Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
259
ғалімге. Ол барлық құстармен аңдар туралы біледі, нені
білгің келсе соны айтып береді.
Қай құстың немен қоректенетінін де айтып береді,
деп ойлады Колька төсекте жатып. Көрпесін қанша
тартқанмен, түк те жылына алмады. Круктын қасында
жүрген бәле бұны да суық демімен үрлегендей. Ұйық-
тап кеткені сол еді, төбесіне аспан төне қалды. Сондай
қараңғы бұлтты аспан. Сол аспанда орасан зор қара
құс шарқ ұрып жүр. Ауыл үстінде қалықтап, жансыз
көзімен бұлардың сарайына қарап қояды. Алыс өлке-
ге алып кету үшін өз баласын іздеп жүрген кіщкентай
круктын әкесі емес пе екен?
Таңертен ол ерте оянды бірден сарайға жүгірді. Қа-
раса, крук аяқтарын астына жиып бір бүйірлеп жатып
қалыпты, тіпті қозғалмайды да; сары қабақтары жапқан
көздері балаузбен желімдеп қойғандай. Колька сонда
олардың ешқашан да ашылмайтынын түсінді. Ол құс-
қа ұмтылып еді, саусақтары тиіп кетті. Сұп-суық екен.
Түнімен аязда жатқандай қатып қалыпты. Колька қор-
қып қолын қайта тартып алды. Бірақ, аяз қарыған сау-
сақтарының ұштары мың-сан құмырсқа тұмсығын қа-
дағандай шым-шым етті.
Одан әрі не болғаны Кольканың есінде жоқ. Сарай-
дан қалай атып шығып, аспанға не деп айқай салғаны,
сосын өзіне-өзі: «Жалған, жалған» деп жүз рет қайтала-
ғаны да есінде жоқ. Күлетін де сияқты, бірақ көздерінен
жас сорғалап тұрса, қандай күлкі болушы еді. Ал, ол
болса «Жалған, жалған» деп қайталай берді. Әбден қа-
жып әлсірегенде ғана тыншыды.
– Ешкімнің басын қатырмай, апарып көміп таста, –
деді шешесі.
Колька үндеген жоқ.
– Мен оның ауру екенін, өмір сүремйтінін де көр-
генмін. Үйге әртүрлі көр-жерді тасисын.
– Бұған сіз, сіз кіналісіз! – деп айғайға басты Колька
– Ақымағым деді шешесі татуласа сөйлеп. – не үшін
қайғыруда тапқан екенсін.
– Крукты көмбеймін, түсінікті? – деді ол үлкендерше.
Сол шақта шындығында үлкен адамға ұқсап кетті. Ке-
неттен қартайып қалғандай болды – Көмбеймін, соны
біліп қойыңыз!
– Мейлің, бірақ ол сасып кетеді.
– Жоқ, – деді Колька.-Оны күтпеңіз
Сол жерде басына мынадай ой келді: крукты көміп
керегі не, егер ол тірі сияқты болып Кондрат Павло-
вичтің кабинетіе тұратын болса. Жүз жыл тұрады, бар-
лығы оған қарап таңданып: «Қараңдар, бұл әлгі алыс
елден ұшып келген крук қой, тап сол крук, оны Колька
тауып алған, әлпештеп баққан...» дейтін болады.
Колька көп кешікпей Кондрат Павловичке келе жат-
ты. Ол қолдан өткен суықты соншалықты сезінбеуі
үшін, крукты шүберекке орап алған алды. Сонда да
суық қолынан өтіп, денесін түршіктірді.
Жолшыбай Колькаға адамдар ұшырасты. Қолындағы
ен екенін, қайда асығып бара жатқанын сұрамас үшін,
олармен ақырын ғана басын көтермей амандасты.
Мектептен өтті. Ал, Кондрат Павловичтің үйі де осы
маңда болатын. Бірақ, Колькаға біртүрлі қорқынышты
бола бастады: бұл саған Микитенко атай мен сөйлес-
кендей емес қой. Мынау былай да былай еді, солай іс-
теп беріңіз деп айта салатын. Бұл мұғалім ғой.
Рас, ол өте мейірімді мұғалім деген балалар. Жақсы
адам екені жүзінен де көрініп тұрады. Оның көңілсіз
260
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
261
қалпын Колька ешқашан да көрген емес. О, Кондрат
Павлович қалай қуанар екен.
Колька есікке жақында ды, сосын бүгілген саусағы-
мен ақырын ғана қақты. Аз кідіріп, жан-жағына сездір-
мей көз тастап алған соң, тағы қақты. Үйден дыбыс
естілді. Колька кеудесін толтыра ауа жұтып алды да,
есік ашылғанша дем шығарған жоқ.
Босағада көк майка киген мұғалім тұрды. Шаштары
қобырап кеткен, мүмкін жаңа ғана оянған болар. Жүзін-
де таңдана күлімсіреу бар – бұл Кольканың көңілін кө-
терді.
– Қайырлы күн, – Колька мектептегіше сәлемдесті.
– Әлі таң сияқты ғой, – Кондрат Павлович есінеді де,
аузын алақанмен жапты.
Колька сәл абыржып қалды.
– Мен ... – ол көзін төмен салды. – Менде міне...
– Иә, ол не сендегі? – Кондрат Павлович жылы шы-
раймен сұрады.
– Мен сізге... өйткені... ия... мен...
– Ал, кәне, көрсете ғой, – деп күлімсіреді мұғалім. –
Ол не өзі?
– Тек сіз ойлап қалмаңыз – деп тез сөйлей бастады
Колька. – Ойлап қалмаңыз бұл қандай да бір
... Иә, жарайды, өзіңіз көресіз ғой, бұл – крук. – Сөйтті
де шүберекті жазды.
Иә, солай ма? – Кондрат Павлович шаштарын сала-
лады, сосын майкасының ойығынан бұйралана шығып
тұрған кеудесіндегі түкті сәл ғана сипап қойды. – Иә,
солай де...
– Мен бұны орманнан ұстап алдым. Қолымда тұрды,
бірақ бұл жергілікті құс емесқой, қалай асырау керек
екенін кім білген, – деп ақталды Колька.
– Әй-әй-әй.
– Егер мен сізге ертерек келген болсам, бұған не ке-
рек екенін айтып берер едіңіз, сонда...
– Иә, сен кештеу келдің.
– Мен жазылып кететін шығар деп ойлап едім. – Коль-
ка құсты алақанына салып тұрып, одан көзін айырмады.
Бұның бәрін мұғалімге емес, крукқа айтып тұрғандай.
– Енді ойлаймын, ақыры өліп қалды, мұны не де бол-
са... Иә, сізде анда әртүрлі құстар тұр ғой. Ал крук жоқ,
солай емес пе?
– Жоқ, – Кондрат Павлович те, құсқа қарап әлі
күлімсіреп тұр.
– Сіз, мүмкін оны спирттеп қоярсыз?
– Ә, сен не туралы айтып тұр десем! – Ақыры Конд-
рат Павлович түсінді. – Түсіндім, түсіндім. – Ол тағы
да шаштарын салалап қойып: – Спирттеп қою – оңай іс,
бірақ бізде қарға бар ғой. Және біреу емес.
– Қандай қарға? – деді Колька түсінбей қалып.
– Мына сендегі сияқты.
– Сіз көрмей тұрсыз ба? Бұл крук қой, тек қана кіш-
кентай.
– Жоқ, – деп Кондрат Павлович басын шайқап, тағы
да алақанымен аузын бүркеді. – бұл кәдімгі қара қарға-
ның өзі. Воронус вулгарус деп айтылады.
– Жоқ бұл...
– Егер білгің келсе, крук те осы тұқымдас құс... Бізде
ондай түрі бар
– Сіз... – Күнге қарап, көзін жұмғандағы сияқты оның
көз алды қызары кетті. – Сіз ғой...
– Бар, көміп таста, сен жақсы баласың, – деді де
Кондрат Павлович есікт жапты.
262
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
263
«Иә, бұлардың бәрі де...» деп іштей күбірледі Коль-
ка. Ол крукты қайтадан орап алып, үйіне жөнелді. Оны
жылы демімен үрлеп, өз денесімен жылытқысы келген-
дей кеудесіне қысып алды. Сен жақсы баласың деп қоя-
ды. Колька жаксы екенін онсыз да біледі, өйтекні крук-
ты жерге ешқашан көмбейді, ал сіз қандайсыз, Кондрат
Павлович? Және сіз неге Колькаға әкесі ғана айта ала-
тын сөзді айтасыз, а? Егер ештеңе түсінбейтін болса-
ңыз, ең дұрысы үндемеу еді, естідіңізбе? Ал бұл құс
сіздің бүркітіңізден мың есе үлкен болып өсе алады,
соны да білмейсіз, ә? Ал әкем біледі. Ол бәрін біледі.
Колька өзінің ауласына кіріп крукты терек түбіне
қойды да, біреу көріп тұрған жоқ па деп, төңірекке көз
салды. Иә, әне Джус көріп тұр. Бір жақтан албар қа-
сына келе қалыпты, бері кел деп, қол бұлғайды, бірақ
Колька оған қарағысы келмеді. Круктын аяқтарын көре
салып, ойлағаны елу тиын, жоғалсын ары өзі, ал Коль-
ка қазір үйге барады да, әкесіне хат жазады. Қалайша
бұрын осыны ойламаған, адресін біледі емес пе – село
Мизоновка, ал, отыр да жаз: сонымен жағдай осындай,
келіңіз, әке, өйткені круктын жағдайы жаман десе бол-
ды. Ал әкесі Кондрат Павловичтің түсіне де кірмейтін
етіп, не керектің бәрін істейді.
Шешесі үйде жоқ болатын. Ешкім оған бөгет жасама-
ды. Колька дәптерден таза парақ жыртып алдыд да, қа-
ламсапқа жаңа қаламұш салып, әріптерді жазу үлгісін-
дегідей етіп көркемдеп жаза бастады:
«Қайырлы күн, әке.
Бізде қырсық болды. Крук өліп қалды. Маған оны
күтіп, сақта деп едіңіз. Әке, тезірек келіңіз. Ары қарай
не істеу керек екенін сіз белесіз ғой. Біз оны спирттеп
қоямыз. Тек қана орманмен жаяу келмеңіз. Өйткені уа-
қыт ұзап кетеді. Автобуспен келіңіз. Сізді күтем»...
Колька қаламсаптың ұшын ойлана тістеледі. Өйт-
кені, әкесі бүның тілін алып, тоқтаусыз келетіндей етіп
жазуы керек қой. Әлгі жазған барлық сөздері жұтаң
көрінді де, Колька батылданып, төменгі жағына қоңыз-
дың ізіндей иректетіп тез жаза бастады.
Кенет Кольканың есіне терек түбінде жалғыз қалған
крук түсті. Ол уйден тез атып шықты да, сілейіп тұрып
қалды.
Крук жоқ.
Колька жан-жағына сөз салып түгел шолып шықты.
Жел ұйпалаған шүберек терек түбінде жатыр. Ал құс
жоқ, аулада да, көшеде де ештеңе көрінбейді. Ол әуелі,
сең соққандай болды, күнді жапқан қара бұлт бұған
төніп келе жатқан сияктанды. Ал содан кейін керемет
қуанышқа бөленді: алдымен, теректің майда жапырақ-
тары сыбдырлағандай болды да, күннің көзін бұлт бас-
ты. Бұны Колька соңынан түсінді. Күнді жапқан әлгі
орасан зор құстың алып қанаттары екен. Ал, қанаттар-
дың суылы жел шайқаған теректің сыбдыры секілден-
ген еді...
264
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
265
Достарыңызбен бөлісу: |