мен­ мақсаты тәуел­сіз­дікке қол­ жет­кізу деп­ нақ­ты­лай­ды. Бұ­л мәселе­лер­ді ол 1923 жылы “Orіent et Occіdent” жур­на­лын­дағы “Ре­сей­ саясаты және Түркістан­ның­ ұлт­тық­ саясаты” де­ген­ еңбе­гін­де де көтереді.

Қан­тө­гіс­ті жол­дар­мен­ би­лік­ басына кел­ген боль­ше­вик­тер та­рих­ты да бұрма­лап­ көр­сетуге мүд­делі болады. Сон­дай әре­кет­тер­дің­ бірі П. А­лек­сеен­ковтың 1931 жылы Таш­кент­те жа­рық­ көр­ген “Қо­қан­ автономиясы” [53] атты кітабы бола­тын­. Ондағы әуелі М. Ты­ныш­паев, кейін М. Шо­қай­ басқар­ған­ бұ­л мем­ле­кет­тік құры­лым­ның қоз­ғаушы күш­те­рін­, үкі­мет­ құра­мын­ және боль­ше­вик­тер­дің­ оны аяу­сыз­ жа­ныш­тауын бұр­ма­лап­ көр­сетуге бағытталған­ айла-шар­ғы­лар­ды тал­дау арқылы М. Шо­қай­ өлкеде о­рыс­ пролетариаты дик­татурасы ү­шін­ еш­қан­дай әлеу­мет­тік не­гіз­ бол­маға­нын­ көрсетеді. П. А­лек­сеен­ков­ Түр­кі­стан Мұх­тарияты­ның­ ха­лық­тық сипа­тын­ жоқ­қа шығаруға тырысады [54].

М. Шо­қай­ о­рыс­ та­рих­шысы­ның­ алдына мақ­сат е­тіп­ қой­ған­ осы тұжырымды дә­лел­деу ү­шін­ ғы­лым­ға жат­ зерт­теу ә­діс­теріне жүгі­ніп­, тарихи фак­ті­лер­ді ү­зіп­-жұ­лып­ пай­да­лан­ғанды­ғын­ жазады. О­ның­ “Бір­ ғылыми өті­рік­ке қар­сы” де­ген­ мақала­сын­ өт­кір­ пам­ф­лет­ ре­тін­де де, зерт­теу ә­діс­тері мен­ принципте­рін­ то­лық­ мең­гер­ген­ ға­лым­ның салиқалы ізденісі ре­тін­де де қабылдауға болады. Онда тап­тық п­рин­ципке не­гіз­дел­ген­ та­рих­нама­ның­ о­сал­ тұс­тары дөп­ ба­сып­ а­тап­ көр­сетіледі. Ол жө­нін­де ға­лым­-та­рих­шы М. Шо­қай­ былай­ деп­ жазады: “Та­рих­ жазу­дың­ екі жолы бар­. Бі­рін­ші жолы: зерт­теуші өмір­де бо­лып­ өт­кен­ оқиға­лар­ды кө­ңіл­ қой­ып жи­нас­тырады. О­лар­ды хронология­лық­ реті бой­ынша за­ман­ның жағ­дайына, ахуалына қа­рай­ зерт­тей­ді. Мәлі­мет­тер мен­ ақпа­рат­тар­дың­ бұ­лақ­та­рын­ із­дей­ді. Жи­нал­ған мәлі­мет­терді өзінің­ ғылыми зер­десі­нен­ өткізеді, орнына салады және ол мәлі­мет­тер­ден­ ө­зін­ бейт­а­рап­ ұс­тай­ оты­рып­, тал­дау жүр­гізеді. Шын­ мә­нін­дегі ғылыми та­рих­, міне, о­сын­дай тә­сіл­мен жазылады.

Е­кін­ші жол­: зерт­теуші көз­де­ген­ мақ­сатта­рын­ күні бұ­рын­ бел­гі­леп­ алады да, со­ған­ жету ү­шін­ оқиға­лар­ құ­рас­тырады” [55].

Ке­ңес­ та­рих­шылары­ның­ көп­шілігі, о­ның­ і­шін­де жоғарыда а­тал­ған П. А­лек­сеен­ков­ та, осы соң­ғы топ­қа жатады.

Ғылыми ақи­қат­ты бұ­лай­ша “тү­сін­діру” тәсілі­нің­ көз­бояушы­лық­ пен­ дүмшелік е­кен­дігіне Мұс­тафа нақ­тылы мы­сал­дар кел­тіреді. Дү­ние­жүзі­нің­ біршама елде­рін­де бел­гілі бола бас­та­ған­ шы­ғы­станушы А.-З. Валиди­дің­ өзі де М. Шо­қай­дың­ бұл­тарт­пас­ дә­лел­дерге не­гіз­дел­ген­ құрығы­нан­ құтыла ал­май­ды. Қа­зақ­ қай­рат­кері кім­нің ал­дын­да бол­са да кі­бір­тікте­мей­, бүк­пе­сіз­ сөй­лей­ді.

М. Шо­қай­ саяси кү­рес­те де, зерт­теу ә­діс­те­рін­де де бел­гілі бір­ мо­раль­ды­қ п­рин­цип­тер­дің бола­тын­ды­ғын­, шын­дыққа апара­тын­ жол­дың өзі де шы­най­ы болуы ке­рек­ті­гін­ ес­кер­теді.

М. Шо­қай­ шы­най­ы тарихи ізде­ніс­тер­дің­ са­бақ­та­рын­ саяси мақ­сатта пайдалануды қалағаны­мен­, тарихи ізде­ніс­терді саяси мүд­деге ба­ғын­дыру арқылы жүр­гізуге ү­зіл­ді-ке­сіл­ді қар­сы­лық­ біл­діреді. О­ның­ қан­дай еңбе­гін­ ал­сақ­ та, осы зерт­теу п­рин­ципі­нен­ айны­май­ды. Ілгері жыл­жу­дың­ бас­ты шар­ты – “қан­ша­лық­ты зор­, ащы бол­сын – ақиқа­тын­ айт­у” е­кен­дігі­нен­ ауытқы­май­ды. Мұны ол, тіп­ті, ұлт-а­зат­тық кү­рес­ бары­сын­да шейіт бол­ған­дардың­ ал­дын­дағы па­рыз­ деп­ ұғынады.

М. Шо­қай­дың­ “Яш Түр­кі­стан” жур­на­лын­да да, а­ғыл­шын, ф­ран­цуз басылым­да­рын­да да түр­кі­стан­дық­тар­дың ұлт-а­зат­тық күресі тарихына қайт­а-қайт­а үңілуі өлке тұр­ғындары­ның­ сырт­қы күш­терге қар­сы шығуы­ның­ оң да, теріс­ те тұс­та­рын­ а­шып­, алдағы уақытта он­дай­ ке­лең­сіз­дік­терге жол­ бер­меу ниеті­нен­ туын­дай­ды.

Тарихи зерт­теу әдіснамасы­ның­ кей­бір­ мәселелері о­ның­ “Ке­ңес­ патриотизмі­нен­ – о­рыс­ ұлт­шыл­дығына” де­ген­ мақала­сын­да көтері­ліп­, мұн­да тарихи ізде­ніс­тер мен­ идеология ара­сын­дағы өзара қа­рым­-қаты­нас­ туралы өзекті тақы­рып­ қоз­ғалады.

М. Шо­қай­ ке­зін­де марк­сизм­нің­ негі­зін­ қалаушы­лар­дың Ре­сей­ді “халықтар­дың­ түр­месі” деп­ ата­ған­ды­ғын­, ал про­фес­сор М. Н. Пок­ровс­кий­дің­ орыс­ тари­хын­ осы тұр­ғы­дан­ жа­зып­ шық­қанды­ғын­, а­лай­да о­ның­ бұ­л зерт­теуі жаңа ке­зең­де о­рыс­ ұлт­шыл­дығына қай­шы келе­тін­дік­тен­, “ле­ни­низм­ге қар­сы” деп­ жария­лан­ғанды­ғын­ еске салады. Мұ­нан­ кейін осы “жаңа теория” бой­ынша Ке­ңес­ Одағы құра­мын­дағы ха­лық­тар­дың­ тарихы қай­ тұр­ғы­дан­, қан­дай бағыттарда жазылуы жө­нін­де тиісті нұс­қау­лар­ бе­ріл­гендігіне тоқ­талады. “Сталин­нің айт­уынша, Ре­сей­ тари­хын­ күш­теп о­тар­лау тарихы деп­ си­пат­тау дұрыс­ е­мес­. Ре­сей­ империясы­ның­ тарихы көр­ші ел­дер­мен оңды қа­рым­-қатынас­тар, өзара кірігу­лер­ нәтиже­сін­де “табиғи түр­де” жа­сал­ған тә­різ­ді. Бұ­л көз­қа­рас­ бо­й­ынша, Ре­сей­ Түр­кі­станды да, Кав­каз­ды да немесе бас­қа бір­ о­рыс­ емес­ өлке­лер­ді де о­тар­ етпе­ген­ көрінеді. О­лар­дың бәрі жағырапия­лық­ жағдайлар­ мен­ тарихи заң­ды­лық­тар жолы­мен­ Ре­сей­ге табиғи түр­де қосы­лып­ кет­кен сияқты” [56].

О­рыс­ ұлт­шыл­ды­ғын­ дә­ріп­теу бар­лық бас­па­сөз­ бет­те­рін­де жүр­гі­зіліп­, мектеп оқу­лық­тарына енгізіледі. “П­рав­да” газе­тін­де: “Ке­ңес­тік рес­публика­лар­ ара­сын­да ұлылығы жағы­нан­ бі­рін­ші о­рын­да Ре­сей­ Федерация­лық­ Республикасы тұрады... Тең­ құқылы ха­лық­тар ара­сын­да бі­рін­ші­лік­ о­рыс­ халқына, о­рыс­ жұ­мыс­шысына, о­рыс­ ең­бек­шілеріне тиесілі. Өйт­кені төң­ке­ріс­тің ал­ғаш­қы же­ңіс­тері­нен­ қа­зір­гі кү­н сәу­лет­ті дәуірге дейінгі бар­лық іс­тер­де о­ның­ (яғ­ни о­рыс­ халқы­ның­) орны е­рек­ше” [57] деп­ көр­сетіледі. Осы­лай­ша ке­ңес­ дәуі­рін­де де орыс­ үс­тем­дігі идеология­лық­ тұр­ғы­дан­ не­гіз­деледі. Бас­қаша сөзбен айт­қанда, Ке­ңес­ өкіметі­нің­ саясаты пат­ша өкіметі саясатының тіке­лей­ жал­ғасы ре­тін­де көрінеді.

М. Шо­қай­ ке­ңес­ ұлт саясаты­ның­ не­гіз­гі мақ­саты о­рыс­ е­мес­ ха­лық­тарды ұлт­сыз­дандыру, о­лар­дың ұлт­тық­ бел­гіле­рін­ жос­парлы түр­де жоя оты­рып­ орыстандыру е­кен­ді­гін­ дә­лел­деп береді. Орта Азияны ә­кім­ші­лік­-ау­мақ­тық межелеу, қо­ныс­ аудару саяса­тын­ жүр­гізе оты­рып­, өлкедегі де­мог­рафия­лық­ ахуалды өз­гер­ту және о­рыс­тар­дың­ ба­сым­дылы­ғын­ қам­тама­сыз­ ету осы мақсатты көз­дейді. Осы шара­лар­дың қата­рын­да идеология­лық­ мүд­де­лер­ге о­рай­ тарих­ты бұр­малау және өкі­мет­ пен­ о­рыс­ ұл­тын­ бір­ мағынада ұғынуды ха­лық­ санасына енгізу се­кіл­ді әре­кет­ те о­рын­ алады.

М. Шо­қай­ ең­бек­тері­нің­ әдіснама­лық­ негі­зін­ елдегі о­рыс­ ұлт­шыл­дығы­ның­ үс­тем­дігі мен­ тотали­тар­лық жүйе ара­сын­дағы өзара бай­ла­ныс­ жө­нін­дегі қағида құ­рай­ды. Мұ­сыл­ман рес­публикала­рын­да орна­тыл­ған о­тар­лық, тотали­тар­лық жүйе идеологиясы­ның­ ұлт­тық­ кү­рес­тің же­тек­шілеріне жала жабу, о­лар­ды қаралап­, кертарт­па­ а­ғым­дарға жат­қызу арқылы жүр­гізілетіні Мұс­тафа­ның­ “Түркі­стан ле­нин­шілдеріне жауап” де­ген­ (1930 ж.) мақала­сын­да жан­-жақ­ты тал­данады. Онда Ке­ңес­ өкіметі­нің­ әлеу­мет­тік, экономика­лық­ және мәде­ни салалар­дағы дағ­да­рыс­ты жекеле­ген­ а­дам­дар­дың­ іс-әре­кет­тері­нің­ сал­дары деп тү­сін­діру, соң­ғыла­рын­ “шоқаевшы­лар­ға” жат­қызуға тырысу әре­кет­тері әшкереленеді. Ұлт же­тек­шілеріне қар­сы о­тар­шыл­дар­дың кү­рес­ тә­сіл­дері­нің­ бірі – о­лар­ды Анг­лия­ның­, Түр­кия­ның­, Жапо­ния­ның­ немесе бас­қа да мемлекеттер­дің­ “тың­шысы”, “сы­бай­ласы” е­тіп­ көр­сету. О­ның­ бір­ мыса­лын­ кеңес­ бас­пасөзі­нің­ М. Шо­қай­ Түр­кі­станды а­ғыл­шын доми­нионына ай­нал­дыру ү­шін­ күресуде де­ген­ жаласынан­ көруге бола­тын­.

Ке­ңес­ қай­рат­кері Нәби Қыды­ров­ өзі­нің­ бір­ еңбе­гін­де: “Біз­ өз тағдырымыз­ды кім­дер­мен­ бір­ге және қай­сы жол­мен шеше ала­мыз­: Мәс­кеу­дің­ бас­шылығы­мен­, Мәс­кеу­дің­ көр­сет­кен­ жолы­мен­ бе, жоқ­ әлде а­ғыл­шын­дар­мен бір­ге ме?” деп­ жазады. Қа­зақ­, не өз­бек­ хал­қын та­рих­ суб­ъектісі ­деп есептемейтін­ мұн­дай а­дам­дар­дың­, әрине, М. Шо­қай­ды да өз пай­ымдаулары шең­бе­рін­де ғана бағалауға тырысатыны бел­гілі. Себебі о­лар­ – Мұс­тафа шық­қан биікке шыға алма­ған­ жан­дар.

Ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ мәні мен­ мақ­саты­ның­ ө­ңін­ ай­нал­ды­рып­ көрсету әре­кет­теріне М. Шо­қай­: “Ке­ңес­ өкіметіне, “о­рыс­ бас­шылығына” қар­сы ба­ғыт­тал­ған­ біз­дің күресі­міз­ді Түр­кі­станда а­ғыл­шын­дар­ үс­тем­ді­гін­ орнату жолын­дағы кү­рес­ деп­ е­сеп­теу ар­дан­ без­ген а­дам­дар­дың­ ісі бол­мақ” [58] деп­ тойт­а­рыс­ береді. Ұ­зақ­ жыл­дар бой­ы жат­ жұрт­шы­лық­тың езгі­сін­де бо­лып­ келген ха­лық­тың бір­ бөлі­гін­де бол­са да құл­дық психология қа­лып­тас­пай­ қоймай­ды. Он­дай­ жан­дар­дың­ Н. Қыды­ров­ша ойлау пар­қы да бұ­л тұр­ғы­дан­ алған­да “заң­ды­лық­” бо­лып­ көрінеді. “Нәби мыр­за­ның­ ойынша, Түр­кі­стан не орыс­тар­дың­, не а­ғыл­шын­дар­дың қо­л ас­тында болуы ке­рек­ тә­різ­ді. Ке­ңес­тер­дің­ тәр­бие­сін­де өс­кен­ Түр­кі­стан ле­нин­шілдері­нің­ кей­біріне о­рыс­ о­тар­шылдығы­ның­ ық­пал­ еткені сон­ша­лық­, о­лар­ тіп­ті өз атамекені­нің­ тәуел­сіз­, ер­кін­ ө­мір­ сүре алаты­нын­ саналарына сыйғыза ал­майт­ын­ күйге жет­кен” дей­ді М. Шо­қай­.

Жат­ жұрт­шы­лық­тың тәр­тібі­мен­ ө­мір­ сүруді “же­тіс­тікке” санаушы­лық­ “тұт­қын синд­ромы” се­кіл­ді құл­дық психология­дан­ ғана туын­дай­ды. Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты М. Шо­қай­ үн­ді­стан­дық­ Лай­пор­т Рой­дың­ “Кез­ кел­ген ұлт ү­шін­ дүниедегі ең зор­ ба­қыт­сыз­дық­ – бас­қа бір­ ұлт­тың­ теп­кісіне түсу” де­ген­ пікі­рін­ кел­тіреді. Сон­дық­тан да ұлт­тық­ дер­бес­тік­ке құш­тарлығы тау­сыл­ма­ған­, өз мәдениеті, өз тілі бар­, өз атамеке­нін­де тұр­ған ха­лық­тың азат­тық­қа ұмтылысы ешқа­шан­ да тын­байды.

Он жер­ден о­зық­ деп е­сеп­телсе де, бө­тен­ ха­лық­тың боданы болу – тұтқында болу­мен­ тең­. Ал, ұ­зақ­ уа­қыт­ тұт­қында болу а­дам­ның сана-сезі­мін­ өзгер­тіп, оны е­рік­-жігері­нен­ айырады, ақы­рын­да тұт­қындаушы­сыз­ ө­мір­ сүре ал­майт­ын­дай бо­лып­ көрінеді, қанаушы­сын­ “қам­қоршы” деп­ санауға келеді (Қазір­гі тәуел­сіз­ Қазақ­стан­ жағ­дайында да кей­бір­ қа­зақ­тар­дың­ о­рыс­ ті­лін­сіз, орыс­ билі­гін­сіз ө­мір­ сүру­дің­ “қиындығы” туралы “философия­лық­ пай­ымдары” осы жағ­дайды еске түсіреді).

М. Шо­қай­дың­ “Шови­низ­м”, “Боль­ше­вик­тер “та­рих­ты” қа­лай­ жазады?” де­ген­ ең­бек­те­рін­де де тарихи зерт­теу­лер­ әдіснамасына о­рай­ бір­шама құн­ды пікір­лер айт­ылады.

Мұс­тафа еуроцент­рис­тік тұжырымдамалар­ға қар­сы шы­ғып­, бар­лық халық­тар­дың­ тең­ құқылығы туралы идеяны алға тар­тады. “Жал­пы а­дам­герші­лік­ және философия­лық­ тұр­ғы­дан­ ал­ған­да жақ­сы ха­лық­, жа­ман­ ха­лық­ де­ген­ ұ­ғым­ жоқ­. Ха­лық­тың бәрі бір­дей” [59] деп­ жазады ол. О­ның­ ө­мір­ бой­ы осы қағиданы бұл­жыт­па­стан ұ­стан­ғаны жө­нін­де бір­ мы­сал­ды кел­тіре кет­кен жөн­. Ше­тел­де жүр­ген о­рыс­ ка­дет­тері­нің­ мұ­сыл­ман әлеміне қар­сы ба­ғыт­тал­ған­ шови­нис­тік насихаты “Пос­лед­ние но­вос­ти” газеті­нің­ 1923 жыл­дың 10 науры­зын­дағы бас­ мақала­сын­да тағы бір­ көрі­ніс­ береді. Онда А­лек­санд­рия кі­тап­хана­сын­ өртеуге Ха­лиф­ О­мар­дың “бұйры­қ бер­гені” туралы а­ңыз­ қайт­аланады. Осы­ған­ о­рай­ М. Шо­қай­ “Б­рок­гауз және Еф­рон­ның эн­цик­лопедия­лық­ сөз­дігіне” сүйе­ніп­, кітап­хананы О­мар­дың тұ­сын­да (642 ж.) А­лек­санд­рияны а­раб­тар “жау­лап­ алғанда” е­мес­, о­дан­ әлде­қай­да бұ­рын­ фана­тик­-х­рис­тиан­дар­дың өр­теп­ жібергенін­ айт­ып­, жауап жазады. Әрине, о­ның­ түр­кі­стан­дық­тар­дың ұлт­тық­ намысын қор­ғап, мұ­сыл­ман ха­лық­тарына жала жабушы­лық­қа тойт­а­рыс­ беруі өмірі­нің­ соң­ғы күн­деріне дейін жал­ғасады.

М. Шо­қай­дың­ та­рих­ әдіснамасы мен­ тарихи зерт­теу ә­діс­те­рін­ же­тік­ меңгер­ген­дігі С. Б­рай­нин­ мен­ Ш. Шафиро­ның­ “Ала­шор­да тарихы­ның­ очерктері” [60] де­ген­ кітабы жө­нін­де айт­қан ой-пі­кір­лері­нен­ ай­қын­ көрінеді. Мұстафа бұ­л ав­тор­лар­дың­ да бас­шы­лық­қа ал­ған­ тап­тық п­рин­ципі де шын­дыққа жету­дің­ кепілі бола алмаға­нын­, А­лаш­ қоз­ғалысы­ның­ тү­рік­ ха­лық­тары ұлт­тық­ күресі­нің­ жалаугері бол­ғанды­ғын­ жасыру­дың­ мүм­кін е­мес­ті­гін­ айт­ады. “Кі­тап­ ав­тор­лары А­лаш­ қоз­ғалы­сын­ боль­ше­вик­тік тәсілі­мен­ тал­дап бол­ған соң­, оқырман­дар­ды осы қоз­ға­лыс­тың кей­бір­ құ­жат­тары­мен­, со­ның­ і­шін­де пар­тия бағ­дарламасы­мен­ та­ныс­ты­рып­ кетуі пай­да­сыз­ бол­мас деп­ ойла­ған­. Сол­ се­беп­ті о­лар­ бұ­л құ­жат­тарды өзгерт­пес­тен және о­ған­ түсі­ндірме бе­ріп­ о­тыр­ма­стан­ кітап­қа енгі­зіп­ жі­бер­ген. Мәс­кеу “П­рав­дасы­ның­” ашу-ыза­сын­ кел­тір­ген­, кітапты “Ала­шор­да ақтаушысы” деп­ атауына се­беп­ші бол­ған, міне осы жайт­ еді” деп­ жазады М. Шо­қай­ [61].

А­лаш­ қоз­ғалысы­ның­ тари­хын­ бұр­малаушы­лық­қа қар­сы күресі бары­сын­да Мұс­тафа мұ­нан­ бір­ жыл­ бұ­рын­ “Исто­рик­-марк­сис­т” жур­на­лын­да жария­лан­ған С. Б­рай­нин­ мен­ Ш. Шафиро­ның­ “А­лаш­ қоз­ғалысы­ның­ тари­хын­ дә­ріп­теу мен­ оны қара ­дүр­сін түсінуге қар­сы” де­ген­ мақаласы­мен­ де таны­сып­, оны тал­дауға алады. Мақала 1933 жыл­дың 8 жел­тоқса­нын­да Қа­зақ­ марк­сиз­м-ле­ни­низ­м ғылыми-зерт­теу инс­титу­тын­да о­қыл­ған баяндама­ның­ қыс­қар­тыл­ған түрі се­кіл­ді [62].

Мақала­ның­ не­гіз­гі катехизисі Ала­шор­даны дә­ріп­теу тап­ жаулары­ның­ қарсы­лық­ көр­сету фор­масы­ның­ бірі бо­лып­ табылады де­ген­ге сая­ды.

Саяси мүд­деге ба­ғын­дыры­лып­, А­лаш­ қоз­ғалы­сын­ қаралауды мақ­сат тұтқан мақаладағы ав­тор­лар­дың “Ә. Бө­кей­ха­нов­ Тор­ғай облы­сын­дағы қа­зақ­ еңбек­шілері­нің­ көтерілі­сін­ бас­ты”, “М. Шоқаев Шкапс­кий­мен­ бір­ге Жетісуда қа­зақ­ және қыр­ғыз ең­бек­шілері бұқарасына қар­сы бү­лік­ ұйым­дас­тырды”, “Алаш­ ин­тел­лиген­циясы еш ой­лан­ба­стан­ само­дер­жавие жағына шы­ғып­, ісі­мен­ де, сөзі­мен­ де о­ған­ көтері­ліс­ті жа­ныш­тауға кө­мек­тесті”, “А­лаш­ интеллигенциясы көш­пелі ө­мір­ сал­тын, фео­дал­дық ескі­лік­тің бар­лық варварлық­ инс­ти­тут­та­рын­ қор­ғады” [63] деген се­кіл­ді “о­пус­тары­ның­” жанына сұрау бел­гіле­рін­ қой­ып, мұ­ның­ бар­лы­ғын­ “нақ­тылы материал­дар­ дә­лел­дейді” [64] де­ген­ жа­лаң­ сөз­дің ас­тын­ сы­зып­, “қай­да он­дай­ нақ­тылы материал­дар­?” деп­ жазады.

М. Шо­қай­ ке­ңес­ ав­тор­лары­ның­ КСРО-дағы ұлт­тық­ қаты­нас­тарда ешқандай п­роб­лема­ жоқ деген тұжы­рым­да­рын­ сын­ға а­лып­, ең бол­ма­ған­да ұлттық­ рес­публика­лар­да бас­қару аппара­тын­ жер­гі­лік­тендіру мен­ ісқа­ғаз­да­рын­ жер­гі­лік­ті тіл­ге көшіру жө­нін­де әлі де кес­кі­лес­кен кү­рес­тің жү­ріп­ жат­қандығы [65] туралы жазады.

М. Шо­қай­ тұжы­рым­дары­ның­ шын­шылдығы о­ның­ көп­те­ген­ де­рек­көзде­рін­ са­рап­тап, мағ­лұ­мат­тарға са­лыс­тырмалы тал­дау жасау арқылы тарихи оқиға­лар­ мен­ құбы­лыс­тар­дың­ түп­кі мә­нін­ а­нық­тауға тырысуына тіке­лей­ бай­ла­ныс­ты. М. Шо­қай­ І. Қабы­лов­тың “қа­зақ­ ұлт­шыл­дығы” жө­нін­дегі мақаласы­ның­ көшірме­сін­ а­лып­ [66], ав­тор­дың Ала­шор­даға бай­ла­ныс­ты о­тыз­ үш тармақтан тұра­тын­ жала жабушылығына тоқ­талады. “Из­вес­тия” газеті тіл­шісі­нің­ “Кулактар – о­тар­шы­лар­дың ұясы”, “К­рас­ная новь­” жур­налы­нан­ Н. Юр­гин­нің, С. Рос­товс­кий­дің­ “Пат­ша­лық­ Ре­сей­ және Шың­жаң­ XІX–XX ға­сыр­ларда” [67] атты ең­бек­теріне тал­дау жасауы М. Шо­қай­дың­ де­рек­көзде­рін­ ішкі және сырт­қы сын­ға алу п­рин­ципте­рін­ же­тік­ мең­гер­ген­дігі­нің­ айғағы бола алады. Мұс­тафа, әсіресе, ав­тор­лар тұжы­рым­дары­ның­ не­гіз­делуіне үл­кен­ мән­ береді.

М. Шо­қай­ де­рек­көздері­мен­ та­ныс­қан уақы­тын­да мә­тін­дер­дің­ жанына құп­тар­лық­, не наразы­лық­ қатына­сын­ біл­діре­тін­ леп­, не сұрау бел­гіле­рін­ қой­ып, кей­де қыс­қаша реп­лика жа­сап­ отырады. Мысалы, І. Қабы­лов­тың мақала­сын­ оқы­ған­да “ала­шор­дашы­лар­ Бі­рін­ші дү­ниежүзі­лік­ со­ғыс­ ке­зін­де жер­гі­лік­ті жерлерде милита­рис­тік наси­хат­ жүр­гізе­тін­ мұ­сыл­ман коми­тет­те­рін­ құр­ды” [68] де­ген­ жол­дары­ның­ шетіне сұрау бел­гі­сін­ қоюы – М. Шо­қай­дың­ ав­тор­ пікірі­нің­ не­гіз­сізді­гін­ біл­діргені. Ол мақала авторы­ның­ ала­шор­дашы­лар­ “капита­лис­тер, поме­щик­тер, хан­дар, сұл­тан­дар­, бай­лар­, ақса­қал­дар­дың­ мүд­деле­рін­ қа­зақ­ халқы­ның­ мүд­делері ре­тін­де көр­сетті” де­ген­ жол­да­рын­ да жала жабушы­лық­ деп­ баға­лай­ды.

Мұс­тафа тап­тық кү­рес­ п­рин­ципі І. Қабы­лов­ се­кіл­ді “интернационалистердің­” қаламы­мен­ ұлт­тық­ ай­мақ­тарда өз үс­тем­ді­гін­ орнатуда Мәс­кеу­дің­ қолындағы “қа­һар­лы қаруға” айна­лып­ о­тыр­ деп­ жазады. М. Шо­қай­дың­ ғылыми жұмысы­ның­ не­гіз­гі бағыты Түр­кі­стан ұлт­тық­ қозғалысы­ның­ се­беп­те­рін­ ба­тыс­ әлеміне кеңі­нен­ тү­сін­діру, Ке­ңес­ өкіметі­нің­ мұ­сыл­ман ха­лық­тарына “а­зат­тық әкел­гендігі” туралы насиха­тын­ әш­кере­леу болады. О­ның­ 1928 жылы ф­ран­цуз тілін­де шыққан “Түр­кі­стан Ке­ңес­тер қо­л астында” де­ген­ ша­ғын­ кітабы да осы мақ­сатты көз­дейді. Кі­тап­ өзі­нің­ публицистика­лық­ пәр­менділігі мен­ ұлт­тық­ санаға ықпалы тұр­ғысы­нан­ көптомдық­ іргелі ең­бек­тің өзі­нен­ де ба­сым­ түсе­тін­ еді. Себебі ол бұл­тарт­пас­ дәлел­дерге, рес­ми құ­жат­тарға не­гіз­деледі, сол­ арқылы Ке­ңес­ өкіметі­нің­ сөзі мен­ ісі ара­сын­дағы жер­ мен­ көк­тей ал­шақ­тықты ә­лем­ жұрт­шылығына а­шып­ береді.

Кі­тап­ жө­нін­де КСРО Орта­лық­ Атқару Комитеті­нің­ ІV сес­сия­сын­да Ш. З. Элиава сөй­леп­, өз­бек­ үкіметіне М. Шо­қай­дың­ бұ­л еңбегіне жауап беруді ұсынады. “За пар­тию”, “Заря Вос­тока” (Тиф­лис­), “П­рав­да Вос­тока” (Таш­кен­т) басы­лым­да­рын­да қар­сы материал­дар­ жарияланады.

Кітабы­ның­ кі­ріс­пе­сін­де М. Шо­қай­: “Мен­ де­рек­темелер, о­ның­ үстіне жоққа шыға­рыл­майт­ын­ де­рек­темелер туралы әңгіме­лей­мін­, өйт­кені бұ­лар­дың бәрі ке­ңес­ бас­пасөзі­нің­ ө­зін­де тір­кел­ген­. Олар­ды тек­ қана қа­был­дап, мой­ындау қалады” [69] дей­ді. Кі­тап­қа алғы сөз­ жазған ф­ран­цуз қай­рат­кері Пьер Рено­дель­: “Шоқаев мыр­за ең жақ­сы, ең се­нім­ді тә­сіл­ді қол­дан­ған­. Ол о­қыр­манды өз байқаулары мен­ пай­ымдары жәр­демі­мен­ и­лан­дыруға ты­рыс­пайды. Ол мұны боль­ше­вик­тік құ­жат­тар­дың­ өздері­нің­ жәр­демі­мен­ жа­сай­ды” деп­ жазады.

Кі­тап­тың ғылыми құн­дылығы жө­нін­де Ф­ран­цияда, Түр­кияда және бас­қа да ел­дер­де пі­кір­лер біл­діріледі. Ә­зір­бай­жан­ қай­рат­кері Әли­мар­дан Топ­чибашы, кі­тап­ты оқып шық­қан­нан­ кейін, М. Шо­қай­ға кел­тір­ген­ “сал­мақты” да, “се­нім­ді” дә­лел­дері­нің­ “ке­ңес­тік жұ­мақ­” жө­нін­дегі наси­хат­тың қи­сын­сызды­ғын­, “халықтар тең­дігі және бауыр­лас­тығы де­ген­нің ауылы әлі а­лыс­ жат­қанды­ғын­” көр­сете­тін­дігі жө­нін­де 1928 жыл­дың 30 тамы­зын­да хат­ жазады. Ол кі­тап­ты “Түр­кі­стан­ның­ бү­гін­і туралы Еуропа тіл­де­рін­де бұ­рын­-соң­ды бол­ма­ған­ ең­бек­” [70] деп­ баға­лай­ды.

1929 жыл­дың 24 сәуі­рін­дегі бір­ ха­тын­да М. Шо­қай­ бы­лай­ деп­ хабарлайды: “Мәс­кеу­ден­ ұ­жым­дық бір­ хат­ кел­ді. Ме­нен­ брошю­рам­ды енді орыс­ ті­лін­де шығару­дың­ ке­рек­тігі өтініледі. “Біз­ ү­шін­ брошюра әш­кере­леуші материал­дар­дың жинағы бо­лар­ еді” делінеді ол хат­та” [72].

Хат­ ав­тор­лары­ның­ “брошюра” деп­ о­тыр­ғаны Мұс­тафа­ның­ ф­ран­цуз тіліндегі кітабы екені а­нық­. Осы сұра­ныс­қа о­рай­ жа­зыл­ған М. Шо­қай­дың­ о­рыс­ ті­лін­дегі кітабы 1935 жылы Па­риж­де жа­рық­ көреді. Онда Түр­кі­станда Ке­ңес­ өкіметі­нің­ орнауы, о­ның­ әлеу­мет­тік-экономика­лық­ және мәде­ни сала­лар­дағы ре­фор­малары және о­лар­дың сал­дарлары жө­нін­дегі тақы­рып­тар­ кеңі­рек­ қамтылғаны­мен­, бұ­рын­ғы зерт­теу ә­діс­тері сақ­талады.

Мұс­тафа ең алды­мен­ “пролетариат дик­татурасы­ның­” жер­гі­лік­ті ха­лық­қа материал­дық­ игі­лік­ әкел­ме­ген­ді­гін­ қа­зақ­ хал­қы­ның­ жап­пай а­шар­шы­лық­қа ұшырауы мысалы­мен­ тү­сін­діреді.

Мұн­да Қа­зан­ төң­керісі­нен­ кейін іле-шала жүр­гі­зіл­ген аш­тық­ саясаты он шақ­ты жыл­дан соң­ мей­лін­ше қаныпе­зер­лік, жәді­гөй­лік­ жол­дар­мен­ қайталанады. 1917 жыл­дың қар­са­ңын­дағы 40 мл­н бас­ мал­ Ке­ңес­ Орта Азиясында 1934 жылы то­ғыз­ жа­рым­ мил­лионға дейін ке­міп­ кетеді. Қазақстандағы мал­ басы­ның­ саны да төр­т есе кемиді. “Мал­ бағушы түркістандық ха­лық­тың шаруашы­лық­тағы “же­тіс­тігіне” бұ­дан­ өт­кен­ сен­дір­гіш­ мы­сал­ кел­тіру мүм­кін бе?” дей­ді М. Шо­қай­.

Рес­ми мін­бе­лер­ мен­ ке­ңес­ бас­па­сөзін­де тағы да жап­пай қыр­ғынды бастары­нан­ кеші­ріп­ жат­қан қа­зақ­тар жө­нін­де е­мес­, мал­ басының азаюына ғана өкі­ніш­ біл­діріледі.

Қа­зақ­тарды құл­дық және мәң­гүрт­тік­ жағ­дайға түсіру мақ­са­тын­да о­лар­ды жері­нен­, тілі мен­ діні­нен­ айыру саясаты аса құйт­ыр­қы­лық­ ә­діс­тер­мен­ жүйелі түр­де жүр­гізіледі. 1917–1918, 1920–1921, 1931–1933, 1941–1953 жыл­дардағы ашар­шы­лық­, руха­ни және мәде­ни ө­мір­дегі ха­лық­ты о­ры­стандыруға бағытталған­ айла-шар­ғы­лар­, саяси қу­ғын­-сүр­гін сал­дары­нан­ қа­зақ­ хал­қы өзі­нің­ ұлт­тық­ біре­гей­лі­гінен­ айырылады, мил­лионда­ған­ қа­зақ­ шет­ ел­дер­ге қо­ныс­ ауда­рып­ бас­сауға­лай­ды. 1917 жыл­ға дейінгі 6 мл­н қа­зақ 1939 жылы екі миллионға же­тер­-жет­пес бо­лып­ қалады.

Мұра­ғат­тық материал­дар­ға қара­ған­да, М. Шо­қай­ Түр­кі­стан тарихына арнал­ған шолу кі­тап­ жазуға ниет­тен­генге ұқ­сай­ды және оны Мұс­тафа хронология­лық­ рет бой­ынша е­мес­, өзіне әб­ден­ таны­мал­ тақы­рып­тан бас­тауды жөн­ көреді. Па­риж­дегі жеке мұра­ғат­тық қо­рын­да Мұс­тафа­ның­ 1939 жыл­дың 12 маусы­мын­да “Түр­кі­станды о­рыс­тар­дың­ жау­лап­ алуы тарихы­нан­” де­ген­ мақала жаз­ғандығы, ал о­ған­ дейін, яғ­ни 1931 жыл­дың 17 маусы­мын­да “Түр­кі­станға ену­дің­ ал­ғаш­қы әре­кет­тері” де­ген­ тақы­рып­ты қа­рас­тырғаны жө­нін­де мағ­лұ­мат­ сақ­тал­ған­. О­лар­ды Дж. Лаз­зери­ни “Түр­кі­станда” де­ген­ ат­пен­ бір­ бумаға топтайды [73]. Материал­дың­ қай­да жария­лан­ғаны бел­гі­сіз­. Осы­ған­ қара­ған­да ол кі­тап­тың құ­рам­ды бөлігі болуы тиіс.

М. Шо­қай­дың­ 1941 жыл­ғы “Түр­кі­стан” де­ген­ материалы да осы ниет­пен­ жа­зыл­ған се­кіл­ді. Онда Мұс­тафа VІ ға­сыр­дан бері біте қай­на­сып­ да­мып­ келе жат­қан, Тұ­ран­ ойпа­тын­ ме­кен­де­ген­ ха­лық­тар­дың­ дү­ниежүзі­лік­ өрке­ниетке қосқан үлесіне тоқ­та­лып­, о­лар­дың экономика­лық­ және мәде­ни тұр­ғы­дан­ өте жа­қын­дығын көрсетеді, “ал мұ­ның­ өзі о­лар­ды “бір­тұ­тас­ дене” ре­тін­де қарауға мүм­кін­дік­ береді; Ке­ңес­ өкіметі­нің­ о­лар­ды жеке рес­публика­лар­ға бөлуі түркістан­дық­тар­дың ұлт­тық­-саяси бір­лігіне жол­ бер­меу әрекеті­нен­ туын­дай­ды” [74] дей­ді.

М. Шо­қай­дың­ қа­зақ­, өз­бек­, тү­рік­мен, қыр­ғыз, та­тар­, баш­құрт, қара­қал­пақ, ұй­ғыр­ларды “түр­кі­стан­дық ұлт” деп та­ни­тын­дығы, ал о­лар­ды жеке-жеке “ұ­лыс­” (“на­род­ность”) деп са­найт­ын­дығы көрінеді.

М. Шо­қай әмбе­бап­ ғұлама ре­тін­де қа­зақ­, өз­бек­, қыр­ғыз, тү­рік­мен, тә­жік­ әдебиетіне кө­ңіл­ бө­ліп­, о­лар­ды сипаттауға ұмтылады. Түр­кі­стан тұрғындарының­ ауыз әдебиеті Мұс­тафа дү­ниетаны­мының­ бір­ бұлағы болғандығы, о­ның­ қа­зақ­, өз­бек­, қыр­ғыз ха­лық­тары­ның­ өнері мен мәде­ниеті мәселелері туралы зерт­теу­лер­ді шет­ жер­де жүр­генде де назары­нан­ тыс­ қалдырмағаны бел­гілі. О­ның­ бір­ мысалы – М. Шо­қай­дың­ 1931 жылы “Остойропа” жур­на­лын­да жария­лан­ған “Түр­кі­стан а­қын­дары мен­ о­лар­дың өлең­дері” және “Муа” жур­на­лын­дағы “Түр­кі­стан әдебие­тін­дегі ө­лең­дер” атты мақала­лар­ туралы пі­кір­лері. Соң­ғы басы­лым­дағы мақала жө­нін­де Мұс­тафа: “Түр­кі­стан поэзиясы­ның­ гүл­денуі ұлт­тық­ сана-се­зім­нің оянуына тіке­лей­ байланыс­ты. Боль­ше­вик­тер мұн­дай про­цес­ті бол­дырмауға тырысады. А­лай­да ха­лық­тың ө­мір­ сүру қабілеті бар­ған сай­ын кү­шейе түсуде. Түр­кі­стан тек­ ұлт тәуел­сіз­дігі ү­шін­ ғана е­мес­, өзі­нің­ ру­хын­ өші­ріп­ алмау ү­шін­ де күресуде” [75] деп­ жазады. Мұ­нан­ М. Шо­қай­дың­ әдебиет пен­ ө­нер­дің қо­ғам­ өмі­рін­дегі маңызын қан­ша­лық­ты жоғары бағала­ған­дығына куә бола­мыз­.

М. Шо­қай­ ойға ал­ған­ кіта­бын­ жа­зып­ үлгере ал­май­ды, де­ген­мен ол, әлемдік дең­гейдегі саяси қай­рат­кер ғана е­мес­, да­рын­ды та­рих­шы, пуб­ли­цис­т ре­тін­де көзі тірі­сін­де-ақ та­ныл­ған-ды.

О­ның­ “Түр­кі­стан Ке­ңес­тер қо­лас­тында” атты ф­ран­цуз және о­рыс­ тілдерін­дегі екі кітабы Ке­ңес­ өкіметі­нің­ мұ­сыл­ман ха­лық­тары жө­нін­дегі саясаты­ның­ мән­-мағына­сын­ та­нып­-білуге қа­жет­ті құ­рал­ға айна­лып­, оқымыстылар­дың кі­тап­ханалары­нан­ бе­рік­ о­рын­ алады. Мұс­тафа­ның­ жеке мұраға­тын­да сақ­тал­ған­ хат­тар осы­ның­ ай­қын­ дәлелі деуге келеді. 1930 жыл­дың 14 қараша­сын­да гол­ланд ғалымы Л. Г­рот­ Гаага­дан­ жол­да­ған­ ха­тын­да “Түркістан Ке­ңес­тер қо­л ас­тында” де­ген­ (ф­ран­цуз ті­лін­дегі) кітабы­ның­ бір­неше дана­сын­ ал­ған­ды­ғын­ және оны “ел­дің­ бел­гілі тұл­ғаларына ү­лес­тірге­нін­” хабарлайды [76].

Хат­ мәтініне қара­ған­да гол­ланд ғалымы мен­ қа­зақ­ қай­рат­кері бі­раз­дан бері шы­ғар­машы­лық­ бай­ла­ныс­та е­кен­дігі көрінеді. Сол­ жылы 15 жел­тоқ­сан­да жаз­ған ха­тын­да гол­ланд ғалымы Орта Азия рес­публикала­рын­дағы ас­тық­, мақ­та шаруашы­лық­тары, Ре­сей­дегі аза­мат­ соғысы, бас­машы­лар­ қоз­ғалысы, Түркістандағы жә­дит­шіл­дік­, о­ның­ бас­таулары, жақ­тастары, саяси рөлі жө­нін­де материал­дар­ мен­ “Эйша­тик­ Ревю” жур­на­лын­да жа­рық­ көр­ген мақала­сын­ жіберуді сұ­рай­ды. Соң­ғы рет­ кез­де­сіп­, әңгіме­лес­ке­нін­де Түр­кі­стандағы жәдитшіл­дік­ қоз­ғалысы туралы мәлі­мет­тер бе­рер­мін [77] де­ген­ Мұс­тафа­ның­ уәде­сін­ есіне салады.

Ә­зір­бай­жан­ қай­рат­кері Ә. Топ­чибашы 1933 жыл­дың 12 ақпа­нын­да жаз­ған ха­тын­да “Шың­ғыс­хан” кітабы­ның­ авторы Е. Хара-Да­ван­ның М. Шо­қай­дың­ “Орта Азия Ке­ңес­тер қо­л ас­тында” де­ген­ кітабы­мен­ та­ныс­қысы келеті­нін­ және өзі­нің­ кіта­бын­ жіберу ү­шін­ о­ның­ ме­кен­жай­ын сұ­рат­қа­нын­ [78] ха­бар­лайды.

М. Шо­қай­ и­тальян ғалымы Энрико Инсабато­мен­ де хат­ жазы­сып­ тұрады. 1930 жылы ол “Дип­ломатия курь­ері” де­ген­ и­тальян жур­на­лын­да ба­сыл­ған Жафар­ Исахи Оғлу [79] мен­ Э. Инсабато­ның­ Хель­син­киде, Вар­шава, Буха­рес­т, Бер­лин­ және­ Па­риж­ қалала­рын­да орна­лас­қан Украина, Кав­каз­ және Түр­кі­стан э­миг­рант­тық­ ұйымдары, о­лар­дың бас­па ор­ган­дары туралы [80] мақалалары­мен­ танысады. Мұс­тафа Э. Инсабато­ның­ одан кейінгі мақала­сын­ да [81] жур­нал­дан­ қиып а­лып­, өз мұраға­тын­да сақ­тап қояды.

М. Шо­қай­дың­ о­рыс­ ті­лін­дегі кітабы да ға­лым­дар тарапы­нан­ үл­кен­ сұраныс­қа ие болады. Әсіресе, о­ның­ бұ­л о­рай­да амери­калық­ ға­лым­дар­мен­ байланы­сын­ е­рек­ше атауы­мыз­ ке­рек­. Йель у­ни­вер­ситеті­нің­ (АҚШ) кітапханасын­дағы “Түр­кі­стан Ке­ңес­тер қо­лас­тында” (1935) кітабы­ның­ ұшырасуы [82] сол­ ке­зең­дегі қа­рым­-қаты­нас­тар­дың­ бір­ көрінісі бол­са ке­рек­.

1935 жыл­дың 8 жел­тоқса­нын­да Фила­дель­фия­дан­ (АҚШ) А. П. Деми­дов­ “Түр­кі­стан Ке­ңес­тер қо­л ас­тында” (о­рыс­ ті­лін­дегі) де­ген­ кітабы­ның­ шығуы­мен­ құт­тық­тап­, о­ның­ ав­тор­ды “жаңа даңқ­қа бө­лейт­ін­дігіне се­нім­” біл­діреді [83]. Өз тара­пын­да А. Деми­дов­ кі­тап­ты Пен­силь­ва­нияда (АҚШ) тұ­рып­ жат­қан ақгвардияшы­лар­дың генералы А. Федо­ров­-У­айт­қа береді.

1936 жыл­дың 15 қаң­та­рын­да С­тэн­форд у­ни­вер­ситеті жа­нын­дағы Гу­вер­ инс­титуты­ның­ ғылыми қыз­меткері Н. Н. Голо­вин­ Мұс­тафаға “Түр­кі­стан Кеңестер қо­л ас­тында” де­ген­ кітабы ү­шін­ алғы­сын­ айт­ып­, Гу­вер­ кітапханасындағы “Яш Түр­кі­стан” жур­налы­ның­ кол­лекция­сын­ то­лық­тыруды өтінеді [84]. Америка­лық­ про­фес­сор келесі ха­тын­да “Гу­вер­ кі­тап­ханасы Сіз­дің­ кітабы­ңыз­ға аса қызығушы­лық­ танытуда, бір­ дана­сын­ кі­тап­ханаға да жіберуге мүм­кіндігі­ңіз­ бол­са” деп­ жазады.

М. Шо­қай­ Н. Голо­вин­ге қайт­ар­ған жауа­бын­да кі­тап­ты пош­та арқылы салып­ жі­бер­ге­нін­, ал “Яш Түр­кі­стан­ның­” ке­рек­ті сан­дары жө­нін­де Бер­лин­дегі кең­сесіне нұс­қау бер­ге­нін­ ха­бар­лайды.

“1917 жыл­ туралы есте­лік­терден­ ү­зін­ді­лер­” кіта­бын­ бас­паға дай­ында­ған­ Ә. Таке­нов­ пен­ М. Қой­гел­диев М. Шо­қай­дың­ “Еуропа мен­ Америкадағы Түркістандағы ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­ты зерт­теуші­лер­дің ма­ған­ сон­ша кө­ңіл­ аударулары...” де­ген­ сөз­деріне жаз­ған ес­кер­туінде мына­дай­ мағ­лұ­мат­ береді: “Кали­фор­ниядағы С­тэн­форд у­ни­вер­ситеті­нің­ О­рыс­ төң­кері­сін­ зерт­теу институты (Со­ғыс­, революция және бей­біт­ші­лік­ жө­нін­дегі Гу­вер­ инс­титуты. – К. Е.) Түр­кі­стандағы төң­ке­ріс­ пен­ Ке­ңес­ үкіметіне қар­сы ха­лық­ көтерілісіне қатыс­ты де­рек­терді жи­нақ­тап, а­ғыл­шын ті­лін­де ең­бек­тер шығаруға кі­ріс­ті. Осы о­рай­да Мұс­тафа Шо­қай­дан­ Түр­кі­стандағы көтері­ліс­ пен­ Қо­қан­ автономиясы жай­ында жа­зып­ беруді ө­тін­ді. Мақала 1937 жыл­дың ал­ғаш­қы айла­рын­да әзірленіп­ бе­ріл­ді” [85].

Өкі­ніш­ке о­рай­, ав­тор­лар бұ­л мағ­лұ­мат­ жө­нін­де еш­бір­ де­рек­көзге сіл­теме жаса­май­ды, де­ген­мен ол М. Шо­қай­дың­ Гу­вер­ инс­титуты­мен­ шы­ғар­машы­лық­ бай­ла­ныс­тары­ның­ сипатына қай­шы кел­мейді.

1937 жыл­дың 24 науры­зын­да С­тэн­форд у­ни­вер­ситеті­нің­ О­рыс­ зерт­теулері комитеті­нен­ М. Шо­қай­ға мына маз­мұндағы хат­ келеді: “Біз­де “Революция и нацио­наль­нос­ти”, “Но­вый­ Вос­ток­”, “Жиз­нь нацио­наль­нос­тей” де­ген­ жур­нал­дар­ бар­, бі­рақ­ “Ком­му­нис­ти­чес­кая мыс­ль” мен­ “Казах­станс­кая п­рав­да” жоқ­. Сонымен­ бір­ге Коми­тет­те бас­қа да басы­лым­дарға зәру­лік­ ар­тып­ о­тыр­. О­лар­:

– 1919 жыл­ғы Оси­пов­тың бүлігі және а­ғыл­шын­дар­дың Түр­кі­стандағы ісәре­кет­тері;

– боль­ше­вик­тер­дің­ Бұхара әмірі­мен­ күресі және Бұхарада Ке­ңес­ өкіметінің­ түп­кі­лік­ті орнауы (“Құм­дағы со­ғы­стан” бас­қа ең­бек­тер);

– Жетісудағы “Қос­шы одағы”;

– 1916 жыл­ғы көтері­ліс­ ке­зін­де Қы­тай­ға қаш­қан қа­зақ­тар­дың­ оралуы және о­лар­ды орна­лас­тыру жө­нін­дегі ке­ңес­ шаралары;

– 1920 жылы Вер­ныйдағы Қы­зыл­ Армия­ның­ көтерілісі және о­ның­ себептері”.

Тіп­ті, Бакуде өт­кен­ Шы­ғыс­ ха­лық­тары­ның­ І съезі­нің­ материалдарына да ықы­лас­ бар­лы­ғын­ ес­кер­тіп кетеді. “Т. Рыс­құ­лов­тың “Революция және Түркістан­ның­ жер­гі­лік­ті хал­қы”, Е. Федо­ров­тың “Орта Азиядағы ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ о­чер­кі” (Таш­кен­т, 1925), Т. Рыс­құ­лов­ пен­ Ф. Қожаев­тың­ “Орта Азиядағы революция­лық­ қоз­ға­лыс­тар жө­нін­дегі очерк­тер­” де­ген­ кі­тап­тары Сізден­ та­был­мас па е­кен”­ [86] деп­ қол­қа салады.

Мұра­ғат­тан М. Шо­қай­дың­ америка­лық­ ға­лым­дар­дың­ бұ­л өтінішіне жауап хат­тары та­был­мады, де­ген­мен о­ның­ да жауап­сыз­ қал­мағаны бел­гілі. Қа­зір­гі уақыт­тағы Гу­вер­ инс­титуты­ның­ кі­тап­хана­сын­да ұшыраса­тын­ Т. Рыс­құ­лов­тың а­тал­мыш еңбегі­нің­, Орта Азия мен­ Қазақ­стан­да өт­кен­ ға­сыр­дың 20–30 жылдарын­да о­рын­ ал­ған­ оқиға­лар­ туралы түр­лі басы­лым­дар­дың­ ке­зін­де М. Шо­қай­ жі­бер­ген әдебиетке жататыны сөз­сіз.

1937 жылы қараша айында Италия­ның­ Шы­ғы­стану инс­титуты М. Шо­қай­дан­ ф­ран­цуз ті­лін­дегі кіта­бын­, 1938 жылы 28 шіл­деде осы Инс­ти­тут­ кі­тап­хана­сын­дағы “Яш Түр­кі­стан” жур­налы­ның­ кол­лекция­сын­ то­лық­тыру ү­шін­ осы басы­лым­ның 1937 жыл­ғы сәуір айындағы (№ 89) са­нын­, Поль­ша­ның­ Шығыс­ инс­титу­тын­да жаса­ған­ баяндама­сын­ жіберуді сұ­рай­ды.

Көр­нек­ті тү­рік­танушы ға­лым­дар­мен­ және Ба­тыс­ елдері­нің­ зерт­теу орталық­тары­мен­ шы­ғар­машы­лық­ бай­ла­ныс­тар орнатуға мүд­де­лілік­ танытқанымен­, М. Шо­қай­ өзі­нің­ саяси ұ­станым­дарына қай­шы келе­тін­ қадамдарға бар­майт­ын­. Ол о­рыс­ бо­дан­ды­ғын­дағы мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ дер­бес ө­мір­ сүруге құқылылы­ғын­ мой­ында­май­т­ын­дар­мен­ қан­дай да бол­сын қарым­-қаты­на­стан а­шық­ түр­де, еш­бір­ күл­білте­сіз­ бас­ тар­тып отырады. Солардың бірі о­рыс­ мо­нар­хия­сын­ қал­пына кел­тіру ү­шін­ кү­рес­кен, жеңі­ліс­ тапқан­нан­ соң­ Америка Құрама Ш­тат­тарына қа­шып­ ба­рып­ панала­ған­ гене­рал­ Федо­ров­- У­айт­ бола­тын­. Ол А. П. Деми­дов­тан ал­ған­ кі­тап­ты о­қып­ шық­қан­нан­ кейін 1936 жыл­дың 28 ақпа­нын­да М. Шо­қай­ға хат­ жол­дап, оны­мен­ өзі­нің­ ғылыми жос­пары жө­нін­де пі­кір­лескісі келеді. О­рыс­тар­дың­ Түр­кі­станды отарлау кезеңіне ар­нал­ған кі­тап­ дай­ын­дап­ жат­қа­нын­ айт­ып­, осы тақы­рып­ бойынша қо­сым­ша материал­дар­ бол­са жіберуін [87] сұ­рай­ды. Сол­ жыл­дың 19 науры­зын­да қай­т­ар­ған жауа­бын­да Мұс­тафа Федо­ров­-У­айт­қа Түр­кі­стан өлкесінің­ ха­лық­тары туралы о­рыс­, ба­тыс­ елдері тіл­де­рін­де көп­те­ген­ кітаптардың­ жа­зыл­ғандығы, бі­рақ­ о­лар­да қа­зақ­, өз­бек­, тағы да бас­қа тү­рік­ халық­тары­ның­ “эт­ног­рафия­лық­ материал­дар­” ре­тін­де ғана қа­рас­тырылатыны, о­лар­дың та­рих­ суб­ъектісі ре­тін­де а­лын­байт­ыны жө­нін­де “дә­ріс­” береді. Тіп­ті П. Галузо­ның­ “Түр­кі­стан – о­тар­ ре­тін­де”, В. И. Ма­сальс­кий­дің­ “Түр­кі­стан өлкесі”, В. Бар­толь­д­тың­ “Түр­кі­стан­ның­ мәде­ни өмірі” де­ген­ бел­гілі еңбектерінің­ ө­зін­де, на­зар­ ауда­рар­лық мағ­лұ­мат­тар бол­ғаны­мен­, жер­гі­лік­ті тұрғын­дар­дың руха­ни әлемі­нің­, о­рыс­ билігіне де­ген­ көз­қа­рас­тары­ның­ айтылмай­­т­ы­нын­, не дұ­рыс­ пай­ым­дал­майт­ы­нын­ [88] ес­кер­теді.

Мұ­нан­ М. Шо­қай­дың­ Орта Азия және Қазақ­стан­ тарихы мен­ мәде­ниеті­н­, о­лар­дың әлем әдебие­тін­де зерт­телу дең­гейін қан­ша­лық­ты те­рең­ біле­тін­ді­гін­ аңғаруға болады.

М. Шо­қай­дың­ туындылары ба­тыс­ елде­рін­де се­нім­ді де­рек­көз ре­тін­де саналады. Өмірі­нің­ соң­ғы күн­деріне дейін о­ған­ Ұ­лыб­рита­ния, АҚШ, Ф­ран­ция, Гер­ма­ния, Италия, Түр­кия, Поль­ша, Румы­ния, Гол­лан­дия, Швеция­дан­ Орта Азия мен­ Қазақ­стан­ тарихы, Ауған­стан­ мен­ Шы­ғыс­ Түр­кі­стандағы жағ­дай, халықара­лық­ қаты­нас­тар мәселелері бой­ынша а­қыл­-ке­ңес­ сұра­ған­ хат­тар легі то­лас­та­май­ды.

1934 жылы 8 қаң­тарда Бель­гия­дан­ В. Гав­ри­лов­: “Сіз­ге өті­ніш­ жасаға­ным­ ү­шін­ кеші­рім­ сұ­рай­мын­, бі­рақ­ мені ант­ропология, география, ауыз әдебиеті, жал­пы ал­ған­да о­рыс­-қы­тай­ Түр­кі­станы қат­ты қы­зық­тырады. Түр­кі­стан өңі­рін­ жақыны­рақ­ біл­гі­міз­ келеді, оны теория­лық­ тұр­ғы­дан­ зер­деле­ген­нен кейін... ол жө­нін­де қан­дай әдебиет бар­лығы туралы мағ­лұ­мат­ беруі­ңіз­ді өтіне­мін­” [89] деп­ жазады М. Шо­қай­ға.

Мұс­тафа ең­бек­тері­нің­ пәр­менділігі – сая­сат­ мүд­десі ү­шін­ та­рих­ты зерттеуде қыл­дай қия­нат­қа бар­мауында, логика­лық­ ойлау қуаты мен­ деректемелік не­гіз­дері­нің­ шы­найы­лы­ғын­да еді. Ол ақпа­рат­ көз­дері ре­тін­де “Еңбек­ші қа­зақ­”, “Казах­станс­кая п­рав­да”, “Қа­зақ­ әдебиеті”, “Ақ жол­”, “Қы­зыл­ Өзбек­стан­”, “Жаңа Фер­ғана”, “А­зат­ Бұхара”, “Шар­к хакиқаты”, “Шура­лар­ Түрік­мен­станы”, “Турк­менс­кая иск­ра”, “Қы­зыл­ Юл­дуз­”, “Авази Тә­жик­”, “Рехбер­-и-До­ниш­”, “Кур­ту­луш­”, “П­рав­да Вос­тока”, “За пар­тию”, “Советс­кая степь­”, “П­рав­да”, “Из­вес­тия” се­кіл­ді басы­лым­дардағы рес­ми материал­дар­ды пай­даланады [90].

М. Шо­қай­дың­ көп­те­ген­ ше­тел­ ға­лым­дар­ымен­ қа­рым­-қаты­нас­ орнатуы да о­ның­ шы­ғар­машы­лық­ және саяси қыз­меті­мен­ біте қай­на­сып­ жатады. Па­риж­ге ке­ліп­ орна­лас­қан бой­да ол Ф­ран­ция Сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рлі­гін­де жұ­мыс­ істейт­ін­, бұ­рын­нан да етене та­ныс­, та­рих­шы, архео­лог­, эт­ног­раф Жо­зеф­ Кастань­е­мен­ бай­ланысады. О­ның­ 1918 жыл­ға дейін О­рын­бор өлке­сін­де, кейін (1912 жыл­дан) Түр­кі­станда тұ­рып­, қа­зақ­ хал­қы­ның­ тарихы мен мәде­ние­тін­ зерт­теу­мен­, археология­лық­ қаз­ба жұ­мыс­тары­мен­ шұ­ғыл­данғаны бел­гілі. 1910 жылы ол “Қыр­ғыз­ даласы ­мен­ О­рын­бор өлкесі­нің­ ескерт­кіш­тері” [91] де­ген­ кіта­бын­ жария­лай­ды. О­рын­бор ғылыми мұрағаты ко­мис­сиясы­ның­, кейін Түркістан археология әуес­қой­лары үйірмесі­нің­ мүшесі бо­лып­ сай­ланады.

1920 жылы Ка­стань­е еліне о­рал­ған­нан­ кейін дип­ломатия­лық­ жұмы­сын­ Орта Азия мен­ Қазақ­стан­ның саяси тари­хын­ зерт­теу­мен­ ұш­тас­тырады. Ол М. Шо­қай­дың­ кей­бір­ басы­лым­дар­мен­ де, Ф­ран­ция­ның­ мем­ле­кет­ және қо­ғам­ қай­рат­керлері­мен­ танысуына қол­ ұ­шын­ бер­ген. Мұс­тафа да о­ған­ қа­рыз­дар болып­ қал­май, Ж. Ка­стань­е­ден­ Па­риж­дегі “Мұ­сыл­ман әлеміне шолу” (“Revue de monde musulmane”) атты жур­налда жария­лан­ған “Түр­кі­стандағы о­рыс­ революциясы”, “О­рыс­ мұ­сыл­манда­рын­да Ке­ңес­тер­дің­ ұйым­дас­тырылуы”, “Боль­ше­виз­м және ис­лам­” [92] де­ген­ ең­бек­тер­ді ­ дай­ындауы бары­сын­да а­қыл­кеңе­сін­ ая­май­ды. Өзі де 1923 жылы осы басы­лым­ға мақала­лар­ бере бас­тайды.

1925 жылы ф­ран­цуз авторы­ның­ Па­риж­де “Бас­машы­лық­: Орта Азия­ның­ жер­гі­лік­ті тұр­ғындары­ның­ а­зат­тық қоз­ғалысы” де­ген­ еңбегі жа­рық­ көреді. Онда да Ж. Ка­стань­е­нің­ кон­цепция­лық­ тұжы­рым­дары М. Шо­қай­дың­ 1928 жылы жаз­ған “Түр­кі­стандағы бас­машы­лық­ қоз­ғалысы туралы” де­ген­ кө­лем­ді мақаласы­мен­ үнде­сіп­ жат­қаны ай­қын­ бай­қалады. Ж. Ка­стань­е­нің­ бас­машы­лық­ қоз­ғалысы­ның­ ұлт-а­зат­тық сипаты, немесе боль­ше­виз­м мен­ ис­лам­ діні­нің­ бір­-бірі­мен­ сәй­кес­ кел­мейт­ін­дігі, таби­ғат­тары­ның­ жат­тығы туралы тұжы­рым­дары М. Шо­қай­ ең­бек­те­рін­де нақ­тылы материал­дар­ негі­зін­де тереңі­рек­ өрбітіледі.

Жал­пы ал­ған­да Ж. Ка­стань­е­нің­ М. Шо­қай­ды ф­ран­цуз жұрт­шылығына таныс­тырудағы еңбе­гін­ е­рек­ше ата­ған­ жөн­. 1923 жылы ф­ран­цуз ті­лін­дегі “Шығыс­ және Ба­тыс­” де­ген­ жур­налда, өзі­нің­ 1930 жылы жария­лан­ған “Қа­зақ­қыр­ғыз­дар­ мен­ шы­ғыс­ тү­рік­ ха­лық­тары ара­сын­дағы бақ­сы-бал­гер­лік­” атты еңбегі­нің­ со­ңын­да М. Шо­қай­дың­ өмірі мен­ қыз­метіне ар­най­ы тоқ­та­лып­, оны ба­тыс­ о­қыр­мандарына Түр­кі­стан­ның­ а­зат­тық қоз­ғалысы­ның­ же­тек­шісі, ірі саяси қай­рат­кер ре­тін­де та­ныс­тырады. О­лар­дың екеуара жа­зыс­қан хат­тары ізгі ниеттегі, өрке­ниетті а­дам­дар­дың­ бір­-біріне ті­лек­тес­тік­, дос­тық ықы­лас­та­рын­ біл­діреді [93]. Бір­ ха­тын­да Ж. Ка­стань­е М. Шо­қай­дан­ Бұхара әмірі Сеид Әлімхан­ның Түр­кі­стан тұр­ғындарына үндеуін сұ­рат­са (1929, 26 мау­сым­), келесі жолы (1930, 4 жел­тоқ­сан­): “Сіз­ ма­ған­ соң­ғы рет­ әңгіме­лес­кені­міз­де Түркістандағы жә­дит­шіл­дік­ туралы мағ­лұ­мат­тар бере­мін­ деп­ уәде е­тіп­ еді­ңіз­ ғой­. Мен­ оны сіз­дің қоз­ғалысы­ңыз­ туралы жазыла­тын­ мақа­лам­да пай­дала­нар­ едім­... Жә­дит­тер­дің­ Сіз­де сақ­тал­ған­ бағ­дарламасы­ның­ кей­бір­ тар­мақтарына сілтеме жасауға рұқ­сат бер­се­ңіз­ көп­-көп­ рақ­мет айт­ар­ е­дім­” дей­ді. Мұра­ғат­та Ж. Ка­стань­е­нің­ М. Шо­қай­ға 1936 жылы жаз­ған соң­ғы хаты сақ­та­лып­ты.

Ф­ран­цуз ға­лым­дары­ның­ қата­рын­ Поль­ Пел­лио (1878–1945), Па­риж­ универ­ситеті­нің­ (Сор­бон­на) про­фес­соры Жан­ Де­ни (1870–1963), а­раб­ және парсы тіл­дері­нің­ маманы Габ­риэль Фер­ран­, Па­риж­ Ұлт­тық­ кі­тап­ханасы Шы­ғыс­ бөлімі­нің­ мең­герушісі Э. Блоше құ­рай­ды. Осы­лар­дың әр­қай­сысы – ф­ран­цуз шы­ғы­стану ғылы­мын­да бір­-бір­ төбе. П. Пел­лио – 1900–1930 жыл­дар аралығында моңғол жаз­ба де­рек­тері негі­зін­де жа­зыл­ған орта ға­сыр­лар ке­зін­дегі Орта­лық­ Азия тарихына ар­нал­ған бір­неше ең­бек­тің авторы. О­ның­ “Түр­кі­стан туралы В. Бар­толь­д­тың­ жаз­балары” де­ген­ мақаласы жа­рық­ көреді. Бұ­л о­рай­да да ф­ран­цуз авторы­ның­ М. Шо­қай­дан­ а­лар­ а­қыл­-кеңесі аз бол­ма­ған­. Шы­ғыс­ Түр­кі­станда қаз­ба жұ­мыс­та­рын­ жүр­гіз­ген­ П. Пел­лиоға бұ­л ө­ңір­дің тарихы мен­ мәде­ниетіне әб­ден­ ма­ман­дан­ған­ М. Шо­қай­мен­ ор­тақ­ әңгіме табыла­тын­.

Қып­шақ­тар тарихы­ның­ де­рек­көзде­рін­ зерт­теуші Ж. Де­ниге де қып­шақ Мұс­тафа­ның­ айт­ары жет­кі­лік­ті еді. М. Шо­қай­мен­ ә­лем­дік ғы­лым­ға кеңі­нен­ таны­мал­ а­ғыл­шын шы­ғы­станушы-и­ран­танушы, Кемб­рид­ж у­ни­вер­ситеті­нің­ про­фес­соры Эдвард Браун (1862–1925), шы­ғы­станушы және дип­ло­мат­ сэр­ Эдвар­д Де­ни­сон­-Рос­с (1871–1940) ке­ліп­ танысады. М. Шо­қай­дың­ білімі мен­ ғылыми ізде­ніс­теріне о­рай­, әсіресе, соң­ғы тұл­ғаға тоқ­тала кет­кен жөн­ . Э. Де­ни­сон­-Рос­с 1905 жылы (Н. Э­лайес­пен­ бір­ге) Қа­зақ­ хан­дығы құрылуы тарихы­ның­ бас­ты де­рек­көзі бо­лып­ табыла­тын­ Мұхам­мед Хай­дар­ Дулати­дің­ “Та­рих­-и Рашиди” еңбе­гін­ өз түсі­н­дірмелері­мен­ а­ғыл­шын тіліне ауда­рып­ шығады. 1927 жылы көне тү­рік­ тарихы­ де­рек­көздері­нің­ бірі бо­лып­ табыла­тын­ “Та­рих­-и Мубарак­-шахи” де­ген­ пар­сы ті­лін­дегі үнді қол­жазба­сын­ а­ғыл­шын тілін­де жария­лай­ды. Ол 1899 жылы Ф. Ск­райн­мен­ бір­ге “Азия­ның­ жүрегі. Орыс­ Түркістаны және Орта­лық­ Азия хан­дықтары” атты ең­бек­ жария­лай­ды. М. Шоқай­дың­ есімі не­міс­ ға­лым­дарына да жетеді. О­лар­дың іші­нен­ Шы­ғыс­ Түркі­станды зерт­теуші, 1913–1914 жыл­дардағы төр­тінші не­міс­ экспедициясының­ же­тек­шісі А. фон­ Ле­кок­ты, түріктанушы, “Ко­ман­ хал­қы туралы” атты іргелі ең­бек­тің авторы Йо­зеф­ Марк­варт­ты (1864–1930), профессор Ф. В. К. Мюл­лер­ді атауға болады. Про­фес­сор Й. Марк­вар­т 1892 жылы Моң­ғолияға бар­ған ғылыми іссапары ке­зін­де “көк­тү­рік­тер­дің­ петроглифте­рін­” (яғ­ни Ор­хон­-Е­ни­сей­ жаз­ба ескерт­кіш­те­рін­) тауып, о­лар­дың “құпия­сын­” ашу мақ­са­тын­да тү­рік­ тіл­де­рін­ үйрену­мен­ айналысады. Ал, фон­ Ле­кок­ Гер­ма­ния­ның­ Эт­ног­рафия­лық­ му­зейі­нің­ ди­рек­торы бо­лып­ іс­тейт­ін­.

Ф. Мюл­лер­ де Түр­кі­станда археология­лық­ зерт­теу­лер­ жүр­гізеді, тү­рік­, соғ­ды, ұй­ғыр­ тіл­де­рін­дегі де­рек­терді із­дес­тіреді.

М. Шо­қай­, әсіресе, не­міс­ про­фес­соры Гер­хар­д фон­ Мен­де­мен­ (1904–1964) ты­ғыз­ шы­ғар­машы­лық­ бай­ла­ныс­та болады. Ол Бер­лин­ у­ни­вер­сите­тін­де Ре­сей­ тарихы­нан­ са­бақ­ бере жү­ріп­, өт­кен­ ға­сыр­дың 30-жыл­дары Орта Азия республикала­рын­дағы о­тар­лық жүйе, Ре­сей­дегі тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ ұлт-азаттық және тү­рік­шіл­дік­ қоз­ғалысы туралы мәселе­лер­мен айналысады. О­ның­ 1936 жылы жа­рық­ көр­ген “Ре­сей­ тү­рік­тері­нің­ ұлт­тық­ күресі” де­ген­ кітабы­ның­ Мұс­тафа­ның­ қолына да ти­ген­дігіне шүбә жоқ­. Кі­тап­та Еуропа­ның­ тү­рік­-мұсылман дү­ниесіне ықпалы, ис­лам­шыл­дық­тың күшеюі, ұлт­тық­ ояну және ондағы ұлт­тық­ мек­теп­тің­ рөлі, тү­рік­ ұлт­шыл­дығы­ның­ ді­ни ас­пек­тілері, тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ ұлт­тық­-саяси та­лап­тары жө­нін­де сөз­ болады. Ең­бек­тің соң­ғы тараулары (ІV, V) Ре­сей­ құра­мын­дағы тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ өздері­нің­ ұлт­тық­ мем­ле­кет­те­рін­ құруы жө­нін­дегі тал­пы­ныс­тарына (120–149-бб.) және о­лар­дың азат­тық қоз­ғалысына (150–184-бб.) арналады.

Кейін Б. Хаит Г. фон­ Мен­де­нің­ же­тек­шілігі­мен­ “Ала­шор­да және Қо­қан­ автономиясы” де­ген­ тақы­рып­та дис­сертация қор­ғайды.

Мұс­тафа Бер­лин­ у­ни­вер­сите­тін­дегі кез­десу­лер­дің бі­рін­де бола­шақ­тағы аса көр­некті не­міс­ тү­рік­танушысы Аннемари фон­ Га­бен­мен (1901–1993) ұшырасады. 1933–1937 жыл­дары А. фон­ Га­бен­ Анкара у­ни­вер­сите­тін­де, 1937 жыл­дан бас­тап Бер­лин­ у­ни­вер­сите­тін­де са­бақ­ береді. Ол көнетү­рік­ ескерткіште­рін­, көнетү­рік­тер­дің­ мәде­ниеті және ерте за­ман­дағы тү­рік­ халықтары­ның­ дү­ниетаны­мын­ зерт­теуге ора­сан­ зор­ ү­лес­ қосады. “Тү­рік­ тіліндегі тур­фан мә­тін­дері” де­ген­ бес ­том­дық­ мо­ног­рафия­сын­, “Көнетү­рік­ тілінің­ г­рам­матика­сын­” жария­лай­ды. Соны­мен­ бір­ге А. фон­ Га­бен­ – жаңа заман­дағы қа­зақ­ эт­ног­рафиясы мен­ линг­вис­тикасына ар­нал­ған бір­неше ғылыми мақала­ның авторы. Бі­рақ­ Мұс­тафа­мен­ ал­ғаш­ кез­деске­нін­де не­міс­ ханы­мының­ ғы­лым­ әлеміне жаңа ғана қа­дам­ бас­қан кезі бола­тын­. Сол­ уа­қыт­тан бас­тап олардың ара­сын­дағы шы­ғар­машы­лық­, адами қа­рым­-қаты­нас­тар те­рең­ сыйластыққа ұласады. А. фон­ Га­бен­ Мұс­тафаны өл­ген­нен кейін де үл­кен­ құрмет­пен­ еске а­лып­ отырады.

М. Шо­қай­ Аннемари­дің­ қа­зақ­ ті­лін­ то­лық­ мең­ге­ріп­ алуына көп көмек береді. Ал, кейін Бер­лин­ у­ни­вер­сите­тін­де оны­мен­ бір­ге қыз­мет істе­ген­ Йоханнес Бен­цинг­ті шын­ мә­нін­де Мұс­тафа­ның­ шә­кір­ті деуге то­лық­ не­гіз­ бар­.

Йо­хан­нес Бер­лин­ у­ни­вер­ситеті­нің­ тү­рік­тану фа­куль­те­тін­ Мұс­тафа­ның­ жан­-жақ­ты көмегі арқа­сын­да біті­ріп­ шығады. Осы­дан­ кейін ол “Мил­ли Түркістан” жур­налы­ның­ ре­дак­торы бо­лып­ іс­тей­ді, тіп­ті Бер­лин­ университетінде қа­зақ­ тілі­нен­ са­бақ­ бере­тін­ дәрежеге жетеді. Түр­кі­стан­дық­ мұға­жыр­лар қауымы­мен­ арала­сып­ тұрады, о­лар­дың і­шін­де М. Шо­қай­дың­ серіктері Абдуа­қап­ Оқ­тай­мен­, Та­хир­ Шаға­тай­мен­ дос­тасады, кейін, 40-жылдары, түр­кі­стан­дық со­ғыс­ тұт­қындары­мен­, көбіне қа­зақ­ жазушысы Хам­за Абду­лин­мен ара­лас­-құра­лас­та жүреді.

1939 жылы Й. Бен­цин­г док­тор­лық­ дис­сертация қор­ғап, со­ғы­стан кейінгі жыл­дары Тю­бин­ген у­ни­вер­сите­тін­де тү­рік­тану кур­сы­нан­ са­бақ­ береді. 1950 жылы қайт­а­дан­ Сырт­қы іс­тер­ ми­нист­рлігіне ауы­сып­, 1950–1955 жыл­дары Париж­де, 1955–1958 жыл­дары Бонн­да, 1958–1963 жж. Ис­тан­бұлда дипломатиялық­ қыз­мет­тер­ атқарады. Бі­рақ­ ол еш жер­де тү­рік­тану сала­сын­дағы зерт­теуле­рін­ тоқ­тат­пай­ды. Түр­кияда дип­ломатия­лық­ жұ­мыс­та жү­ріп­, Ис­тан­бұл у­ни­вер­сите­тін­де жаңа тү­рік­ тіл­дері­нен­ дә­ріс­ береді. Ақы­рын­да 1963 жылы Май­нц у­ни­вер­ситетіне түбе­гей­лі ора­лып­, Май­нц Ғы­лым­ академиясы­ның­ мүшесі бо­лып­ сай­ланады. Осы у­ни­вер­си­тет­тің “Seminar fьr Orientkunde” профес­соры ше­нін­де 1981 жылы зей­нет­ке шығады.

Мұс­тафа­ның­ Бен­цинг­ке қам­қорлығы­ның­, не­міс­ азаматы­ның­ түр­кі­стан­дық мұға­жыр­ларға де­ген­ көз­қарасы мен­ қа­рым­-қаты­нас­тары­ның­ кей­бір­ сәт­те­рін ­ А. Оқ­тай­ мен­ Т. Шаға­тай­дың­ хат­тары­нан­ бай­қауға болады.

– Бер­лин­. 22.ІV.1939. Оқ­тай­ – Мұс­тафаға

Бен­цин­г бек­тің таяуда үй­лен­ге­нін­ Сіз­ де біл­се­ңіз­ ке­рек­... Кеше Та­хир­, Сабыр­, Саға­дат­, Мәжи­дад­дин бек­ және мен­, бәрі­міз­ Бен­цин­г бек­тің жаңа үйінде кеш­кі та­мақ­та бол­дық, жақ­сы о­тыр­дық. Бен­цин­г бек­ жа­қын­ күн­дері әйелі­мен­ ту­ған­ қаласына бар­мақ. Сон­да ол жер­гі­лік­ті салт­тары бой­ынша той­ жаса­ған­нан соң­, қайт­а­дан­ Бер­лин­ге о­рал­мақшы.

– Бер­лин­. 29.ІV.1939. А. Оқ­тай – М. Шо­қай­ға

Біз­дің­ досы­мыз­ Бен­цин­г бек­ емтиха­нын­ жақ­сы өт­кіз­ді.

– Бер­лин­. 20.V.1939. Та­хир – Мұс­тафаға

Бен­цин­г Бер­лин­ге о­рал­ды. Танысы­мыз­дың кі­тап­шасы таяу уа­қыт­тарда шы­ғып­ қа­лар­. Сіз­ о­сын­да бол­ғанда о­ған­ тағы бір­ істі бас­тау ха­қын­да сөй­ле­сіп­ еді­ңіз­ ғой­. Келі­сіл­ген сол­ нәр­се “Ис­лам­ дү­ниесі” жина­ғын­да шық­ты [94].

Е­кін­ші Дү­ниежүзі­лік­ со­ғыс­тың бас­талуына және Бер­лин­дегі “Яш Түркістан” жур­налы­ның­ жабылуына бай­ла­ныс­ты А. Оқ­тай­ мен­ Т. Шаға­тай­ Түркияға қо­ныс­ аударуға мәж­бүр болады. 1939 жыл­дың 8 қыр­күйе­гін­де А. Оқ­тай­ Мұс­тафаға “зат­тары­ның­ бір­ бөлі­гін­ Бен­цинг­тің­ үйінде қал­дырға­нын­” ха­бар­лайды [95].

Й. Бен­цин­г М. Шо­қай­ды ұстазы ре­тін­де және ту­ған­ аға­сын­дай сый­лай­ды. 1933 жылы ол “Мұс­тафа Шо­қай­ұлы туралы жаңа өз­бек­ әдебие­тін­де не жазылуда” [96] де­ген­ мақала­сын­ жария­лай­ды. Онда Бен­цин­г ке­ңес­ жазушылары­ның­ шы­ғар­малары­нан­ ү­зін­ді­лер­ кел­ті­ріп­, ке­ңес­ бас­пасө­зін­дегі М. Шо­қай­ға жала жабушы­лық­тың не­гіз­сіздігі, о­ның­ Түр­кі­стан­ның­ ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы тари­хын­да ала­тын­ орны туралы баян­дай­ды.

Мұс­тафа қайт­ыс­ бол­ған­нан­ кейін де ол Мария Шо­қай­мен­,
А. Оқ­тай­, Т. Шаға­тай­мен­ ха­бар­ла­сып­ тұрады. 1943 жыл­дың ма­мыр­ айында Т. Шаға­тай­ға жаз­ған ха­тын­да А. Оқ­тай­: “Осы­дан­ үш кү­н бұ­рын­ Ган­с (со­лай­ да ата­ған­. – К. Е.) Бен­цинг­тен­ отк­рыт­ка ал­дым­. Бе­сім­ Ата­лай­ жарияла­ған­ Мах­муд­ Қаш­ғари сөз­ді­гін­ өзі ү­шін­ тауып беруді өті­ніп­ті” дей­ді. Ал, Мария Шо­қай­ 1965 жылы 22 қарашада Ис­тан­бұлда тұ­рып­ жат­қан Ә­лім­ Ал­мат­қа “Мен­ өз кіта­бым­ туралы Бен­цинг­ке әлі жаз­ған жоқ­пын” деп­ ха­бар­лайды [97].

Й. Бен­цинг­тің­ қа­зақ­ тарихы мен­ әдебиеті­нің­ біл­гір маманы бол­ға­нын­ ерек­ше атауы­мыз­ ке­рек­. Х. Абду­лин­нің сөзіне қара­ған­да, Бен­цин­г М. Жұмабаев­тың­ ө­лең­де­рін­ не­міс­ ті­лін­де ауда­рып­ жа­рық­қа шы­ғар­ғанға ұқсайды. Ау­дар­ма Гер­ма­ния мұра­ғат­тары­ның­ бі­рін­де сақ­талуы мүм­кін, бі­рақ­ біз­дің ізде­ніс­тері­міз­ден ә­зір­ге ештеңе шық­пады. Де­ген­мен Ә. Қашаубаев­тың­ Мұс­тафа­ның­ үйінде бол­ған ке­зін­де Мағ­жан­ның “А­лыс­тағы бауырыма” де­ген­ өле­ңін­ қа­зақ­, не­міс­, ф­ран­цуз ті­лін­де тың­дағаны мә­лім­.

1952 жылы Йо­хан­нес “Түр­келі” жур­на­лын­да М. Шо­қай­дың­ “Есте­лік­тері” жө­нін­дегі жаз­ған мақала­сын­да қа­зақ­ қай­рат­кері­нің­ өмірі мен­ қыз­ме­тін­ жаңа мағ­лұ­мат­тар­мен­ то­лық­тырады, о­ның­ өзіне ұс­таз­дық, ғұлама­лық­ ықпа­лын­ жоғары баға­лай­ды [98].

Й. Бен­цин­г – Қазақ­стан­ мен­ Орта Азия ха­лық­тары­ның­ тарихына ар­нал­ған бір­неше ең­бек­тің авторы. 1936 жылы “Dіe Welt des Іslams” жур­на­лын­да о­ның­ “Ке­ңес­ Одағы түр­кілері­нің­ Бер­лин­дегі саяси ұйымдары” де­ген­ мақаласы жа­рық­ көреді [99]. О­ның­ ең­бек­тері тақы­рып­тық және идея­лық­ ба­ғыт­-бағ­дары, Ж. Ка­стань­е туындылары се­кіл­ді, М. Шо­қай­ ұ­станым­дары­ның­ шең­бері­нен­ шық­пайды. Ол да Түр­кі­стан ха­лық­тары­ның­ бо­стан­дық­ ү­шін­ күресі, о­ның­ ішінде 1916 жыл­ғы ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысы, боль­ше­вик­тер­дің­ ұлт­тық­ саясаты жө­нін­дегі тақы­рып­тарды қоз­ғайды [100].

А. фон­ Га­бен­нің және Й. Бен­цинг­тің­ түр­кі­стан­дық э­миг­рант­тар­мен жа­қын­ қа­рым­-қаты­нас­та бол­ға­нын­, әсіресе, о­лар­дың А. Оқ­­тай­, Т. Шаға­тай­, Саа­дет­ Исхаки-Шаға­тай­мен­ арала­сып­ тұр­ға­нын­, олар­дың А. фон­ Га­бен­ді “Мариям апай­” деп­ сый­лайт­ын­дықтары жө­нін­де ұ­зақ­ жыл­дар бой­ы Гер­ма­ния мен­ Түркияда жұ­мыс­ істе­ген­ про­фес­сор Ах­мет­ Те­мір­ де баян­дай­ды [101].

Со­ғыс­ тұт­қыны Ғай­пен­ Бейі­сов­ 1943 жыл­дың шіл­де айында Подс­там­ қала­сын­да Шы­ғыс­ ми­нист­рлігі ұйым­дас­тыр­ған­ ар­най­ы курс­та о­қып­ жүр­ге­нін­де Г. фон­ Мен­де­нің­ лек­циясы­нан­ М. Шо­қай­ мен­ М. Жұмабаев­тың­ е­сім­де­рін­ ал­ғаш­ рет­ естиді. О­ған­ М. Шо­қай­дың­ “ұлы тұл­ға е­кен­дігі” туралы әңгіме айт­қан не­міс­ зиялылары­ның­ бірі А. фон­ Га­бен­ бола­тын­. Оны­мен­ Ғай­пен­ді 1944 жылы қыр­күйек айы­ның­ аяқ шама­сын­да Х. Аб­дул­ин та­ныс­тырады, ол кез­де Хам­за “Милли Түр­кі­стан” газеті­нің­ ре­дак­торы бо­лып­ қыз­мет іс­теп­ жүреді. Бер­лин­ уни­вер­ситеті­нің­ тү­рік­тану фа­куль­тетіне ар­най­ы із­деп­ бар­ған о­лар­ды Аннемари қоше­мет­пен қар­сы а­лып­, ө­зін­ “ма­ған­ түр­кі­стан­дық­тар­ Мария а­пай­ деп­ ат қой­ып кет­ті. Қа­зір­ Мария ата­нып­ кет­тім” деп­ та­ныс­тырады. “Мен­ түр­кі­стан­дық­тар­ды ұна­там­, о­ның­ і­шін­де ұлы а­дам­ Мұс­тафа сөй­ле­ген­ тіл­ді бө­лек­ са­най­мын­. Ұлы адам­ның не­сін­ айт­а­сың­, ол туып кет­кен бір­ тұл­ға еді ғой­” деп­ әңгіме арна­сын­ М. Шо­қай­ға қа­рай­ бұрады. Әңгіме­нің­ үстіне Бер­лин­ у­ни­вер­сите­тін­де про­фес­сор бо­лып­ қыз­мет атқа­рып­ жүр­ген Йо­хан­нес Бен­цин­г келеді. Әуелі теле­фон­ арқылы сөй­лес­кен Йо­хан­несті А. фон­ Га­бен­ Ғай­пен­ге: “Мағ­жан­ Жұмабаев­тың­ ө­лең­де­рін­ ал­ғаш­ ал­ман­ ті­лін­де сөй­лет­кен, 1929 жылы бір­ том­дық шығармаларын­ тәр­жімелеген­... Ұлы а­дам­ Мұс­тафа бек­тің досы бол­ған кісі. Мен­ қа­зақ­шаны сол­ кісі­ден­ үй­рен­ген­мін­. Ол да ұлы а­дам­нан үйре­нген­ді­гін­ жасырмайды” деп­ сырт­тай­ та­ныс­ты­рып­ үлгереді.

Й. Бен­цин­г а­ман­-сау­лық­тан соң­ кел­ген бой­да М. Шо­қай­ туралы қа­зақ­ тілін­де тебірене, көсіле сөй­лей­ді: “Ұлы а­дам­ның ұлылы­ғын­ мой­ындама­ған­ адам­, ол ар­сыз­дар­дың­ қатарына кіреді. Сөйт­іп­ жү­ріп­ ө­зін­ зиялы­мын­ деп­ есептеп, өзі зиялы а­дам­ бол­ғысы келетіні күл­кілі; өзі сый­лап­ мой­ындауды білмесе, оны кім­ ұ­лық­тайды. Ұлы а­дам­ елу­дің­ айнала­сын­да дү­ние сал­ды. Бұ­л жас­ қара­пай­ым а­дам­ға аздау кө­рін­гені­мен­, ұлы а­дам­ға аз жас­ бол­маса ке­рек­. Шо­қан­ Уәлиха­нов­, Лер­мон­тов тіп­ті шикі жас­ кет­кен жоқ­ па?! Сон­да да ар­тын­да қыруар ең­бек­тер қал­дыруы осы­ның­ айғағы е­мес­ пе. Ұлы а­дам­ бар­лық ұлт­қа ортақ­, ал қан­ға бөлу ерсі. Жал­пы бі­рен­-са­ран­ бол­маса, ұлы а­дам­дар көп­ жасамай­ды. Со­ның­ бірі Мұс­тафа бек­ еді-ау. “Ұлы а­дам­” деп­ өзі өлсе де, артында жал­ғасты­рар­лық­тай­ идеясы қал­ған а­дам­дарды айт­а­мыз­. Қа­лай­ болғанда да қара жер­ бәрі­бір­ уақыты кел­генде жас­ деп­, кәрі деп­ тал­ға­май­, бірдей қа­был­дайды” [102].

Бұ­лай­ деп­ М. Шо­қай­дың­ жа­қын­ се­рік­тері де айт­а алма­ған­ шы­ғар­.

Екі не­міс­ про­фес­соры мен­ екі қа­зақ­ жігіті­нің­ шұ­рай­лы қа­зақ­ ті­лін­де әңгімелесуі жө­нін­де Ғай­пен­: “Ол (Бен­цинг­ті айт­ады. – К. Е.) қа­зақ­ша ой­лан­бай, сө­зім­нен қате шы­ғып­ кет­пе­сін­ деп­ қай­мы­ғып­ о­тыр­ған жоқ­, төсе­ліп­ а­лып­, бабына жаңа кел­ген арғы­мақ­тар­дай­ шабы­сын­ енді-енді үдете түс­кен­дей­ бо­лып­ о­тыр­. Біз­дер­ тың­дау­дан­ жалы­ғар­ түрі­міз­ жоқ­. Әңгіме то­лас­тар е­мес­. О­ның­ түнімен­ әңгіме айт­қанда, тың­дар құ­лақ­ бол­са, шар­шайт­ын­ түрі бай­қал­майды” [103] дей­ді.

1942 жылы Лейп­циг­те Р. Ольцша мен­ Г. К­лей­нов­тың “Түр­кі­стан: Саяси тарихы және әлеу­мет­тік п­роб­лемалары” де­ген­ 409 бет­тік кітабы жа­рық­ көреді [104]. Х. О­рал­тай, С. Шіл­де­бай­, бас­қа да зерт­теуші­лер­ осы кі­тап­тың соң­ғы 60–70 бе­тін­ М. Шо­қай­ жаз­ған де­ген­ пі­кір­ біл­діреді. Шын­ды­ғын­да да кі­тап­тың соңғы тараула­рын­да “Қозы Көр­пеш­”, “Ер Тар­ғын­”, “Қыз­ Жі­бек­”, “Ай­ман­-Шолпан­” се­кіл­ді қа­зақ­ ауыз әдебиеті­нің­ үлгілері, “Иса­тай­-Ма­хам­бет”, “Бе­кет­”, “А­ман­гелді”, “Жал­быр­”, “Бек­бо­лат­” пьесалары, С. Сей­фул­лин, С. Мұқа­нов­, І. Жан­сүгі­ров­, Б. Май­лин­, А. Тоқ­ма­ғам­бе­тов­, Т. Жаро­ков­тың шы­ғар­машылығы туралы ой түйіндеу­лер­, 1916 жыл­ғы ұлт-а­зат­тық көтерілісі, Қо­қан­ автономиясы және оны боль­ше­вик­тер­дің­ жа­ныш­тауы, “Шуро-и-Исламия”, “Улема Жамияти” ұйымдары, Түр­кі­стандағы 1917–1918 жыл­дардағы саяси күш­тер­дің­ ара­сал­мағы, Ке­ңес­ өкіметі­нің­ өлкеде о­тар­лық жүйені сақ­тап қалуға тырысушылығы, осы кезең­де қа­зақ­тар­дың­ жап­пай қыр­ғынға ұшырауы, 1919 жылы Түр­кі­стан мұсылмандары­ның­ ком­му­нис­тік ұйымдары бюросы­ның­ (“Мус­бюро”) құрылуы жө­нін­дегі пай­ымдау­лар­, соны­мен­ бір­ге мә­тін­дегі кей­бір­ сөз­дерді Мұс­тафаға тән­ қыс­қарту­лар­ (мысалы: “К­рас­” – “Крае­вой­ Со­вет­”) бұ­л ең­бек­тің 337–409 беттері­нің­ М. Шо­қай­дың­ қаламы­нан­ туындағанына и­лан­дырады.

М. Шо­қай­дың­ мәде­ниеттілігі, кісі­лік­ қасиеттері мен­ те­рең­ ойлылығы зиялы а­дам­дарды өзіне тар­тып тұра­тын­. О­ның­ та­ныс­тары мен­ дос­тары­ның­ қатары сире­мей­ді, қайт­а уа­қыт­ өте келе кө­бейе түседі. 1940 жылы М. Шо­қай­ шы­ғы­станушы, о­рыс­ша таза сөй­лейт­ін­ не­міс­ ғалымы­мен­ танысады. Осы­дан­ кейін ол үйіне: “Оны­мен­ кез­дескеніме қуа­ныш­ты­мын­. Ол егде тарт­қан­, о­ның­ үйінде өте си­рек­ кез­десе­тін­ шы­ғыс­ ав­тор­лары­ның­ кі­тап­тары бар­. Бұхарада болған, Түр­кі­станды жақ­сы біледі, өз­бек­ ті­лін­ де мең­гер­ген­” [105] деп­, көтеріңкі кө­ңіл­-күйде оралады.

М. Шо­қай­дың­ ең­бек­тері Ба­тыс­ елде­рін­де Ортаазиятану­дың­ әдіснама­лық­ негі­зін­ қа­лай­ды. О­ның­ ой-тұжы­рым­дары­ның­ негі­зін­де “ке­ңес­ о­тар­шылдығы”, “ке­ңес­ ре­фор­малары­ның­ қым­батқа түс­кендігі” се­кіл­ді тұжырымдама­лар­ қалыптасады. О­лар­ бой­ынша ке­ңес­ шы­ғыс­ рес­публикалары Ре­сей­дің­ өнеркәсіптік аудан­дары­ның­ шикі­зат­ көзі, саяси құ­қық­тары­нан­ айы­рыл­ған о­ның­ ха­лық­та­рын­ о­ры­стандыру және о­лар­дың этностық­ біре­гей­лі­гін­ жоюды көз­де­ген­ то­лас­сыз мәде­ни экс­перимент­тер­дің нысаны ре­тін­де су­рет­теледі.

Пат­ша­лық­ Ре­сей­ тұ­сын­дағы о­рыс­ отаршылдығының жалғасы ре­тін­де қарас­тырыла­тын­ “ке­ңес­ о­тар­шылдығы” тұжырымдамасы Ж. Ка­стань­е­нің­, В. Мон­тей, А. Бен­ниг­сен, Э. Кар­рер­ д'Ан­кос­, Ш. Ле­мер­сье-Кель­кеже (Франция), В. Ко­нол­ли, Дж. Уи­лер­, Х. Се­тон­-Уот­сон­, О. Кэроу, В. Ко­лар­ц (Англия), Г. фон­ Мен­де, Й. Бен­цин­г, Г. К­лей­нов­ (Гер­ма­ния), А. Пар­к, Р. Пир­с, Ч. Хост­­лер­, С. Зень­ковс­кий­, Р. Пай­пс, М. Рыв­кин­нің (АҚШ) ең­бек­те­рін­де алға қа­рай­ өрбітіледі. Саяси тұр­ғы­дан­ ал­ған­да М. Шо­қай­дың­ зерт­теуші­лік­ қыз­меті әлем­нің көп­те­ген­ елде­рін­де Ке­ңес­ өкіметі­нің­ ұлт­тық­ саясаты жө­нін­дегі қоғамдық пікірді қа­лып­тас­­тырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет