Сабақ жоспары. Сабақ тақырыбы: Астың сіңірілу қасиеті. Тістің құрылысы түрлері. Модуль /пән атауы: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы Дайындаған педаго г: Нурметова Д. А


Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)



бет5/61
Дата08.12.2023
өлшемі1,42 Mb.
#195540
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Анатомия По урочный. 2021-22
еңбекті қорғау, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Қанайналым жүйесі, Нурметова Сарвиназ, Нурметова Сарвиназ, Ақпан 19, Ақпан 19, слайд розак, loglog 1431414032 129234, тест, физика 2019 нов 152сағ. 6-11-топ (1), ҚР 2050 стратегия, Білім коды мен бейіні, Қаз құқық 1
4.Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)
1.Анатомия пәні нені үйретеді?
2 Физиология пәні ненеі үйретеді?
3 Гигиена пәні нені үйретеді ?
4 Анатомия физиология пәндеріне үлес қосқан ғалымдар?
5.Фагацитоз құбылысын қай ғалым ашты?
6.К.Гален нені зерттеді?
5.Қорытындылау.(білім бағалау)
Сабақ барысында белсенді түрде қатысқандарды өз бағаларын қою.
Үй тапсырмасы: Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы 5-6 бет

ПБ төрағасы: У.О.Хидирбаев


Пән оқытушысы: Д.А.Нурметова


Сабақ жоспары.
Сабақ тақырыбы: Адам ағзасының өсуі және даму заңдылықтары .
Модуль /пән атауы: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы
Дайындаған педагог: Нурметова Д.А. Күні : 2021 жылғы "__" ___
1.Жалпы мәліметтер
Курс: 1
Топ: __________________
Сабақ типі: теориялық
Сабақтың мақсаты.
1.Адам ағзасының өсуі және даму заңдылықтарының қызметін түсіндіре отырып сабаққа болған қызығушылықтарын арттыру
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар : оқулықтар
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі: сұрақтар
1.Анатомия пәні нені үйретеді?
2 Физиология пәні ненеі үйретеді?
3 Гигиена пәні нені үйретеді ?
4 Анатомия физиология пәндеріне үлес қосқан ғалымдар?
5.Фагацитоз құбылысын қай ғалым ашты?
6.К.Гален нені зерттеді?
7.Гиппократ нені ашты
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:лекция түрінде
Адам ағзасы (организмі) – миллиардтаған жасушалардан құралған, өздігінен реттеліп, жаңарып тұратын біртұтас күрделі жүйе. Ағзаның даму процесінде жасушалар мен жасушааралық заттар – ұлпаларға, мүшелерге, мүшелер жүйесіне және біртұтас ағзаға бірігеді.Жасуша – тіршіліктің негізгі бірлік өлшемі. Барлық тірі ағзалардың денесі (вирустан басқасы) жасушадан тұратыны сендерге мәлім. Жасушаның құрылысы электронды микроскоптың көмегімен терең зерттелді. Электронды микроскоппен жасуша құрылымдарының өте ұсақ бөлшектеріне дейін анық көруге болады. Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылымды цитология (грекше «kytos» – жасуша, «logos» – ғылым) дейді. Жасушалар құрылысы, қызметі, пішіні, мөлшері жағынан әр түрлі болады.Адам денесі жасушаларының пішіні – домалақ, ұзынша, жалпақ, төртқырлы, көпқырлы, призма тәрізді және т. б. Жасуша мөлшері мен пішінінің әр түрлі болып келуі атқаратын қызметіне байланысты. Мысалы, қанның эритроцит жасушалары сұйық ортада болғандықтан домалақ; тері жасушалары көпқырлы; бұлшықет жасушалары ұзын; жүйке жасушалары көп өсінділі (жұлдыз тәрізді) және т. б. Жасушалардың мөлшері де түрліше: адам ағзасындағы ең ірі жасушалар – жұмыртқажасушасы мен жүйке жасушасы. Қан мен лимфада болатын ең кішкене жасушалар – лимфоциттер.Жасуша (2-сурет) плазмалық жарғақша, цитоплазма, ядро және органоидтардан (эндоплазмалық тор, рибосома, митохондрия, лизосома, Гольджи жиынтығы, жасуша орталығынан) тұрады.
Плазмалық жарғақша (мембрана) (латынша «membrano» – жарғақ, қабық) жасушаның сыртын қаптайды, май мен нәруызды заттардан түзілген. Өсімдіктердің плазмалық жарғақшасының сыртында цитоплазмадан бөлінген өлі заттан түзілетін жасунықты (целлюлозалы) қалың қабықшасы болады. Мұндай қабықша жануарлар мен адамның жасушаларында болмайды. Олардың жасушалары тек плазмалық жарғақшамен ғана қапталады.Жарғақшаның қызметі: 1) жасушаның ішіндегі барлық қоректік заттар мен қажетсіз өнімдер жарғақша арқылы өтеді. Себебі плазмалық жарғақшаның өте жұқарған жерін саңылау дейді. Заттардың барлығы саңылаулар арқылы өтеді; 2) плазмалық жарғақша жасушаның ішіне қажетті заттарды оңай өткізіп, зиянды заттарды өткізбейді; 3) жарғақша арқылы жасуша қоршаған ортамен қатынас жасайды. Әр түрлі заттар тек жасушаның ішіне ғана өтпей, көршілес жасушаларға да өтеді. Қатар жатқан екі жасушаның цитоплазмалары саңылау арқылы бір-біріне өтеді.Цитоплазма (грекше «kytos» – жасуша, «plasma» – іркілдек сұйықтық) – плазмалық жарғақшамен ядроның орталығын толтырып тұратын іркілдек сұйықтық. Жасуша мен сыртқы орта арасында жүретін зат алмасуды қамтамасыз ететін жасушаның қажетті бөлімі. Цитоплазма жасушаның ішінде үздіксіз қозғалады. Егер қоршаған ортаның температурасы көтерілсе (жоғарыласа) цитоплазманың қозғалысы да күшейеді, төмендесе – баяулайды. Жоғары температурада цитоплазмада зат алмасу процесі (қоректену, тыныс алу) жылдамдайды.Ядро – жасушаның реттеуші орталығы. Пішіні – домалақ, таяқша, үрмебұршақ тәрізді, екі жағы қысыңқы және т. б. эритроциттер (қан жасушасы) мен тромбоциттерде (қанның пластинкасы) ядро болмайды. Ядроның сыртын цитоплазмадан бөліп тұратын екі қабат жарғақша қаптайды. Ядроның ішінде толтырып тұратын іркілдек ядро шырыны болады. Ядро қабықшасында да өте ұсақ саңылаулар бар. Ядро саңылаулар арқылы цитоплазмамен байланысады. Ядро цитоплазмамен тығыз байланысып, жасушаның барлық тіршілік әрекеттеріне (өсу, көбею, зат алмасу) қатысады. Ядро қабықшасы (жарғақшасы) заттардың қозғалысын (ядроға енуі, ядродан шығуы) реттейді. Ядро шырынында хромосомалар мен ядрошықтар болады.Хромосома (грекше «chroma» – түсі, «somа» – дене, тез боялатын дене) – тұқымқуалау қасиетін сақтайтын жіп, таяқша тәрізді түзіліс. Адамның дене жасушаларында хромосомалардың саны тұрақты – 46, жыныс жасушаларында 23. Хромосоманың бөліктерін – «ген» дейді. Гендер хромосоманың ұзындығына қарай түзу сызық бойымен орналасқан. Олар тұқымқуалау белгілерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.Ядрошықтар – кейбір жасушаларда пішіні мен құрылымын өзгертіп тұратын тығыз түзіліс (денешік). Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде ядрошық жойылып, басқа кезеңінде қайта түзіледі. Ядрошық нуклеин қышқылының синтезіне қатысады.
4.Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)

  1. Жасуша қандай қызмет атқарады

  2. Жасушаның құрылысы

  3. Жасушаның органоиттері

  4. Цитоплазма қандай қызмет атқарады

  5. Ядро қандай қызмет атқарады

  6. Адам және өсімдіктің жасушасының суретін сізу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет