Сабақ жоспары 9 Пән: Көркем еңбек 2-сынып -тоқсан


Көркем еңбек Бастауыш мектеп 2-сынып



бет24/82
Дата06.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#79660
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82
Көркем еңбек Бастауыш мектеп 2-сынып

3 В-бөлім: Менің мектебім

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар қимыл-қозғалысты және қарапайым механизмдерді зерттей отырып, өнер әлемі туралы тәжірибе мен білім жинақтады. Олар қарапайым
бұйымдарды жобалау және жасау, компоненттерді, материалдар мен құрал-сайманды өздігімен және шығармашылықпен қолдана отырып тәжірибе жинақтады.

Тілдік мақсаттар
Берілген бөлімде оқушылар пәннің мақсатына жетуі үшін түсінікті ғылыми тілде жазылған тілдік мақсат үлгісі төменде берілген

Пәнді оқыту мақсаты

Пән лексикасы және терминология

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері

Оқушылар:

  • кітаптағы иінтірек қалай жұмыс істейтінін түсіндіре алады.

Келесілер қамтылады:

  • бағыт, жоғары, төмен, артқа, алға, оңға, солға;

  • әрекет, тарту, итеру, қозғалтқыш, ілмек;

  • білікке кигізу, қосу, қозғалу, айналу;

  • қатырма қағаз, желім;

  • нысандар, бет;

  • пайда болу, көрінбей кету, таңғалу

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қандай бөліктерді қозғалмалы етіп жасайсыңдар?

  • Бұл үшін қандай әдістер қолданылады?

  • Кітаппен жұмысты аяқтау үшін не дайындап қою керек?

  • Мұқаба қандай болуы керек?

  • Кітаптың парақтарын қалай біріктіресің? Неге?

  • Иінтірек қалай жұмыс істейді?

  • Оны тартса немесе басса не болады?

Неліктен … айта аласың ба?

Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру
үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз.

Қысқаша шолу

Бұл бөлім оқушылардың кітап парақтарын жасаудағы қарапайым механизмдерді пайдалану дағдыларын дамытады. Оқушылар жобадағы идеяларды қимыл жасау үшін пайдаланылатын қарапайым слайдер, иінтіректер көмегімен іске асыру тәсілдерін қарастырады, оларды іске қалай асыруға болатынын, олардың не үшін қолданылатынын зерделейді. Олар жобалау, жоспарлау және дайындау дағдыларын дамытуды
жалғастырады, алайда көбінесе бірнеше материалды (яғни, қатырма қағазды), құрал-сайманды пайдаланып, иллюстрациялар жасауға көңіл бөледі, жалғастырып қосу мен біріктірудің анағұрлым тиімді тәсілдерін анықтайды және салыстырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет