Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
281
нан махаббат тумайды екен..) Жо-жоқ, Бәрменді жолдан
тайдырған мүлде басқа нәрсе. Ол – анау дүкенші жесір
әйел Зылиханың қаңтарулы тұрған су жаңа машинасы,
кең сарайдай үйінде сеңдей сығылысқан дүние-мүлкі,
сыңғырлаған қуақы күлкісі мен алтынға малынған сау-
сақтары. Бәрменді құрыққа түсірген осылар еді. Сон-
дықтан екі сәби мен қарапайым жар қасындағы ел қа-
тарлы тіршілік оны қанағаттандырмаған еді.
***
Тұңғышы Дастан беске толғанда Бәрмен кезекті та-
бысын Ақбұрымға ұсынып жатып: «Біз де бір той жа-
сайық. Баланың қуанышынан артық не бар. Ақыр ба-
йитын емеспіз..» деп бастама көтере қалмасы бар ма?
Сараңқолдылау Бәрменнің бұл қылығы Ақбұрымды
таңғалдырса да, ойына жамандық алған жоқ. Қайта бұ-
ған Ақбұрымның іші жібіп сала берді, тіпті одан күдік-
теніп жүргеніне өзі ұялғандай болды. Екеуара қамда-
нып жүріп, ауыл арасына кішігірім той жасады. Бұл
күні түнде Бәрмен үйіне келген жоқ.
Тойға келген ауыл әйелдерінің ішінде Зылиха да бар
еді. Зылиханың келгенін көріп, Ақбұрым іштен тынып
бақты. Зылиха да сыр берер емес. Бірақ, Ақбұрымның
жүрегін әлдебір күйік оты қари берген. Оған Зылиха-
ның сөзі де қамшы болды. Сыр бермеуге тырысқан-
мен, Зылиха сөзі жымысқы ойын аңғартпай қойған
жоқ. Меймілдеген шарапты Ақбұрымға ұсынып тұрып:
«Алып жібер, Ақашжан, өмірдің өзінен ащы емес»,-
деді.
– Ащы өмір ащысын ұсынса не шара? – деп Ақбұрым
шарапты төгіп-шашып аузына апарды..
Түн іші. Ақбұрым қара түнді қақ жарып ішек-сілесі
қата күлді. Жұрт «жынданған ба» дескендей тарай бас-
тады. Түкке түсінген жоқ олар. Зылиха да зып бермекші
еді. Ақбұрым оны тоқтатып алып:
– Мен өзіме күліп жатырмын. Сендер шошыма. Мен
адастым.. – деді. – Бір-ақ рет берілер өмірде өз махаб-
батын таппай адасып қалған, махаббатта да жолы бол-
маған жан екенін енді ғана шын сезініп аһ ұрды. Көзі
қанталап кетті. Басы айналып тұрғаны белгілі. Зымиян-
дықпен шошына қараған Зылиханың иығына сүйене
беріп: «Мен бәрінен жиреніп тұрмын... сенен де...өзім-
нен де...» – деп күбірлейді. – Жүрегім қысылды. Сырт-
қа шығуға көмектес. Әзірше, көмектес, Зылиха!» – деді
демі біткендей қыстығып.
Зылиханың да күткені осы. Ақбұрымды аула сыртын-
дағы арықтың қара батпақтанған жиегіне отырғызды да
зым-зия жоғалды. Ақбұрым қатты күйінді. Ішін өртеген
күйік лоқсытты, тұла бойы өртеніп, миы солқылдаған-
дай болды. Көз алды қарауытты. «Зылиха, Зылиха!..»
деп қалтыраған қолын созған күйі, бәрінен түңілгендей
дірмәні кетіп, шыны табан шалшыққа етпеттей құлады.
Сол түні Зылиханың үйіне түнеп шыққан Бәрмен бұл
іске қанық еді. Таңертең келді де, денесі тілім-тілім
болып ісіп жатқан әйелін қамшымен осып өтіп, «бұ-
зылған неме, кәсібің осы болды ма? Белгілі бір еңбек
етіп еш пендені асырап жүрген жоқсың. Кесіп айтам –
есің барда елің тап» деп тісін қайраған. Белгілі еңбек
– белгілі мамандық дегені. Бұл Ақбұрымның бұрын да
құлағы шалған сөзі. Жан жарасына тиетін сөз. Ал...ал...
мына халі.. мына сиқы тіпті ауыр..түсінер жан жоқ-ау...
түсінер жан..
282
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
283
Бұл «оқиға» Бәрмен үшін сыныққа сылтау болды.
Енді Ақбұрымға не істеймін десе де еркінде...бұның
жолын кесе алмасы белгілі. Ендігі жерде Ақбұрым Бәр-
мен алдында күнәсыз болса да, иіліп өтері тағы белгілі.
Жоқ, жоқ Ақбұрым жүрегі адасқанын мойындаса да,
бұл қорлыққа енді төзе алар емес. Кезінде Бәрменді
сүйген-сүймегенін өзі де білмеген. Әйтеуір, ұнатқаны
рас. Шын сүюдің не екенін енді ғана түсінгендей. Ендігі
жерде бір күн де Бәрменмен тұрғысы жоқ. Өзара ма-
хаббат жоқ болса, өзіңді-өзің алдап күн кешудің қажеті
не? Уақыт жүрегінің әрбір соғысынан айрылысып тыну
керектігін түсінген Ақбұрым сотқа өзі арыз етті. Оның
жүрек шешімі осылай болды.
***
Зұлымдығы бүркемеленген Бәрмен сот залында кінә-
сыз адамдай отырды. Ақбұрым өзін ақтап әуре болған
жоқ, ойы «басқаларға» кедергі болмау. Бәрменнің «мас-
күнем» деген жала сөзін де есепке алған жоқ.
Зылиха барда Бәрменнің көңілі тоқ. Ал Ақбұрым
баяғы жалғыз қалпы. Ешкімнен араша сұраған жоқ. Се-
бебі, бұдан әрі Бәрменмен тұра алмайды. Бірақ..бірақ..
екі бірдей сәбиінен айрылып қалам деген үш ұйықтаса
ойына кірмеген.. «Аналық құқығынан айыруды» Бәр-
мен алдын-ала жоспарлаған екен...Ана қампақ қарын
соттармен ауыз жаласып, олардың қойны-қоншына Зы-
лиханың ақшасын аямай-ақ тықпалаған екен...неткен
жауыздық! Ақбұрымның жүрегі шаншып кетті...Дүние
шыр айналды.
Сот залында отырған бейкүнә екі сәби анасына жо-
лай алмай, тек Бәрменнің үйретіп қойған сөздерін қай-
талап, жыламсырай берді. «Әке, біз сенде қаламыз»
дейді анасына қарап қойып. Бәрменнің зілінен қорық-
қан сәбилердің көздері «ана» деп зарлап тұрғандай.
Ақбұрымның жүрегі қарс айрылды.
«Аналық құқығынан айрылған әйел» деген жаманат-
ты жамылып, сот залынан еңіреп шыға жөнелді. Бұл
сәби жүректердің адасып айтқан үкімі болатын.
***
Істің ақ-қарасы жалпақ жұртқа аян еді. Ақбұрымның
адалдығы, Бәрмен мен Зылиха ұйымдастырған сұмдық,
сот уәкілдерінің жемқорлығы ел ішінде зу-зу әңгімеге
айналды. Өз ауылына «аналық құқығынан айрылған
әйел» атанып оралғаны Ақбұрым жанын ұзақ уақыт
жаншыды. Бірақ, балаларына деген сағыныш, махаб-
бат пен өз табиғатына жөргектен дарыған жігерлілігі
уақыт-емшімен қосылып, оның қисайған басын сүйеді.
Енді Ақбұрым қайткенде де балаларын қайтаруды үміт
етіп, оларды болашақта оқытып-шоқытып, асырауға
«қор» жинаудың қамына кірісуді ойлай бастады. Осы
ой оны жігерлендіре түсті. Ол баяғы бала арманымен
қайта табысты. Бірақ баяғы балалық таза күйінде емес,
есейіп, қатайған шағында... Ендігі мақсаты – балалары-
ның болашағы үшін ақша табу. Ақбұрым мынаған таң.
Әлгі Сұлтан шал зейнетке әлдеқашан шықса да, еңбек-
тен қол үзбепті. Қашан көрсең де тас жиренімен тепең-
деп жүргені.. Әнеукүні ғана мұның балаларына дамыл-
сыз жіберіп тұратын құрт-май, азық-түлігін жеткізіп
беріп мәз болып келгені.. Осындай ақжарма, ақкөйлек
жандар неге көп болмайды екен..
Айдалада жалғыз үй. Жалғыз өзі колхоз малын ба-
ғады. Тірлік осы ғана. Шопан әйелдің басын әртүрлі
үмітсіз ойлар зәрезап етіп, күндер өтіп жатты. Ақ пен
284
МС
Достарыңызбен бөлісу: |