Құрметті Владимир Карпович! Қадірлі депутаттар!


* * * Орта және Таяу Шығыс мемлекеттерімен



бет5/6
Дата12.07.2022
өлшемі33,47 Kb.
#147427
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Доклад Министра каз

* * *
Орта және Таяу Шығыс мемлекеттерімен тығыз тарихи және рухани байланысы бар Қазақстан олармен және, тұтастай алғанда, ислам әлемімен қарым-қатынастарын тереңдетуге ниетті.
Түркиямен екіжақты қарым-қатынастардың негізі екі халықтың ортақ тарихи тамыры мен мәдени құндылықтары болып табылады. Ынтымақтастыққа 2016 және 2017 жылдары биік және жоғары деңгейде жасалған сапарлар тың серпін берді. Осы сапарлар барысында соммасы 520 млн. АҚШ доллар болатын 21 шартқа қол қойылды. «Жаңа синергия 2017-2020» Бірлескен экономикалық бағдарламасын іске асыру басталды.
Иранмен ынтымақтастық өңірлік қауіпсіздік, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастық сияқты мәселелерді қамтиды. Иран қазақстандық астық пен металды тұтынушы ел болып табылады. 2016 жылғы сәуір айында Мемлекет басшысының Иранға сапары барысында 66 екіжақты құжатқа, соның ішінде жалпы 1,1 млрд. АҚШ долл. сомасындағы 51 коммерциялық келісімге қол қойылды. Қазақстан тауарларын Иранның теңіз порттарына (Бандар-Аббас және Чабахар) жеткізу мақсатында транзит саласындағы ынтымақтастық маңызды болып қалуда.
Қазақстан қауіпсіздік пен тұрақтылықты, ауғанаралық жанжалды бейбіт жолмен реттеуді жақтай отырып, гуманитарлық-экономикалық және әскери-техникалық көмекке, сондай-ақ сауда-экономикалық саладағы өзара ықпалдастыққа ерекше көңіл бөле отырып, Ауғанстанға қатысты екшелген саясат жүргізуді жалғастыруда.
2016 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Сауд Арабиясына сапары екіжақты қатынастарды дамытудағы маңызды оқиға болды. Сапар аясында энергетика, таукен, ауыл шаруашылығы және сауда салаларында 200 млн. АҚШ доллары сомасындағы 10 келісімге қол қойылды.
2017 жылғы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған сапары екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға жаңа серпін берді. БАӘ басшылығымен өткізілген келіссөздердің қорытындылары бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.
Тұтастай алғанда, соңғы 10 жылда Қазақстан экономикасына салынған араб елдерінің тікелей инвестициялары 2,5 млрд. АҚШ долларын құрады.
Израиль біз үшін ауыл шаруашылығы, әскери-техникалық, технологиялар трансферті салаларындағы ынтымақтастық бойынша әріптес ретінде қызығушылық тудырады.
Дегенмен, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі кейбір проблемалар, соның ішінде Иерусалим мәртебесі мәселесіне қатысты түрлі көзқарастар бар. Осы ретте, Қазақстанның бұл мәселе бойынша ұстанымы өзгеріссіз қалатынын атап өткім келеді. Біз Палестина-Израиль шиеленісін реттеу 1967 жылғы шекарадағы астанасы Шығыс Иерусалим болатын Палестина мемлекетінің құрылуын көздейтін «екі халық үшін екі мемлекет» принципі негізінде жүзеге асырылуы керек деп есептейміз.
* * *
Елбасы «Әлем. 21 ғасыр» Манифесінде атап өткендей, проблемаларды шешу құралы ретінде соғыстан бас тарту XXI ғасырда мемлекеттер арасындағы қатынастардың маңызды кесімі болуы керек.
Өкінішке орай, бүгінгі күні әлемде зорлық-зомбылықтың және тұрақсыздықтың күшеюін байқап отырмыз. БҰҰ мәліметтері бойынша 2008 жылдан бері трансұлттық күштердің қатысуымен болған шиеленістердің саны үш есеге артып отыр. Осы ретте, Ауғанстандағы, Сириядағы, Ирактағы қақтығыстарды және Азия мен Таяу Шығыстағы басқа да шиеленіс нүктелерін саяси жолмен реттеуді маңызды санаймыз.
Осы ретте, әлемде Қазақстанның және Президент Н.Назарбаетвың бітімгерлік мүмкіншіліктерінің қажеттілігі байқалып отырғанын нақты айтуға болады.
Қазақстанның Сирия дағдарысын реттеудегі рөлі жоғары бағаланады. Билік басындағы режім мен әскери оппозиция арасындағы диалогты орнату, деэскалация аймақтарын құру мен Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсету Астана алаңы мен Елбасының айрықша рөлінің арқасында қол жеткізілгенін әлем қауымдастығы мойындайды.
2017 ж. 21-22 желтоқсанда өткен Астана үдерісінің 8-ші раунды Сирия жанжалын бейбіт реттеуге жақындататын айтарлықтай уағдаластықтарға қол жеткізуге алып келді. Атап айтқанда, тараптар ұсталғандарды беру, тұтқындармен алмасу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені, гуманитарлық минасыздандыру туралы мәлімдеме қабылдады, сондай-ақ 2018 жылғы 29-30 қаңтарда Сочиде Сирия ұлттық диалог конгресін өткізуге уағдаласты.
Сондай-ақ, Қазақстан Иран ядролық бағдарламасы бойынша келісімге қол жеткізуге және Бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспарын іске асыруға ықпал етті. Әлем жұртшылығы өңірде ядролық қауіпті жоюға негіз болған Иран мен «алтылық» делдал елдер арасындағы Алматы раундтарының рөлін жоғары бағалайды.
Биылғы жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін (АӨСШК) шақыру туралы бірінші халықаралық бастамасына 25 жыл толды. Ширек ғасырдан кейін АӨСШК 26 елді немесе Азия аумағының 90%-ын біріктіреді және әлем халқының жартысына жуықты құрайды. Біз әріптестермен бірлесіп, АӨСШК-ні толық халықаралық ұйымға айналдыру бойынша дәйекті жұмысты жалғастырудамыз. Оның қызметі Азия құрлығында диалог және сенім шараларын кеңейту, халықаралық қауіпсіздік жүйесін құруға бағытталады.
Биыл Ислам ынтымақтастығы ұйымы бағытында Мемлекет басшының төрағалығымен (2017 ж. 10-11 қыркүйек) Астанада ИЫҰ тарихында алғашқы рет Ғылым және технологиялар саммитін өткізу маңызды іс-шара болды. Саммиттің басты қорытындысы болып Ислам әлеміне 10 жылға арналған жалпы іс-қимыл бағдарламасын алғаш рет ұсынған Астана декларациясы және «2026 жылға дейін Ғылым, технология және инновацияны дамыту жөніндегі ИЫҰ бағдарламасы» болды.
Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде үйлестірілген өзара ықпалдастықты жүзеге асыруда. Биыл Астанада 8-9 маусымда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы сияқты ірі іс-шара өткізілді. Астанадағы ШЫҰ Саммитінің маңызды нәтижесі Үндістан мен Пәкістанға Ұйымға мүше мемлекет мәртебесін беру болды. Енді ШЫҰ-ның жауапкершілік аймағы халық саны 3 млрд. адамды құрайтын аумақты қамтиды, оған 4 ядролық мемлекет және әлемдік экономиканың 30%-ға жуығы кіреді.

2017 жылы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (ТМЫК, Түркі кеңесі) аясындағы басты назар үш түркітілдес ұйым - Халықаралық Түркі академиясы, Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры және Көшпелі өркениет орталығының жарғылық құжаттарын дайындауға аударылды.


Осылайша, Азияның жоғары динамикасы, қазіргі өсімі және перспективалық дамуы Қазақстанның стратегиялық міндеттеріне қол жеткізу тұрғысынан біздің еліміз үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
* * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет