Шетел тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы аузша сөйлеу дағдысын дамыту
Аннотация. Мақала қазақ мектептеріндегі 5-6-сынып оқушыларын ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйретудің және сөйлеу тілін ойын арқылы дамытуға арналған.
Сабақ барысында пайдалынатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асыруы зор. Мектеп оқушыларының шетел тілінде сөйлеу тілін ойын ойнау тиімді жолдарын көрсету арқылы дамытуға болады. Дидактикалық ойындар – балалардың білімдерін арттырудың құралы.
Зерттеу барысында ауызекі сөйлесу тілін ұстарту жұмыстарының қатысымдық әрекет бағыты, оның ауызекі сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамытудағы жүйесі нақтыланды. Тіл дамыту жұмысында жүргізілетін жаттығу жұмыстарының әдістемелік жүйесі жасалды.
Кілттік сөздер: ауызша сөйлеу, дидактикалық ойын, аудио, видео, мәтінмен жұмыс.
Оқушылардың дүние тануын кеңейтетін, ойлау қабілетін дамытатын тартымды да, қызықты сабақты қалай ұйымдастыруға болады? – деген сұрақ шет тілі пәнінің мұғалімдерінің де алдында тұр. Оның бірден-бір жауабы – сабақты жүйелі түрде түрлендіріп, әр-түрлі әдіс-амалдарды қолдану. Оқушылардың шет тілінде сөйлеуін, шет тілінде оқуға деген ынтасын арттырып, белсендігін көтеретін – ойын. Ойын оқушылар үшін әр уақытта ойын болғандықтан, ойын элементтері бар сабақ оларды қызықтырады. Ал мұғалім үшін ойын – дидактикалық әдіс, оқыту, білім беру. Шет тілі сабағында ойын сол тілде қарым-қатынасты тудыратын үдеріс қана болып қоймай, оны барынша табиғи түрге жақындатады. Ойын оқушылардығ белсенділігін арттырады, мұғалім мен оқушының арасындағы психологиялық кедергіні бұзып, теңдік сезіледі. Ұялшақ, жасқаншақ оқушылар ойын барысында белсенді серік болуға мүмкіндік алады. [1, 23б]
Шет тілі сабағында оқушылардың жас ерекшелік психологиясын, ойынның дидактикалық ерекшеліктерін ескере отырып тіл дамыту, жаттықтыру ойындарын немесе ойын элементтерін жиі жүргізген жөн. Кейбір қызықсыз материалды балалардың санасына ойын арқылы әсерлі етіп жеткізуге болатыны ұстаздардың іс-тәжірибесінде дәлелденген. [2, 44б]
Сабақтағы ойынның орны, оған бөлінетін уақыт мөлшері оқушылардың білімінің деңгейімен, оқу материалының жеңіл не қиындығымен, сабақтың мақсаты мен мүмкіндігімен байланысты. Мысалы, егер ойын жаңа материалды алғашқы бекіту кезінде жүргізілсе, онда ойынға уақыт көбірек бөлінеді, ал кейінірек сол ойын өткен материалды қайталату ретінде ұйымдастырылса 3-5 минут жеткілікті. [2, 45б]
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, ағылшын тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы зор. [3, 46б]
Ойынның мақсаты – бағдардламада алған білімдерін қалыптастиыру, тиянақтау, пысықтау. Міндеті – баланың қызығушылығың ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар – балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін, ауызша сөйлеу дағдысын дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. [4, 15б]
Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Содам ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.[5, 11б]
Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелерін есепке алу түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беріледі. [6, 7б]
Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңк өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған. Инновациялық оқу оқудың түсіндірмелі – иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әр түрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді.[7, 3-4б]
Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін іздестіруге құрылады. Ойынның ұйымдастырылу түрлері: іскерлік ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімділік ойындар.[8, 2б]
Ағылшын тілі сабағында әр түрлі ойын элементтерін қолдану жақсы нәтижелер береді. Мысалы: Саусақ ойыны. Сабақтың басында ойналады. Ойынның мақсаты: «Жанұя» тақырыбына байланысты лексиканың айтылу дағдысын жетілдіру.
Балалар өлеңді жатқа айтып тұрып саусақтарымен көрсетеді. Көрсетілген саусағын жұмып қояды.
This is our father,
This is our mother,
This is our brother,
This is our sister,
This is our baby,
Oh, how we love them all! [9, 43б]
Ойынның мақсаты: Предлогтарды ажырата білу, тақырыпқа байланысты лексиканы пысықтау және диалогқа үйреніп оны ауызша есту. «Тығылмақ» ойыны. Бір оқушы тақта алдына шығады. Ол, ойша сыныптағы заттардың бірінің артына тығылады. Ойынды жүргізуші қайда жасырылынғаның қағазға жазып мұғалімге береді. Сынып оны іздейді.
P1: Are you under the table?
L: No, I am not.
P2: Are you behind the blackboard?
L: No, I am not.
P3: Are you in the bookcase?
L: No, I am not.
P4: Are you under the desk?
L: Yes, I am.
Жүргізушінің қайда тығылғанын тапқан оқушы ұпай алады да, ойынды әрі қарай жалғастырады. [1, 24б]
Қорыта келгенде ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдіс ретінде деррбес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар, ағылшын тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны қолданудың маңызы өте зор.
Оқушылардың білім, білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады. Шетел тілі сабақтарында дұрыс ұйымдастырылып, пайдаланылған ойындар оқушылардың таным-түсігіне жағымды әсер етіп, алған білімдерін жаңа жағдайларда шығармашылықпен қолдана алуына ықпал етеді. [10, 30б]
Әдебиет
1.Бакишева Л.Б. Шетел тілі сабағында ойын технологиясын қолдану. //Мектептегі шет тілі. – Алматы . – №4, 2011. –Б.23-25.
2. Брекеева А.С. Жаңа білім беру әдісі//Ағылшын тілін оқыту әдістемелігі. – Алматы. – №1. 2014. –Б.44-45.
3. . Қалышева Т. Ағылшын тілін оқытудағы дидактикалық ойындар//Ағылшын тілін оқыту әдістемелігі. – №1. 2014. 46 б.
4. Стронин М.Р. Обучающие игры на уроке иностранного языка М., 1981. Б.15.
5. Шоманова А.С., Жансаринова Г.С. Тіл ұстарту жұмыстарының ерекшеліктері//Мектептегі шет тілі. – Алматы . – №4, 2011. –Б.10 -13.
6. Альмухамбетова Г.К. Влияние стратегий технологии критического мышления на раскрытие творческих способностей учащихся//Республиканский педагогический журнал «Мастер-класс». – Алматы, №5, 2011. –С.7-8.
7. Кенжеева Г.Қ. Оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманауи технологияларын оқыту үрдісіне еңгізу негізінде педагогикалық ұжымының кәсіби құзыреттіліктерін арттыру// Мектептегі шет тілі- Иностранный язык в школе. – Алматы. – №4, 2011. –Б. 3-6.
8. Полякова Г.С. Деловая игра «Практическое занятие с использованием педагогических ситуаций» //Республиканский педагогический журнал «Мастер-класс». – Алматы, №5, 2011. –С.2-3.
9. Сматуллаева Б. Ағылшын тілінде ән үйренудің маңыздылығы// Ағылшын тілін оқыту әдістемелігі. – Алматы, 2014. – №1. 43 б.
10. Бегазова М.Ж. Шетел тілі сабағында білім алушылардың коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру жолдары// Мектептегі шет тілі. – Алматы. – №4.2011. –Б.28-31.
Достарыңызбен бөлісу: |