Сабақтың атауы Әлiппенiң атасы (А. Байтұрсынов жинағынан) Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет45/73
Дата24.02.2020
өлшемі3,65 Mb.
#58916
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73
Байланысты:
Әдебиеттік оқу 3-сынып Атамура




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ы. Алтынсарин. Баланың айласы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Қазақтың көрнекті ақын жазушысы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек танысып, әңгіменің тақырыбы мен мәтінге сүйене отырып ашу, таба білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Әңгіме арқылы жамандықтан аулақ, жақсылыққа жақын болуға адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге, шығармашылықпен жұмыста шапшаңдылық танытуға, өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, таным белсенділіктерін дамыту.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай Алтынсарин суреті, болжау кестесі, тірек сөздер сызбасы

Психологиялық ахуал

І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Әңгімеге байланысты суреттер салу
- Б. Соқпақбаев кім, оның қандай әңгімесін оқыдық?
- Қарт Мәуленге неге риза болып, не үшін рахмет айтты?
ІІІ. Ой ашар
Жаңа сабақ топтық талдау арқылы енеді.
ІҮ. Топтастыру стратегиясы.
- Балалар Ыбырай Алтынсарин кім және ол қай жерде, қай жылы дүниеге келді?
- Қандай шығармалары мен өлеңдерін білесіңдер?
- Қандай оқулық жазды?
/Интерактивті тақтадан ы. Алтынсарин туралы оқушылардың білетіндерін топтастыру/
ЫБЫРАЙ
Ұстаз, ағартушы
1841-1889жж
Қостанай облысында дүниеге келген
Кел, балалар, оқылық
Өнер білім бар жұрттар
Қазақ хрестоматиясы
Олай болса, бүгінгі сабағымызда Ыбырай Алтынсариннің «Баланың айласы» атты әңгімесін өтеміз.
Ү. Ой қозғау.
Мәтінді оқымас бұрын, оқушылардың жалпы айла туралы ойларын біліп алу қажет.
- Айла дегенді қалай түсінесің?
а) мәтінмен жұмыс
Мәтінді үш бөлікке бөлу
1. Ғалым мен жыланның түйеге жолығуы
2. Жеміс ағашына жолығуы
3. Итке жолығуы
Болжау кестесі:
Әрі қарай не болады?
1. Жылан шақты
2. Жеміс ағашы жеміс берді
Бала көмектеспеді
Оған дәлеліңіз?
1. Себебі, ол улы
2. Себебі, ол адамға жақсылық жасауға дайын
3. Себебі, олар ойнап жүреді
Шын мәнінде не болды?
1. Ғалым мен жылан түйеге жолығады
2. Жеміс ағашы адамға ренжіді
3. Баланың айласының арқасында ғалым улы жыланнан құтқарылды
ҮІ. Дәптермен жұмыс.
Төре (төрелік) – барлық мәселені шешетін ақсақал немесе ақылды ер азаматты айтамыз. (әкім)
Әйдік – үлкен
Ғалым – білімді жаңалық ашқан адам
ҮІІ. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеттім
а) Ғалым мен жылан
ә) Ғалым мен жыланның түйеге жолығуы
б) Олардың жеміс ағашына жолығуы
в) Итке жолығуы
г) Балаларға келуі
ҮІІІ. Оқулықпен жұмыс
1) Оқушыларға мәнерлеп оқиды
2) Рөлмен оқиды
ІХ. Тірек сөздер арқылы сабақты қорытындылау
Ғалым, тас, жылан, түйе, жеміс ағашы, ит

Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ы. Алтынсарин. Таза бұлақ

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: оқушыларға «Таза бұлақ» мәтінін түсіндіру; Ы. Алтынсарин туралы білетіндерін тиянақтай түсу.

Дамытушылық: мәнерлеп оқу шеберліктерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: бұлақтай таза болуға, жақсыдан үйренуге баулу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, проблемалық әдіс.

Сабақтың  көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, «Таза бұлақ» жинағы.


Психологиялық ахуал

«Мақсатымыз»-  білім алу,

Міндетіміз – еңбектену,

Еңбек етіп жұмыла

«5» -ке қалды жеткізу,



ІІ. Үй жұмысын тексеру:

Үйге қандай тапсырма берілді? (Ш Құдайбердиевтің «Жаз келер» өлеңі .

Өлеңді жатқа айтып беріңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Мына жұмбақтың.шешуін табайық

Бірде былдыр-былдыр,

Сәбилердің тіліндей.

Бірде сыңғыр-сыңғыр,

Қоңыраудың үніндей,

Ән сап жатқан ерінбей.

Бұл не? (бұлақ)

Бұлақ дегеніміз не?

Бүгін біз Ыбырай атамыздың «Таза бұлақ»  әңгімесімен  танысамыз.

Ы. Алтынсарин атамыз туралы не білесіңдер? (ақын, жазушы, аудармашы, ұстаз, ағартушы, мектеп ашқан)



Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті

«Бұлттар»

Суретпен жұмыс:

Суретте қай жыл мезгілін көріп тұрсыңдар?

Қалай ойлайсыңдар, мына  кісілер кімдер? қай жерде тұр?

Сурет бойынша не айтуға болады?



Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Кіріспе әңгіме:

Ы. Алтынсарин атындағы көшелер мен мектептер, Ғылым акедмиясы

Ы. Алтынсарин туралы көп білесіңдер.

Ы. Алтынсарин көптеген өлеңдер білесіңдер.



Поэзия минуты.

Оқулықпен жұмыс:

Әңгімені  тізбектеп оқу.

Әңгімені талдау:

Үш жолаушы қандай бұлаққа кез болды?

Олар нені байқап қалды?

Бірінші жігіт тастағы жазуды қалай түсінді?

Екінші жігіт өз ойын қалай жеткізді?

Үшінші жігіт қандай ойға тоқтады?



Сөздікпен жұмыс:

Ғибрат алу –үлгі алу.



Дәптермен жұмыс:

Нақыл сөздерді теріп жаз.



Сабақты бекіту:

«Су – тіршілік көзі» тақырыбындағы шығармаларыңды оқып беріңдер.

шығармашылық тапсырма:

«Сусыз өмір жоқ» тақырыбына сурет сал.

Үйге тапсырма: 132- 134 беттегі әңгімені оқып, мазмұнын айту.

Қорытындылау: Су туралы мақал – мәтелдерді кімдер біледі?

Суды қорғау мәселелері жайлы не білесіңдер?

 суды ластамау, суды қоқыстан тазалау, бұлақ көрсең көзің аш.

өзен бойына шөп, ағаштар егу.

«судың да сұрауы бар» суды үнемдеу.



суға байланысты ырым-тыйымдар:

суға түкірме.

судың бетін ашық қалдырма.

түнде суға барма.



Суға байланысты нақыл сөздер.

Сулы жер- нулы жер.

жылап жүріп арық тазаласаң, күліп жүріп су ішесің.

Бастау су алса- бақыт су алады.



Ағын су –өмір, тоқтау су –өлім.

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет