Мәтін не туралы деп ойлайсыңдар?
Мұғалім оқушылардың назарын өзіне аударады.
Мәтінді өзі оқиды.
Жеке оқушыларға оқытады.
Мазмұнына байланысты тапсырмалар орындайды.
Мәтін не туралы?
«Бәсіре» дегенді қалай түсінесіңдер? Мәтіннен сөйлем ішінде бас әріптен басталып жазылған сөздерді табады. Олар неліктен бас әріптен басталып жазылған?
«Сұрақ-жауап»
Балалар, біз қазақ халқының қандай салт- дәстүрі туралы білдік?
Бәсіре деген не?
Бекжанға бәсіреге қай малды атады?
Қарақасқа сөзі қандай әріппен жазылған? Олай болса, өзіміз ойымызды қорытындылайықшы.
Үй хайуанаттары мен жануарларына қойылған аттар қандай әріппен жазылады?
(Балаларға ереже дайын күйінде берілмейді. Оқушыларды өз ойларынан қорытынды жасауға жетелейді.)