Пифагор теоремасы



Дата07.09.2020
өлшемі25,68 Kb.
#77470
Байланысты:
ШАРИФА ОПА


Пифагор теоремасы

Ұлы оқымысты Пифагор б. з. д. 570 жылдары Самос аралында дүниеге келген. Оның әкесі Мнесарх бағалы тастармен айналысқан. Пифагордың анасының есімі сақталмаған. Кейбір деректерге қарағанда оның анасы — Самос аралының негізін қалаушы Анкея тегінің қызы Пифаида. Пифагор ежелгі Грецияда 570 — 500 жж. өмір сүрген. Ол бала кезінен саяхат жасауды армандаған. Пифагор Үндістанда, Египетте, Вавилонда болған. Өзге елдердің ғылыми жетістіктері мен ежелгі мәдениетін зерттеген. Отанына оралғаннан кейін Пифагор аристократия уәкілдерімен жастар үйірмесін ұйымдастырған. Үйірмеге ұзақ сын емтихандардан кейін салтанатпен қабылдаған. Оған енуші әр адам өз мүлкінен безіп, бас тартқан және ілімнің негізін құраушының оқуын құпия сақтауға ант берген. Осылайша Оңтүстік Италияда атаулы ”Пифагор мектебі” пайда болды. Пифагоршылар математикалық, философиялық, жаратылыс ғылымдарымен айналысқан. Олармен көп жаңалық ашқан. Пифагор халық көтерілісі кезінде көше шайқасында өлген.



Пифагор теоремасы – геометрияның тік бұрышты үшбұрышты қабырғаларының арасындағы байланысты тұжырымдайтын теоремасы. Пифагор теоремасы қысқаша былай тұжырымдалады: тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттері квадратының қосындысына тең.


Пифагор теоремасы: Катеттерге (a және b) тұрғызылған квадраттар ауданы қосындысы гипотенузаға (c) тұрғызылған квадраттың ауданына тең.

a 2 + b 2 = c 2

a^{2}+b^{2}=c^{2}
Пифагор теоремасының тарихынан мәлімет беру

  Пифагор теоремасының бай тарихы бар. Пифагорға дейін көп уақыт бұрын ол мысырлықтарға, вавилондықтарға, үндістерге, қытай халқына белгілі болған. Үнді халқы “жіп ережесі” деп атап, құрбандық шалатын орын құру үшін пайдаланған. Өзінің осы теореманы дәлелдеу салтанатының құрметіне Пифагор құрбандыққа бұқаны немесе өзгелер айтқандай 100 бұқа шалғаны туралы аңыз әңгімелер немесе өлеңдер жазуға себеп болды. Ежелгі мысырлықтар жер өлшегенде осы”жіп ережесін”былайша қолданған: жіпті түйін салып тең 12 — ге бөлгенде, ұштарын біріктіріп байлаған. Содан кейін қабырғалары 3, 4, 5 бөлікке тең үшбұрыш шығатындай етіп жіпті жердің бетімен керіп тастаған. Сонда үшбұрыштың 5 бөлігі қабырғасына қарсы жатқан бұрышы тік болады.

Қабырғалары 3, 4, 5 сандарымен өрнектелетін тік бұрышты үшбұрыш «Египет үшбұрышы» деп аталған. Египеттіктер жер бетінде тік бұрыш салып көрсету үшін, жіпті 12 тең бөлікке бөліп, 3 бөлігінен 1 түйін, онан кейін 4 бөлігінен 1 түйін салып, 2 ұшын түйетін де, сол түйіндерге қазықтар қағып көргенде жер бетінде тік бұрышты үшбұрыш пайда болатын. Мұндай үшбұрыштар көп болатын. Олардың қабырғаларын 5, 12 және 13; 7, 24 және 25 т.с.с сандармен өрнектеген. Осы сандар «Пифагор сандары» деп аталады.



Пифагор теоремасына кері теорема. Үшбұрыштың бір қабырғасының квадраты қалған екі қабырғасының квадраттарының қосындысына тең болса, онда үшбұрыш тік бұрышты болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет