Раушан Абдикулова indd



Pdf көрінісі
бет80/82
Дата24.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#164264
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
2016 Абдикулова Жанр

Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
285
қараны қатар жетелеген күндер, айлар, жылдар өтті... 
Жанардан нұр тайып, самайын ақ шалса да, ақ таяғын 
тастамаған Ақбұрымның алдында уақыт сырын ашпай 
қойған жоқ.
Бүгіндік шуағының соңғысын себелеп күн ұясына 
құлап бара жатқан. Ақбұрым да отарды иен даладағы 
қараша үйінің маңына иіріп аттан түсті. Қамшысын бо-
сағаға іле беріп, селк етті. Ескі тұмағының құлағы сал-
быраңдап Сұлтан шал тұр.
– Мықтысың ба, қызым, мықтысың ба? – деп қос қо-
лын ұсынып қауқылдай амандасты.
Ақбұрым аң-таң. « Екі кештің арасында атам неғып 
жүр..» деп ойлады да:
– Ата, өзіңіз қуаттысыз ба? – деді таңырқап. Шал 
жауап берместен өз жайын айтып саудырай жөнелді:
– Қол қусырып отыра алмай, атаң пәштелен болды. 
Пәштелен болғаны қандай жақсы. Бүгін жиендерінен 
хат әкеліп, жүрегі жарылып тұрғаны!.. Әмісе, жақсы-
лық болса игі еді..-деп ентіге сөйлеп, қалтасынан суыр-
ған хатты бұған ұсына берді. Ақбұрым аң-таң!
Бір жапырақ қағаз Ақбұрымды жылдар бойы шеңгел-
деп келген қасіреттің қара тырнағынан ажыратар деп 
кім ойлаған? 
– «Ат айналып қазығын табар» деген, – деді шал 
Ақбұрымның қолындағы хатқа үңіле қарап, үміттене 
қарап.
«Қадірлі анамыз, өзіңді қор тұтпа, – деп жазыпты 
ұлдары. – Ақымақ ұлдарыңды кешір. Ол кезде біз не 
білдік? Сыртта жүріп асырадың. Сұлтан атайдан азық-
түлік, киім-кешегімізді де өзің жіберіп тұрдың емес пе? 
Анажан, біз енді сенімен мәңгі бірге боламыз. Күт, біз 
саған жетеміз. Әкеміз тағы біреуге үйленіп әлдеқашан 
көшіп кеткен. Сәлеммен Нұрперзентің мен Дастаның» 
депті. Хат ұстаған қолдары қалтырап, көкірегінен мә-
йегі тама еміренген Ақбұрым қуаныш боп аққан көз 
жасын ірке алмай, теріс айнала берді.
Қуаныштан белі босаған шал, босағадағы тоқымның 
үстіне отыра кетіп, қонышынан насыбай шақшасын 
суырып, оның түбін керзі етігінің тұмсығына тық-тық 
ұрып қойып:
– Еһ, қарағым, кейде жылатып, кейде қуантар пер-
зентің болғанына не жетсін,-деді.
Түн шілтерінің тесік-тесігінен жұлдыздар сығалай 
бастағанда, Ақбұрым қараша үйінің маңынан ағып жат-
қан Ақсуға келіп көз жасын жуды. Осы сәтте жаңа ту-
ған ай астында аққудың қос балапаны қалықтап келеді 
екен. Баяғы дара аққудың балапандары ғой бұлар. Сы-
ңарын тапқан екен ол-дағы...Иә, баяғы Ақсуды мекен 
еткен дара аққудың балапандары.. Нақ соның балапан-
дары...кештетіп келіп өзен үстіне қонып жатыр...


286
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
287


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет