Сабақ №1-2-3 Тақырып: Академиялық хат және оның ерекшелігі Қарастырылатын сұрақтар



бет21/60
Дата07.02.2022
өлшемі290,67 Kb.
#94279
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60
Байланысты:
!!!!!!!! Акад хат практика 5 кр

Нені зерттеу қажет? Зерттеу жұмысын жүргізудің негізгі мақсатының бірі – белгілі бір тақырып бойынша тереңдеп білу және ол тақырыпты жетілдіру жолдарын айқындау. Зерттеу жұмысы әдетте қандайда бір мәселені анықтап оны шешу жолын қарастырады.
Зерттеу жұмысы зерттеу әдісін қолдану арқылы сауалдың жауабын табу және оны дәлелдеумен тығыз байланысты.
Зерттеу – белгілі бір мәселе жөнінде кеңінен іздестіру жұмысын жүргізу.
Зерттеу әдісі – жекелей немесе топ болып мәселені анықтау және оның шешілу жолдарын анықтау.
Дәлел – зерттеу арқылы фактілер мен дәйектер жинау.
Зерттеу сұрағын қалай анықтап алуға болады деген сұрақ көптеген студенттерге қиындық тудырады. Зерттеу сұрағы көзге түскен зат немесе ойға келген идея болуы мүмкін.
Зерттеу жұмысының ең негізгі үдерісінің бірі – қызығушылық тудырған саланы ықшамдай алу. Автор қызығушылығына байланысты мәселені нақты әрі түсінікті етіп зерттей алатындай сұрақты табуы тиіс.
Зерттеу сұрағын құру үшін мынандай қарапайым үдерісті жүзеге асырған жөн:

  1. Зерттеу саласы: ғылым үлкен салалардан тұрады. Автор өзін қызықтыратын саланы анықтау үшін мынандай қарапайым 2 сұрақты өзіне қоя алады: мені не қызықтырады? Не себепті бұл сала мені қызықтырады? Не себепті бұл сала мені қызықтырады? Мәселен, Мені ҚР экономикасы қызықтырады.

  2. Зерттеу бағыты: жалпы саланың ішінен қай бағыт қызықтыратынын анықтап алу қажет. Жалпы саланың ішінен нақты бір арнайы бағытын таңдауға көмектеседі. Мәселен, мені ҚР-ның Кеден одағына қосылған кезеңнен бергі экономикалық жағдайы қызықтырады.

  3. Зерттеу сұрағы: жазба жұмысының негізгі зерттеу сұрағы. Мүмкіндік пен уақытты ескере отырып зерттеу сұрағын таңдау керек. Кейде немесе бірнеше, тіпті шағын сұрақтар туындауы мүмкін. Мәселен, ҚР экономикасына Кеден одағы қандай пайда әкелді? Кеден одағы экономикамыздың қай саласының дамуына ықпал етті?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет