Құрметті мемлекеттік аттестациялау комиссиясының төрайымы және мүшелері, кафедраның оқытушылары!


Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің дамуын анықтау



бет3/7
Дата09.05.2020
өлшемі0,66 Mb.
#66778
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Айман баяндама

2.1 Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің дамуын анықтау


Жалпы тіл дамуының бұзылуын (сөздік қорының дамымауын) анықтау теориялық және тәжірибелік тұрғыдан маңызы зор мәселе болып табылады. Диагностикалау барысында тек сөйлеу тілінің бұзылуы ғана анықталып қоймайды, сонымен қатар жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда түзету-дамыту және логопедиялық жұмыстарды мақсатты әрі тиімді ұйымдастырудың жағдайлары анықталады.

Тексеру алдында тәжірибе жүргізуші өзінің диагностикалық іс-әрекетінде негізгі ұстанымдарды басшылыққа алуы керек. Сондықтан, анықтау тәжірибесін ұйымдастыру кезінде біздер де тексерудің белгілі қағидаларына сүйенген болатынбыз. Атап айтқанда: жүйелі тексеру, кешенді тексеру, іс-әрекеттік тексеру, динамикалық тексеру, онтогенетикалық. Барлық аталған қағидалар өзара тығыз байланысты.

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар дайындық тобындағы балалардың сөздік қорын молайту үшін алдымен анықтау тәжірибесі ұйымдастырылды.

Анықтаушы тәжірибенің мақсаты - жалпы тіл дамуының бұзылысыбар дайындық тобындағы балалардың сөйлеу тілін дамыту барысыда заттық-тәжірибелік іс-әрекетті бағытталған түрде қолдану деңгейін анықтау. Осыған байланысты келесідей міндеттер шешімін тапты:

1.Тәжірибе өткізуге қажетті әдістемелерді іріктеу, оларды өңдеу, дидактикалық материалдарды жинақтау;

2.Арнайы (түзету) балабақшаның дайындық тобының жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балаларының сөйлеу тілінің, сөздік қорының байланыстырып сөйлеуінің даму ерекшелігін анықтау.

3.Түзете-дамыту сабақтарында сюжетті-рөлді ойынды пайдалану арқылы байланыстырып сөйлеу деңгейін анықтау.

Анықтаушы тәжірибе 3 кезеңнен тұрды.

1 кезең - Дайындық. Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар дайындық тобындағы балалардың сөйлеу тілін, байланыстырып сөйлеуін тексеруге арналған әдістемелерді іріктеп, жүйелеу. Әдістемелерді өткізуге қажетті құралдар мен жабдықтарды дайындау. Сонымен бірге, мекеменің мамандарымен (медбикемен, тәрбиешімен, логопедпен) сұхбаттасу, сауалнама жүргізу. Балалардың жеке құжаттарын қарау, мекемеде орнатылған күн тәртібімен танысу.

2 кезең - Негізгі. Арнайы балабақшада жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуінің ерекшеліктерін анықтау үшін педагогикалық тәжірибелер (анықтау және оқыту) өткізу.

3 кезең - Қорытынды. Тәжірибе барысында алынған мәліметтерді талдау. Талдау нәтижелерін ғылыми тұрғыдан тұжырымдап, қорытынды шығару.

Зерттеу жұмысының негізгі базасы ретінде Шымкент қаласындағы №28 «Гаухар» функциялары ауыр және жеңіл бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бөбекжай балабақшасының мектеп алды даярлық тобы таңдалды. Тәжірибенің дайындық кезеңінде осы аталған мекеменің мамандарымен әңгімелесу, олардың педагогикалық іс-әрекетімен танысу, арнайы құрастырылған сауалнаманы толтырту сияқты шаралар да жүргізілді.

Тексерілетін балалардың жеке құжаттарын (психоневрологиялық жеке картасын) алдын ала қарастыру олар туралы жалпы ақпаратты толықтыруға, әр баланың ерекшелігін дәл білуге септігін тигізді. Сонымен бірге, тексерілетін балалардың жас шамасы мен мамандардың қойған медициналық және педагогикалық диагнозымен танысуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, тәжірибеге қатысқан балалардың жалпы саны 9, ал жасы 5 жас пен 6жас 3 ай аралығында болды. Тексерілген барлық бүлдіршіндерге «IІI деңгейіндегі сөйлеу тілінің жалпы дамымауы» деген диагнозы қойылған.

1-кесте


Тәжірибеге қатысқан балалардың мәліметтері



Баланың аты-жөні

Туылған күні

диагноз

1

Әбілжан Айдос

1.04.14 ж.

ЖТД – ІІІ деңгейі

2

Молдағалиева Арай

28.05.13 ж.

ЖТД – ІІІ деңгейі

3

Адамбек Арман

14.08.14 ж.

ЖТД – ІІІ деңгейі

4

Қыстаубаева Сәуле

3.09.13 ж.

ЖТД – ІІІ деңгейі

5

Орынтай Айша

17.09.13 ж.

ЖТД – ІІІ деңгейі

6

Серікбай Даниял

22.10.14 ж.

ЖТД – ІІІ деңгейі

7

Орманов Берік

24.11.14 ж.

ЖТД – ІІІ деңгейі

8

Нұрмашева Мадина

15.12.13 ж.

ЖТД – ІІІ деңгейі

9

Олжатай Қайрат

23.01.14 ж.

ЖТД – ІІІ деңгейі

Анықтаушы тәжірибенің дайындық кезеңінде арнайы әдістемелік әдебиеттерді талдау негізінде отандық ғалым, Қазақстандағы логопедия саласының дамуына айтарлықтай үлес қосқан маман Қ.Қ.Өмірбекова [16,35б.], ұсынған сөйлеу тілін тексерудің диагностикалық әдістемелері, бағалау көрсеткіштері алынған болатын. Нақты, «Сөйлеу тілінің бұзылуын тексеру» атты еңбегінде берілген «Сөздік қорын тексеру» тарауында көрсетілген әдістер таңдап алынды. Ең бастысы ондағы тексеруге қажетті сөздер мектепке дейінгі мекемелерінің бағдарламасына сәйкес құрастырылған, сөзік-буындық құрамы қолжетімді, қолайлы болуы ескерілген. Заттардың атын білдіретін сөздер, іс-әрекетті білдіретін сөздер, заттың сапасы мен қасиетін білдіретін сөздер, заттың санын білдіретін сөздер тақырыптық топтасу күйінде ұсынылды. Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалардың сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін тексеруге алынған лексикалық және көрнекілік материалдар төмендегі қағидалар бойынша іріктелді:

- семантикалық болуы (заттың атын, бөлшегін сапасын, уақытын, кеңістікті білдіретін);

- лексикалық-грамматикалық болуы (барлық сөз таптарына қатысты);

- тақырыптық болуы (белгілі тақырып бойынша топталуы).

Анықтаушы тәжірибенің екінші кезеңінде дайындық топтың балалары сөйлеу тілінің қалпын, байланыстырып сөйлеуін анықтау үшін сынақ жүргізілді. Алдымен балалардың түрлі жағдай кезіндегі сөйлеу тілі бақылауға алынды. Бақылау нәтижесінде алынған мәліметтер хаттамаға түсіріліп отырды. Кейін әр балаға диагностикалық тапсырмалар ұсынылды.

Осы орайда жалпы жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуінің ерекшеліктерін анықтау және талдау тексеру мақсатында анықтаушы тәжірибе ұйымдастырылған болатын. Анықтаушы тәжірибе 2018-2019 оқу жылының екінші жартысында жүргізілді. Жоғарыда айтып өткендей, жалпы тәжірибеге қатысқан балалардың саны 9, оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру нәтижесінде жоғарыда айтылғандай ІІІ деңгейде жалпы сөйлеу тілі дамымаған диагнозы қойылған.

Осы анықтаушы тәжірибенің мақсатына сәйкес келесідей міндеттер өз шешімін тапты:

- осы категория жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балаларын ойын және оқу іс-әрекеті кезінде бақылау;

- олардың практикалық іс-әрекет мазмұнының сипатын байқап білу;

- осы категориядағы жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін тексеру.

Жоғарыда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін тәжірибеге қатысушы жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балаларға арнайы тапсырма берілді.



1.Белгілі бір тақырыпқа байланысты суреттерді атап шығу. Мысалы, «Отбасы мүшелері» тақырыбында суретке қарап ата, әже, әке, ана, аға, қарындасты көрсетіп, атап шығу.

Түстер



Көрсетілген суреттер

Өз бетінше айтуы

Айтқан жоқ

1

Қызыл







2

Көк







3

Сары







4

Жасыл







5

Қара







6

Ақ







7

Қоңыр









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет