Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады



бет49/156
Дата06.02.2022
өлшемі8,58 Mb.
#79246
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   156
Байланысты:
7-сынып биология қмжЖ
Документ (2)
«Қар кесегі» әдісі
(Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұп ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт,бес,алты жауап бір жауап болып біріктіріледі.)
Ортақ сүрақтар:
1. Минералды және ауа арқылы қоректенуге мысал келтіріңдер.
2. Жапырақтың негізгі қызметін атаңдар.



Оқулық.
«Қар кесегі» әдісі.



Ортасы
10 минут

Қолдану
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
1. Тамыр сіңіретін су жапырақ жасушаларының тіршілігіне және фотосинтез үшін қажет.
2. Су буланған кезде өсімдік температурасын төмендетеді де, жазда ағзаның қызып кетуінен сақтайды.
3. Су буланған кезде тамырдан жапыраққа «тартылады» да, оны- мен бірге барлық тірі жасушаларға қажет еріген заттар да өсімдікке таралады.
Ағза ішінде заттар тасымалын қамтамасыз ету үшін өсімдікте қан да, жүрек те жоқ. Оның орнына өсімдікте арнайы өткізгіш ұлпалар бар. Олар арқылы заттар тамырдан жапыраққа және керісінше өтеді. Жапырақтан тамырға фотосинтез үшін қажет су және онда еріген мине- ралды заттар түседі. Сонымен қатар жапырақтан тамырға органикалық заттар өтеді. Негізінен оларға өсімдік тамырын қоректендіру үшін қажет көмірсулар жатады. Фотосинтез барысында түзілетін нәруыздар мен көмірсулар да өсімдік тамыры өсу үшін қажет. Олардан тамырдың жаңа жасушалары түзіледі.
Жапырақта заттар тасымалын қамтамасыз ететін арнайы құры- лымдар бар. Бұл тамырлы-талшықты шоғырлар жүйке (жилка) деп аталады. Жүйкелер, әсіресе жапырақтың астыңғы жағынан жақсы көрінеді. Шіріп жатқан күзгі жапырақтарда алдымен негізгі ұлпа бұзылады, ал жүйкелер жапырақ «қаңқасын» түзіп, әлі де болса сақталады. Жүйкелерде өткізгіш ұлпалардың екі типі бар: тамырдан суды өткізетін түтіктер (сосуды) және жапырақтан қант ерітінділерін өткізетін електәрізді түтікшелер. Өткізгіш элементтер туралы келесі бөлімдерде айтылады.
Тасымалдаудан басқа жүйкелер тірек қызметін де атқарады. Оларда қаттылық қасиет беретін берік механикалық ұлпалар жасушалары бар. Жүйкелер жапырақты сынып кетуден қорғайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет