|
|
композициясын құрастыруды ұсыныңыз. (Ө,Ж,Қ) Оқушыларға 2 заттан тұратын натюрморт композициясын құрауды ұсыныңыз. Олардың назарын альбом бетіне дұрыс орналастыруға, пропорциясына аударыңыз. Сұрақтар қойыңыз: Сен қандай натюрморт салар едің? Натюрморт салу үшін қандай заттарды таңдайсың? Сурет нобайын неден бастайсың? Суретте заттарды қалай орналастырасың?
Оқушылар түспен жасалған натюрморт жұмыстарын аяқтайды. Сұрақтар қойыңыз: Фон үшін қандай түстерді таңдайсың, заттарды қандай түспен бояйсың? Затқа
түс арқылы қалай көлем беруге болады?
|
Натюрморт элементтерінің санын ескеру арқылы тапсырманы деңгейлеңіз. Мысалы, жан-жақты дағдылы оқушылар бірнеше элементтерді үйлестіру арқылы натюрморт құрастыра алады.
|
|