Сабақ №1-2-3 Тақырып: Академиялық хат және оның ерекшелігі Қарастырылатын сұрақтар



бет24/60
Дата07.02.2022
өлшемі290,67 Kb.
#94279
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60
Байланысты:
!!!!!!!! Акад хат практика 5 кр

Зерттеу үдерісі. Сонымен, зерттеу жұмысы белгілі бір тақырыпқа байланысты жазба үдерісінен тұрады. Зерттеу жұмысының тақырыбын алғаннан кейін, ең алдымен ол тақырыпты түсіну қажет. Тақырыпта қандай да бір түсініксіз тіркестер мен сөздер болса, олардың мағынасын түсініп алғаны жөн. Зерттеу жұмысының негізгі үдерісі мына жоспардан тұруы мүмкін:

  1. Зерттеу сұрағын айқындау

  2. Ақпарат алатын топты анықтау

  3. Жауапты қалай жинап алатыны туралы білу

  4. Сауалнаманы құру

  5. Сауалнаманы сынақтан өткізу

  6. Негізгі зерттеу жұмысын жүргізу

  7. Ақпараттарды талдау.



Зерттеу сұрағы. Студенттер үшін зерттеу жұмысын бастау барысында зерттеу сұрағын табу өте қиын. Дегенмен, зерттеу тақырыбына қатысты мәселені талдаса, студент өз жұмысының зерттелетін сұрағын түсінуі мүмкін.
Зерттеу сұрағын 2 бөлімге бөлуге болады:
1) Жұмыстың тақырыбы – бұл зерттеудің жалпы бағытын білдіреді.
2) Жұмыстың бағыты - тақырып бойынша қандай мәселені анықтау қажет екенін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет