Казбек Айя вт – 23 Әлеуметтану СӨЖ 14 Басқару әлеуметтануы



Дата13.12.2021
өлшемі35,55 Kb.
#100154
Байланысты:
Казбек Айя ВТ - 23 СӨЖ глоссарий


Казбек Айя ВТ – 23

Әлеуметтану СӨЖ 14

Басқару әлеуметтануы

Тапсырма: Глоссарий жазу



Терминдер: Ұжым, топ, мотив, бұйрық, административтік басқару, лидерлік, шешім, болжам, әлеуметтік басқару.

Әлеуметгік басқару — қоғамдағы адамдардың мүдделері мен іс-әрекеттерінің бағытын оның мазмұны мен карқындылығын реттеп, адамдардың қоғамда алатын орны мен рөлін айқындайтын әлеуметтік катынастарды үйлестіріп отыру. 

Әлеуметтік басқару — ұйымдық жағынан қалыпқа келтірілген құрылымдардың, олардың арасындағы басқару байланыстарының жиынтығы. 

Ұжым – ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі.

Ұжым – бір-біріне әсер ететін, өзара әлеуметтік негізделген мақсаттармен, мүдделермен, өзін ұстаудың нормалары мен талаптарының қажеттілігімен, бірге атқарылатын қызметпен, қызмет құралдарының ортактығымен, басшылық білдіретін еріктің ортақ болуымен біріккен адамдар тобы. Ұжым жай топқа қарағанда дамуы жағынан жоғары.

Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы. Бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. 

Топ — жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы.

Мотив дегеніміз – адамның түрлі дәрежедегі саналы және астарсанадағы қажеттіліктер жүйесінен туындайтын, белгілі әрекет-қылық актісін орындауға бағытталған итермелеуші күш.

Бұйрық – басқару актісі. Бұйрық бірнеше мәрте қолдануға арналған әрі белгіленген ахуал шегінде барша адамның орындауы міндетті болып саналатын жалпылама сипаттағы мінез-құлық қағидаларын мазмұндайды. 

Бұйрық құқық жосындарын қолдану әрекеті болып саналады әрі жекеше сипаттағы мәселенің шешімін табу үшін шығарылады.

Административті басқару – бұл билік пен тәртіпке негізделген персоналға ықпал ету әдістері мен құралдарының жиынтығы. Негізгі ерекшелігі - белгілі бір жағдайда объектіге және орындаушылардың мінез-құлқына тікелей әсер ету.

Болжам – мәні толық анықталмаған заттар мен құбылыстардың негізінде жатқан ішкі байланыстар мен қатынастар туралы ұсынылатын ғылыми жорамал.

Болжам – логикалық ой қорыту негізінде пайымдау.

Болжам – зерттелетін обьектінің болашақтағы мүмкін жағдайлары туралы, оның дамуының альтернативтік жолдары туралы түсінік.

Шешім – сюжеттің құрамдас бір бөлігі, шығармадағы оқиға желісінің әбден шиеленісіп барып, тиянақталатын, кейіпкерлер арасындағы тартыс-қақтығыстар, әр түрлі қайшылықтардың бір арнаға келіп тоғысып, оқиғаның даму барысындағы байланған түйіндер шешілетін тұсы. 

Лидерлік – жекелеген адамның туа біткен қасиеті және мүлдем мәңілікке берілген артықшылық емес.

Лидерлік дегеніміз – әрқашанда қорғап қалуға керекті белгілі бір мәртебе, позиция, адамдардың іс-әрекетіндегі, саяси процестегі аяқ астынан болатын нәрселерді бастан өткере білу.

Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет