(С, Қ) Сабақтың басында оқушыларға әр түрлі кітаптарды көрсетіңіз. Оқушылар балаларға арналған кітаптардың үлкендерге арналған кітаптардан айырмашылықтарын көрулері керек. Балаларға арналған кітаптар ашық түсті, әр түрлі пішінді, көптеген түрлі- түсті суреттермен, оқуға ыңғайлы ірі әріптермен жазылған.
Сұрақтар қойыңыз:
Бұл суреттерден сен не көріп тұрсың?
Олар қалай және неден жасалған?
Олар кімдер үшін жасалған?
Сен неге олай ойлайсың?
(С) Балдырған кітапшалары, қолдан құрастырылған кітапшалар жайлы әңгімелеңіз. Олар қағаздан, матадан жасалған. Оларды кішкентай бүлдіршіндер оқиды, өйткені көптеген әдемі суреттермен безендірілген.
(С) Оқушылармен кітап жасау үшін не істеу керектігін талқылаңыз. Оқушыларды қысқа (сюжетті)оқиға ойластыру керектігіне бағыттаңыз. Онда неше кейіпкердің болатынын және басты кейіпкердің кім екенін анықтау.
(С, Ө) Оқушыларға сұрақтар бойынша ойлануды ұсыныңыз:
|
Оқушыларға балаларға арналған кітаптар суреттерінің көп болуымен ерекшеленетінін түсіндіріңіз. Олар ерекше пішінде болуы мүмкін. Барлық балалар оқу білмегендіктен, онда мәтіндер аз болып келеді. Олар ірі әріптермен жазылады.
Кітаптың авторы болады. Автор кейіпкер ойлап табады, ол туралы әңгімелейді және мәтін жазады. Яғни, сюжетпен жұмыс істейді. Сюжет - бұл кітаптың мазмұны. Суретші кітапқа суреттер салады. Содан соң кітапты басып шығарып, оқырмандарға ұсынады.
«Балалар оқимыз», «Өте аш жұлдыз құрт» атты америка жазушысы Эрик Карлдің өзі суреттеген кітабы жайлы бейнематериал көрсетуіңізге болады. Ең танымалы - «Өте аш жұлдыз құрт». Бұл кітаптың қызықтылығы сол - суретші кітаптың әр бетіне кішкентай жыртықтарды жұлдыз құрт кеміргендей етіп салады.
Сабақтың шығармашылық бөлігі кейіпкерлердің суреттерін салып, оның оқиғасын ойластыруға арналады.
Жұмыс барысында оқушылардың назарын кітап кейіпкерінің сыртқы
|
Қарапайым иінтіректермен жоғары қарай ашылатын кітаптар
Эрик Карл «Өте аш жұлдыз құрт» https://www.youtube.co m/watch?v=ki1FhZ7LvZ c
Қарапайым кітаптар жасауға арналғн вебсайт http://www.chudopredki. ru/7789-knizhka-svoimi- rukami-iz-bumagi.html
Ашылмалы механизм жасауға арналған сайт
http://www.maam.ru/dets kijsad/kniga-svoimi- rukami-147964.html http://www.maam.ru/obr azovanie/knizhki-svoimi- rukami/page3.html Қағаз, қатырма қағаз, сызғыш, қайшы, желім, қарындаш, түрлі-түсті қарындаштар.
Қатырма қағаздан
|