248
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
249
жарады, ал ол болса өзінше бір шетте отырып алып, ск-
рипкасын сарнатады.
– Әкем сырқаттанып жүр, -деді Колька, -оған соғыс-
қа...
– Иә,
сырқаттана қалғаны,-деп сөзін бөліп Джус.
– Күшік күйеулердің бәрі сондай, көрерсің, шешең
бұны да қуып шығады!
– Ол жақсы кісі.
– Иә, оған скрипка керек деймісің? Оған ағаш жарып,
су әкелетін адам керек.
– Алуға бола ма, Петь?
– Маған керегі не, сыдыра бер.
Колька қалтасынан қолдан жасалған ағаш сапты
бәкіні (Микитенко атай ұста дүкенінде соққан) суырып
алып, ескіш шайыр шығып жатқан қарағай тақтайлар-
ды қарай бастады. Содан соң қарайған жүзбен балауыз
сияқты сары тамшыларды қырнап қалбырға түсірді.
Бұл сәтте ол Джустың қиқылдаған күлкісін естімеу-
ге үйренген. Ол туралы ойлап та жатпайды. Не біледі
дейсің ол.
–
Адалдыққа келсек,-дейді Джус, – сен маған тағы
қарызсың.
– Не дейсің?
– Менің әкем тақтайларды ақшаға сатып алды ғой,
солай емес пе?
– Солай.
– Ал шайыр қайдан шығып жатыр? Тақтайлардан, со-
лай ма?
– Солай
– Міне, саған «солай».
Мысыққа бірдеме апаратын
кез де болып қалды...
Джус құлағында тесігі бар, саз балшықтан жасал-
ған кішкене құмыра мысығын өте жақсы көруші еді.
Бір тиын тапса да, соған әкеп салады. Ол бірде шалғын
шетіндегі бұтаның арасымен келе жатып, жұмыртқаға
толы ұяның үстінен түсті. Біреудің тауығы қорасынан
шығып, жұмыртқалап кетсе керек. Сол жұмыртқалар-
ды дүкенге өткізіп, әбден байыды. Бұдан соң қай жерде
бұта болса, соны тінткілеп жүретін әдет тапты. Тіпті,
иен жердегі шөп- шалаңды да жапырып із салып жүр-
гені. Ал Колька Джустың иеліктен мырза бола қалға-
нын алғашында аңғарған жоқ. Маған керегі не, сыдыра
бер дейді. Енді, не туралы сөз қозғап тұрғанын қарай
гөр. Колька ақша таппайтын болса, оған не төлеп құ-
тылмақ!
– Ал, сен қалай ойлап едің? – Джус күлген жоқ, бірақ
көзі одан ары жіпсиіп, пышақтың жүзіндей жылтырай
түсті.
– Жұрттың бәрін ақымақ еткің келе ме? Мә саған!
Сен менен құтылып кете алмайсың.
Қалбыр ұстаған саусақтары жайлап қалтыраған Коль-
ка қолын артына жасырды.
– Сен не, Петь?..Біз ғой...мен...
– Сен не? Сен не? Білеміз сендерді! Тақыр кедей.
– Мен...
Осы кезде ғана Колька шешімге келді. Бұрын ауыз-
ға алуға қорқатын бірдеңені Джусқа көрсетпек болды.
Өйткені Джус, неге екені белгісіз, құстарды жек көретін.
Әсіресе, торғайларды өзінің ең үлкен жауы санады.
Олар нені құртпады.: бақшадағы күнбағыс, шиелерді
шоқып бітірді дейтін Джус. Сондықтан қайда болсын:
шатырда, інде,
қуыста болсын, торғайлардың ұясын
тауып бұзып жүрді. Егер терең қуыстардағы балапан-