Сабақ / практическое занятие Тақырып: «Жеке бас тазалығы»


Пациенттің жағдайына, оның тұтынуына байланысты



бет4/13
Дата16.06.2022
өлшемі194 Kb.
#146689
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
жеке гиг-1
7дәріс
Пациенттің жағдайына, оның тұтынуына байланысты:

  1. Алмастыратын –мед.қызметкер пациенттің орнына барлығын өзі орындайды.

  2. Компенсацилық орын толтыратын - пациент мүмкіндігінше өзіне өзі күтім жасайды, мед. қызметкер тек пациент орындай алмайтын манипуляцияларды орындайды.

  3. Консультацилық (кеңестік) - пациент өзіне өзі күтім жасайды, оның физикалық және психикалық белсенділігі сақталған, мед. қызметкер тек үйретеді, күтімін қадағалайды.



Күтім бойынша кәсіби маман – науқатын туыстары жоқ кезде, оған әр жағдайда көмек көрсете алатын адам.
Пациенттерге санитарлық өңдеу жүргізу
1.Толық (ванна, душ )
2. Жартылай ( сүрту, жуу)
Санитарлық өңдеу көлемін дәрігер анықтайды.Санитарлы- гигиеналық өңдеу жүргізу алдында бөлімше мейірбикесі пациенттің шашын педикулезді алдын алу үшін тексеріп алуы керек.
Ауыр жарақаттанған пациенттерге гигиеналық күтім тәулік бойы, күн сайын жүргізіледі.
Гигиеналық емшара келесі шаралардан тұрады:

  1. Памперстерді ауыстыру

  2. Жуу, сүрту

  3. Тырнақ пен шашқа күтім жасау

  4. Төсек орнын ауыстыру

  5. Көзге, құлаққа, мұрынға, ауыз қуысына, теріге күтім жасау

  6. Пациентке дәрет алу кезінде көмек көрсету және т.б



Пациентке қойылатын гигиеналық талаптар

  • Бөлімшеде әр пациентке жеке күтім құралдары беріледі: ыдыс, су ішетін ыдыс, орамал т.б.

  • Жеке гигиеналық құралдарды пациент өзімен бірге алып келуі тиіс: тіс пастасы, тіс щеткасы, сабын және т.б.

  • Гигиеналық ванна 7 күннен асырмай 1 рет жасалады, ауыр жарақатты пациенттерге гигиеналық күтім тамақ ішкеннен кейін және кірленуіне байланысты жасалады.

Ойылу
Ойылу - тері асты клеткасының және жұмсақ ұлпалардың ұзақ қысылуының жергілікті қан айналымының бұзылуынан пайда болатын терідегі жаралы- некротикалық өзгерістер.
Әрдайым төсекте қозалыссыз және ессіз жатқан пациенттердің бір қалыпты ұзақ жатқанына байланысты құйымшақ, жауырын, шынтақ, жамбас маңайында ойылу пайда болады.Сондықтан күту шараларының ішінде ойықтың алдын алу үлкен рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет