F = - kΔx; Δx=x2-x1; F = kx2-kx1 Тербелмелі қозғалыстардың ұқсастығы, олардың қайталанып отыратындығымен сипатталады, яғни тербелмелі қозғалыс периодтылыққа тән.
Е Бір толық тербеліс жасалатын уақыт период деп аталады. Тербеліс периоды Т әрпімен белгіленеді, өлшем бірлігі 1с. Е 1 секундтағы тербеліс санын жиілік деп атайды. Тербеліс жиілігі ν әрпімен белгіленеді, өлшем бірлігі 1/с немесе 1Гц. Т = t / n ν = n / t, бұдан Т = 1 / ν ν = 1 / Т Е Дененің ең үлкен аралыққа ығысуын тербеліс амплитудасы деп атайды. Тербеліс амплитудасын А = хmaxдеп белгілеп, метрмен өлшейді.
Е Ығысуға пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын тербелістер гармоникалық тербеліс деп аталады