Сабақ жоспары. Сабақ тақырыбы: Астың сіңірілу қасиеті. Тістің құрылысы түрлері. Модуль /пән атауы: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы Дайындаған педаго г: Нурметова Д. А


Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)



бет2/61
Дата08.12.2023
өлшемі1,42 Mb.
#195540
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Анатомия По урочный. 2021-22
еңбекті қорғау, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Қанайналым жүйесі, Нурметова Сарвиназ, Нурметова Сарвиназ, Ақпан 19, Ақпан 19, слайд розак, loglog 1431414032 129234, тест, физика 2019 нов 152сағ. 6-11-топ (1), ҚР 2050 стратегия, Білім коды мен бейіні, Қаз құқық 1
4.Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)
1.Сілекей бездер
2.Тістің құрылысы
3.Тіс неше бөлімнен тұрады
4.Тісті емдейтін дәрігер
5.Сілекейдің құрамы
5.Қорытындылау.(білім бағалау)
Сабақ барысында белсенді түрде қатысқандарды өз бағаларын қою.
Үй тапсырмасы:Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы 169-177 беттерді оқып келу

Оқытушының қолы:


ПБ төрайымы:



Сабақ жоспары.
Сабақ тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің қызметіне темекінің әсері.
Модуль /пән атауы: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы
Дайындаған педагог: Нурметова Д.А. Күні : 2022 жылғы "__" ___
1.Жалпы мәліметтер
Курс: 2
Топ: __________________
Сабақ типі: теориялық
Пәнаралық байланыс:биология, гигиена.
Сабақтың мақсаты:оқушыларға темекі қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.
Көрнекіліктері: сызбалар, плакаттар, баяндамалар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі:карточкалар,тесттер арқылы.
1.Тыныс алудың маңызы
2.Өкпенің құрылысы мен қызметі
3. Тынысалу мүшелерінің құрылысы, маңызы.
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:пікір талас ұйымдастыру
Темекі шегудің тыныс мүшелеріне зияны. Темекі түтінінде адам ағзасына зиянды 200-ден астам улы заттар болады. Ең басты темекінің түтінінде өте улы зат – никотин бар. Бұл заттар сілекейде еріп, асқазанға түседі де, оның кілегейлі қабығын жарақаттайды. Темекі түтіні тыныс жолының кілегейлі қабығын қабындырады, сөйтіп, қорғаныш қасиеті нашарлаған сілемейлі қабықша арқылы ауру туғызатын микробтар енеді. Сондықтан темекі шегетін адамдар көбінесе суық тиіп, тағы басқа ауруларға тез шалдығады. Темекіні күніне жиырмасын тартқан адам 90 милиграмм шамасында никотин жұтады. Темекі түтінінде болатын күйе (сажа) мен қара май (деготь) ұсақ бронхиолалар мен өкпе көпіршіктерін бітеп тастайды. Өкпе ағзаны оттекпен толық қамтамасыз ете алмай газ алмасу бұзылады, қан тамырлары тарылады. Бұл ауатамыр ауруына өкпе, пәле (рак) ауруларына шалдықтырады. Өкпедегі пәле (рак) ауруымен ауырғандардың 97% - і темекі шегетіндер. Бұған себеп – тыныс мүшелерінде темекіні ұзақ шеккенде көпке дейін жазылмайтын жараның пайда болуы. Неғұрлым адам өте ерте – бала кезінен темекі шегумен айналысса, соғұрлым рак ауруына жиі шалдығатыны ақиқат. Және темекі шеккендердің өмірі қысқа болады. Темекінің түтініндегі радиоактивті заттар ағзаға жиналады. Күніне бір қорап темекі тартқан адам мөлшерден артық 3,5 сәулеленуге ұшырайды. Сонымен қоса, орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Көп мөлшерде болса, адам үшін өте қауіпті, өліп кетуі де мүмкін. Темекі, әсіресе жас ағзаны тез уландырады. Жас достар! Темекіге әуестенбеңдер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет