«Құрылыс» Мамандығының студенттеріне арналған



бет52/234
Дата31.01.2018
өлшемі18,96 Mb.
#36363
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   234
9-ДӘРІС. ЖАЗЫҚ ИІЛУ

1. НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР. ТІРЕК ТҮРЛЕРІ

2. КӨЛДЕНЕҢ КҮШ ПЕН ИЮ МОМЕНТІ

3. ТАРАЛҒАН КҮШТІҢ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ, КӨЛДЕНЕҢ КҮШ, ИЮ МОМЕНТІ АРАЛАРЫНДАҒЫ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ БАЙЛАНЫС

4. КӨЛДЕНЕҢ КҮШ ПЕН ИЮ МОМЕНТІНІҢ ЭПЮРЛЕРІН ТҰРҒЫЗУ

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР. ТІРЕК ТҮРЛЕРІ



Бойлық ось арқылы өтетін жазықтықтарда (ось жазықтықтарында) жатқан көлденең күштер мен моменттердің (қос күштердің) әсерінен бруста пайда болған деформацияны иілу деп атайды. Иіліп деформацияланған брустар арқалық делінеді. Арқалықтың бойлық осі мен көлденең қималарының басты ннерция осьтері арқылы басты екі жазықтық (V, Н) жүргізуге болады (VIII.1, а-сурет). Июші күштер басты жазықтықтардың біріңде жатса, онда иілу көлденең жазық иілу деп аталады. Көлденең жазық иілу кезіңде арқалықтың майысқан бойлық осі күш жазықтығында жатады. Сыртқы күштер бас жазықтықтардан басқа кез келген ось жазықтықтарыңда жатса, оңда иілу қиғаш иілу деп аталады. Арқалық қиғаш иілгенде, оның майысқан бойлық осі мен әсер етуші күштері әр түрлі жазықтықтарда жатады. Жазық иілген арқалықтың көлденең қималарында ішкі күштер — жанама күш пен ию моменті пайда болады.



Егер иілген арқалықтың көлденең қималарында ию моментінен басқа ішкі күштер жоқ болса, яғни жанама күш нолге тең болса, ондай иілу таза иілу деп аталады. Таза иілу кезінде арқалық шеңбер доғасы бойымен майысады.

Элементтері иіле деформацияланып, өзара қатаң немесе топса арқылы жалғасқан жүйе рама деп аталады (VII.3 г-сурет). Рама элементтерінің көлденең қималарында көлденең күш, ию моменті, сондай-ақ бойлық күш те пайда болуы мүмкін. Арқалықтар мен рамалар есептелгенде, олар есептеу схемаларымен алмастырылады. Есептеу схемалары бойлық осьтер мен әсер етуші сыртқы күштерден құралады (VIII. 1, б-сурет).

Дене сыртқы күш әсеріне қарсыласу үшін басқа бір денеге бекітілуі (байланысуы) тиіс. Бұл байланыстар механикада тіректер деп, ал тіректер мен денелердің өзара әсері байланыс реакциялары деп аталады. Реакциялар мен сыртқы күштер шамалары жағынан тең, бағыттары жағынан қарама-қарсы және бір жазықтықта жатады. Тіректерді үш түрге бөледі:



  1. Жылжымалы топсалы тірек (VIII.2 а-сурет);

  2. Жылжымайтын топсалы тірек (VIII.2, б-сурет).

  3. Қатаң бекітпе (VIII.2, в-сурет).



Жазық жүйенің белгісіз реакциялары статиканың келесі үш теңдеуінен анықталады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет