Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік:Дауыс аппаратының құрылысы жайлы мағлумат бере отырып сабаққа болған қызығушылықтарын арттырып білімділігін көтеру, оқушылардың сабаққа болған ынтасын арттыру.
2.Тәрбиелік:Сабақта өзін - өзі қадағалай алуға,өз міндетін білуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушының сөйлеу процесі, қиялдау процесін ,білім бере отырып дамыту
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: оқулықтар,дидиактикалық материалдар
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі:сұрақтар арқылы.
1.Тыныс алудың маңызы
2.Өкпенің құрылысы мен қызметі
3. Тынысалу мүшелерінің құрылысы, маңызы.
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:лекция түрінде.
Көмекей қабырғалары жұп және тақ шеміршектерден түзілген қуыс мүше.бұл шеміршектер сіңірлермен, буындармен және бұлшық еттермен қозғалмалы болып байланысқан.Ккөмекейдің қалқан тәрізді, оймақ тәрізді шеміршектері және тілшік шеміршегі, сынақ шемірегі болады. Тілшік шеміршегі көмекейдің кіреберіс үстінде орналасақан.Оймақ тәрізді шеміршек көмекейдің сақына секілді қаптап, ожау тәрізді шеміршектермен тікелеі байланысады. Қалқан трізді шеіршек (алдыңғы жағы)пен оймақ тәрізді шеміршекті (арғы жағы) оап даыс сіңірлері керіліп тұрады.Олардың керілу дәрежесі көмекей шеміректеріне бекінетін ересек бұлшық еттерге байланысты. Дауыс сіңірлерінің арасында дауыс саңылаулары болады.
Тыныс алу кезінде дауысатпарлары ажырап, үш бұрыш тәріздес ойық құрайды,оның көлемі тыныс алу мен тыныс шығаруға тығыз байланысты орталық жүйке жүйесіне тәуелді.
Дауыс қатпарлары бір жасқа толғанша және мутация кезеңінде қарқынды түрде өседі.
12жаста дауыс желбеектерінің ұзындығында жыныстық ерекелік байқала бастайды. Олар ер балаларға қарағанда қыздарда қысқарақ келеді :12 -13жасар ұл балаларда олардың ұзындығы 13-14м, өтпелі кезінде 6-8мм, ал20 жасқа толғанда 22-25мм жетеді. Қыздардың дауыс желбезектерінің өсуі баяу болады, әйелдердің дауыс желбезегінің ұзындығы 18-20мм.
Дауыс құрау кезіндегі тыныс алу мүшелерінің жүйесі үш топқа бөлінеді:
Ауа жинақтайтын және оның ағынының қозғалысына жағдай жасайтын мүшелер: өкпе , қолқа, кеңірдек
Дауыс шығаратын және дауыс құрайтын мүшелер : көмей, оның дауыс қатпарлары және бұлшық еттері
Дыбыстар күшейтуші және анықтағыш мүшелерді сайыстырушы : көмекей үсті қуысы (ауыз, мұрын, кеңсірік, ауыз және көмекей жұтқыншағы ), тіл, ерін, жұмсақ таңдай және басқа анықтағыш мүшелер, төмендегі күшейткіштер – кеңрдек пен қолқа.
Достарыңызбен бөлісу: |