2.3
Дайындау технологиял ары
2.2
Шығармашы лық жұмысты орындау материалдар ы мен
техникалары
|
2.2.3.1
Әртүрлі тәсілдер мен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру
2.2.2.1 Әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу
|
(С) Сабақтың басында өткен тақырыптарды қайталап шығыңыз, оқушылардан кітапты ерекше етіп жасау үшін қандай әдістерді білетіндерін сұраңыз.
(С) Оқушыларға иінтіректі механизмі бар кітапты көрсетіңіз. Сұрақтар қойыңыз:
Кітаптар несімен қызықты?
Олар қалай жасалған?
Қалай және қай жері қиылып жасалған?
Бөлшектер қалай ашылады?
(К) Оқушыларды төңірегіңізге жинап, иінтіректі механизмнің орындалу кезеңдерін көрсетіңіз. Алдымен, суретті салып алып, оның қай бөліктерінің қозғалатынын анықтау керек. Содан соң үшкір қайшымен бөлшектің үш жағынан ойып, тесу керек. Төртінші жағы бүтін күйінде қалуы керек. Содан соң шыққан жармаларды ұқыпты ашып алу керек.
(Ж, Ө, Қ) Оқушылар шығармашылық жұмысты орындауға кіріседі. Олар әртүрлі пішін мен өлшемдердегі есіктер мен терезелерді суретке қосуы керек. Жұмыс барысында оқушылар өз қалаулары бойынша қағаз, мата, үлдір (пленка) және т.б материалдарды қолдануына болады.
(Ж, Ө) Тапсырманы аяқтаған соң оқушыларға өз жұмыстарына ат ойластыруды ұсыныңыз. Ашылатын механизм жайлы пікірлесу.
|
Ашылмалы механизмді оқушыларға есік пен терезе үлгілері арқылы көрсетуге болады.
Слайдер мен ашылмалы механизмнің (жылжымалы механизмге жақын) айырмашылығын көрсету қажет.
Оқушыларға сыныптың есігі мен пойыз купесінің есігі қалай ашылатыны туралы ойлануды ұсыныңыз. Бұл жерде қандай механизм қолданылғанын? Неліктен екенін талқылаңыз.
Дайын жұмыста ашылмалы механизмнің дайындалу технологиясының сақталуын бағалау керек, жармалар (бекітпе) ашылады, шашылмайды, ашық саңылауына өлшемі мен пішіні сәйкес келеді. Сонымен қатар түстік гаммасының таңдалуын: фоны мен бұйым түстерінің кереғарлығын бағалау. Жұмыс жасау барысында өткір, үшкір заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін қаншалықты сақтағанын бағалау қажет. Үстелдің
бетін сызып алмау үшін, сурет салатын парақтың астына қатырма
|
Ақ және түрлі-түсті қатырма қағаз, ұшы үшкір қайшы, түрлі-түсті қағаз, желім,
қалың мата, журнал қиындылары, скотч,
қайшы, терезе, есік тәрізді иінтіректің қарапайым механизмдері.
|