256
МС
Р.Әбіқұлова
Жанр және шығарма
Жанр және шығарма
Р. Әбдіқұлова
257
саусақтары дірілдеп скрипканы көнетоз қабына тығып
жатыр. Ал тырнақтары нілге боялғандай. Колькаға қа-
рады, оның қолындағы шайыр салған қалбырды көріп
аянышты күлімсіреді. Колька мелшиген қалпы әкесіне
күлімсірей де
алмады
Тек оған кірпік қақпай қарады. Жанарына жас тола
берді, тола берді...Әкесі қасына келіп, басынан сипа-
ды. Жеп-жеңіл қолдары тұлымын самал желдей желпіп
өтті. Ештеңе айтпады, тек күрсініп: «Сен жақсы бала
боп өсесің. Жаксы бала...» деді. Сосын скрипка салған
қапты алды да, үйден үнсіз шыға берді. Оны енді қай-
тып көрмейтінін жүрегі сезген, Колька ізінен ере табал-
дырықтан атып шықты:
–
Қайда барасыз, папа?
– Мизоновкаға.
– Бармаңызшы.
– Бару керек, ұлым.
– Мен біліп тұрмын! Сіз енді қайтып келмейсіз.
– Келем.
– Алдамаңызшы папа! – колька кенет айғайлап жі-
берді де, жүгіріп барып көнетоз қаптан ұстай алды. –
Онда скрипканы не үшін алдыңыз?
– Мен ұзақ уақыт болмаймын. Ал сен ақылды бала
бол. Крукты жөндеп бақ, естимісің?
Келгенімде бәрі
орында болсын.
– Мен сізді щығарып саламын, – деді Колька.
Әкесі автобусқа бармай, жаяу дала жолына түсті.
Кішкене жүреді де, қолын кеудесіне басып тоқтайды.
Әрқашан бірдеңелерді айтатын ол,
енді Колька екеуі
көздерімен ғана үнсіз тілдеседі. Немесе тіпті басқа
жаққа қарап, текке күрсінеді. Алдынан орман көрінген
кезде, Колькаға уйге қайта бер деді. Өйткені, шешесі
оның қайда кеткенін білмей, тағы ұрсады ғой. Колька-
ға бәрі бір, мейлі ұрыса берсін, неге десең әкесі олар-
дан ұзақ уақытқа кетіп барады. Қайтуын қайтып келеді
ғой, бірақ оған әкесінің үнсіздігі ауыр тиді... «Ол жақ-
та ұзақ кідірмеңіз» деді, де үйге қарай жүгірді. Бірақ
әкесін орман жасырғанша, артына қарайлай берді, қа-
райлай берді. Орман алыстан түн басқандай қарауытып
көрінді. Аспанда күн жарқырап тұр еді. Колька оған қа-
рады да көзін жұмды: көз алды қып-қызыл, ып-ыстық
болып кетті. Осылацша тағы біраз тұрды, сосын әл жию
үшін өздерінің ауласында асқақтап тұрған терекке қа-
рай жүгірді. Крук болмағанда уйге асықпайтын да еді.
Құс отырған жоқ, кеудесімен жәшік түбіне жабысып,
қанаттарын жайып жіберіп жатыр екен. Суда, тары да
қозғамаған күйінде қалыпты.
Колька еңкейіп құстың
сұр тұмсығына ақырын ғана саусағын тигізді. Бірақ
крук көзінде ашпады, тек кіржиген қабақтарын әрең-
әрең қағып қойды.
«Ақымағым менің, – деді Колька, – немене, сені кіш-
кентай бала секілді тамақтандыру керек пе? – Әлде, сен
аштан қатқың келе ме?... «Ол крутын тұмсығын ашып,
аузына бір шөкім тары салды. Бірақ крук тарыны жұт-
қан жоқ. Тіпті, Колька ыдыстан су тамызып еді, ол да
құстың қызыл көмейінен өтпей, ұсақ дәндерімен бірге
қайта төгілді. Сонда Колька бұл жер көңілдегідей бол-
май тұрғанын түсінді. Біреумен ақылдассапм не істеу
керек екенін сол айтып берер. Мүмкін, бұл құсқа қан-
дай да, бір ерекше қорек беру керек шығар. Бірақ қарай
гөр, суды да ішпейді, ал су барлық жәндікке бірдей ғой.
Жоқ, Колька ертң барады да бәрін сұрайды. Ол
кімге
бару керек екенін де біледі, әрине, Кондрат Павлович-
ке, жоғары класстарға зоологиядан сабақ беретін мұ-