Құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат


Планеталардың радиус – векторлары



Pdf көрінісі
бет33/67
Дата22.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#187365
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67
Байланысты:
растыр ан М хамеджан Н рболат

Планеталардың радиус – векторлары
бірдей уақыт аралығында бірдей аудан 
сызады 
55.
Планеталардың жұлдыздық айналу периодтары квадратының қатынасы олардың 
орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасына тең
56.
 Параллакс әдісі
– параллакстық ығысу құбылысына негізделген геометриялық әдіс 
57.
Аспан денесінен қарағанда көру сәулесіне перпендикуляр орналасқан Жер радиусы 
көрінетін бұрышты 
горизонталь параллакс
деп атайды 
58.
Инерттілік
– дененің оған әсер етуші сыртқы күштер болмаған немесе олардың 
әсері теңгерілетін жағдайда бірқалыпты және түзу сызықты қозғалысын немесе 
тыныштық күйін сақтап қалу қасиеті 
59.
Инерция
– денеге басқа денелер әсер етпеген жағдайда дене жылдамдығының 
сақталуы 
60.
Егер денеге күш әсер етпесе немесе күштердің әсері теңгерілген болса, дене 
инерциялық санақ жүйесіне қатысты түзу сызықты және бірқалыпты қозғалады 
немесе тыныштық күйін сақтайды 
61.
Инерция заңы орындалатын санақ жүйесі 
инерциялық санақ жүйесі
деп аталады
62.
Жерге қатысты үдеумен қозғалып келе жатқан денелермен байланысты санақ 
жүйесі 
инерциялық емес
деп аталады 
63.
Инерциялық санақ жүйесі
– физикалық тапсырмалардың шешімін жеңілдету үшін 
енгізілетін модель 
64.
Дененің алатын үдеуі денеге түсірілген барлық күштердің теңәсеріне тура 
пропорционал, массасына кері пропорционал 
65.
Денелер модулі бойынша тең және бағыттары қарама-қарсы күштермен өзара 
әрекеттеседі 
66.
Өзара әрекеттесу күштері
– әртүрлі денелерге түсірілген, бір түзу бойымен әсер 
ететін, табиғаты бірдей күштер 
67.
Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде олардың үдеулері массаларына кері 
пропорционал 
68.
Бір дененің немесе байланысқан денелер жүйесінің бөліктерінің өзара әрекеттесу 
күштері 
ішкі күштер
деп аталады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет