Сабақтың тақырыбы: Зергерлік бұйымдар Сабақтық мақсаты



Дата12.03.2017
өлшемі288,36 Kb.
#11615
түріСабақ
Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Зергерлік бұйымдар

Сабақтық мақсаты:

білімділік: Қазақстандағы зергерлік өнермен таныстыру, туған халқының мәдениетіне деген қызығушылық пен құрмет сезіміне баулу.

дамытушылық: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін. шығармашылық қабілеттерін, композиция сезімін, графикалық қабілетті дамыту.

тәрбиелік: сабаққа қызығушылық ынтасын арттыру, оқушыларды шапшандыққа, өз бетінше еңбектенуге және ежелгі салт-дәстүрге баулып, тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ұлттық нақышта безендірілген зергерлік бұйымдардың фотосуреттері мен көшірмелері.

Керекті құрал-жабдықтар: қайшы.түрлі түсті қағаз. Фольға.биср.желім мен ПВА. Қарандаш.өшіргіш.

Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу, әдебиеттік оқу, математика.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сарамандық.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

-Біздің Республикамыз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?

-Қазақстан Республикасы тәуелсіздікті қашан алды?

-Тәуелсіздік елімізге не өзгеріс алып келді?

-Тәуелсіз ел болғанымызға неше жыл болды?

ІІ. Өтілген тақырыпты сұрақтармен бекіту.

1. Жоба көрнекті болу үшін не істеу керек?

2. Макет деп нені атаймыз?

3. Макеттерді неден жасауға болады?

ІІІ. Білімдерін тексеру немесе ой толғау

IV. Зергерлік қазақтың ұлттық қолданбалы өнері туралы түсінік беру.

Зергерлік қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің үй кәсібіне айналған өзге түрлеріне қарағанда кәсіби сипатқа ие болды.Қазақ зергерлеі (парсы тілінен аударғанда зер-зар«алтын» деген мағынаны білдіреді) жеке дара жұмыс жасалған,ал шеберлік ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған.Зергерлердің қолынан шыққан өнімдердің денін әйелдердің әшекей бұйымдары құрайды.Ерте қазақтың әрбір әйелі күміс сырға,білезік. шашбау сынды әшекейлер таққан, бұл металдан жасалған бұйымдар бүгінгі таңда да ұлттық киімдерді толықтырып келеді.Әшекейге қарап әйелдің қай өңірде тұратынын, жасы мен әл-ауқатын аңғарған.Қазақ қоғамында зергерлік -әшекейлердің түр-пішіні мен саны әйелдің жасына сәйкес келуі тиіс.Жас қыздар қарапайым пішінде жасалған сырғалар мен білезіктер тағады.Ал тұрмысқа шыққаннан кейін біртіндеп қарапайым әшекейлерге

ауысады.Әдетте әйелдер бір қолға үш-төрттен жүзік пен сақина таққан.

V. 1.Шашбау. 2. Білезік. 3 Сырға. 4.Жүзік - туралы мағұлмат беріледі.

VI. Жаңа сабақты түсіндіру.(дайын шаблонмен қапсырманы фольгамен жасалу жолдары көрсетіледі.)

VII .Қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп алу.

«Келісіп пішілген тон келте болмас» деген мақалды қолданып,

Жарқылдаған қос қылыш

Қолға тисе жоқ тыныш (қайшы)

Қайшымен жұмыс кезіндегі техниқалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

VIII. Сарамандық жұмыс.

-Коллаж жасаған кезде суретті дұрыстап, тігінен немесе көлденеңінен

орналастырып алу қажет.

-Сурет тым ұсақ болмауы тиіс, өйткені коллаж элементтерін қию қиынға соғады.

-Коллаж элементтерін мұқият жабыстырамыз.Желім шығып кетіп, жұмысты бүлдірмеуін қадағалаймыз.

IX. Мақалдармен жұмыс. Оқушылар өздері білетін мақалдарды айтып мағанасын ашады.

X. Бағалау: оқушылардың өз ара жасаған жұмыстарын салыстыра отырып, ережелердің сақталуын, жұмыстың ұқыптылығына қарай және оқушы түсінігін

Сұрақ қою арқылы байқау, бағалау.

XI. Үйге тапсырма: Әр оқушы өзінің жұмысын аяқтап келеді және зергер сөзіне Сөзжұмбақ құрастырып келу.

XII Жұмыс орнын жинақтап, сабақты аяқта

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы 7

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының зергерлік өнері

Сабақың мақсаты: Қазақ халқының жалпы ұлттық қолөнерін танып білуге, соның ішінде зергерлік өнер туралы білімдерін тереңдету.

1) білімділік: көсемше туралы қайталау, тақырып бойынша тапсырма жұмыстарын орндау.

2) дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту

3) тәрбиелік: өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру

Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс, жеке жұмыс, жаттығулар жұмысы, көрнекілік әдістері.

Пәнаралық байланыс: тарих

Көрнекіліктер: бейне слайдтар, кеспе қағаздар т.б

Оқытудың техникалық құрал-жабдығы: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу

ә) түгендеу

б) оқушылар назарын аудару

Үй тапсырмасы

Балалар, өткен сабақтағы тақырыпты еске түсірейік.Әр топ қазақ халқының қолөнері туралы әңгімелейді.

4-тапсырма. Жазбаша орындау (5мин)

Жаңа сабақ

Балалар, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы –қазақ халқының зергерлік өнері Тақырыпты бастамас бұрын жаңа сөздермен танысып, сөздікке жазып алайық. 107-бет, 1-тапсырма . Мәтінді оқимыз.(5мин)

Мұғалімнің сөзі.

Қазақ халқының атадан балаға тарап келе жатқан өнерінің бірі-зергерлік.ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап зергерлік өнер қолөнердің негізгі бір саласына айналды.Қазақ халқының кейбір зергерлік бұйымдарына тоқталып өтейік. (слайдтар көрсетіледі)

Шолпы- жас қыздар шаштарының бұрымына тағатын әшекей. Ол көптеген шытыралармен немесе күміс тиындардан құралған бір-біріне үш немесе төрт қатар шығыршықтар арқылы бекітілген, өрнектелген әшекей.

Сақина - зергерлік әшекей бұйымдардың ішінде әркелкілігімен ерекшеленеді. Жүзік пен сақинаның қасиеттеріне сену шығыс елдерінде кең тараған. Әрбір әйел адамның қолында сақинасы не жүзігі міндетті түрде болу керек, себебі оның жүзігі болмаса дайындаған тағамы таза емес деп есептелген. Сақина үш-төртеуден күнделікті тағатын әшекей болып есептелді. Қазақ халқында осыған байланысты мынадай мақал бар: «Тамақ адал болу үшін, қолда күміс жүзік болу керек».

Шашбау- жасалуына қазақ зергерлері түрлі тәсілдерді қолданған. Ол шаштың түбіне бекітіліп, ұзына бойы шаштың ұшына дейін қоса өрілген. Сонымен қатар ол шаштың сұлулығын және қалыңдылығын байқатады.

Сырға - үнемі тағып жүретін әшекейдің бірі. Оны ертеректе тұмар ретінде тағатын болған.

Білезік - әдетте сыңар қолға немесе екі қолға екеуін, кейде бір қолға екеуін бірден тағатын болған. Білезіктің тұтас және құрамды бөліктерден тұратын түрлері де бар

Тұмарша, бойтұмарлар – күмістен жасалғаніші қуысыдыс және ол үшбұрышты, төрт бұрышты, түтікше формасында жасалады. Тұмарлар ішіне қағазға жазылған Құран сүрелерін сақтап жүрген. Оның тіл көзден, пәле–жаладан қорғайтын қасиетіне сенген.

Әйел белдіктері- көбіне мақпал, жібек маталардан жасалған. Ер адамдардың белдіктері сияқты әйел адам белдіктері де металл шытыралармен, сонымен қатар түрлі бағалы тастардан көз қондырып әсемдеген. Хас (нефрит) тасын пайдаланған. Қазақ халқы хаспен (нефритпен) әсемделген киім адамды найзағайдан сақтайды деп есептеген.

Ер адамның белдіктері үш топқа бөлінеді: күнделікті, әскери, салтанатты (7мин)

Тапсырмалар

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті көсемше жұрнақтарын қойып жазыңдар.

Ол үлкендердің айтқан әңгімесін тыңда... отырды. Таңертең сол жаққа өзім бар... жатырмын. Айтылған сөзден кейін үндеме...отыр. Олар театрға бар... отыр. Оның уақыты болма... жатыр. Бәйгеде алған жүлдесі туралы айт... берді.

2-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құраңдар.

1. Шеберлер әшекей бұйымның бетіне алтын жалатып, үстін алтын таспен безендірген.

2. Металдан түрлі әшекей бұйымдар дайындауда қазақ шеберлері көп үлгілер қалдырған.

3. Қазақ халқының атадан балаға таралып келе жатқан өнерінің бір түрі-зергерлік. .(5 мин.)

108-бет, 5-тапсырма. Жақшадағы көсемшелерді аударып жазыңдар.(3мин.)

Сабақты бекіту

Әшекей іздеушілер» ойыны (8 мин)

Бағалау Үйге тапсырма: 4-тапсырма. Берілген сұрау есімдіктерін пайдаланып, мәтін бойыеша 5-6 сұрақ қойыңдар.

Пәні: қазақ тілі

Пәні: қазақ тілі

Мақсаты: Тақырып бойынша мағлұматты меңгереді.

Міндеті:

Теледидар пайдасы мен зияны туралы ақпарат алады;

- зат есім,зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтарды қайталау.

-сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа білімді ұштай білуге дағдыланады;

-топта жұмыс жасауға қабілеттері қалыптасады.

Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ (моноблокты ) пайдалану,

Оқушылардың жас ерекшелі, Талантты және дарынды балаларды оқыту,Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау, Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Стратегиялық іс-әрекеттер: «үш қадамды диалог», «Кластер», «Бағдаршам», «Тақырыптық теннис», «Жуан,жіңішке сұрақ».

Күтілетін нәтижелер: ойын жеткізу барысында көрген,естіген мәліметтері жайлы айтады.

-Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлейді

-оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну.

-Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғады.

-өз ойын қысқашы білдіреді.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті .Бағалау

Ресурстар

I Мотивациялық кезең (Проблеманы айқындау)

Психологиялық ахуал.

Мақсаты: Сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудыру арқылы балаларды бүгінгі сабаққа даярлау.

Топқа бөлу «Хабар» «Қазақстан» арнасымен

Мақсаты: оқушыларды топпен жұмыс жасауға бағыттау

«Топ ұстанымы»

Оқушылармен сәлемдесу

Көңіл-күйлерін сұрау;

Оқушыларды түрлі-түсті қарындаштар арқылы топқа бөлемін.

Ынтымақтастық атмосфераны орнату.Миға шабуыл «Айтуға оңай» «Жан жылуы» қай арна бағдарламасы?

Мұғаліммен амандасады, көңіл-күйлерімен бөліседі және мұғаліммен көңіл-күйлерімен бөліседі.

Өз ұсыныстарын білдіреді. Бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарайды.

-сабаққа кешікпеу;

-басқаның пікірін сыйлау;

-уақытқа бағыну, регламент сақтау;

-тапсырмаларды тиянақты орындау;

Топ ұстанымы

Ынталандыру (жақсы, өте жақсы, жарайсыңдар)

«Бағдаршам» формативтік

Ынталандыру (жақсы, өте жақсы, жарайсыңдар)

АКТ, флипчарт,

«Түрлі –түсті қарындаштар»,

мақсаты: оқушылардың зат есім,зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтарды қайталау

Карточкамен жұмыс

Оқушылардың жауаптары:

Ойларын жүйелі түрде жеткізе біледі. Тақырыптан ауытқымайды.

Оқушылар ойланып, ойын жинақтап жазады,еске түсіріп ауызша жауап береді.

Ынталандыру (жақсы жарайсыңдар)

Сұрақ қою (БЖӘ)

Түсінік

Қабылдау


II Операциялық кезең

Жаңа сабақ.

«Класстер»

Мақсаты: тақырыпты ашу үшін

1.Балалар, «теледидар» деген сөзді естігенде не естеріңе түседі.

Бүгінде теледидар,компьютер,смартфон,ұялы телефон адам өмірінде байланыс құралы,ақпарат көзі болып саналады.Бірақ бұл құралдарды шамадан тыс қолдануға болмайды.Зерттеулер бойынша ұзақ уақыт теледидар алдында отырған адам тез шаршайды,ашуланшақ,ұмытшақ болады. Адам ағзасында холестерин мөлшері артады,көзі шаршайды,ұйқы бұзылады. Қазіргі плазмалық,сұйық кристалды теледидар адам ағзасына екі есе көп әсер етеді. Жаман бағдарламалар адам психикасына әсер етеді,бала қатыгез,мейірімсіз болып өседі.Теледидар пайдасы да бар.Теледидардан танымдық (познавательные)бағдарламалар, әлемдегі жаңалықтар,спорт,денсаулық туралы ақпарат көруге болады. Әр нәрсені ережеге сай көруге, ұстауға дағдыланса,денің сау болады.Теледидарды күніне 3 сағаттан артық көруге болмайды. Теледидарды 2 метр қашықтықта көрген дұрыс. Теледидар алдында отырып тамақ ішуге болмайды, асқазан сөлі дұрыс бөлінбейді гастрит ауруы қозады. Ұйықтайтын бөлмеге теледидар,көмпьютер қоюға болмайды. Мәтінмен жұмыс.Оқып түсіну,5 зияны мен 5 пайдасын теріп жаз.5 етістікті етіс тұлғасына қойып жаз. Менің жақсы көретін телебағдарламам 3 сөйлем құрастыру.

Сөздікпен жұмыс:

Әр топ постерге түсіреді

Оқушыларға бір жіңішке,бір жуан сұрақтар құрастыруға ұсынылады..

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлайды, топ мүшелерімен пікір-алмасады, шапшаңдық қабілеттері байқалады.

1-топ Теледидар пайдасы туралы жазады

2-топ Теледидар зияны туралы жазады.Оқушылар берілген тапсырманы топпен орындайды.

Оқушылардың жылдамдақтары мен тез ойлау қабілеттері байқалады.

Оқушылар топпен жұмыс жасай отырып, берілген тапсырманы тез жылдам орындайды. Бір-бірімен пікір алмасады. Диалогка түседі.

Оқушылар топпен құрастырады.Топтарға сұрақтарын қояды.

Топтар сұрақтарды дәптерге жазады.

Ынталандыру (жақсы жарайсыңдар

«Бағдаршам»

«Тақырыптық теннис»

«Жуан,жіңішке сұрақ»

Бір-бірін бағалау

Мұғалім оқулықты қолдану арқылы оқушыларғы тапсырма береді.

Рефлексия

174 б.3-тапсырма

ОЖСБ-ға дайындалу

.

Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін тиянақтау. Талқылау жинақтауға дағдыландыру



Топтың әр мүшесі рефлексия жасайды

Өз-өзін бағалау

«v»

Білемін


«+»

Білмеймін

«-» мен үшін жаңа ақпарат

«?» мені таң қалдырды

С/тақырыбы: «Телевидениенің бағдарламалары»

С/мақсаты: оқушыларды телевидениенің бағдарламаларымен таныстыру, оқушыларды бір бағдарламаның үзіндісін көрініс ретінде көрсетуге ынталандыру және жобалауға үйрету

С/міндеттері:

1.Өткенді қайталау: телевидение, Алматы телевизия мұнарасы туралы оқушылардың білім деңгейін анықтау;

2.Үй жұмысын тексеру: «Қазақстан телеарналары» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап бере алуын анықтау және Қазақстан телеарнасындағы танымдық бағдарлама туралы әңгімелеуін жауаптарын тыңдау, жазба жұмысын орындауын тексеру

3.Оқушыларды 3 топқа бөлу, бағалау парағымен жұмысын түсіндіру.

4. Жаңа тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстыру, бір бағдараламаның үзіндісін көрсетуге ынталандыру және «Денисовка телевидениесі» жобаны қорғау

5.Рефлексияны өткізу, бағалау, қорытындылау

С/әдісі: сұрақ-жауап, сөйлесу, түсіндіру, сын-тұрғысынан ойлау, АКТ, жоба технологиясы, топтық жұмыс, бағалау формалары

С/түрі: аралас

С/көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, түрлі түсті маркерлер, ватман, тест сұрақтары (үлестірмелі қағаз)

Пәнаралық байланыс: информатика сабағы, физика, әдебиет, музыка, әдеп, дене шынықтыру сабақтары

С/барысы:

Саб.


Кезеңі, уақыты

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Ескертпе


1.Ұйым-дастыру кезеңі, 3минут

-Сәлемдесу

- Оқушыларды түгендеу

-Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Тренинг өткізу

Бағалау туралы айту

-Сәлемдеседі

-Кезекші мұғалімнің сұрақтарын жауап береді

-Оқушылар тренингте қатысады.

Мен саған бүгінгі сабақта жақсы білім алуға тілектеспін

Мен саған бүгінгі сабақта бес алсын деймін

Сен бүгінгі сабақта жақсы білім ал

Телевидение туралы көп біл

2.Өткенді қайталау, 7 минут

Сұрақтарға жауап беру:

Телевидение туралы:

1.Қазіргі радио мен телевидениеде қандай өзгерістер болып жатыр?

2.Хабарларды түсіру мен беруде қандай жаңа технологиялар қолданып жатыр?

3.Коммерциялық телевидение дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Қоғамдық телевидение халықты қандай бағдарламалармен қамтуға тырысады?

5.Теледидардан қандай бағдарламаны көргенді ұнатасыңдар? Неге?

6.Бүкіл дүниежүзілік теледидар күні қашан?

Алматы телевизия мұнарасы:

7.Телевизия мұнарасы деген не?

8.Ол қай жерде орналасқан?

9.Мұнараның биіктігі қандай?

Сұрақтарға жауап береді:

1.Қазіргі радио мен телевидение жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатыр.

2.Хабарларды түсіру мен беруде сандық технологиялар қолданып жатыр

3.Коммерциялық телевидение – ақылы телевидение

4.Қоғамдық телевидение халықты жаңалық және білімдік, сөздік-танымдық бағдарламалармен қамтуға тырысады

5.Теледидардан білімдік бағдарламаны көргенді ұнатамын. Өйткені олар білім деңгейін көтереді.

6.1996 жылы 17 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 21 қарашаны бүкіл дүниежүзілік теледидар Күні деп жариялады

7.Радио-телевизия хабарларын тарататын станциялардың кешені

8.Көктөбенің беткейінде орналасқан

9.372 метр

Интерактивті тақтада суреттері көрсетіледі

3.Үй жұмысын

Тексеру, 7 минут

«Қазақстан телеарналары» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру:

А)1.Қазақстан Республикасында қандай телеарналар бар? Атап шығыңдар

2.Қандай телеарнаны жиі көресіңдер?

3.Қазақстан» телеарнасынан қандай хабарлар беріледі?

4.Қазақстандық теледидар хабарлары сағат нешеде басталады? Аяқталатын уақыты қашан?

5.Қандай телеарнадан білім беру хабарларын көруге болады?

Ә)Қазақстан телеарнасындағы танымдық бағдарлама туралы әңгімелеңдер

Б) «Хабар» телеарнасы бойынша өздеріңе ұнайтын бағдарламалар бойынша кестені толықтырыңдар

Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді:

1.»Қазақстан», «КТК», «Хабар», «31 арна», «Евразия», «НТК»

2. «КТК» арнасын жиі көремін

3. «Таңшолпан», «Сырғалым», «Айтуға оңай», Жаңалықтар, «Ұлы Жеңіске – 70 жыл», «Жарқын бейне» және тағы басқалар

4. Қазақстандық теледидар хабарлары сағат таңғы алтыда, жетіде басталады? Аяқталатын уақыты - түнгі сағат екіде, үште?

5. «Қазақстан» телеарнасында «Поэзия әлемі» хабарын, «Евразия» телеарнасында «101 кеңес» хабарын көруге болады.

Ә)Қазақстан телеарнасында «Таңшолпан» танымдық бағдарламасы өте көп мәлімет береді

Б)Оқушылар жазбаша түрде тапсырмасын көрсетеді, түсіндіреді.

Интерактивті тақтада сызба берілген, оқушылар тақтада флипчарт бойынша толтырады

4. Жаңа сабақ, 12 -14 минут

1.Оқушылар 3 топқа бөлінеді: әр түрлі түсті қағаздарда телеарналардың аты жазылған, буынға бөліп, оқушылар буындарды қосып, арнаның атын тауып, топтар ұйымдастырылады.

«Қазақстан», «Евразия», «Хабар»

2.Тапсырма: берілген бағдарламаларды мұқият оқып, өз арнасының бағдарламасын табу:

Сөздік жұмысын өткізу кейбір сөздермен жұмыс

«Пусть говорят», «Жаңалықтар», «Бармысың, бауырым?», «Жаңа күн», «Айтуға оңай», «Ұлт мақтанышы», «Ду қол шоколад», «Караоке такси», «Спорт әлемі», «Айтұмар», «Ұлт саулығы», «Сәтті сауда», «Баламен бетпе-бет», «Жаңалықтар», «Жарқын бейне», «Жұма уағызы», «101 кеңес», «Әр үйдің сыры басқа», Таңшолпан»

3.Тапсырма: Әр топ өзінің арнасында өтетін бір бағдарламаны таңдап алып, әңгімелейді, ноутбук бойынша бейнесюжет тауып көрсету, рольдерін орындап үзіндісін көрсету. Әр топ бір-біріне баға қояды

Бағалау критерийлері:

1.Бағдарлама туралы әңгімесі қысқа, ең негізгі бағдарламаның жұмысы (жарнама түрінде)

2.Бейнесюжетінің сапасы өте жақсы, түсінікті, қысқа, мерзімі 1 минут.

3.Үзіндісі 1минуттың ішінде орындалып, аяқталу керек.

1.Оқушылар 3 топқа бөлінеді

«Қазақстан», «Евразия», «Хабар»

2.Телеарналар:

«Қазақстан»

«Евразия»

«Хабар»

«Таңшолпан», «айтуға оңай», «Баламен бетпе-бет», «Жаңалықтар», «Ұлт мақтанышы», «Жарқын бейне»



«Пусть говорят», «Жаңалықтар»,»Жұма уағызы», «Ду қол шоколад», «Караоке такси», «101 кеңес»

«Бармысың, бауырым?», «Жаңа күн», «Сәтті сауда», «Ұлт саулығы», «Айтұмар», «Спорт әлемі», «Әр үйдің сыры басқа»

3. «Қазақстан арнасы» - «Таңшолпан» бағдарлама туралы бейнесюжет тауып, әңгімелейді, үзіндісін көрсетеді:

оқушылар сергіту сәтін көрсетеді (барлық сынып қатысып отырады)

«Евразия» арнасы – «Караоке такси»:

Караоке бойынша бір қазақтың әнін орындайды

«Хабар» арнасы «Бармысың, бауырым?» бағдарламасының үзіндісін көрсетеді

5.Жаңа сабақты бекіту, 6 минут

1.Тапсырма: ақ парақта әр топқа тапсырма Денисовка телевидениесі туралы жобасын жасау, жұмыс уақыты – 3-4 минут

1 топ – Денисовка телевидениесінің қандай тілде жүргізілу керек, жұмыс уақыты, жұмыс орны қайда болу керек?

2-топ – қандай мамандар жұмыс істеу керек, олардың негізгі қызметі қандай?

3-топ – қандай бағдарламалар болу керек? Неге?

6.Үйге тапсырма, 1-2 минут

3-тапсырма 167 бетте: диалогті әрі қарай жалғастырып, өзара сөйлесіңдер және тест тапсырмаларын орындау:

Тест:

1. «Қазақстан» телеарнасы эфирге алғаш рет қашан шықты?



А)1956 жылы 8 наурызда

В)1991 жылы 8 наурызда

С)1958 жылы 8 наурызда

2.»КТК» телеарнасы қай жылдан бастап жұмыс істейді?

А)1956 жылдан

В)1991 жылдан

С)1995 жылдан

3.»31 арна» хабарларының таратылуы қашан басталды?

А)1956 жылдан

В)1998 жылдан

С)1995 жылдан

4. «Таңшолпан» бағдарламасы қандай телеарнаға жатады?

А)КТК

В)Қазақстан



С)Хабар

5. «Жаңалықтар» бағдарламасы қандай телеарналарда жүргізіледі?

А)КТК, НТК

В)Евразия, Қазақстан

С)Хабар, Алау

7.Рефлексия,

3 минут

Берілген ақ қағаздан микрофон жасау:



Микрофонның басына: не білдік?

Микрофонның тұтқасына: не білгіміз келеді?

Келген қонақтар өз ұсыныстарын, тілектерін берілген стикерлерге жазып, тақтаға жапсырады.

8.Бағалау, 3 минут

Бағалау парақтардағы балдарды санап, жалпы житондарын санап, қызыл житон – «5», көк житон – «4»,

Сары житон – «3»

Сынып: 10а Пән: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев "Ескендір" поэмасы

Сабақтың мақсаты міндеттері: Білімділік: Поэманың идеясын түсіндіре отырып, идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру, көркем туындыны түсіне білуге, мәнерлеп оқуға, ақынның образ жасау шеберлігін ұғынуға жол ашу

Дамытушылық: Поэманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру

Тәрбиелік: Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып, рухани имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: СТО технологиясының элементтері бар аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, МСК, тест

Сабақтың көрнекілігі: дәйексөздер, Абай шығармалары

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі: (2 минут)

ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Пікірталас картасын толтырған болатын, сол бойынша сұрақтар қою.

Оқулықтағы мәтінді оқып, шығарманы толық талдауға дайындалып келу. Суреттердің біздің сабағымызға қатысы болды ма?

"Ай нұрын ұстап мінсе де, Қызыққа тоймас адамзат" Бұқар жырау.

ІІІ Жаңа сабақ - талдау сабағы: "Ескендір"

Абай поэмалары

"Ескендір" "Масғұт" "Әзім әңгімесі"

1) Әдебиет теориясы: "Поэма" - грек сөзінен шыққан, "туынды" деген мағынаны береді, өлеңмен жазылады. Көлемі

2) Қызықты дерек: "Ескендір" поэмасының сюжетін алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ғалымы болған француз Альберт фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан В. А. Жуковский 1844 жылы аударады. Мұнда А. Македонскийдің қырып - жоюы туралы жырлайды. Бұл сюжет Абайды да қызықтырады. Абай сюжетінде өзгеріс бар. Поэмада Ескендірдің аты - жөнін, әкесін, тұрған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы - Аристотельді қосады. Абай шығармасы тұпнұсқаға ұқсас. "Ескендір" поэмасы тармақты 42 шумақтан тұрады.

3) Мінездемелік салыстырушы карта:

Ескендір


Аристотель

қабілетті

менмен

тапқыр


батыл

4) Түсіндірме сөздік

1. Хакім - ғалым

2. Данышпан -

3. Иман -

4. Ғибрат - үлгі

5. Нәпсі -

6. Араны -

Мазмұндау жоспары: Жұптық жұмыс

1. Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары, әскердің шөл далада қиналуы

2. Бұлаққа кездесуі, жаулап алмақ ниетпен қала қақпасына баруы

3. Ескендірдің бұйрығы

4. Күзетшінің сыйлығы

5. Аристотель шешімі

6. Ақын өсиеті

ІҮ Бекіту:

Ой тұжырымдау:

Шығарма атауы

Жанры, түрі

Тақырыбы, идеясы

Түйінді ой

Тест тапсырмалары

1. Ескендір таққа отырғанда неше жаста болған?

а) 43


ә) 32

б) 21


2. Ескендірдің әкесінің есімі кім?

а) Филипп

ә) Македония

б) Аристотель

3. Тарихта ол батыл, жүректі, ақылды, қайратты тұлға ретінде қалды:

а) Ескендір

ә) Аристотель

б) Масғұт

4. Әл-Фараби кімді өзіне ұстаз тұтқан?

а) Ескендір

ә) Аристотель

б) Әзім


5. "Тойымсыздық" сөзіне мағынасы жақын сөз

а) қасиетсіздік

ә) ашкөздік

б) мешкейлік

1) б 2) а 3) а 4) ә 5) ә,б

Ү Қорыту: Мешкей деген жақсы ат емес. Абайша айтсақ: ашкөздік, тойымсыздық дерт екен. Дүниеге қанағат ете білу, артық малыңды ысыраптамай, мұқтаж жандарға көмектесуді Алла бізге парыз қылды. Пендеміз деп өзімізді қызыққұмарлыққа салынуға жібермеуіміз керек екен.

Үйге тапсырма:

Поэманы оқып, көркемдік құралдар табу, анықтама жазу, жоспар бойынша көркем мазмұндау конспектісін жасау.

Оқушылардың еңбегін бағалау.

Сабақ № 41 Мерзімі: 6.02 Сынып: 10а Пән: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: «Өтеген батыр» дастаны

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жамбылдың жыршылық қырын таныту, дастанның мазмұны, тәрбиелік мәнін түсіндіру, талдауды үйрету; Дамытушылық :оқушылардың ой-өрісін дамыту, әдебиетті сүюге баулу, қосымша тарихи деректер келтіру арқылы пәнге қызығушылығын ояту; Тәрбиелік: адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, ақын өмірін үлгі ету, Өтеген батыр бейнесі арқылы Отанын,өнерді сүюге баулу.

Түрі: дәстүрлі жаңа сабақ

Типі: Жаңа сабақты меңгеру

Көрнекіліктер: Жамбыл Жабаевтың портреті, дастан мәтіндері, слайд.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих.

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, жұмылдыру.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Жамбыл Жабаев, оның өмірі, отбасы, қоғамдық қызметі, жалпы шығармашылығы туралы ізденіс тапсырмалары берілді, сұралып, талқыланады.

ІІІ Жаңа сабақ: Дастандары: “Өтеген Батыр”, “Сұраншы Батыр”

«Өтеген батыр» дастаны кім туралы, не жайында? Соны білмек керек.

Өтеген батыр (1699-1773) – XVIII ғасырдың І-жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа араласқан.1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып, жоңғарлармен айқасады. 1470 жылы Іле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинаған Төле би әскеріне қосылып, елін жаудан азат етіседі. 1756 жыл шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделібайсында 17 жыл жүріп қайтыпты деген аңыз да бар.

Өтеген батыр – ел арасында аңызға айналған адам. Оны алғаш жырлаған Сүйімбайдың бабасы Күсен ақын. Өтеген батыр жайында тарихи дерек жинаған тарихшы Делебаевтың материалына қарағанда, Тілеміс, Майкөт ақындар да батырды дастан етіп жырлаған екен. Бұлардың ішінде бізге жеткені – Жамбылдың «Өтеген батыр» дастаны. Өтеген батыр туралы дерек-аңыздар жинауға әдебиетшілер Е.Ысмайылов, Қ.Тұрғанбаев, Н.С.Смирнова, С.Бегалиндер қатысқан. Алматы облысының Бозой мен Қарой аралығында Өтеген батыр есімімен аталатын жерлер бар.

ІV Дастанды талдаудың концептуалды кестесі (алдымен жеке толтырылады, сонсоң көптің пікірі тақтада толтырылады)

Шығарма атауы, авторы

Жеке пікірім

Талдау қорытындысы

Жанры, түрі

Құрылысы


Тақырыбы

Идеясы


V Қорытынды: Жыршы, жыраулық өнерімен де танымал болған Жамбылдың жүз жасаған өмірінде артына қалдырған мол мұрасы қанша сусындағымыз келсе таусылмастай кәусар бұлақ екеніне көз жеткіздік деп сенемін. Ендеше, Өтеген батырдың ерліктері көпке үлгі болғанын Жамбыл қалай жырлаған, көркемдігін қалай бағалайсыңдар?

VІ Оқушыларды бағалау.

VІІ Оқушыларға үй тапсырмасын беру: дастанды мазмұндау жоспары мен конспектісін жазу.

Сабақ № 42 Мерзімі: 10.02 Сынып: 10а Пән: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: « Сұраншы батыр.» дастаны.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жамбылдың жыршылық қырын таныту, дастанның мазмұны, тәрбиелік мәнін түсіндіру, талдауды үйрету; Дамытушылық :оқушылардың ой-өрісін дамыту, әдебиетті сүюге баулу, қосымша тарихи деректер келтіру арқылы пәнге қызығушылығын ояту; Тәрбиелік: адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, ақын өмірін үлгі ету, Өтеген батыр бейнесі арқылы Отанын,өнерді сүюге баулу.

Түрі: дәстүрлі жаңа сабақ

Типі: Жаңа сабақты меңгеру

Көрнекіліктер: Жамбыл Жабаевтың портреті, дастан мәтіндері, мақала("Саурық пенен Сұраншы намысы болған елінің").

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сынып оқушыларын түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасы: Өтеген батыр кім? Тарихта болған ба? Әлде бұл тек аңыз ғана ма?

Жамбылдың суреттеуінде оның бейнесі қандай?

ІІІ.Жаңа сабақ: "Сұраншы батыр" дастанын оқу.

Топтастыру "Сұраншы" категорияларды өздері тауып, күнді толтыруы керек.

Сұраншы батырдың қандай адам екенін байқадыңдар?

Қызықты дерек:

Осы жырды қандай жырға ұқсатар едіңдер? Қай жолдар арқылы?

Ақын осы екі дастанды біp жылдары қатар жырласа керек. «Сұраншы батыр» дастанын Жамбыл ең алғаш рет Садырмек деген беделді кісінің асы күні толғапты. Бұл жиын Жиренайғыр деген өзеннің бойында өтеді. Ертеде Сұраншы батыр қоқандықтармен осы өзен бойында соғысып жеңіске жеткен екен. Міне осы өзен бойында жайлаған Шапырашты, Дулат, Ысты, Жаныс ақындар Жамбылдан «Сұраншы батыр» дастанын жырлауды өтініпті. Халық талабымен Жамбыл «Сұраншы батырды» таң атқанша жырлаған екен. Сұраншы – тарихта болған адам, Жетсу халқының мүддесін корғаған нағыз батыр. Жер жәннаты Жетісуды алуға бip жағынан патшаның, екінші жағынан – қоқандықтардың ұмтылғаны тарихтан белгілі. Қоқандықтардың озбырлығынан зәбір көріп, бастарына қаралы күн туған халық ендігі үміт Сұраншы батырда екендігіне тоқтасады. Сөйтіп, хабаршы жіберіп, Сұраншы батырды алдырады. Сол кездегі Сұраншы батырдың бейнесін, батырлық тұлғасын даралауда ақын өте шеберлік көрсеткен. Оның жауға қарсы соғысы да ақындық шабытпен шынайы суреттеледі. Арыстандай ақырған азулы жауға қарсы түлкідей айлалы болу керек екенін өсиет еткен Сұраншы батыр Қарасай батырдың соғыстағы амал - тәсілдерін қолдана отырып, жауды жеңіліске ұшыратады.

«Сұраншы батыр» жырын батырлар жырымен салыстыру.

V Үйге тапсырма: Дастанды оқып, талдауға дайындалу.

VІ Рефлексия кезеңі: ««Аяқталмаған сөйлем»: Бүгінгі сабақтан мен өзіме не алдым?..

Бағалау критерийлері

1.Үй тапсырмасын орындауы — 2

Сөз саптауы

Ой ұшқырлығы

2. Сабақтағы белсенділігі- 1

3.Шығармашылық қабілеті- 2

4.Жаңа тақырыпты меңгеруі- 2

5. Тапсырмаларды өз бетімен орындай алуы- 2

6.Өтілген тақырыптан ой – түюі — 2

7. Көшбасшылығы – 1

8. Өз ойын еркін жеткізе алуы -2 (жиынтық бағалау )

Формативті бағалау- бір топтың ішіндегі оқушылар бірін – бірі бағалайды .(жоғарыдағы критерий бойынша )

Дереккөздер және жабдықтар:

Кейінгі тапсырмалар немесе

Портфолио деректері

Оқушылардың орындаған шығармашылық тапсырмалары, жазған эсселері





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет