Сабақ №1-2-3 Тақырып: Академиялық хат және оның ерекшелігі Қарастырылатын сұрақтар


Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет60/60
Дата07.02.2022
өлшемі290,67 Kb.
#94279
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
!!!!!!!! Акад хат практика 5 кр
!!!!!!!! Акад хат практика 5 кр
Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Бір факторлық талдау дегеніміз қандай анализ? Мысал келтіріңіз.

  2. Көп факторлы талдау дегеніміз қандай анализ? Мысал келтіріңіз.

  3. Мәліметті талдау барысында неліктен маңызды деген ақпаратты сипаттауымыз керек?

  4. Кестелер мен графикалардан маңызды ақпараттарды қалай көруге болады?

  5. Неліктен статистикалық бағдарламаларды (R, SPSS және т.б.) қолданамыз?



Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар:
1.Суретте жалпы ішкі өнім көрсеткіші (GDP) мен халық санының (Population) өзара қарым-қатынасы көрсетілген. Екі көрсеткіштің өзара қарым-қатынасы тікелей тығыз байланысты және оң байланыс, себебі олардың көрсеткіші 0,85. Яғни 1-ге жақын. Бұл жалпы өнім көрсеткіші артса, халық саны артатынын көрсетеді ме?



GDP

Population

22,15

14858335

24,64

14858948

30,83

14909018

43,15

15012985

57,13

15147029

81,00

15308084

104,85

15484192

133,44

15674000

115,31

16092701

148,05

16321581

200,38

16556600

215,90

16791425

243,78

17035275

227,44

17289224

184,36

17544126

128,11

17754000




0,852592784

2.Суретте жұмыссыздық (Unemploy) пен инфляцияның (Inflation) өзара байланысы көрсетілген. Екі көрсеткіштің арасында қандай байланыс бар?





Unemploy

Inflation

10,4

8,4

9,3

5,9

8,8

6,5

8,4

6,9

8,1

7,5

7,8

8,6

7,3

10,8

6,6

17,1

6,6

7,3

5,8

7,1

5,4

8,3

5,3

5,1

5,2

5,8

5,0

6,7

5,0

6,5

5,0

13,1




-0,05927




Years

GDP

Population

Unemploy

Inflation

1

2001

22,15

14858335

10,4

8,4

2

2002

24,64

14858948

9,3

5,9

3

2003

30,83

14909018

8,8

6,5

4

2004

43,15

15012985

8,4

6,9

5

2005

57,13

15147029

8,1

7,5

6

2006

81,00

15308084

7,8

8,6

7

2007

104,85

15484192

7,3

10,8

8

2008

133,44

15674000

6,6

17,1

9

2009

115,31

16092701

6,6

7,3

10

2010

148,05

16321581

5,8

7,1

11

2011

20,38

16556600

5,4

8,3

12

2012

215,90

16791425

5,3

5,1

13

2013

243,78

17035275

5,2

5,8

14

2014

227,44

17289224

5,0

6,7

15

2015

184,36

17544126

5,0

6,5

16

2016

128,11

17754000

5,0

13,1

17

Коррел




-0,927905502

-0,92791

-0,05927

18

Сред.знач.

122,53

16039845,19

6,88

8,23

19

Макс

243,78

17754000,00

10,43

17,10

20

Мин

22,15

14858335,00

5,04

5,10

3.Суретте берілген ақпаратқа талдау жасаңыз.




Тәжірибелік сабақ № 38-39-40-41
Тақырып: Кіріспені жазу
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Кіріспе туралы түсінік
2. Кіріспенің жазылуы


Мақсаты: Кіріспе жазуды үйрену. Алғы сөзді жазып, үйрену.

Кіріспе жазба жұмысының ең көп оқылатын бөлімі. Кіріспе зерттеу жұмысының бірінші бөлімі болғандықтан оған қойылатын талаптар да жоғары. Сондықтан, кейде кейбір студенттер үшін кіріспе бөлімді жазу біршама қиындықтар тудыруы мүмкін. Жазба және зерттеу сұрағымен таныстырып, оқырманның жұмысын оқып шығуға деген қызығушылығын оятады. Кіріспе тақырыпқа қатысты жалпы мәселеден, жазба жұмысының нақты қарастыратын шағын, жекелеген мәселесіне қарай оқырман ойын жетелеуге бағытталады. Тақырып жөніндегі осы кезге дейінгі көтерілетін мәселелерге шолу жасай отырып, зерттелуге тиіс сұрақ пен гипотезаға тоқталады және зерттеу мәселесіне байланысты қолданылатын зерттеу әдісімен таныстырады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысының құрылымы сипатталып, жоспары беріледі.


Неліктен кіріспені жазу қиындық тудыруы мүмкін?
Біріншіден, ешқашан алғашқы қызығушылықты оятуға екінші рет мүмкіндік берілмейді. Жазба жұмысының параграфы, автордың тұжырымы мен стилі және жалпы жазу мәнері сияқты ерекшеліктері оқырманның алғашқы қызығушылығын туындатуы мүмкін.
Екіншіден, кіріспеде жазылған жалықтыратын және қажетсіз ақпараттар оқырманды мәтінді оқу туралы құлшынысын жоғалтуына септігін тигізеді. Ал керісінше тартымды ақпаратты ұтымды қолдану жазба мәтіннің түсінікті тілі арқылы оқырманның мәтінді оқуға деген қызығушылығын арттыруына болады. Сондықтан, кіріспені жазуда барынша дайындық пен тиянақтылықты талап етеді.
Кіріспе мәтіннің негізгі жоспары болып табылады. Кіріспе оқырманға беретін біраз мәліметті қамтиды. Кіріспе бөлімінде мәтіннің тақырыбы, неліктен оның маңызды екені туралы және талқылаудың жоспары жөнінде жазылады. Көптеген академиялық пәндерде кіріспе бөлімде негізгі дәйек етіп алған тұжырымның негіздемесін беруді талап етеді.
Кіріспеде қамтылуы тиіс негізгі мағлұматтарға мыналар жатады:

  • Зерттеу жұмысының мақсаты;

  • Зерттеу сұрағы;

  • Тақырыпқа байланысты еңбектерге шолу;

  • Негізгі кездесетін терминдерге шолу жасау және оқырманға түсініксіз болатын болса, оларға анықтама беру;

  • Мақала құрылымына сипаттама беру.

Кіріспені жазбас бұрын қашанда тақырып бойынша осы кезге дейін айтылған немесе көтерілген мәселелер жөнінде білген дұрыс. Дегенмен, кіріспені жазу барысында тақырып жөнінде білетін жайттың барлығын жазу дұрыс емес, тек қажетті деген ақпараттарды қысқаша берген жөн. Негізінен кіріспенің соңында жұмыстың негізгі тұжырымы мен қорытындысы және жалпы жұмыстың құрылымы жөнінде қысқаша мәлімет беріледі. Жақсы жазылған кіріспе тың жайтты көтеріп, қызығушылықты арттырады, тақырыптан тыс жайтты қозғамай, тек зерттеу сұрағын талқылауға бағытталады.
Кіріспені жазу барысында мына кеңестерді есте сақтаған жөн. Кейбір студенттер үшін кіріспенің соңында жазған тиісті сұрақтар: өйткені, жазылым барысында түрлі ойлар туындап, олар зерттеу құрылымы мен кіріспенің жазылуына әсер етуі мүмкін. Әдетте жинақталған материалдарыңызға байланысты негізгі бөлімнің жоспарын құрып, негізгі бөлімді бастаған дұрыс. Негізгі бөлімде талданған мәселеге орай және оның жазылу жүйесіне қарай кіріспе бөлімді жазып шығу жеңілірек болады.
Кіріспені жазудың қарапайым жолдары:



Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар?
1. Кіріспені жазу барысында неліктен бірінші сөйлемге баса мән береміз?
2. Кіріспе мен қорытынды арасында қандай айырмашылықтар бар?
3. Кіріспе жазба жұмысының құрылымы таныстырылады?
4. Кіріспеде статистикалық мәліметті қолданудың мәні неде?
5. Жазылым үдерісі барысында кіріспені қай кезеңде жазған дұрыс?

Тәжірибелік сабақ № 42-43-44-45
Тақырып: Параграф және оның құрылымы
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Параграф туралы түсінік
2. Параграф құрылымы


Мақсаты: Параграф туралы түсінік. Параграфтың жазу жолдарын үйрену. Параграфтың негізгі қызметін анықтау.


Параграф - тарау, бөлім ішіндегі мәтіннің кішігірім бөлімі.
Параграф мәтінде арнайы параграф белгісімен «§» белгіленеді.
Параграфтар ережелерде, нұсқауларда, жарғыларда, бағдарламаларда, ғылыми кітатарда, оқулықтарда және т.с.с. қолданылады.
Параграф белгілі бір тақырыптағы ойды білдіретін бөлімдердің жиынтығы. Әдетте, академиялық жазылымда параграф және он сөйлемнен құралуы мүмкін, бірақ бұл міндетті емес. Сондықтан, талқыланатын тақырыбына байланысты параграф кейде бұдан көп немесе аз болып келеді. Параграф азат жолдан басталады.
Параграфты жазудың жолдары:

  • Параграфта айтылатын мәселемен таныстыру;

  • Мәселені ашу;

  • Түсіндіру;

  • Қорытындылау.

Параграф жазу барысында оның құрылымына ерекше назар аудару қажет. Параграф құрылымының негізін сақтау мәтінді, ойдағы ақпаратты барынша тез түсінуге мүмкіндік жасап жазылым үдерісінің жүйелі асуына ықпал етеді.
Параграф негізінен мынадай құрылымнан тұрады:
Негізгі сөйлем - негізгі ойды білдіріп, параграф басында жазылады. Себебі бұл сөйлем осы бөлімнің басты идеясын береді.
Көмекші сөйлемдер - негізгі берілген ойды түсіндіріп, талдау жасайды. Параграфтың тақырыбы жөнінде мысалдар береді.
Қорытынды сөйлем - параграфтың соңында жазылады. Бұл негізгі ойды қайталау немесе параграф жөніндегі автордың қорытынды ойы ретінде берілуі мүмкін.
Параграф негізгі бір ойдың төңірегіне топтастырылуы қажет, параграф негізгі ойды ғана білдіріп, барлық сөздер сол ойды ашу, қолдау, дәлелдеу үшін қызмет етуі керек.
Жазба жазу барысында параграфтар негізгі мәтіннің беретін ақпаратын сендіру үшін құрыла отырып, автордың тұжырымдарын беруге бағытталады. Әрбір параграфта тұжырымда қолдау оқыған материалдарға сілтеме беру керек негізге қорытынды жасап отыру қажет.
Мәтіннің сәтті жазылуы оның параграфтарының құрылымына тікелей байланысты. Сол себепті, параграфты жазу тиянақтылық пен ұқыптылықты талап етеді. Параграфты бастамас бұрын параграфтың не жөнінде жазылатыны туралы нақты білу қажет. Негізгі тақырып бойынша басты тұжырымдарды білмей параграфты жазу мүмкін емес.
Параграф жақсы жазылуы үшін мынандай қарапайым сұрақтардың жауабын білген жөн:

  • Параграфтың беретін ұсынысы қандай болмақ? Егер параграф ұсыныс берілуі үшін жазылатын болса, мәселен «Мамандық таңдау» қай мамандықты таңдауға болады? Неліктен? Неге «Мұнайдың арзандауына әсер ететін негізгі фактор» бұл мәселелерді жазбас бұрын, ұсыныс жөнінде мұқият ойланып алу қажет және тақырыптан ауытқымау жағын естен шығармау керек.

  • Параграфтың негізгі идеясы мен проблемасы қандай? Тақырыптың зерттеу сұрағы туралы ойлану немесе осы тақырыпқа қатысты негізгі идеялар мен мәселелер жөнінде қарастыру қажет. Параграфта негізгі тақырыпқа қысқаша түрде жауап берілуі тиіс.

  • Оқырман кім? Кім үшін жазылады? Жазба жұмысының негізгі оқырманы кім екені жөнінде ойлану қажет. Олардың негізгі мамандығы, білімі қандай екені ескерілуі тиіс. Олар бұл тақырып жөнінде білеме немесе қосымша түсіндіруді талап ете ме деген мәселе ұмытылмауы тиіс.

Егер параграф үлкен эссенің бір бөлігі болады деп есептеледі, эссенің жоспары жазылатын параграфтың тұжырымын анықтауға үлкен септігін тигізеді.
Тұтас бір мәтіндегі параграфтар өзара байланысып, жазба логикалық оймен жазылуы тиіс. Параграфты алдыңғы жазған жайтты қайта жазудан бастамау қажет. Оның бірінші сөйлемі оқырман назарын тың жайтқа аударып, автор ойының қалай өзгеріп жатқанын аңғартуы тиіс.
Жұмыс жазылып болған соң әрбір параграфтың алдыңғы сөйлемдері оқымай-ақ эссе құрылымындағы ойдың жүйелі түрде берілгендігін байқауға болады. Тұжырымдардың берілу реті мағыналық жағын сәйкес келетіні және ойдың шашыраңқы емес екені, пікірдің қайталанбайтындығына назар аудару қажет. Бұл мәселеге қанағаттанарлық жауап ала алмаған жағдайда, параграфтарды қайта жазуға тура келеді.
Параграфты жүйелі жазу:
Әркім өз жазу стиліне қарай параграфты құруы мүмкін, дегенмен параграфты жазу барысында мынадай басты ережелерді ескерген жөн:

  • Параграфтың негізгі ойы немесе тұжырымы болуы тиіс.

  • Параграфтың алғашқы сөйлемі ондағы ой немесе тұжырым жайында нақты ақпарат беруі тиіс.

  • Алғашқы сөйлемнен кейін негізгі ойды немесе тұжырымды білдіретін сөйлемдер жазылады.

  • Егер идеяны қолдайтын дәлелдемелер табылмаса, ондай тұжырымды жазбаған дұрыс. Себебі, идеялар қашанда дәлелдеуді қажет етеді, ал дәлелдерге сілтемелер жасалынуы тиіс.

  • Үнемі мәліметтердің қалай дәлелденіп тұрғаны жөнінде білу керек.

  • Параграфтың соңында жалпы тұжырымның немесе ойдың анық екенін көрсетіп, келесі параграфта баяндалатын тұжырымдар берілуі тиіс.

  • Оқырман параграфтың бірінші және соңғы сөйлемін оқу барысында автордың негізгі ойы немесе тұжырымын түсіне алуы қажет.



Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Параграф дегеніміз не?

  2. Параграф неше сөйлемнен құралуы мүмкін?

  3. Параграфтың негізгі құрылымы қандай?

  4. Параграфтың негізгі қызметі қандай?

  5. Өз параграфыңызды тексеру үшін қандай сұрақтар қоюға болады?

  6. Параграфтың алғашқы және соңғы сөйлемдерінің арасында қандай байланыс бар?



Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар:

  1. Кестеде берілген параграфты жазудың кезеңдерінің ретін табыңыз:




Реті



Кезең атауы

1

Параграфта таңдайтын тақырыпты таңдап алу

2

Параграфтың негізгі ойын түйіндеп, қорытынды сөйлем жазу

3

Параграф тақырыбын көмекші сөйлемдер жазу арқылы өрбіту

4

Өзіңізге ұнайтын кез келген ой шақырту амалдарын қолдану

5

Топтастарыңызбен параграфты қалай өрбіту жолдары жөнінде пікір алмасу




  1. Берілген параграфтың негізгі сөйлемін, көмекші сөйлемін және қорытынды сөйлемін анықтаңыздар. Автор ойын дәлелдеуге тырысқан?

Балалардың ұялы телефон ұстауына қарсы пікірлерден ұялы телефонның балалар денсаулығына зиян екенін айтады. Бұл пікірді жақтаушылар дәрігер ғалымдардың ұялы телефон адам денсаулығына өте зиян деген тұжырымдарын алға тартады. Мысалы, ұялы телефонмен жиі сөйлесу қазіргі жастар арасында жиілеп кеткен әртүрлі аурулардың туындауына себеп болуы мүмкін, сол себепті кейбір адамдар ұялы телефондарды мектеп жасындағы балаларға қолдануға тиым салуды дұрыс деп санайды. Бұл ойды қолдайтын адамдар қатарына мектеп мұғалімдерін жатқызуға болады. Мектеп мұғалімдерінің пікірінше ұялы телефон қызметін пайдаланып оп-оңай шығарады, бұлардың өзіндік ойлау қабілетін айтарлықтай бәсеңдетіп, оқушылар кез келген ақпаратты ұялы телефоннан алып, кітапханаға бармай интернеттен лезде жүктеп алады. Сондықтан да, балаларға ұялы телефон ұстауға қарсы пікір білдірушілер, балалардың телефонды қолдануына шектеу немесе тиым салу қажеттігін айтады.

Тәжірибелік сабақ № 46-47
Тақырып: Негізгі бөлімді жазу
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Негізгі бөлім туралы түсінік


Мақсаты: Негізгі бөлімді жазуды сипаттау. Негізгі бөлімді жазу үдерісін талқылау.

Кіріспе бөлімнен кейін эссенің тақырыбын талқылайтын, зерттеу сұрағына жауап беретін, негізгі тұжырымдар жазылады, ол әрине – негізі бөлім. Негізгі бөлім тақырыптың негізі болғандықтан көлемі жағынан барлық жұмыстың 88% қамтуы мүмкін. Негізгі бөлімді жазу үшін талқыланып, талданатын тұжырымдарды жоспарлап және оны жүйелеп алу қажет.


Ол үшін мынадай қарапайым жайттарды жүзеге асыруға тура келеді:

  1. Зерттеу тақырыбына байланысты материалдарды жинақтау;

  2. Материалдар ішінен тақырыпқа байланысты мағлұматтарды жазып алу немесе белгілеп қою;

  3. Табылған материалдарды тақырыпша бойынша топтастыру;

  4. Топтастырылған тақырыпшаларға қарай шағын жоспар құру.

Негізгі бөлім жоспарын құрап алмас бұрын жалпы жазылған жұмыстың жоспарын құрып алған дұрыс. Ол жазба жұмысының тақырыпқа және көлеміне сай жазылуына үлкен әсерін тигізеді.
Негізінен шағын эссенің жоспарының құрылымын былай бөлуге болады:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
А. Бірінші параграфта қозғалатын тұжырым
В. Екінші параграфта қозғалатын тұжырым
ІІІ. Қорытынды
Негізгі бөлім параграфтардан тұрады және әрбір параграф тақырыпқа байланысты жекелеген ойларды қамтиды.
Әдетте негізгі бөлімді жазу үдерісі мынадай болуы мүмкін:

  • Негізгі бөлімде қарастырылатын мәселені жоспарлап алғаннан кейін параграфтар жазуға кірісу. Параграфты алдыңғы параграфпен байланыстыруды ұмытпау.

  • Сөйлемдерің қандай мазмұнда болатынын ойланып отыру, келесі сөйлемдерде дамытылып, отыруы тиіс.

  • Аяқталған сөйлемді оқып отыру.

  • Негізгі бөлімді оқып, жоспарымен сәйкес келуін тексеру, тақырыптан ауытқымай жоспарға сай жұмыс жасалып жатқандығын тексеруге мүмкіндік береді.

  • Басқа адамға оқытып, талқылау. Ол жұмыстың қателіктері қаншалықты түсінікті, қызықты екені туралы айтып бере алады.

Негізгі бөлімнің құрылымы жұмысының зерттеу тақырыбына байланысты. Мәселен, сипаттамалық эссе нысанды, оқиғаны, үдерісті сипаттау және түсіндіру мақсатында жазылады. Аргумент эссе таразыланған көзқарас немесе белгілі тұжырымға оқырманды сендіруге бағытталады.
Негізгі бөлімнің мақсаты - зерттеу сұрағына жауап беру қолданатын мәселеге, тұжырымға жан-жақты талқылау жазу, академиялық жазылымда талқылаудың маңызы ерекшеленеді екі немесе одан да көп тұжырымды тиімді тұрғыдан талқылауға болады. Талқылаудың негізі ретінде тұжырым ғана алынып, оқырманға сол тұжырымның тиімді екені дәлелденуі мүмкін. Бұл автордың не оқып, не үйренгеніне сүйене отырып пікірін білдіруі.
Академиялық жазылымда берілген барлық пікірлер дәлелденеді.
Тұжырымды немесе пікірді дәлелдеудің құрылымын қарапайым мысал ретінде көрсетуге болады:

  • Тұжырым (пікір) – көзқарас және сенім. Марат жақсы мұғалім.

  • Түсіндіру – автор не себепті сенеді. Марат оқушыларды жақсы көреді.

  • Автордың дәлелі – көзқарасты дәлелдейтін фактор, мәліметтер, мысалдар. Автор Мараттың мектепте сабақ бергенін көрген.

  • Дәйегі (агрументі) – дәлелдер тұжырымды қаншалықты нақтылайды. Оқушының жетістігі мұғалімге тікелей байланысты.

Жалпы тұжырымды берудің мынадай екі жолы бар:

  1. Таразыланған көзқарас: Мұндай жағдайда дәйекті жағынан автор өз көзқарасын соңғы параграфқа дейін анық білдірмейді.

  2. Сендіру: Бұл дәйектемелік жазылымда автор өз көзқарасын бірден білдіреді, содан кейін өзінің пікірінің дұрыс екеніне сендіруге тырысады.

Бұл екі жолдың қайсысын таңдау берілген тапсырмаға зерттеу сұрағының құрылымына және автордың жауап беруіне тікелей байланысты.
Негізгі бөлімді жазудың ең басты талабы сыни тұрғыда автордың пікірлері мен осы жұмыстың зерттеу негізіне талқылау және дәйектеу. Автор өз пікірін дәлелдеу үшін басқа авторлардың пікірін және көзқарасын беруі керек. Талқылау барысында алдымен өзге автордың пікірін парафраз немесе қорытынды жасау арқылы беріп, оларды тиімді немесе тиімсіз тұрғыдан қараудың маңызы зор. Бұл автордың өзге авторлардың көзқарасына сыни тұрғыдан қарай алатындығын білдіреді. Негізі бөлімде кем дегенде екі немесе одан көп тұжырымдар тиімді тиімсіз жақтан қарастырылып, талқылануы тиіс. Бұл тұжырымдардың барлығы материалдарды оқу барысында туындауы мүмкін. Талқылау барысында автор тиімді немесе тиімсіз деген тұжырымның бірін таңдау арқылы соның дұрыстығына оқырманын сендіруге тырысуы мүмкін. Талқылау барысында автор өз пікірін дәлелдеу немесе жоққа шығару үшін мынадай сөз тіркестерін қолдануы мүмкін. Кейбір ғалымдардың пікірінше..., Алайда олар... дұрыс аңғарған сияқты, дұрыс ұстаным емес екендігін ескермеген сияқты, өйткені..., зерттеу жұмысының нәтижесі бұл пікірмен келісуге болмайды және т.б.
Сонымен талқылау барысындағы негізгі ұстаным:

  • Берілген материалдардың мақсатының құндылығын талдау;

  • Идеялардың құндылықтары мен ақпараттардың сенімділігіне талдау жасау;

  • Идеяларды салыстыру;

  • Объективтілікті анықтау.

Негізі бөлімді жазып болған соң, зерттеу сұрағына жауап беру үшін тұжырымдардың қаншалықты деңгейде жазылғандығын анықтау қажет. Жазылған негізгі бөлімді автордың қандау сауалдар қою арқылы тексере алады:
Тұжырым жасамас бұрын шағын тіркестер арқылы түртпе жасап, зерттеу жұмысының тақырыбын ашуға бағытталғандығы жөнінде көз жеткізіп алу қажет.
Тұжырымның құрылымы оқырманды зерттеу сұрағына қалай жауап беретіні жөнінде құрылған жоспарға байланысты логикалық тұрғыда жазылады. Зерттеу жұмысы барысында оқырман қандай сұраққа жауап іздеуі мүмкін екендігін болжап, осы сұрақтардың жауабын беру үшін тұжырым жасау қажет.
Талқыланып жатқан екі жақты пікір теңдей талдануы тиіс. Келтірілген дәлелдерді талдай келе қорытынды жасап, белгілі ойды немесе тұжырым мен пікірді қолдайтыны анық көрсетіліп, басқа тұжырым жоққа шығарылуы мүмкін. Қорытындыда пікір анық беруі қажет, себебі қорытынды мен келтірілген дәлелдерге сүйене отырып тұжырымды ары қарай дамытуға болады.
Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Жазба жұмысында дәйектемелер мен мысалдарды қалай қолдануға болады?

  2. Аргумент дегеніміз не?

  3. Автордың өз ойын беруі дегенді қалай түсінеміз?

  4. Өзге автор пікірлерін сыни тұрғыдан қалай талдауға болады?

  5. Біржақты бағыттағы жазба жұмыстары қандай болуы мүмкін?

  6. Талданатын тұжырымдарды қалай жоспарлауға болады?

  7. Шағын эссе жоспарының құрылымы қандай болады?

  8. Неліктен тұжырымды немесе ұстанымды тиімді және тиімсіз жағынан қарастыруымыз қажет?

  9. Талқылау барысында қандай ұстанымдарды басшылыққа аламыз?

  10. Негізгі бөлімді қандай сұрақтар қою арқылы тексеруге болады?



Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар:
Берілген эссе үзіндісін оқып, қойылған сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстандағы білім жүйесі біршама жолға қойылған. Шет ел сондай-ақ өз елімізде де жақсы білім алуға болады деген пікірмен негіздеуге болады. Жоғары білім аламын деген талапкер үшін Қазақстанда көптеген ЖОО-дары бар. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы ЖОО саны екі жүзден асады екен. Оларды көріп шыққан мамандардың жұмысқа орналасу көрсеткіші жақсы емес. Мәселен, Қазақ Британ Техникалық Университетін бітірушілер 98% жұмыспен қамтылса, Ал КИМЭП университетінің бітірушілері алты ай ішінде жұмыспен толық қамтамасыз етіледі екен. Түлектердің толық жұмысқа орналасуы ҚР ЖОО-ның жақсы білім беретініне дәлел бола алады. Бірақ, еліміздің кейбір ЖОО жемқорлық мәселесі кездеседі және еліміздің ешқандай ЖОО әлемдегі рейтингісі жоғары оқу орындарының қатарында жоқ. Бұл жайттар кейбір жастарға ЖОО-дарында сапасына деген күдік тудырып, шет ел ЖОО-дарының білімін дамуына себеп болады (эсседен үзінді).

  1. Эссенің тақырыбы қандай қандай болуы мүмкін?

  2. Эссе қандай сұраққа жауап беруге бағытталған?

  3. Автор тұжырымы қалай дәлелденген?

  4. Автор дәйектерімен келісесіздер ме? Неліктен?

  5. Автор өз пікірін дәлелдеу үшін әдебиеттер қолданған ба?

  6. Параграф қалай басталып, қалай аяқталған?

  7. Параграфтың негізгі сөйлемі мен қорытынды сөйлемді арасында байланыс бар ма? Болса, қандай?

  8. Үзіндіде орфографиялық, пунктуациялық қатерлер кездесе ме? Кездессе қандай?

  9. Стильдік қателіктер барма? Болса қандай?

2. Төменде берілген сөздер қай кезде қолданылуы мүмкін?


Бұдан басқа, сондай-ақ, дегенмен, сонымен қатар, бірақ, алдымен, біріншіден, бірінші кезекте, екіншіден, үшіншіден, ақырында.

Тәжірибелік сабақ №48-49
Тақырып: Қорытынды бөлімді жазу
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қорытынды бөлімді жазу кеңестері
2. Қорытындыны жазу барысындағы сөздер мен сөз тіркестері


Мақсаты: Қорытынды бөлімді жазуды сипаттау. Қорытынды бөлімді жазу кеңестерін жіктеу. Қорытындыны жазу барысындағы сөздер мен сөз тіркестерін талдау.

Қорытынды эссе құрылымының қажетті бөліктерінің бірі болып табылады. Өйткені, қорытындыда эссенің негізгі идеялары мен түйінді ойлары беріледі. Сонымен қатар, қорытынды эссенің соңғы параграфы болып табылады. Мұнда эсседе айтылған жайттар жөнінде мәселелер автордың өз пікірімен жинақталып беріледі және мұнда жаңа ой айтылмайды. Ол тек қарастырылған тақырып бойынша автордың ойлары мен алдағы уақытта талданатын мәселеерін ғана қамтуы қажет.


Кейбір студенттер үшін қорытындыны жазу біршама қиындық тудыруы мүмкін. Себебі, қорытынды жазу - барлық жұмыс аяқталғаннан кейін автордың қандайда бір тұжырымды нақтылап беруінің соңғы мүмкіндігі, сондықтан бұл жере жұмысың негізгі түйінін барынша бере білу қажет. Ал, оқырман қорытындыны оқи отырып, осы кезеңге дейін айтылған ойдың нақты бір тыжырымын есінде сақтайтын болады.
Қорытындының өзге бөлімдерден ерекшеліктері бар және оның жазба жұмысында атқаратын негізгі қызметтері мынандай:

  1. Негізгі ойды түйіндеу

  2. Эссе жазудағы негізгі идеяны беру

  3. Эссенің негізгі идеясы жайлы соңғы пікірі білдіру

  4. Оқыманның есінде қалуы тиіс ойды ерекше көрсету

Студенттер жазылым үдерісі барысында қорытынды бөлімді жазу үшін мынандай қарапайым кеңестерді ескергені жөн:

  1. Аргументтер мен негізгі идеяны қысқаша қорытындылап беру. Қорытынды бөлімде берілген ойларды түйіндеу барысында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолданған жөн.

  2. Автордың қорытынды пікірді білдіруі. Бұл қорытынды бөлімнің негізгі шарттарының бірі.

  3. Эсседегі өзіндік пікірді анық етіп жазу. Себебі, эссе жазудағы мақсат - көтеріліп отырған тақырып жөнінде автордың өз ойын білдіруі.

  4. Қорытындының көлемі шағын болады. Негізіне, қорытындының көлемі жалпы жұмыстың 10% аспауы қажет.

Қорытынды жазу барысында эссенің негізгі бөлімінде берілген көлемді ақпаратты қайталамау қажет. Сонымен қатар, негізгі бөлімде талқыланбаған жаңа ойды да жазылмайды, жаңа ой талқыланбайды. Қорытындыда тек айтылған ой қорытындыланады.
Қорытындыны жазу барысында мынандай сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға болады: «Толықтай алғанда; қорыта келе; қорытындылай келе; барлық жағдайларды ескере отырып; сондықтан да; аталған жайттарды ескере отырып; және т.с.с.»
Ал, автор ретінде өз көзқарастарын білдіру үшін мынандай сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға болады: «Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бұл тақырып өте даулы; ... бұл тақырып өте өзекті; зерттеу нәтижелері бойынша; қалыптасқан пікір бойынша; қарастырылған мәселені саралай келе, .... көрінеді және т.с.с.


Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Қорытынды қалай жазылады?

  2. Қорытынды жазу барысында қандай қиындықтар туындауы мүмкін?

  3. Қорытынды бөлімнің негізгі қызметі қандай?

  4. «Жазба жұмысында автордың ойын білдірудің соңғы мүмкіндігі» дегенді қалай түсінесіз?

  5. Қорытындыны қалай сәтті етіп жазуға болады?



Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексереге арналған жаттығулар:

  1. Төменде берілген кестеден қорытындыға қатысы анықтаңыз.




Шарттар

Қатысты

Қатысты емес

Оқырман эссенің негізгі идеясымен танысу үшін кейде, бірінші, қорытынды бөлімді оқуы мүмкін







Қорытындыда эсседе талқыланбаған тың идея айтылады







Эсседе қарастырылған сұраққа қорытындыда жауап беріледі







Эсседе талқыланған мәліметтерге қорытындыда жауап беру міндетті емес







Алдағы уақытта зерттеу жасау жөнінде ұсыныс берілмеуі тиіс







Эссенің негізгі қозғаған тақырыбы мен қорытынды арасында тығыз байланыс болады










  1. Берілген эссе үзіндісін оқып, бөлімнің қалай бастағанын, қалай тұжырымдалғанын анықтаңыздар.

Қорыта келгенде, ҚР ЖОО-дары дамыған мемлекеттердің жүйесін үлгі етіп, жетілдіруде және тәжірибе алмасуда. Сол себепті, елімізде бакалавр дәрежесі бойынша оқып, одан әрі заман талабына сай, білім аламын деген мамандар үшін «Болашақ» секілді бағдарламалар арқылы білімін шыңдауы, олардың өз салаларында бес аспап маман болуына зор ықпалын тигізері сөзсіз. Бәсекеге қабілетті, елімізде оқытылу жүйесі әлі толық қалыптаспаған мамандықтарды меңгерген жақсы маман болу үшін шет елдің үздік оқу орындарында білім алу міндетті сияқты (эсседен үзінді).
Тәжірибелік сабақ №50
Тақырып: Түйіндеме және оны жазу жолдары
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Түйіндемелер негізінен жазылуы
2. Түйіндеменің стилі


Мақсаты: Түйіндеменің нақты белгіленген көлемін сипаттау. Түйіндемелер негізінен жазылуын талқылау. Түйіндеменің стиліне тоқталу.

Түйіндеме, әдетте, тақырыптан кейін берілетін қысқаша жазылған тұжырым. Түйіндеменің негізгі мақсаты оқырманды (әсіресе, осы тақырыпқа қызығушылық танытқан оқырманды) мақаланың негізгі мазмұнымен таныстыру және басты мәселелер туралы шағын ақпарат беру.


Студенттер үшін түйіндеме негізінен академиялық (ғылыми) деңгейде жазылған мақала және тезис сияқты көлемді жазба түрімен байланыстырылды. Мақаланың түйіндемесін оқыған оқырман өзінің ғылым саласына жұмыстың қажетігін немесе қажет еместігін біле алады.
Түйіндеменің нақты белгіленген көлемі болмайды, әдетте, 100-150 сөзден тұрады. Бірақ, PhD дәрежесін алу үшін жазылған диссертациялар үшін жазылған түйіндемелер 300 сөзге дейін жетуі мүмкін, ал ғылыми-тәжірибелік конференция тезистерінің түйіндемелері 50-80 сөзден тұрады.
Түйіндемелер негізінен келесі жағдайларда жазылады:
- ғылыми журналдарда жарияланатын мақалаларда;
- ғылыми-тәжірибелік конференция материаларының жинақтарында;
- магистратура немесе PhD дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияларда.
Түйіндеме жазған кезде ескеретін жайттар бар:
- түйіндеме зерттеу жұмысы толық жазылып болған соң, негізгі ойды түйіндеу үшін жазылады;
- түйіндеменің мазмұны мақаланы толық оқуға деген ынтаны оятатындай болуы қажет, бірақ бұл жерде ескеретін жайт, түйіндеме эссе емес, сондықтан оның құрылымы басқаша болады.
Жоғарыда айтып өткендей, түйіндеме, академиялық бағытта жазылады, демек оның стилі, оның оқырманның қызығушылығын оятуға деген қызметі және оның жазылу форматы ерекше. Оның негізгі ерекшеліктеріне тоқталып өтетін болсақ:
Түйіндеменің стилі. Түйіндеме академиялық бағытта, яғни осы стильде жазылады. Сондықтан да, түйіндеменің сөйлемдері нақты, әрі қысқа болуы шарт. Сөйлемдердің мазмұны логикалық тұрғыдан өзара байланысты болғаны жөн. Қажет болған жағдайда сілтемелер берілуі мүмкін.
Аудиториясы. Жақсы жазылған түйіндеме арнайы сала мамандары үшін ғана емес, жалпы оқырман үшін қызықты, түсінікті болғаны абзал. Ол кәсіби тілде, бірақ жеңіл жазылғаны дұрыс. Сондықтан, автор зерттеу жұмысын аяқтаған кезде, түйіндеменің мазмұны мен оның жазылу стилін мұқиятылықпен құрастыруы қажет.
Форматы. Түйіндеме, әдетте, бір параграфтан тұрады және жұмыстың негізгі мазмұнын береді.
Түйіндеме жазу академиялық бағытта жұмыс жазбаған студенттер үшін қиын болуы мүмкін, сол себепті де, оны жазу барысында біршама кедергілер мен түсініспеушіліктер орын алады. Төменде келтірілген кейбір жайттар арқылы ондай түсініспеушіліктерді шешуге болады:
Мәселе 1: Түйіндеме тым ұзақ немесе ақпараты көп болған, көлемді жазылу мүмкін. Түйіндеме мақаланың қысқартылған түрі және 150 сөзден аспуы тиіс.
Шешім:
- негізгі түйіндерге көңіл бөлу;
- ықшамдап жазу;
- қажет емес мәліметерді алып тастау.
Мәселе 2: Түйіндеме асығыс жазылып немесе мұқият оқылмауы мүмкін. Әдетте, студенттер жқмыс жазылп болған соң, түйіндемені асығыс жазып, мұқият оқып шығуға уақыт таппайды. Ескеретін жайт, түйіндемені жазу үшін де, арнайы уақыт бөліп, мұқият жазып шыққан орынды.
Шешім:

  • уақытты үнемдей білу;

  • түйіндеме жазуды негізгі жоспарға қосу.

Мәселе 3: Түйіндеме кіріспеге ұқсап кетеді. Ол екеуі бір бірімен байланысты, бірақ екеуінің алдарына қойылған мақсат әртүрлі.
Шешім:
Кіріспе мен түйіндеменің мақсатын нақты білу.
Мәселе 4: Өз аудиторясына түсініксіз болуы мүмкін. Түйіндеме тым түсініксіз немес тым қарапайым сөздермен жазылуы мүмкін.
Шешім: Түйіндемені жалпыға немесе «орта деңгейдегі» оқырманға түсінікті етіп жазу.
Жалпы алғанда, түйіндеме, түйін жасалатын жұмыстың құрылымына байланысты. Сондықтан, барлық түйіндемелердің құрамында мыналар болуы тиіс:
Жазылым негізі. Зерттеудің маңызылығы қандай? Оқырманды көлемді жұмысты оқуы үшін не қызықтыруы мүмкін?
Мәселесі. Зерттеу жұмысында қандай мәселе көтерілген? Жұмыста қолданылған негізгі уәждер мен пікірлер.
Әдістемесі. Ғылыми жұмыс қандай әдістерді қолдана отырып жазылғаны немесе зерттеуде қандай дәлелдер қолданылған жазылады.
Нәтижесі. Зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша жасалған пікірлер мен анықталған жайттар.
Әсері. Жүмыстың нәтижесі салдарынан қандай өзгерістер болуы мүмкін? Жұмыстың өз тақырыбы бойынша зерттеуге қосатын үлесі қандай?
Аталған мәселені толық түсіну үшін «Түйіндеме жазудың сипаттамасы» деген тақырыпта жазылған мақаланың түйіндемесін оқып, бөлімдерінің мақсатын анықтап көрелік.
«Түйіндеме – академиялық жазылымның негізгі құрылымы және оқырман үшін жазылатын шағын мазмұн. Сондықтан, жақсы түйіндеме жазу кейбір студенттер үшін үлкен қиындық тудырады. Бұл мақала түйіндеме жазудың қиындығы түйіндеме жазудың негізгі қағидаралы мен жазудың құрылымын білмегендіктен туындайды деп көрсетеді. Аталған мәселені анықтау үшін бұл мақалада әр түрлі бағыттағы академиялық тұрғыдан жазылған 500 түйіндеме қаралып, 1000 студенттен сауалнама алынды. Сандық және сапалық талдаулар студенттердің түйіндемені түсіну деңгейінде жүргізіліп, негізгі мәселелер айқындалды. Зерттеу нәтижесінде студенттердің түйіндеме туралы түсінігін кеңейту және жазылым барысында оны көбірек талап ету сияқты екі мәселе анықталды.
Кілт сөздер: академиялық жазылым, түйіндеме, эссе құрылымы, ойды тұжырымдау.
Берілген түйіндеменің құрылымы мен жазылу мақсатын түсіну үшін мынандай ерекшеліктерін анықтаймыз:

  1. Зерттеу мазмұнын анықтау. Түйіндеме академиялық жазылымның негізгі құрылымы. Түйіндеме нағыз оқырманның назырын тартушы құрал. Сол себепті де көртеген студенттер түйіндемені жазуды қиын санайды.

  2. Зерттеу тақырыбын/проблемасын анықтау. Бұл мақала мынандай екі мәселені анықтайды. Біріншіден, студенттер жақсы түйіндеменің негізгі құрылымдарының қандай екенін түсінбейді, екіншіден, олар түйіндеме жазудың тәсілдерін қолдана алмайды.

  3. Әдістемені көрсету. Бұл мақаланы анықтау үшін мақалада әр түрлі тақырыптағы 500 тарта академиялық түйіндемелер талданып, 1000 жуық студенттерден сауалнама алынады.

  4. Негізгі анықталған жайтттарды көрсету. Сандық және сапалық талдаулар студенттердің түйіндемені түсіну деңгейінде жүргізіліп, негізгі мәселелер айқындалды.

  5. Негізгі қорытындыны көрсету. Зерттеу нәтижесінде студенттердің түйіндеме туралы түсігінін кеңейту және жазылым барысында оны көбірек талап ету сияқты екі мәселе анықталды.

  6. Кілт сөздер. Академиялық жазылым, түйіндеме, эссе құрылымы, ойды тұжырымдау.

Егер мақала онлайн арқылы ізделетін болса, онда кілт сөздерді жазу талап етіледі. Бұл оқырманға зерттеу бағыттары бойынша қажетті материалдарды тез табуға көмектеседі. Сонықтан, кілт сөздерді мақаланың тұжырымын беретін нақты сөздерді тауып қоюға тырысу керек.
Түйіндеме аз ғана сөзбен мейілінше көп ақпарат (тіпті, кіріспеден де көп мәлімет) беруге бағыттыалу ы тиіс және тілі нақты, түсінікті, түйінді болуы шарт. Түйіндеме мүмкіндігінше, тақырыпұа қатысты негзгі ойды білдіретін сөздерден басталауы керек.
Түйіндеменің қай түрі жазылса да, оны бірнеше рет қайта оқып, түзетіп отыру қажет. Қайта оқу барысында көлемді, мағынасыз және тым әсерлі сөздер мен сөз тіркестерін алып тастау керек. Идея, мүмкіндігінше, шағын көлемде беріліп, мағынасы айқын болуы тиіс. Түйіндемені жазып болғаннан кейін оны бағалау үшін мына сұрақтарды қолдануға болады:

  1. Менің түәндемемен қаншалықты нақты? Ол жұмыста қамтылған ақпаратты қаншалықты қамтыған?

  2. Менің түіндемем қаншалықты ықшам? Мен негізгі ойды қаншалықты ықшамдап бере алдым?

  3. Менің түйіндемем қаншалықты түсінікті? Бұл сала қызметімен таныс емес оқырмаға қаншалықты түсінікті болады?



Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар?

  1. Түйіндеменің не екенін білесіз бе?

  2. Түйіндеме жазба жұмысының маңызды бөлігі деп санайсыз ба?

  3. Сәз түйіндемелерді негізінен қайта оқисыз?

  4. Бұрын соңды өз жұмыстарыңызда түйіндеме жаздыңыз ба? Егер түйіндеме жазған болсаңыз, оны жазуды қайдан үйрендіңіз?

  5. Түйіндеме жазу барысында қандай талаптарды басшылыққа аласыз?

  6. Түйіндеме жазудың құрылымы қандай?

  7. Түйіндеме жазу сізге қиындық тудырады ма? Неліктен?

  8. Зерттеу жұмысын жазу барысында мақала жазған кезде неліктен басқа мақалаларадың түіндемесін оқисыз?

  9. Түйіндеменің көлемі қандай болу керек?

  10. Түйіндеме мен кіріспенің айырмашылығы қандай?

  11. Мақала жазған кезде түйіндемені қай кезде жазған жөн?



Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар?
1. Төменде берілген түйіндемелерді салыстырыңыз және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңыздар.
МЫСАЛ 1.
Abstract


Аудармасы

МЫСАЛ 2.
Түйіндеме.


Бұл мақалада оқыту барысында коучинг технологияларын қолдану арқылы оқыту жүйесін дамыту жолдары негізінде студенттердің ынтымақтастығын арттыру мәселелері қарастырылады.
Түйін сөздер: коучинг, білім сапасы, оқыту, жаттықтыру, студенттермен қарым-қатынас, ынтымақтастық, құзыреттілік, коучинг технлоиялары (Ұ.Б. Төлешова, Ш. Абдуқадыр. Коучинг әдісін қолданудың тиімділігі. Білім берудегі менеджмент. №1, 2016. – Б. 64-67.
2. Берілген үзіндіні оқып, қай бөлімге тән үзінді екенін анықтаңыздар. Әрбір сөйлемнің қолдану қызметіне және құрылымына талдау жасаңыздар.
Бұл мақала қазақ тілі сабағында қазақ тілін екінші тіл ретінде үйренушілердің қанашалықты қазақ тілі мәтіндерін оқуын дамыту мен оқу әдістерін жетілдіру мәселелерін зерттеуге бағытталған. Зерттеу барысында оқылымның педагогикалық негіздерін меңгеру мен азақ тілін екінші тіл ретінде меңгерушілерге арнайы тәсілдер қажет екендігін қарастырады. Сондай-ақ, мақала оқылым үдерін меңгеру барысында қарапайым мәтіндерден қиын мәтіндерге бітіндеп көшу ерекшеліктері мен мәтіндерді оқу барысында осы мәтіндерге қатысты мәліметтер туралы мағлұматтарды оқушылардың білу қажеттігі баса анықталады. Бұл еңбек бір жыл бойы 9 орыс тілді оқушылардың қалай қазақ әдебиеті мәтіндерін оқығандығы және Абай шығармаларын қалай түсінгендігі, сонымен қатар, оқылым арқылы қазақ тілін меңгеру барысында деңгейлерінің қаншалықты көтерілгендігі жөніндегі жайттар қарастырылады (ғылыми жобадан үзінді).
ҚОСЫМШАЛАР


Қосымша 1
«Академиялық хат» пәнінің
студенттерге арналған нұсқаулығы


Пән мақсаты: «Академиялық жазалым» пәні жоғары оқу орындарында білім алатын студенттердің жазылым әркетін дамытып, оқу барысында жазба жұмыстарын талапқа сай жазуға үйрететін пән. Пәнді оқу барысында студенттер академиялық жазылымныңибасты қағидаларымен танысып, практикалық тұрғыдан жазылым әрекетін шыңдай түседі.
Пәннің мазмұны.

  1. Академиялық зерттеу жөніндегі түсінік.

  2. Зерттеу барысында жазылатын жоба тілінің стилі мен ерекшелігі.

  3. Академиялық бағытта өзге зерттеу жұмыстарын қолдану.

  4. Өзге зертеу жұмыстарын сыни саралау.

  5. Қазақ ілінде тілдік бірліктерді академиялық бағытта қолдану.

Студеттен мына бағыттарда жұмыс жасау талап етіледі:

  1. Жеке жұмыс жасау.

  2. Көлемді жазба жұмысын жүйелендіру.

  3. Негізгі термендерді анықтау.

  4. Студент таңдаған тақырып бойынша басқа авторлардың пікірлері мен көзқарасын білу.

  5. Олардың идеясын өз жұмысында қолдану.

Сонымен қатар студент келесі дағдыларға үйренеді:

  • өз ғылым саласына байланысты зерттеу жұмыстарын дайындауға;

  • жүргізген зерттеулерінің нәтижелерін түсінкті, әрі нақты етіп баяндауға.

Пәнді жақсы меңгерген студенттің келесі әдістерді меңгереді:

  • таңдап алған пәндерге (университтте оқитын пәндерге байланысты тақырыптарда зерттеу жұмыстарвн өз юетінше құрып, оны жазу;

  • зерттеу жұмыстарына талдау жасау, сол жұмыстарды өз жұмысында сыни тұрғыда қолдана білу;

  • академиялық бағытта тілдік бірліктерді қолдану.

Пәнді оқу барысында студенттерден келесі өзіндік жұмыстар талап етіледі:

  1. Зерттеу тақырыбына байланысты баяндама жасау.

  2. Бір ғылыми жұмысқа талдау жасау.

  3. Ғылыми мақалаға пікір жазу.

  4. Жазба жұмысын антиплагиаттық ережеге сай тексерістен өткізу.

Жазба жұмыстарын тапсыру талаптары:
Ғылым жұмысқа талдау. Студент өзі қызығушылық танытқан тақырыпта жазыоған зерттеу жұмысына талау жасап, пікір береді.
Студент академмиялық бағыттағы кітаптар, ғылыми журналдардағы материалдарды пайдаланады.
Жазба жұмысын орындау барысында университет кітапханасының каталогындағы әдебиеттерді қалай таңдау және оларға қалай тапсырыс беру ережелерімен танысып, қолданып, өзіне қажетті материалдарды іздейді.
Талданған жұмыс оқытушыға көрсетіліп, бағаланады. Сондай-ақ жұмыстың электрондық нұсқасы өткізіледі.


Қосымша 2


ЖАЗБА ЖҰМЫСЫН РӘСІМДЕУ

Эссе (мақаланың) көлемі сөз санымен есептеледі (оны копьютерде терген кезде оңай тексеруге болады), себебі көптеген ғылыми журналдар мақалалардың көлемін белгілі бір сөздердің санына, мысалы 4000 сөздеп асырмауды талап етеді.


Жазба жұмысы берілген үлгіге сәйкес рәсімделеді. Бірінші бетінде студенттің аты-жөні, жобаның тақырыбы, кілт сөздер болуы қажет. Бұның барлығы, әдетте, үш тілде беріледі.
Негізгі талаптар:

  1. Мақала мәтіні Microsoft Word редакторында бірлік интервал арқылы терулуі қажет.

  2. Парақ пішімі: A4

Жоғарғы, төменгі жағы – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1 см.
Шрифт: Times New Roman – 14 пт

  1. Жазба жұмысы беттері бойынша нөмірленеді.

Суреттер мен кестелер.
Суреттермен кестелерде де Дерекөз немес Ескерту жазылады, яғни автордың өзі құрастырғаны немесе деректердің шығу көзі жазылып, сілтеме жасалады.



Сурет 1. Суреттің атауы
Суреттің атауы суреттің астында ортасында жазылады.


Кесте 1 – Кестенің атауы



Кестенің атауы кестенің үстінде беріледі.


Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімін беру міндетті.
Ауызша баяндама. Тәжірибелік сабақтар барысында оқытушы студенттерден ауызша баяндама жасауын талап етуі мүмкін. Баяндаманың талабы, оның тапсыру мерзімдері алдын ала айтылады.
Жұмысты өткізу мерзімі студентке арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасында (syllabus) келтіріледі. Сол себепті жазба жұмысын курс саясатының талаптарын басшылыққа ала отырып, тапсыру мерзімдерін алдын ала жоспарлап отырғаны жөн.


Қосымша 3


ПЛАГИАТТЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ САҚТАУ
Жазба жұмысы - ол студенттің өз бетінше орындаған авторлық еңбегі болып табылды. Сондықтан оны плагиатқа тексерген кезде басқа деректерді қолдану барысында оларға мідетті түрде сілтеме жасап, дұрыс рәсімдеген абзал, яғни жазба жұмысының материалдарын кітаптардан, мақалалардан, тіпті интернеттен алған кезде міндетті түрде сілтеме келтіру қажет. Плагаттыңтан сақтану, өзге авторлардың еңбегін пайдалануды қалай дұрыс көрсету қажеттігі сабақ барысында түсіндіріліп, әртүрлі жаттығулар орындалады.
Қорытынды эссе (мақала) арнайы антиплагиат бағдарламасында тексеріледі. Әрбір ЖОО орнатылған антиплагиат бағдарламалар бар. Бұл антиплагиат юасғадламасынаментексеркен кезде ұқсастық коэффициенттері бекітілген нормадан асатын болса, жазба жұмысында басқа авторлардың еңбектерінен көшірілген материалдардың көп екендігін көрсетеді.
Кейбір адамдар мүмкін шатасып кирилицаның орнына латын әріптерін жазып жатады. Бірақ бағдарламада тексерген кезде «Дабыл» белгісін көрсетеді.
Мәтін ішінде берілген сілтемелер қолданылған әдебиеттір тізіміндегі әдебиеттермен сәйкес келуі керек. Сондықтан, қолданылған әдебиет көздерін дұрыс рәсімдеу маңызды.


Қосымша 4


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІН РӘСІМДЕУ
Жазба жұмысын жазу барысында кем дегенде әр түрлі (үш) әдебиет қолдану қажет. Қолданылған әдебиеттердің кем дегенде үшеуі университет кітапханасының каталогында немесе онлайн академиялық журналдар құрамында болуы тиіс. Егер қаласыңыз, бес әдебиеттен көп еңбек қолдана аласыз.
Мақалада пайдаланылған әдебеиттер мәтіненде пайдалану ретіне сәйкес қолжазбаның соңында беріледі. Ал зерттеу жұмысында бұл әдебиеттерге сілтеме, әдетте, [ ] түрінде келтіріледі. Мысалы, [1], [1-2], [1, 2].


Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Е.С.Асқаров, Е.Қ. Балапанов, Б.А.Қойшыбаев «Ғылыми зерттеулердің негіздері» Оқу-әдістемелік құрал. Алматы-2004
2. А.А.Куйкабаева «Ғылыми мақала жазу және шығару» Оқу құралы, Алматы-2015
3. Б.Нұрпейісова, М.Әнуарбек «Құжаттанудың заманауи проблемалары» мақала. «GAZAQSTAN ARHIVTERI» №2 (50) 2019
4. З.Жорабекова, Ш.Жарылғапов, Н.Мустафаев «Реферат – оқытудың пәрменді түрі» мақала. Ғылыми-педагогикалық журнал Білім. №1 (11) 2003
5. А.М.Байганова, Г.Н.Есенжолова «Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйе туралы жалпы ұғым» мақала. Ғылыми журнал: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ХАБАРШЫСЫ №2, 2014 ж.
6. А.А.Куйкабаева «Ғылыми мақала жазу және журнал таңдау жолдары» Оқу құралы, Алматы-2015
7. Қ.Дүсіпова «Сыни ойлауды дамыту негіздері» мақала, ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ №6 (1109), 2018 маусым
8. Тақырып «тақырып» туралы massaget.kz
9. А.К.Молдажимова «Жазылым дағдыларын қалыптастырудың жолдары» мақала. 2017 ж.
10. Ә.Сарқыт «Ғылыми мақала жазуға баулудың жолдары» мақала.
11. С.Әлісжанов «Ғылыми мәтіннің коммуникативтік құрылымы» мақала
12. Б.Б.Динаева, С.М.Сапина «Академиялық оқылым және жазылым дағдыларын дамытудың қажеттілігі» мақала. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы №3 (106) 2015 ж.
13. А.Қ.Утанова «Ғылыми мәтін арқылы академиялық жазылымды жетілдіру» мақала. Қазақстанның ғылымы мен өмірі №4 (31) 2015 ж.
14. Н.С. Әлқожаева «Мақала материалдарының баяндалуына ұсыныстар» ғылыми педагогикалық зерттеулердің негіздері, Оқу құралы
15. М.Арынғазиев «Баяндамалық жазба және қызметтік хат: айырмашылық бар ма?» мақала. Қазақстанда іс-қағаздарын жүргізу №5 (65) 2012 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет