Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері. Сабақтың мақсаты



бет3/32
Дата06.12.2016
өлшемі4,75 Mb.
#3308
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Үйге тапсырма беру: Жылы түсте табиғат көрінісін бейнелеу.

Сабақ: №10

Сабақтың тақырыбы:

Суретші шығармаларын талдау.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді

қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

оқушы санасына терең сіңіру.


б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

түсіне білу.


Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Суретші шығармалары, фотосурет және тағы басқалар.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Оқушыларға Қазақ суретшілері және олардың шығармалары жайлы түсіндіріп өтемін. Қазақстан Республикасына танымал Қазақстан халық суретшілері баршылық.

Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнеріне алғаш жол салған кәсіби суретші. 1904 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы, Жаркент ауданының Шежін ауылында дүниеге келген. 1929 – 1931 жылдары Н. Г. Хлудовтың студиясында бейнелеу өнерінің негізін үйренеді.

1930жылы Москва қаласындағы мұражайлармен танысады, 1937 жылы Қазақ ССР-інің халық суретшісі атағы беріледі.

1954 – 1956 жылдары Қазақстан Суретшілер одағының басқармасына жетекшілік етеді.

1969 жылы Москва қаласында жеке шығармашылық көрмесі өтеді.

1973 жылы 3 қарашада Алматыда дүние салады. Әбілхан Қастеев портрет және тарихи жанрлармен қатар пейзаж жанрындағы шығармаларын да халқына сыйлап кетті.

Әубәкір Ысмайылов – 1910 жылы Қарағанды облысы, Тельман ауданында дүниеге келген. 1932 жылы Москвадағы Жоғары техникалық көркемсурет шеберханасын, 1938 жылы Театр өнері институтын бітірген. 1933 жылдан КСРО Суретшілер одағының мүшесі. Қазақ ССР-інің халық суретшісі. «Қарағанды шахтасы», «Шахтерлер», «Тың жерді игеру», «Хантәңірі», «Абай достарымен бірге», «Исатай-Махамбет», «Қорқыт ата», «Еңлік-Кебек», т. б. көптеген шығармаларымен еліне танылды. 1999 жылы қайтыс болды.

Молдахмет Кенбаев – 1925 жылы 25 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келеді. 1956 жылы Москва қаласындағы В. С. Суриков атындағы мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген. 1955 жылдан бастап Суретшілер одағына мүше. «Ә. Жангелдин сарбаздары» (1956), «Шопан әні» (1956), «Асауға құрық салу» (1958), «Құрманғазы» (1958), «Мұхтар Әуезов» (1974), «Әл-Фараби» (1975), атты еңбектерімен елімізге танымал суретші. Қазақстан Республикасының халық суретшісі, суре және живопись профессоры. 1993 жылы қайтыс болған.

Қанапия Телжанов – 1927 жылы 1 мамырда Омбы қаласында туған. 1947 жылы Ленинград қаласындағы И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсіндеу және сәулет институтын бітірген. 1953 жылдан бастап Суретшілер одағының мүшесі. Көркемсурет академиясының корреспондент-мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халық суретшісі. «А. Иманов» (1953), «Немере мен әже» (1955), «Атамекен» (1958), «Домбыра үні» (1958), «Жеңіс» (1975) атты шығармаларымен халқына кеңінен таныс.

Хакімжан Наурызбаев – 1925 жылы 25 тамызда Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Октябрь ауылында туған. 1951 жылы Харьков мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген. 1952 жылдан бастап Суретшілер одағының мүшесі. Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Қазақстандағы тұңғыш кәсіби мүсінші. «Құрманғазы» (1958), «Абай ескерткіштері» (1961, Алматы қаласы), «Ш. Уәлиханов ескерткіші» (1969, Алматы қаласы), «Ж. Жабаев ескерткіші» (1971), «А. Иманов» (1972), Еңбек Ері «К. Дөненбаева, Н. Алдабергенов» (1972), «Ы. Жақаев» (1985) атты еңбектерімен елге танымал.

Сабыр Мәмбеев – 1928 жылы 1 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Абайбазар ауылында туған. 1953 жылы Ленинград қаласындағы И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтын бітірген. 1956 жылдан Суретшілер одағының мүшесі, халық суретшісі.

«Пауза» (1957), «Киіз үй алдында» (1958), «Суретші М. С. Лизогут портреті» (1959), «Менің қалам» (1960), «Көктем» (1964), «Қара киімді қыз» (1961), «М. Әуезов портреті» (1967), «Шопан қызы» (1971) атты көркем шығармаларымен көрермен көңілінен шығып отыр.

Сахи Романов 1926 жылы 1 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында туған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1958 жылдан бастап Суретшілер одағының мүшесі. «Қырық өтірік ертегісі» (1955), «Құрманғазы өмірбаяны» (1957), «Жер тураыл декрет» (1970), «Отан аясында» (1970), «Нан» (1981), кинофильмдер көркемдеуде «Өнер жолы» (1959), «Алдаркөсе» (1965), «Найзатас» (1978), «Құлагер», т. б. еңбектерімен туған халқымызға танымал суретші.

Енді оқушылар натюрморт орындауда өздерін күнделікті үйреншікті жұмыс істеумен шектемей, тақырып бойынша қомақты шығармашылық ізденуден туындаған натюрмортты орындауға көшейік.

Мысалы: Т. Тоғысбаевтың «Асхана» атты интерьер көрінісінде орындалған натюрмортына назар аударып көрейікші. Қарама-қайшы ашық түстермен бейнеленген бұйымдар мен заттардан ұлттық нақышты байқай аласыңдар. Қазақ халқының қонақжайлығын меңзейтін дөңгелек дастарқаны жайылып, көрпесі төселіп, қонақ күтіп тұрғандай көрініс береді. Алдындағы қуыршақ балғын баланың тәтті өмірін елестетсе, артқы фонда ас әзірлеген ана бейнеленген. Терезеден дала тіршілігімен тағдырлас әке бейнесі көзге елестейді. Мұның бәрін біртұтас дәмдес ететін дастарқан екені сөзсіз.







Т. Тоғысбаев. Асхана.





Табиғи натюрморт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет