Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері. Сабақтың мақсаты



бет30/32
Дата06.12.2016
өлшемі4,75 Mb.
#3308
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Үйге тапсырма беру: Перспектива заңдылықтарын сақтай отырып, тақырып бойынша сурет сал.
Сабақ: №31

Сабақтың тақырыбы:

Интерьер.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға интерьер жайлы мағлұмат беру, интерьер

көріністері бейнеленген шығармалардың мазмұнын

ұғындыру, теориялық білімін практикамен ұштастыру.


ә) Дамытушылық: Өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, ой-өрісін дамыту,

өз ойын қағаз бетіне еркін, жатық жеткізе білуге

дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға

үйрету.
б) Тәрбиелілік: Жас ұрпақ бойына эстетикалық мәдениетті, сұлулықты

тани білуді қалыптастыру, ұлы мұраттар жолында еңбек

етуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, интерьер көріністері бейнеленген шығармалар, фотосуреттер, дидактикалық материалдар және т.б.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Интерьерге композициялық іздеу. ХХ ғасырдың бас кезінен ғылыми-техникалық прогрестің дамуына орай пайда болып, қалыптаса бастаған өнер саласының ерекше бір түрі – интерьер дизайн. Ол - адам тіршілік ететін, қызмет істейтін ортаның, тұтынатын бұйымның жарасымды сән-салтанаты, қолдануға ыңғайлылығы, әдемілігін әспеттейтін өнер түрі. Бұл күндері дизайншы шеберлігінің ыдыс-аяқты сәнді етуден бастап, үй жиһазы мен интерьері, автокөлік пен ұшақ, ғарыш кемелеріне дейін қажеттілігі бар. Осы дизайн өнерінің қазақ даласында өркендеуіне, әсіресе оны ұлттық сән үрдісіміздегі әлденеше мыңжылдықтар бойында жүйеленген дәстүрлер мен машықтарға қабыстырып, әдемі үйлесім иірімдерін табуға мол үлес қосып жүрген әйгілі этнодизайншы, профессор Аманжол Найманбай еңбегі ерекше атауға лайық. Қазақстан Дизайншылар одағы құрылған күннен бастап этнодизайн секциясын басқарып келе жатқан ол, бүгіндері қазақтың киіз үйін нағыз ұлттық нақышта жасау, жасау-жиһаздарымен жабдықтау және музей дизайнын дамытудың айтулы шеберіне даусыз айналып отыр. Алматыдағы «ЭтноДизайнҚазақ» мекемесінің басшысы, биыл алпыс жастың асқарына шыққан А.Найманбай бастаған он қолынан өнер тамған шеберлер тобы осыған дейін әлемнің Франция, АҚШ, Түркия, Ресей және тағы басқа да елдерінде ерекше сәндеп дайындалған киіз үйлер тігіп, Отанымыздың мерейін әлденеше рет көтерді. Шынына келсек, қазақтың киіз үйі тұнып тұрған дизайн.

Интерьер композициясын салу. Суреті салынатын нәрсені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау, қағазға дұрыс орналастыру үйлесімділіктің (композицияның) бастапқы негізі болып табылады. Киіз үйдің осы ғажайып бітімі 1992 жылы Ла-Манш бұғазы жағалауында өткен орыс-француз соғысының 180 жылдығына арналған шара кезінде де талғампаз француз жұртшылығын таңғалдырған еді. Сол шараға А.Найманбай апарған әсем киіз үй соғыс шайқастары өткізілген театрландырылған көріністердің ең төрінде көздің жауын алып тұрыпты. Айналаға ерекше сән берген киіз үйді француз тарабы әскербасылар кеңесетін бас штаб жасауға арнайы қалап сұрапты. Таң-тамаша қалып жатқан өзге жұрт қаншама. Олар киіз үйден бізді қоршап тұрған ғаламшардың синкреттік көшірмесін көргенін айтыпты. «Осындай өнері бар қазақ деген халық, қандай ұлы халық еді», деп қайран қалысыпты. Содан кейін француздар аттай қалап, сол жылдың қазан айында киіз үйді Парижге арнайы алдырып тағы көрсетіпті. Сол ықыласты қатынас одан кейін де үзілген жоқ. Арада 10 жыл өткенде, 2002 жылы Франция қазақ киіз үйінің құдіретін тағы бір мойындады. Сол елде өткен Қазақстан мәдениетінің күндеріне «ЭтноДизайнҚазақ» мекемесі қазақтың қолтума өнерімен, жасау-жиһазымен жабдықталған арасында он екі қанатты ақ ордасы, тоғыз қанатты қонақ үйі, алты-жеті қанатты ақ шаңқан үйлері , сондай-ақ асханасы, аңшылар үйі бар, барлығы - он үйді, тұтас бір этноауылды Париждің төріне апарып тікті.

Бояу түрін іздеу. Заттардың жарасымдығы бояу түстеріне байланысты. Түр-түсті танудың адам үшін қажетті үш элементі бар екен. Біріншісі – тағдырдың адамға сыйлаған тартуы – көзі, әлемге жарық шашушы – Күн, үшіншісі - бізді қоршаған табиғат, тіршілік болмыс. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді. Табиғаттағы, қоғам өміріндегі бірде-бір құбылыстың бояусыз, реңсіз, өңсіз, түссіз болмайтыны бәрімізге белгілі. Бірақ сол бояу-реңдерді өмірдің қай саласында қалай қолдануды бәріміз біле бермейміз. Интерьер дизайн дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеп қана қоймайды, оған белгілі бір идеологиялық концепциялау негізінде баға береді. Бояу түстерін өзара үндестігімен сөйлете білген суретшілердің бірі – А. Ақанаев. Ол кейінгі шығармаларында ұлттық үндестігі бар бояу түстерінің символдық мәнін ашуда. Белгілі суретші

Е. Төлепбаевтың картиналарында сарғылт, қоңыр, қызыл түстердің үйлесімділігі өзгеше орын алады. Бояулар реңінде әсерлі сыпайылық, ішкі қуат сезімі байқалады. Бояу әсемдігі ең алдымен олардың үйлесімдігіне, белгілі бір түс нюанстарының қайталауына байланысты. Нәзік үйлесімділік көңілге тез қонады, толықтырып тұрады немесе кейде қарама-қайшылық та туғызады, көңіл күйге ықпалын тигізеді, яғни онда қуаныш пен шаттықтың белгілері бар. Мұндай сезім көбінесе ақшыл бояулардан және жарықтың әсерінен туындайды. Ал күңгірт түстер уайым, қайғы-мұң, тіпті кейде үрей де туғызады.



Интерьер композициясын бояумен аяқтау. Суретші суретті қандай да бір ортақ түсте салмақ болып, ойлағанда бір-біріне жақын түстерді қолданады. Бірақ ойлаған жерден шығу үшін де сол түстердің қиылысып келуін көздеп, қарама-қайшы түстерді қолданады. Дизайн - ежелгі өнер ...Бізге ұлттық дизайнды өзіміздің ұлттық дәстүрлерді жандандыра отырып, кешегі көшпелі қазақтың емес, бүгінгі отырықшы қазақтың әлемдік мәдениетпен байланысқан рухани, тұрмыстық, мәдени қажеттілігін қанағаттандыратындай етіп қайта қалыптастыру керек.

Үйге тапсырма беру: Қазақтың ұлттық киіз үйінің интерьер композициясын бейнеле.
Сабақ: №32

Сабақтың тақырыбы:

Табиғат көрінісін бейнелеу.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға табиғат көріністері жайлы мағлұмат беру,

суретшілердің табиғат көріністері бейнеленген

шығармаларының мазмұнын ашу, талдау, теориялық

білімін практикамен ұштастыру.

ә) Дамытушылық: Өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, ой-өрісін дамыту,

өз ойын қағаз бетіне еркін, жатық жеткізе білуге

дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға

үйрету.
б) Тәрбиелілік: Жас ұрпақ бойына эстетикалық мәдениетті, сұлулықты

тани білуді қалыптастыру, ұлы мұраттар жолында еңбек



етуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, табиғат көріністері бейнеленген шығармалар, фотосуреттер, дидактикалық материалдар және т.б.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

Оқушылар табиғат көрінісін бейнелеуде алуан құбылыстарды бақылауға дағдыланады. Әсіресе бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен алған білімдерін табиғат көрінісін бейнелеу барысында одан әрі жетілдіре түседі. Табиғат көрінісін бейнелеудегі негізгі мақсат - кеңістіктегі сұлу табиғаттың көзбен көріп, көңілмен қабылдаған көріністерін суретке салу. Оқушылар табиғат көрінісін бейнелеуден бұрын оны бақылап көруге үйренеді. Табиғаттың әр алуан құбылыстарын меңгеруге дағдыланады. Соның әсерінен табиғат көрінісін сәтті бейнелеуге үйренеді. Ауа райының жиі құбылуына байланысты заттың түр-түсі ерекшелігіне назар аударып, бейнелеу дағдысын қалыптастыру қажет. Ол үшін үнемі табиғатта серуендегенде оны көзбен бақылауға әдеттенген дұрыс. Соның себеп-салдарынан өзін қоршаған табиғат ортасын есте сақтауға, көркем бейнелеуге тырысады. Табиғат құбылысы үнемі өзгерісте болғандықтан жылдам сурет салуға жаттыққан орынды. Табиғат көрінісін қас қағым сәтте бейнелеу «этюд» деп аталады. Этюд жазу барысында оқушы табиғат көрінісінен алған алғашқы әсерін сәтті бейнелеуге тырысады. Оқушылардың жүйелі жұмыс істеуіне тікелей әсер ететін маман мұғалім болып табылады. Пән мүғалімі оқушыларды этюд ж
азып орындауға үйретуі керек.





Этюд орындау үш топқа бөлінеді:

а) табиғат көрінісін қағаз бетіне қарындашпен ықшамды етіп сызып белгілеу;

ә) табиғат көрінісіндегі сюжеттік көріністің құрылымын дұрыс орналастыру;

б) түстік бояу шешімін табу.

Оқушы ең алдымен табиғат көрінісінен алған алғашқы әсерді міндетті түрде есте сақтап қалуға дағдылануы керек. Әдетте, оқушылар тылсым тыныштықтағы саялы табиғат көрінісін бейнелеуді ұнатады. Кейбір жағдайда оқушылар пән мұғалімімен тікелей пікір алмаспайды, соның нәтижесінде табиғат көрінісін бейнелеуде қиыншылыққа кездеседі.

Табиғатты бейнелегенде бірқатар кемшіліктерді байқауға болады, олар мыналар:

1) табиғат көрінісін таңдаудың кездейсоқтығы;

2) қағазға үйлесімді шешімінің табылмауы;

3) негізгі қатынастардың бояу үйлестігінде дұрыс табылмауы (аспан, жер, су);



4) алыстағы көріністердің шамадан тыс көрсетілуі.

Табиғат көрінісін бейнелеуде түстік бояу кұрылымын карастыруды шартты түрде екі буынға бөлуге болады. Біріншіден, табиғат көрінісін бейнелеуде жылы және суық түстердің арақатынасының басты ерекшелігін таба білу. Екіншіден, табиғат көрінісіне байланысты құраушы бояулар тобын таңдап алу. Фотосуреттер мен кинокадрлардан гөрі тірі табиғат аясында алған әсер әрбір оқушы бойына шабыт береді. Табиғат көрінісін бейнелеуде суреттің ролі зор. Дайындық суреттің бастамасы кәдімгі қарындашпен бейнеленген нобайлар болып табылады.

Өте аз уақытта орындалатын дайындық сурет салуда негізгі үш талап қойылады.

1. Қағазда суреттің үйлесімдік шартын жоғалтпау.

2. Заттардың жазықтағы бейнесін дұрыс құрай білу, құрылысын жіктеу, кейбір бөлшектеріне дейін анықтау.

3. Тепе-тендік сақтауда сызықтық және ауа перспективасын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеу.


Күзгі көріністі бейнелеу үлгісі



Жазғы көріністі бейнелеу үлгісі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет