Сабақ тақырыбы: Ана тілім Жалпы мақсат



бет30/49
Дата17.04.2017
өлшемі7,17 Mb.
#14042
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Әншілер


Мақсаты

1) Дәстүрлі әнші- ақындардың өмірлері мен шығармашылығынан өтілген материалдарды игеру қабілетін байқау

2) Ойлау қабілеті мен тіл мәдениетін дамыту

3) Адамгершілікке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Салт- дәстүрлерімізді қастерлеуге тәрбиелеу.
Сауаттылыққа баулу.Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер т.б.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу


Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

II.Үй тапсырмасын сұрау.

Қызығушылығын ояту фазасы. Бұл фазада еркін талдау стратегиясын қолданамын.
1. Еркін талдау стратегиясын қолданудағы мақсат:
Ой-өрісін, ән мен әнші не білетіндерін еске түсіру, ойын жинақтау.

Оқушыларды топқа бөлу, жетон тарату арқылы 4 топқа бөлінеді.

-Балалар, ән дегенде ойларыңа не келеді?

-Әнші дегенде ойларыңа не келеді?

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй, - деп дана Абай қазақтың ән мен күй құдіретін осылай жырлаған. Себебі, қазақтың әні мен күйі – халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі, мұң-шері, қызық қуанышы.





Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Видеоролик

1-топқа жуан сұрақ.

- Жазушы Әміренің сыртқы түрін неліктен қазақтың еркіндігін еске түсіреді деп жазып отыр?

- Сахнадағы жүрісі, өзін еркін ұстауы, киім киісі болашақта еркіндіктің боларын сездіреді.

2-топқа жіңішке сұрақ.

- Әнді Әміре қалай айтады?

- Әнді жүрегімен шабыттанып айтады.

3-топқа жуан сұрақ. — Сол кезде Әмірені мемлекет қайраткері Луначарский: «Қазақ даласының бұлбұлы» деп атаған.Қазіргі кезде қазақтың бұлбұлы атанған әншілерді білесіңдер ме?

- Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева.

4-топқа жіңішке сұрақ.

- Әміренің әнін халық қалай тыңдайды?

- Халық сүйіп тыңдайды.

-Балалар, сендер орындалған әннен қандай әсер алдыңдар, жан дүниелеріңді, сезімдеріңді тебіренте алды ма?.

Ү. Қорытынды. Сұрақтар қою




Үйге тапсырма

Қайталау


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Менің әуес ісім-кітап оқу


Мақсаты

Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып «Менің әуес ісім» тақырыбы бойынша жаңа білімдерін қалыптастыру.

- Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету; оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау; термин сөздер, ырықсыз етіс, еріндік дауыстылар туралы білімдерін бекіту. Сабақтың түрі: аралас сабақ



Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, мақалдар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.



II.Үй тапсырмасын сұрау. Өтілген тақырыптарға толықтай шолу жүргізіп,

сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылау



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

III. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі

. Тақырыпқа шолу («миға шабуыл» , слайдтар)

- Мынау нелер?

- Бұл кімнің суреттері деп ойлайсыңдар?

- Осы суреттерді салған бала неге әуес деп айта аламыз?

- Осындай сурет сала алатын бала қандай бала деуге болады?

- Қалай ойлайсындар, осылай сурет салу кез келген адамның қолынан келе ме?

- Сурет салуға қандай құралдар қажет?

- Ал мектепте біз қай кезде сурет саламыз

1. Мектептегі сурет салуға дарынды оқушылардың және сыныптағы сурет салуға әуес баланың әңгімесін тыңдау. (Абильдина Ариана-4 сынып,). Олардың жұмыстары слайдттар арқылы көрсетіледі.

2. Джиксо– ұжымдық оқыту әдісі арқылы ұйымдастырамын. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертемін. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіремін.
І топ: Оқырмандар тобы. Мәтінді мәнерлеп оқиды және аударады.

ІІ топ: Сөздіктер тобы. Мәтін ішінен жаңа сөздерді тауып аудармасын табады. Ол сөздерді суреттер арқылы көрсетіп, олардан жаңа сөз тіркестерін құрайды. Ватманға суреттерді жабыстырады және түрлі фломастермен жазады.

ІІІ топ: Сөз шеберлері тобы. 2-топ ұсынған жаңа сөзерді қатыстырып сөйлемдер құрастырады. Сөйлемдер тақырыбы жағынан бір бірімен байланысты болу керек.

IV топ: Тілшілер тобы. Мәтін бойынша сұрақ- жауап дайындайды.

ІІІ. Тренинг «25- кадр». Тақтада кезекпен сөздер бейнеленеді. Оқушылар жалпы қанша сөз көрсетілгенін және соның ішіндегі ырықсыз етістерді атау керек.

Сурет, Салынды, ілінді, кітап, оқылды, киім, тігілді.

Жауабы: 7 сөз, 4 ырықсыз етіс.


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Дұрыс-бұрыс» әдісі. Оқушылар жауап парақтарына белгілейді. Топ командирлері жауаптарын тексереді, баға қояды.

Сұрақтар :

1 Менің әуес ісім – сурет салу

2 Сурет салу кез келген адамның қолынан келеді.

3 Сурет салу өнер емес.

4 Сурет салуда қайшы, мата, жіп керек.

5 Мен қылқаламмен сурет саламын.

6 Кәсіби суретшілер суретті арнайы альбомға салады.

7 Мен сурет салуды сурет сабағында үйрендім.

8 Суретшілер табиғатты салуды жақсы көрмейді.

Бағалау шкаласы:

«5»- 8-7

«4» - 6-5

«3» - 4-3



Үйге тапсырма

Үй тапсырмасы

-Мәтінмен жұмыс

-Дәптермен жұмыс

-Шығармашылық жұмыс

-«Дұрыс-бұрыс»


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау шкаласы:

«5» - 25-20

«4» - 19-15



«3» - 14-10

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайлики». Оқушылар алдарында жатқан қызыл, сары, жасыл түсті стикерлерге сабақтан алған әсерлерін білдіретін смайликтерді салып тақтаға іледі. Қызыл – көңілді, сары - әсер еткен жоқ, жасыл – көңілсіз.

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Сабақтың атауы

Менің әуес ісім- киім тігу, зергерлік бұйымдар жасау


Мақсаты

Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру, ол туралы түсінік беру, ,тындау,сөйлесу,оқылым,тілдесім,жазылым іс-әрекеттері арқылы таным қабілеттерін дамыту,дұрыс сөйлеу,аудару дағдыларын жетілдіру.Зергерлік бұйыммен шұғылдануға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу




Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. 181-жаттығудың орындалуын тексеру

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Өтілген

материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі. Балалар бүгін біз сендермен Менің әуес ісім- киім тігу, зергерлік бұйымдар жасаумен таныс боламыз



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Тындалым .Мұғалімнің кіріспе сөзі. Әуес іс туралы түсінік беру.

2. Айтылым .Оқылым. Сөздік жұмысы

3. Оқылым .Айтылым. Мәтінмен жұмыс

А) мәтінді түсініп оқып,мазмұнын айтыңдар.

Б)сұрақ құрастырыңдар.алам

. Жазылым.

1-тап-ма. Берілген сөйлемдерді аяқтаңдар.

2-тап-ма.Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.

5. Тілдесім.4-тап-ма.Әуес іс туралы шағын мәтін құраңдар..

5-тап-ма.Берілген диалогті оқып,өзара сөйлесіңдер.

Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

1)Әуес іс туралы не білдіңдер?

2)Ол туралы айтып беріңдер.

1-тап-ма.Жақшадағы керекті сөзді алып,сөйлем құрап жазыңдар.

5. Тілдесім.

5-тап-ма.Берілген диалогті оқып,өзара сөйлесіңдер..

Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

1)Киім тігу,зергерлік бұйымдар жасау туралы не білдіңдер?

2)Олар туралы айтып беріңдер.
3)Зергерлік бұйымдардың қандай түрлерін білесіңдер?
Дәптермен жұмыс

182-жаттығу. Кісі аттары қандай әріптен басталып жазылады?

Амангелді, Төлеген, Ботагөз, Әбіш, Айжан, Мұрат, Қожахмет, Алтынай, Мәриям


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Оқулықпен жұмыс

Оқушыларға өлеңді кезекпен мәнерлеп оқыту



ҮІ. Қорытынды. Сөйлем дегеніміз не?

Мәтін неден құралады?



Үйге тапсырма

Мәнерлеп оқу 193 бет


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет