Сабақтың атауы Әлiппенiң атасы (А. Байтұрсынов жинағынан) Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет47/73
Дата24.02.2020
өлшемі3,65 Mb.
#58916
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73
Байланысты:
Әдебиеттік оқу 3-сынып Атамура




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Абай мен Әбiш (Ел аузынан)

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты: 1.Абайдың өмірімен шығармалары туралы білімдерін толықтыру. (Әбдірахман) Әбіш өмірімен таныстыру. Әңгіме мазмұнын ашу. 
2.Оқушылардың ой өрістерін кеңейту, сөйлеу тілдерін , шығармашылығын дамыту. 
3. Жаратылыстағы заттарды бағалай білуге, білімділікке тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, фильм, слайд, көрме бұрышы.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1)Ұйымдастыру бөлімі: 
2)Бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен мақсатын хабарлау. 
- Балалар Абай туралы не білеміз, Абай неше жаста? 
1.Абайдың өмірін сұрау 
3)Абайдың шығармалары: 
А) Абайдың оқу – білімге шақырған өлеңдері: «Ғылым таппай мақтанба!», «Интернатта оқып жүр», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Әсемпаз болма әрнеге» т.б өлеңдерін сұрау. 
Ә) Абай табиғат суретшісі: «Қансонарда», «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым». 
Б) Орыс жазушыларынан аудармалары: «Шегіртке мен құмырсқа», «Қарға мен түлкі» 
В) Өлең мен қатар ән де жазған: «Бойы бұлған», «Сегіз аяқ» , «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» , «Қараңғы түнде тау қалқып» т.б 
4) Абайдың балалары туралы айтатын болсақ , ақынның 10 баласы болған. Бәйбішесі Ділдәдан; Ақылбай; Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Гүлбадан кенже баласы Мағауия. 
Екінші әйелі Әйгерімнен: (Шүкімән)- Тұрағұл, Мекайл, Ізкәйіл, Кенже. Абайдың үміт артқан талантты балалары Әбдірахман (Әбіш), Мағауия, Тұрағұл, Мекайл. Әкелерінің өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан әнші, домбырашы болған. 
Абай арманының үлгісінің жарқын бір көрінісі өзінің сүйікті баласы атанған Әбдірахман болды. Оны әкесі орыс мектебіне беріп, көп жыл оқытты. 
Ол туралы әкесі: Жаңа жылдың басшысы ол: Мен ескінің арты едім деп бағалаған. 
1880-1890 жылдары Абай әдебиет әлемі аса үздік еңбегімен, қоғамдық жұмыстарымен, саяси әлеуметтік игілікті істерімен дараланып көрініп, халық құрметіне бөленуіне Әбіш баласының көмегі болды. Ол іс қағаздарын сауатты жүргізіп, белгілі болған. 
Әбіш орыс тілінен басқа, неміс тілінде еркін сөйлеп, жаза білген сөйтіп, әкесіне аудармашылыққа көп көмегін тигізген. Әкесі көп үміт артқан баласы, көп ұзамай ауырып 1895 жылы 1-ші қаңтарда 27 жасында Верныйда қазіргі Алматы қаласының госпиталында дүниеден өтті. Інісі Мағауия Әбішті Алматыдан Шыңғысқа апарып жерлейді. 
5) Ел аузынан тараған «Абай мен Әбіш » әңгімесін баяндау. 
А) Абай мен Әбіш (видео көрінісі) 
- Қалқам, Әбіш әлемде жаратылыстағы ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? 
- Балалар сендер қалай ойлайсындар? 
Диспут: оқушылар пікірі тыңдалады. 
Ә) видео көрінісі 
- Осы әңгімелесуден не түсіндік? Оқушыларды сөйлету.

6) Оқулықпен жұмыс. 


- Рольмен оқыту. 
7) Сергіту. Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін хормен орындау. 
8) Әңгіменің түйіні: Ақыл – жастан. Абай адам жас болса, ақыл, білім, қайрат көп болады деген. Олай болса жазу жұмысы әр қатар: 1- қатар ақыл, 2 – қатар білім, 3-қатар қайрат туралы нақыл сөздермен, сөйлем, әңгіме жазу 
9) Абайдың «Он жетінші қара сөзін» оқушылар сахналайды. 
10) Бекіту ,қорытындылау. 

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

С. Бегалин. Мейiрiм

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Білімділігі: С. Бегалиннің «Мейірім» мәтінінің мазмұнын түсіндіру, идеясын анықтау.
2. Дамытушылығы: Негізгі ойды анықтау, сипаттама беруге, мінездеме беруге жаттықтыру.
3. Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, дидактикалық материалдар, суреттер топтамасы, таратпа материалдар.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, салыстыру, даналық ағашын пайдалану, тест сұрақтары.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,



Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I. Ұйымдастыру.
II. Өткенді пысықтау. Абай мен Әбіш
1. Абай кім? Ол туралы не білесің?
2. Әбдірахман кім? Әкесі қалай атады? Әкесі баласын қалай сынады? Қалай жауап берді?
3. Саған кімнің жауабы ұнады? Сен қалай жауап берер едің?
III. Жаңа сабақ.
1. Суреттер топтамасы арқылы. Сапарғали Бегалин - балалар жазушысы. 1895 - 1983. Кітаптары: «Сәтжан»,»Шоқан асулары», «Әңгімелер».
2. Сөзжұмбақ шешу. «Шоқан».
3. Мәтінді жоспар бойынша түсіндіру.
Жоспар.
1) Шоқанның әкесі туралы.
2) Көрші ауыл жылқышылары.
3) Егіншілер.
4) Шоқанның ісі.
5) Шегеннің ашуы.
6) Шыңғыстың ауылы.
7). Мейірім.
8) Риза болу.
4. Мәтінді түсініп, тізбектей оқу.
5. Сөздік жұмысы.
6. Сұрақтар мен тапсырмалар.
7. Мінездеме беру.
8. Ой қозғау. «Кімдікі дұрыс?»
9. Сипаттау. Шоқан - қарапайым, адал, шыншыл, ақылды, мейірімді. ( сызба арқылы.)
10. Бөлімдерге бөлу, ат қою.
11. Өрескел, өктемдік, содырлық сөздерінің мағыналық қатарын табу.
12. Тест жүргізу.
1. Шеген ауылының жылқышылары егіншілерге не істеді?
А) жақсылық
ә) үстемдік
3) мейірімділік.
2. Оларға кім араша түсті?
А) Шеген
ә) Жазықбай
б) Шоқан
3. Шоқан егіншілерге қандай сезім білдірді?
А) аяушылық
ә) реніш
б) қаталдық.
4. Әкесі Шоқанды қалай түсінді?
А) қате
ә) дұрыс
б) дұрыс емес.
5. Шыңғыс Шегенге неге қарсылық білдірмеді?
А) қорықты
ә) сескенді
б) аға деп сыйлады.
13. Топтық сайыс. Даналық ағашы арқылы қорытындылау.

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет