Сабақтың атауы Әлiппенiң атасы (А. Байтұрсынов жинағынан) Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет48/73
Дата24.02.2020
өлшемі3,65 Mb.
#58916
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73
Байланысты:
Әдебиеттік оқу 3-сынып Атамура




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

М. Шаханов. Достық өлкесiнiң заңы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1) Өлеңді өмірмен байланыстыра отырып, өлең мазмұнын меңгерту. 
Өлеңдегі ізгі қасиеттерді тани отырып, оларды өз бойларынан таба
білуге үйрету. Оқушылардың достық туралы түсініктерін кеңейту.
2) Оқушылардық мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, 
ойлау қабілеттерін дамыту.
3) Оларды адамгершілікке, достыққа, бірлікке тәрбиелеу
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, жұппен жұмыс әңгіме кестесі.
Көрнекілігі: М. Шахановтың суреті, суреттер, кесте, бағалау бетшесі.

Психологиялық ахуал

I. Ұйымдастыру.
Топқа бөліну (конфеттер таңдау арқылы)
Конфетте достық туралы мақал-мәтелдер, адал достық, амал достық бойындағы қасиеттер жазылған.
 Дос болсаң берік бол,
Досыңа серік бол.
 Жолдасы жақсының өзі жақсы
 Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
 Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
көмектесу, сыйластық, құрметтеу, кемшілігін бетіне айту, жанашыр.
өзінің қамын ойлау, өзгеге жақсылық ойламайды, досының жетістігін көре алмау, сатқын, арам.

II. Үй жұмысын тексеру «Сиқырлы әріптер»


Әр топ үлестірмелі қимадағы сұрақтарға жауап беріп, әріптерден сөз құрай отырып, жаңа сабақ тақырыбын шығарып алу.
1-топ ( с, ы, қ, д, т, о)
Шыңғыстың егіншілерге берген төлемі жөнінде әңгімеле. Шыңғыс сұлтанның шешіміне өз көзқарасыңды білдір. 
2-топ (өл, сі, ке, нің)
Мәтінде ұлттық әдеп туралы не айтылған. 
3-топ (ң, з, а, ы) 
Жер қорушының берген батасы.

III. Жаңа сабақ.


1. Мағынаны тану

М. Шаханов туралы мәлімет беру

1942 ж 2шілде Қазақстанның халық жазушысы,
Оңтүстік Қазақстан облысы ақын, сазгер, қоғам қайраткері.

Әкесі Досболов Шахан «Түрік халықтары арасынан 


анасы Ұмсын ең үздік әлем ақыны» ата-
ғының иегері
«Жалын» журналының бас редакторы «Мемлекеттік тіл қоғамдық қозғалысының
төрағасы

М. Шаханов шығармаларының тақырыптары: Отан Тарих


Табиғат Достық
Махаббат
2. Оқулықпен жұмыс
Іштей оқу
• 1-топ 1,2,3шумағын
• 2-топ 4,5,6 шумағын
• 3-топ 7,8,9 шумағын
• Өлең мазмұнын қара сөзбен әңгімелеу 
3. Дәптермен жұмыс
Сүттей аппақ- таза
Көңіліміздің айдынында күн жүзді- қуану, шаттану
Өлке-адамның туған жері және өсіп өнген аймағы.
IV. Сергіту
«Бір-біріңе жақында» тренинг.
Мақсаты: бір- бірімен мейірімділік және қамқорлық қатынасты қалыптастыру.
Сіздер билеп жүресіздер де менің айтқанымды орындайсыздар. Мен «бір-біріңе» деп айтқан кезде, өздеріңізге жұп тауып аласыздар. Жұбыңызды тапқаннан кейін мен берген тапсырмаларды орындайсыздар. Енді бір-бірлеріңізге қол беріп, бір-біріңнің аяғына – аяғыңды, мұрынды- мұрынға, құлаққа- құлақты, бетке- бетті тигіземіз. Осыдан кейін кайтадан өздеріңе жұп тауып алып, жаңа жасаған әрекеттерді қайталаңыздар. 

V. Сұрақтармен жұмыс


-Өлең кімнің атынан баяндалып тұр?
- Мұхтар мен досы әжесінен неге қатты қорықты?
-Әжесі неге немересін жазалаусыз қалдарды?
-Баланың орнында болсаң сен не істер едің?
VI. Топтық жұмыс. Берілген суреттер бойынша постер құру.
VII. Сабақты қорыту.
1. «Әңгіме кестесі» әдісі
• Шығарманың тақырыбы:
• Авторы:
• Кейіпкерлері:
• Оқиға орны:
• Болған жағдай:
• Мұхтар саған ұнады ма? Себебі?
Шығарманың негізгі идеясы
2. Әр топ конфетте жазылған сөздерді жинақтап қорытынды жасау.
1-топ. «Достық» туралы мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру.
2-топ. «Адал дос» қандай болады?
3-топ. «Амал дос» қандай болады?

Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

В. Сухомлинский. Ақ шаш

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. «Ақ шаш» мәтінінің мазмұнын түсінеді.
2. Мәтіннің мазмұнын айта алады.
3. Мәтіннің мазмұнына байланысты өлең, мақал-мәтелдер айтып, ой бөлісе алады.
Сабақтың түрі: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау сабағы
СТО-ға байланысты міндет: Негізгі мәселені жеке, жұппен, топпен анықтай алады.
Стратегиялар: «Болжау» стратегиясы, «Екі жақты күнделік» стратегиясы, 
«Топтастыру» стратегиясы, «Әдебиет үйірмесі», «Бес жолды 
өлең» стратегиясы.

Психологиялық ахуал

1. Шаттық шеңбері
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісім – тіршілік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.
2. Топқа бөлу. 
Оқушыларды топқа әр түсті текшелер арқылы бөлу. Текше түстес көрсеткіші бар партаға отыру.

3. Жаңа сабақ.


Ы.Алтынсарин. Бұл кім?
«Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (Ана)
Дүниеде анаға жыр арнамаған жыршы, күй арнамаған күйші, ән арнамаған әнші, шығармасын арнамаған жазушы бар ма екен?
Ананы жырлаймын деп ақын тебіренсе, ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойланды.
«Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз Ананы, өйткені ол дүниедегі асылдың асылы – өмір сыйлайды ғой!» - деп тебіренеді Ғ.Мүсірепов.
«Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі» дейді орыс жазушысы М.Горкий.
«Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе! Па шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!» - дейді Баубек Бұлқышев.
Сонымен ана дегеніміз – төзімділік пен адамгершііліктің тәңірісі.

4. Қазір Ана сөзінің мағынасын ашып алайық.

Ана тілі 
Ана Отан ана
Жер ана
І-топ. «Ана тілі» деп неге айтамыз?
ІІ-топ. «Отан ана» деп неге айтылады?
ІІІ-топ. «Жер ана» деп неге айтылады?
5. Жалпы ана атаулыға тән, біріміздің анамызға ортақ оқулығымызда тамаша бір шығарма беріліпті. Ол Василий Александрович Сухомлинскийдің «Ақ шаш» әңгімесі.
В.А.Сухомлинский Украина Республикасында дүниеге келген. Украина халқының атақты ұстазы, жазушысы.
Оқулықпен жұмыс.
«Болжау» стратегиясы.
а) Балалардың алдына әңгімеден үзінді беру, яғни оны оқушылар ары қарай жалғастырып, оқиғаның немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.
ә) Оқулықтағы мәтінді оқып беру.
б) Мәтінді оқушылар ойымен салыстыру.
в) Сұрақ-жауап.
- Мәтінде негізгі ой қандай мәселеге құрылған ?
- Мишаның байқампаздығын қалай аңғардың?
6. «Екі жақты күнделік» стратегиясы.
1-топ. Мәтіннен өздеріңе әсер етіп, ойыңда қалған үзіндіні жаз.
Сұрақ: Анының жүрегі қай кезде ауырады? (бірденеге қапаланғанда, ренжігенде, уайымдағанда).
2-топ. Мишаның келесі сұрағына анасы не деп жауап берді деп ойлайсың, соны жаз.
Сұрақ: Ананың жүрегі қай кезде толқиды? (қуанғанда, шаттанғанда).
3-топ. «Ананың көңілі балада. Баланың көңілі далада» мақалының мәтінге қандай қатысы бар?
Сұрақ: Сөз анасы не? Сөз анасы – құлақ. 
Су анасы не? Су анасы – бұлақ.
7. Топтастыру стратегиясы.
1 топ – Дүниеде не қымбат? (Ана)
Ана неден қымбат? (Бәрінен)
«Бәрі» ұғымына не кіреді? (Ананың аялы алақаны, мейіріміне тең келер нәрсе жоқ. Ана біз үшін тіпті жалпақ дүниеден де қымбат).
2 топ – Анаға деген махаббат қай күннен басталады? (Құндақта жатқан кезден)
Құндақта сөзін қалай түсінеміз? (Жөргекте жатқанда, нәсертелік шақ)
3-топ. Жылап, уанбай, шырылдағанда кімді іздейсің? (Ананы)
Уанбай сөзімен мағыналас қандай сөздер бар? 
жұбанбай 
Уанбай жылай беру
еш нәрсеге көнбеу

8. «Әдебиет үйірмесі»


1 топ. Шағын әңгіме жазу «Менің анам»
2 топ. Өлеңді аяқта.
Сыйлаймын панасың
Тыңдамын данасың
Аламын ақтаймын
Баламын анашым
3 топ. Мәтіннің мазмұнына сай нақыл сөз, мақал-мәтел немесе шешендік сөз жаз.
9. «Бес жолды өлең» стратегиясы.
1) Зат есім (1 сөз)
2) Сын есім (2 сөз)
3) Етістік (3 сөз)
4) Қорытынды ой (4 сөз)
5) Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)
10. Слайд көрсету.
Ана дүниеге жарық сыйлаушы ғана емес, бүгінгі таңда ана – жұмысшы, ана – ақын, ана – жазушы, ана – батыр, ана – әнші, ана – дәрігер, ана – депутат, ана – мұғалім, ғалым, ел басқарушы болып әр салада қызмет етуде.

Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет