І – топ «Жылқы үстіндегі адам»
Жылқы қазақ халқы үшін ең қастерлі үй жануары, әрі жеті қазынаның бірі, мінсең көлік, жесең еті тамақ, ішсең қымызы сусын, әрі ем бола алады. Ерте заманнан қазақ ата-бабаларымыз ат үстінде көп жүретін болған. Аттың жүрісінің өзі тербелмелі қозғалысқа мысал бола алады, себебі ат үстінде отырған адамның белі, иығы, басы, яғни барлық дерлік буындары әрдайым қозғалыста болады. Мұның өзі білген адамға күнделікті денеге жасаған жатығуымен пара-пар. Үлкен жиын тойларда, мерекелік концерттерде биленіп жүрген «Қара жорға» биі - «Жылқы» биі немесе «Буын» биі депте аталады. Бұл биді билеген кезде адамның 12 мүшесіндегі бүкіл сүйек қимылдайды. «Қара жорға» өзінің бастауын ХІІ ғасырда алған дейді тарихта. Ал біздің елімізге бұл биді тәуелсіздік орнаған соң 1996 жылы Германиядан қоныс аударған Арыстан Шадетұлы ағамыз алып келген болатын. Бидің ырғағынан жорғаның, қыран бүркіттің, жан-жануардың қозғалысын көрсек, сонымен қатар қазақи рух, елге деген сағыныш пен сүйіспеншілікті байқауға болады. Бидің қимылынан жорға үстінде отырған адамның басының шайқалғаны, иығының қозғалғаны, яғни дене қимылын көруге болады. Сонымен қатар соңғы кездердегі медицина ғылымының зерттеулері бойынша мүгедек адамдар үшін таптырмайтын массаж түрінде осы жылқы малына отыру арқылы алуға болады екен.
Достарыңызбен бөлісу: |