84. Жадыны дамытуға арналған ойын
1)Сіздер топқа бөлінесіздер
Мен «Бастаймыз» деген кезде, топтың бір қатысушысы менің үстеліме жақын келеді де, командасына кері барып, ақпаратты жазғанға дейін, картадан/диаграммадан/сұлбадан/бумадан/графикадан/заттар ретінен барынша көп ақпаратты есте сақтауға тырысады.
Ереже:
1. Командадан бір адам ғана өз орнын бір рет тастап шыға алады.
2. Сіз үстел басында болғанда ештеңе жаза алмайсыз.
3. Үстел басында тұрып, өз командаңызға ақпаратты дауыстап айта алмайсыз.
Сізге мынаны ойластыру керек:
· Диаграмманы және мәтінді толтыру үшін қандай стратегияны пайдаланасыз?
· Тиімді жұмысқа өзіңізді қалай бейімдейсіз немесе дайындайсыз?
· Сіздің ойыңызша, бұл тапсырмада қайсысы айтарлықтай жеңіл/қиын?
2) Реттілікті есте сақтаудың жақсы тәсілі – қайталау.
Бүгін біз есте сақтайтын топтама/реттілік/серия:
Бұл қалай жұмыс істейді:
1-оқушы: Алдымен.........................................
2-оқушы: Алдымен...................................... одан соң............................
3-оқушы: Алдымен...................................... одан кейін............................, сондай-ақ.........................
4 және т.б. оқушылар: алдымен бастаңыз және келесі тармақты қосу арқылы жалғастырыңыз.
Осы топтаманы/реттілікті/серияны кім аяқтай алады?
Достарыңызбен бөлісу: |