Сабақ / практическое занятие Тақырып: «Жеке бас тазалығы»


Ойылудың емі оның дәрежесіне байланысты болады



бет5/13
Дата16.06.2022
өлшемі194 Kb.
#146689
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
жеке гиг-1
7дәріс
Ойылудың емі оның дәрежесіне байланысты болады.

  • Ойылудың І дәрежесі- эпидермалды және тері қабаттарының зақымдалуымен шектеледі. Терінің сыртқы қабаты зақымданбайды. Сыртқы күштердің әсері қайтса да тұрақты түрде қалатын терінің қызаруымен, онда көкшіл- қызғылт дақтардың пайда болуымен сипатталады. Ойықты антисептикалык ерітіндімен сүртеді (10%-тік камфор спирті, 1%-тік салицил спирті, 70%-тік су араласқан спирт), жеңіл массаж, УФО, резеңке дөңгелек.

  • Ойылудың ІІ дәрежесі- терінің сыртқы қабатының және тері асты май қабатының тұтастығы бұзылады. Тұрақты гиперемия және көкшіл- қызғылт дақтар сақталады. Көпіршектердің пайда болуы – көпіршектерді 1-2%-тік жасыл бриллиант ерітіндісіне, 5-10%-тік марганец калий(10%-тік камфор спирті,1%-тік салицил спирті,70%-тік су аралас спирті); УФО, резеңке дөңгелек 

  • Ойылудың ІІІ дәрежесі-Тері қабаты түгелімен зақымданып, бұлшық ет қабатын да бұлшық етті де қамтиды. Көпіршектер жарылып, жара пайда болады. УФО,1%тік синтамицин ,10%-тік стрептоцид мазімен және облепиха майы т.б. резеңке дөңгелек

  •  Ойылудың ІҮ дәрежесі- барлық жұмсақ тіндердің зақымдалуымен сипатталады.Сіңір және сүйектердің зақымдануы байқалады. Терінің және тері асты клеткаларының жансыздануы. Жансызданған теріні алып тастап, жараны 0,5% -тік марганец қышқылы немесе фурациллин 1:5000 ерітіндісімен сүртіп дәкемен таңып тастау. Егер ірің пайда болса антисептикалық ерітндісімен жуады

ІІІ және ІҮ дәрежелері дәрігер хирургта емделеді.
Ойық жараның профилактикасы мен емдеуі
Мақсаты: ойылудың алдын алу.
Әзірле: стерильденген: лоток, салфеткілер, мақта тампондары, пинцеттер, 10 % камфорлы спиртке немесе 40 % этил спиртіне арналған шыны банкі, төсеніш, ішкі киімдер, жастық тыспен қапталған паралон домалақтар, мақта- дәкеден жасалған паролон сақина.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Төсеніш, матрац, қосымша заттар, тамақ, сусындарды ұйымдастыру.
2.Күніне бір реттен кем емес, тері қабатының жағдайын бағалап отыру.
3.Әрбір екі - үш сағат сайын Пациенттің төсектегі қалпын өзгертіп отыру, оны төсектің үстіне көтеріп, екі қырына кезек аударып отыру, етбетінен жатқызу.
4.Теріде ойылудың болуы мүмкін аймақтарын күнделікті тексеріп отыру: құйымшақ, өкше, жауырын, сан сүйегі тұстары, тізе буынының ішкі жақтары
5.Күніне екі рет ойылулар болуы мүмкін аймақтарды жылы сумен сабындап жуып отыру:
- сүлгімен құрғатып сүрту;
- камфорлы спиртке немесе этил спиртіне батырылған салфеткамен тазалау;
- қорғаныш кремін жағу;
- ойылулар пайда болуы мүмкін аймақтардың жұмсақ тінднрін массаж жасау тәсілімен сылау.
 6.Науқасты тамақтандырып болған соң жайманы тамақ ақалдықтарынан сілкіп тазалау.
7.Төсеніштегі және киімдегі бұдырлы жерлерді түзету.
8.Қабылданатын тамақтың мөлшері мен сапасын анықтау.
9.Күніне сұйықтықты қажетті мөлшерде қабылдауын , яғни /1,5 литр / қамтамасыз ету.
10.Сырты тысталған паролон домалақты құйымшақтың, шынтақтың, өкшенің астына қолдану, ойылуға қарсы матрац пайдалану.
11.Пациенттің зәрін ұстай алмау жағдайында памперсті әрбір төрт сағат сайын ауыстырып отыру.
12.Үлкен дәретті ұстай алмайтын науқастардың памперсін дереу ауыстырып, жыныс мүшелерін жуып отыру.
13.Егер науқас жүре алатын болса , оның белсенділігін мадақтап отыру.
14.Кез- келген шараны орындауда медициналық қолғаптарды пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет