Сабақтың өту мерзімі: Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты



бет27/28
Дата17.06.2018
өлшемі0,78 Mb.
#42644
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Сөз тіркестерінің түрлері арқылы топтарға бөліну: күн шуағы, қызыл алма, бес доп, өлең айт, тез айт



Мұғаліммен сәлемдеседі

Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Өлең оқиды

Сөз тіркесінің түрін ажыратады, 5 топқа бөлінеді



ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру

12 мин


1.Үй тапсырмасын тексеру. 16-жаттығу. Берілген сөз топтарының сөз тіркестері екенін дәлелдеу)

Жеке жұмыс: орнысарытүспен белгіленген оқушы жауап береді

2. Сөз тіркесіне тән белгілерді топтастыру арқылы ойларын тұжырымдау, мысал келтіру, қорытынды жасау, қорғау:

1) зат есім+зат есім;2) сын есім+зат есім;

3) сан есім+зат есім;4) зат есім+етістік;

5) қалай? +етістік.



Топтық жұмыс: сөз тіркесі туралы ойларын тұжырымдап,мысал келтіреді, қорытынды жасайды, әр топ қорғайды, қалған топтар өз жұмыстарымен салыстырып, бағалайды

Сөздік диктант

3 мин


Серуенге шығу, құлынның жалы, аптаның соңы, жасыл алқап, тәуелсіз ел, менің Отаным, сүйікті елім, туған жерім, ана тілім, қамқор әке, мейірімді ана.

Жеке жұмыс: диктант жазады, тексереді

ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

3 мин


Оқулықпен жұмыс: 18-жаттығу. Өлеңді оқу, сын есім мен зат есімнен жасалған сөз тіркестерін табу, дәлелдеу

Жеке жұмыс: өлеңді оқып, сөз тіркесін табады, дәлелдейді

Талдау және қолдану:

5 мин


20 -жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөздермен сөз тіркестерін құрау, тіркестің алғашқы сөзін жалғаусыз айтып көру арқылы сөздердің жалғаусыз байланыспайтынына көз жеткізу, ойларын тұжырымдау

Жұптық жұмыс: сөз тіркестерін құрайды, сөз тіркесін құраудағы жалғаудың маңызын түсіндіреді, қорытынды жасайды

Сергіту сәті:

1мин


«Кім жылдам?» ойыны. Сөз тіркестерін құрау: ... әжесі, ... жағасы, ... барады,...кел, ...

Көп нүктенің орнына жылдам сөз сыңарын тауып айтады

Оқулықпен жұмыс:

8 мин


21-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөз тіркесін аяқтап жазу. Сөз тіркесінің қай сөз таптарынан жасалғанын анықтау

Жұптық жұмыс: сөз тіркесін аяқтап жазады, сөз тіркесінің қай сөз таптарынан жасалғанын түсіндіреді

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау

6 мин


22-жаттығу. Кестеге берілген сөз тіркестерін дұрыс орналастыру

Сын есім+зат есім

Зат есім+ зат есім

Зат есім+ етістік

...

...

...




Жеке жұмыс: берілген сөз тіркестерін

кестеге орналастырады, дұрыс жауабымен салыстырып, тексереді




Бағалау:

2 мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

Рефлексия:

2 мин


1.Бүгінгі сабақтан не үйрендің?

2.Қай тапсырма қиынға соқты?

3.Қай тапсырма оңай болды?


Есінде қалған ереже-анықтамаларды, жеке ұғымдарды жазады

Үйге тапсырма:

Үй тапсырмасын беру: 19-жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:



Сабақтың тақырыбы:

Сөз тіркесі

Сабақтың мақсаты:

Сөз тіркесі туралы білімдерін тереңдету, сөз тіркесінің сыңарына сұрақ қоя білуге дағдыландыру

Оқыту нәтижелері:

Сөз тіркесін құрайды, сөз тіркесінің сыңарына сұрақ қоюды біледі, оның қай сөз табынан жасалғанын ажыратады, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, кесте, суреттер, бағалау парағы, интерактивті тақта


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Жақсы тілектер арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Өлең оқиды

Топтарға бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру

10 мин


1.Үй тапсырмасын тексеру (10-жаттығу.Әр қатарды үлгі бойынша сөз тіркесте-рімен толықтырып жазу)

Қол көтеру арқылы үй тапсырмасын оқиды, өзара бағалайды (5-6 оқушы)

2. «Топтастыру» әдісі бойынша сөз тіркесі туралы ойларын тұжырымдау, мысал келтіру, қорытынды жасау, қорғау

Топтық жұмыс: сөз тіркесі туралы ойларын тұжырымдап,мысал келтіреді, қорытынды жасайды, бір топ қорғайды, қалған топтар өз жұмыстарымен салыстырып, бағалайды

ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

6 мин


Оқулықпен жұмыс: 12-жаттығу. Сөз тіркестерінің мағынасын сұрақ қою арқылы анықтау, сөз тіркестерінң құрамындағы сөздердің қай сөз таптарынан жасалғанын табу

Жұптық жұмыс: тапсырманы орындайды, қорытынды жасайды



Талдау және қолдану:

8 мин


13 -жаттығу. Сөз тіркестерін оқып, олардың әрбір сыңарына сұрақ қою, мағынасын түсіндіру: Арқалықта тұрады, жаманнан жирену, әдемі өлке, тез оқу, жиырма бес қабат.


Жұптық жұмыс: сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді, олардың әрбір сыңарына сұрақ қояды

Сергіту сәті:

1мин


Өлең оқу, қимыл-қозғалыс жасау

Өлең оқиды, қимыл-қозғалыс жасайды

Оқулықпен жұмыс:

6 мин


14-жаттығу. Бірінші сыңары сын есімнен болған бес сөз тіркесін құрап жазу, дәлелдеу

Жеке жұмыс: бірінші сыңары сын есімнен болған бес сөз тіркесін құрап жазады, дәлелдейді

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау 6 мин

15-жаттығу. Берілген сөздердің әрқайсысына сөз тіркесінің бірінші сыңары болатын сөздерді тауып, сөз тіркесін құрап жазу: тай, құдық, нөмір, жаттау, оқу, самғау.

Жеке жұмыс: берілген сөздердің әрқайсысына сөз тіркесінің бірінші сыңары болатын сөздерді тауып, сөз тіркесін құрап жазады, оқиды, тексереді

Бағалау: 2 мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

Рефлексия:

2 мин


1.Бүгінгі сабақтан не үйрендің?

2.Қай тапсырма қиынға соқты?

3.Қай тапсырма оңай болды?


Есінде қалған ереже-анықтамаларды, жеке ұғымдарды жазады

Үйге: 1 мин

Үй тапсырмасын беру: 16-жаттығу

Күнделікке жазады
Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:



Сабақтың тақырыбы:

Сөз тіркесі

Сабақтың мақсаты:

Сөз бен сөз тіркесінің айырмашылығын аңғарту, сөз тіркесі қай сөз табынан жасалғандығын анықтай білуге дағдыландыру

Оқыту нәтижелері:

Сөз бен сөз тіркесін ажырата алады, сөз тіркесі қай сөз табынан жасалғанын саралайды, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, тірек-сызба, бағалау парағы, суреттер, плакат, маркер


сөз

сөз тіркесі

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Жақсы тілектер арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Өлең оқиды

Топтарға бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру

8 мин


1.Үй тапсырмасын тексеру (6-жаттығу. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, «Менің Отаным – Қазақстаным» тақырыбына әңгіме құру)

Қол көтеру арқылы үй тапсырмасын оқиды, өзара бағалайды (5-6 оқушы)

2.«Фиш боун» әдісі бойынша сөз тіркесі туралы ойларын тұжырымдау, мысал келтіру, қорытынды жасау, қорғау

Топтық жұмыс: сөз тіркесі туралыойларын тұжырымдап,мысал келтіреді, ережелерді айтады, қорытынды жасайды, бір топ қорғайды, қалған топтар өз жұмыстарымен салыстырып, бағалайды

Сөздік диктант

3 мин


Көк аспан, суық күн, күн шуағы, қызық кітап, сүйкімді балапан, қызғылт гүл, мектепке бару, сабақты оқу, еңбек ету.

Жеке жұмыс: диктант жазады, тексереді

ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

5 мин


Оқулықпен жұмыс: 7-жаттығу. Сөз бен сөз тіркестерін салыстыру. Олардыңбір-бірінен қалай ажыратылатынын айту, қорытынды жасау

Жеке жұмыс: Сөз бен сөз тіркесін салыстырады,олардың бір-бірінен өзгешелігін айтады, қорытынды жасайды


Талдау және қолдану:

8 мин


8 -жаттығу. Сөз тіркестерін оқып, мағына-сын түсіндіру, олардың байланысын сұрақ қойып анықтау, Сөз тіркесінің құрамында-ғы сөздердің қандай сөз таптарынан жасалғандығын табу, қорытынды жасау:

зат есім+зат есім, сын есім+зат есім, сан есім+зат есім, зат есім+етістік



Жұптық жұмыс: сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді, сөз тіркестерінің байланысын сұрақ қойып анықтайды, қай сөз табынан жасалғанын айтады, қорытынды жасайды.

Сергіту сәті:

2 мин


«Кім жылдам?» ойыны. Сөз тіркестерін құрау

Бір топ сөз айтады, екінші топ сол сөздің екінші сыңарын айтып, сөз тіркесін құрайды

Оқулықпен жұмыс:

6 мин


9-жаттығу. Берілген сөздермен сөз тіркесін құрап жазу.Сөз тіркестерінің байланысын сызбамен көрсету, сұрақ қою:

Сынып, шырын, аспан, жыңғыл.



Жұптық жұмыс: берілген сөздермен сөз тіркесін құрап жазады, сұрақ қояды, сөз тіркесінің құрамын анықтайды, байланы-сын сызбамен көрсетеді, түсіндіреді, қорытынды жасайды

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау 6 мин

11-жаттығу. Сызбаға қарап, сөз тіркесінің құрамы туралы қорытынды жасау, мысалдар жазу

Жеке жұмыс: сызбаға қарап, қорытынды жасайды, әрқайсысына екі мысалдан келтіріп жазады, өзара тексереді

Бағалау:2 мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

Рефлексия:

2 мин


1.Бүгінгі сабақтан не үйрендің?

2.Қай тапсырма қиынға соқты?

3.Қай тапсырма оңай болды?


Есінде қалған ереже-анықтамаларды, жеке ұғымдарды жазады

Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын беру: 10-жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі: Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:

Сөз тіркесі

Сабақтың мақсаты:

Сөз тіркесі туралы түсінік беру

Оқыту нәтижелері:

Сөз тіркесі дегеннің не екенін біледі, сұрақ қою арқылы сөз тіркесін анықтауды үйренеді, талдайды, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық,сызба, сурет, бағалау парағы, кесте


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Сәлемдесу.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Гүл аттары бойынша топтарға бөлу



Мұғаліммен сәлемдеседі

Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Өлең оқиды

Топтарға бөлінеді



ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру

8 мин


1.Үй тапсырмасын тексеру(25-жаттығу)

Қол көтеру арқылы үй тапсырмасын оқиды, тексереді.

2.Мәтін және оның түрлері туралы білімдерін жинақтау

Топтық жұмыс: мәтін туралы білетіндерін сызбаға түсіріп, ережелерді айтады.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

Тақырыпқа шығу

2 мин


Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу. Суретке қарап, қарбыз және үлкен қарбыз сөз жұбын салыстыру, мағыналарына, сөз санына назар аудару

(Тұжырым: қарбыз-жеке заттың атауы, үлкен қарбыз – қарбыздың сапасын қоса атап, қандай қарбыз екенін айтып отыр. Мұндай сөздерді сөз тіркесі деп атаймыз)



Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы өз ойларын айтады, сөз бен сөз тіркесінің бір-бірінен өзгешелігін айтады


Талдау және қолдану:

10 мин


2 -жаттығу. Сөздер мен сөз тіркестерін салыстыру,бір-бірінен өзгешелігін талдау, сөз тіркестерінің байланысын сұрақ қойып анықтау, қорытында жасау

Қорытынды:сөз тіркесі- өзара байланысқан сөздердің тобы, олардың байланысын сұрақ қойып анықтаймыз



Топтық жұмыс: сөздер мен сөз тіркестерін салыстырады, талдайды, түсіндіреді, сөз тіркестерінің байланысын сұрақ қойып анықтайды, қорытынды жасайды.

Сергіту сәті:

2мин


«Кім жылдам?» ойыны. Сөз тіркестерін құрау

Бір топ сөз айтады, екінші топ сол сөздің екінші сыңарын айтып, сөз тіркесін құрайды

Оқулықпен жұмыс:

10 мин


3-жаттығу. Сөз тіркестерін оқып, мағына-сын түсіндіру, кестеге орналастыру:

Зат есім+зат есім

Сын есім +зат есім

өзеннің жағасы, ...

жібек орамал, ...




Жұптық жұмыс: сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді, сұрақ қояды, сөз тіркесінің құрамын анықтайды, қорытынды жасайды

І\/. Сабақты қорыту:Жинақтау

5 мин


4-жаттығу. Мақалды жатқа жазу, сөз тіркестерін сызбамен көрсету, сұрақ қою:

Өтірік сөз өрге баспас.



Жеке жұмыс: мақалды жатқа жазады, сөз тіркестерін сызбамен көрсетеді, сұрақ қояды, дұрыс жауабымен салыстырып, тексереді

Бағалау:

2 мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

Рефлексия:

3 мин


1.Бүгінгі сабақтан не үйрендің?

2.Қай тапсырма қиынға соқты?

3.Қай тапсырма оңай болды


Есінде қалған ереже-анықтамаларды, жеке ұғымдарды жазады

Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын беру: 6-жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі: Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:

Диктант

Сабақтың мақсаты:

Өткен материалдарды меңгеру деңгейін анықтау, өрмекшінің өрмегі туралы мағлұмат беру

Оқыту нәтижелері:

Өз бетінше жұмыс істейді, қатесіз жазуға үйренеді, өрмекшінің өрмегі туралы мағлұмат алады

Модульдерді кіріктіру

СТО, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, ОүБ және оқуды бағалау

Негізгі дерек көздер:

Диктанттар жинағы (Ұ.С.Ботабаева, К.Ә.Ерешева), суреттер


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

2 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.



Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Жақсы тілектер айтады



ІІ. Жаңа сабақ:

3 мин


1. Жаңа сабақты хабарлау

2. «Ой шақыру». Жұмбақ шешу:

1) Тоқыған ауы – шыбынның жауы.

2) Құралы әрі ермегі – тоқитұғын өрмегі

3. Өрмекшінің өрмегі туралы білетіндерін айту


1. Жаңа сабақтың мақсатын қояды, критерийлерін анықтайды.

2. Жұмбақты шешеді

3. Өрмекшінің өрмегі туралы білетіндерін айтады.


5 мин

1. Диктант мәтінімен таныстыру

Өрмекшінің өрмегі

Өрмек – өрмекшілердің өрмек безі түзетін зат. Ол ауада тез қатады, серпімді және жабысқақ келеді. Өрмекшілер өрмекті жемін ұстауға, тор құруға, жұмыртқасына піллә жасауға, сыртқы жаудан қорғануға пайдаланады.

Өрмекшінің өрмегі – жіп атаулының ішіндегі ең жіңішкесі, ең мықтысы. Егер осы өрмекпен экватор бойымен жер шарын түгел орап шықса, оған кеткен жіптің салмағы үш жүз қырық грамм болар еді. Соған қарамастан ол жуандығы бірдей нейлон мен болат сымнан мықтырақ. (66)

2. Мәтін мазмұнын талдау


1. Диктант мәтінін тыңдайды

2. Қол көтеру арқылы жеке –жеке түсінгенін айтады, мәтін мазмұнын талдайды, қиын сөздерді таңдайды.



2 мин

Қиын сөздермен жұмыс:

1) қиын сөздерді тақтаға жазу;

2) мағынасын түсіндіру.

Піллә, экватор, нейлон



Қиын сөздердің емлесін есте сақтайды, буынға бөледі, мағынасын түсіндіреді

20 мин

Диктантты жаздыру

Жеке жұмыс: диктантты жазады

ІІІ. Сабақты қорыту:

10 мин


1. Диктант мәтінін оқып, қателерін тексерту

2. Өз бетінше қатесін тексерту

3. Жұмысты жинап алу


Жеке жұмыс:1. Мәтінді тыңдайды, қателерін тексереді

2. Өз бетінше қатесін тексереді

3. Дәптерді жинайды


І\/. Рефлексия

2 мин


1. Тексеру қорытындысынан нені күтесің?

2. Қандай нәтижеге жеттің?

3. Неліктен?

4. Не істеу керек деп ойлайсың?



Рефлексия парағын толтыру

\/. Үйге тапсырма:1 мин

Қайталау

Күнделікке жазады

Сабақтың өту мерзімі: Қысқа мерзімді жоспар



Сабақтың тақырыбы:

Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Жалаң және жайылма сөйлем туралы алған білімдерін еске түсіру, қайталау.

Оқыту нәтижелері:

Жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратады, саралайды.

Негізгі дерек көздер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ және оқуды бағалау, дарынды және талантты балаларды оқыту, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту.

Оқулық, плакат, маркер, бағалау парағы, тірек-сызба, стикер, сәйкест. тесті




Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

2 мин


Сәлемдесу.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында жақсы тілектер айтқызу

Түсті стикерлер арқылы топтарға бөлу



Мұғаліммен сәлемдеседі

Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.


Жақсы тілектер айтады

Топтарға бөлінеді



ІІ. Жаңа сабақ:

Еске түсіру, түсіну:

7 мин



Топтық жұмыс: тірек-сызбаны пайдалана отырып, сұрақтарға жауап жазғызу

Сұрақ-жауап:

1. Сөйлем дегеніміз не?

2. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай қандай түрлері бар?

3. Жай сөйлемнің қандай түрлері бар?

4. Жай сөйлем мен жайылма сөйлемнің қандай айырмашылығы бар?



Топтық жұмыс: сөйлем және оның түрлері жайында білетіндерін сызбаға түсіріп, ойларын тұжырымдайды, қорғайды

Талдау және қолдану:

6 мин


Оқулықпен жұмыс:

1-жаттығу. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқыту. Мәтіннен хабарлы, лепті, сұраулы сөйлемдерді тапқызу



Жұптық жұмыс: жұптасып сөйлем түрлерін ажыратады, сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқиды.

7 мин

2-жаттығу. Сызбаға қарап, қорытынды шығарту, ережелерді айтқызу.

Топпен жұмыс:сызба бойынша жай сөйлемнің түрлеріне қорытынды жасайды, ережелерді айтады

Сергіту сәті:

1мин


Өлең оқып, қимыл-қозғалыстар жасату

Орындарынан тұрып, өлең оқиды, қимыл-қозғалыс жасайды

Оқулықпен жұмыс: 7 мин

3-жаттығу. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаздырту, сөйлем мүшелеріне талдату

Жұптық жұмыс: жұптасып жаттығуды орындайды, оқиды, сөйлем мүшелеріне талдайды

Жинақтау

6 мин


5-жаттығу. Венн диаграммасы бойынша жай сөйлем түрлерін салыстырту, ұқсастығы мен айырмашылығын дәлелдету

Топпен жұмыс: Жай сөйлем түрлерін салыстырады, дәлелдейді

Бағалау:

4 мин


6-жаттығу. Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендіру, сөйлем мүшелеріне талдату

Жеке жұмыс: сәйкестендіру тестімен жұмыс жасайды.

3 мин

Бағалау


Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

Рефлексия:

2 мин


1.Бүгінгі сабақтан сендер не алдыңдар?

2.Бұл сабақ қиын болды ма?

3.Бүгінгі сабақтан алған ойларыңды жазыңдар.


Берілген сұрақтарға жауаптарын стикерге жазып тақтаға жабыстырады.

Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын беру: 4-жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі: Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:

Сөйлем мүшелері және олардың байланысы

Сабақтың мақсаты:

Сөйлем мүшелері және олардың байланысы туралы алған білімдерін еске түсіру, қайталау.

Оқыту нәтижелері:

Сөйлем мүшелерін ажырата алады, талдайды және сөйлем мүшелерінің байланысын табады

Негізгі дерек көздер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ және оқуды бағалау, дарынды және талантты балаларды оқыту, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту.

Оқулық, ребус, плакат, маркер, бағалау парағы, рефлексия парағы, тапсырмалар парағы




Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

2 мин


Сәлемдесу.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Жеміс аттары арқылы топтарға бөлу



Мұғаліммен сәлемдеседі

Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Өлең оқиды

Топтарға бөлінеді



ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру

10 мин



Үй тапсырмасын тексерту

Жұптық жұмыс: жұпта дәптерлерін ауыстырып, тексереді

«Ой шақыру» әдісі бойынша «Аялдама» ойыны арқылы сөйлем және сөйлем мүшелері туралы алған білімін тексеру


Топтық жұмыс: әр «аялдамадағы» тапсырмаларға сәйкес сөйлем туралы ойларын жазып шығады, өз топтарына оралып, тапсырма жауаптарын оқиды, салыстырады

ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

7 мин



Оқулықпен жұмыс: 7-жаттығу. Тапсырманы оқыту, тапсырмаға сай жаттығуды орындату, сөйлем мүшелеріне талдату

Жұптық жұмыс: жаттығуды орындайды, әр топ бір сөйлемнен оқып, сөйлем мүшелеріне талдайды, өз жұмыстарымен салыстырады

Талдау және қолдану:

6 мин


9-жаттығу. Сызбаны толықтыру, ережелерді айтқызу

Топтық жұмыс: плакатқа сызбаны сызады, толықтырады, ережелерді айтады

Сергіту сәті:

2мин


Ребусты шешкізу, мақалды оқыту

Топтық жұмыс: ребусты шешеді, мақалды оқиды, мағынасын ашады

Оқулықпен жұмыс:

5 мин


12-жаттығу. Тапсырманы оқыту, бастауыш пен баяндауышты тауып, тиісті жеріне сызықша қойдыру

Жұптық жұмыс:жұптасып жаттығуды орындайды, оқиды, талдайды, қорытынды жасайды

Жинақтау

5 мин


11-жаттығу. Венн диаграммасы бойынша жай сөйлем түрлерін салыстырту

Топпен жұмыс: Жай сөйлем түрлерін салыстырады, дәлелдейді

Бағалау:

4 мин


Берілген тапсырманы орындату

Жеке жұмыс: тапсырманы орындайды,

2 мин

Критерийлер бойынша жиынтық бағаны шығару


Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

Рефлексия:

2 мин


1.Бүгінгі сабақтан сендер не алдыңдар?

2.Бұл сабақ қиын болды ма?

3.Бүгінгі сабақтан алған ойларыңды жазыңдар.


Рефлексия парағын толтырады.

Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын беру: 10-жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі: Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:

Сөйлем мүшелері және олардың байланысы

Сабақтың мақсаты:

Сөйлем мүшелері және олардың байланысы туралы алған білімдерін қайталау, тиянақтау

Оқыту нәтижелері:

Сөйлем мүшелерін ажырата алады, талдайды және сөйлем мүшелерінің байланысын табады, білімді тиянақтайды

Негізгі дерек көздер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, АКТ, ОүБ және оқуды бағалау, дарынды және талантты балаларды оқыту, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту.

Оқулық, плакат, маркер, қима қағаздар, бағалау парағы, интерак. тақта




Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

2 мин


Сәлемдесу.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Жеміс аттары арқылы топтарға бөлу



Мұғаліммен сәлемдеседі

Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Жақсы тілектер айтады

Топтарға бөлінеді



ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру

6 мин



Үй тапсырмасын тексерту

Жұптық жұмыс: жұпта дәптерлерін ауыстырып, тексереді

«Ой шақыру»: қима қағазға жазылған сөйлем мүшелері мен ережелерді сәйкестендірту, ережелерді жатқа айтқызу

Топтық жұмыс: сөйлем мүшелері мен ережелерді сәйкестендіреді, жатқа айтады

ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

7 мин



Оқулықпен жұмыс: 13-жаттығу. Мақалды түсініп оқу, мағынасын ашу, сөйлем мүшелеріне талдату, сөйлем мүшелерінің байланысын тапқызу

Топтық жұмыс: мақалды оқиды, мазмұны бойынша әр топ өз пікірін айтады, сөйлем мүшелеріне талдайды, сөйлем мүшелерінің байланысын табады.

Талдау және қолдану:

6 мин


14-жаттығу. Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жаздыру, сөйлем мүшелерінің байланысы туралы айтқызу

Жұптық жұмыс: сызба бойынша сөйлем құрап жазады, сөйлем мүшелерінің байланысы туралы айтады

Сергіту сәті:1мин

Жұмбақ шешкізу

Жұмбақ шешеді

Оқулықпен жұмыс:

5 мин


15-жаттығу. Суретке қарап, әңгіме құрату. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдату, қай сөзбен байланысқанын тапқызу

Топтық жұмыс: сурет бойынша әңгіме құрады, жазады, оқиды, талдайды, қорытынды жасайды

Жинақтау

5 мин


17-жаттығу. Өз бетінше жұмыс: жаңылтпашты жатқа айтқызу, жатқа жазғызу. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдату, қай сөзбен байланысқанын тапқызу

Жеке жұмыс: жаңылтпашты жатқа ай-тып, жазады. Сөйлемдерді сөйлем мүше-леріне талдап, қай сөзбен байланысқанын табады, тексереді, ұпай санын анықтайды

Бағалау:

2 мин


«Инсерт» әдісі бойынша БББ кестесін толтырту.

Бағалау



Кестені толтырады

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды



Рефлексия:

2 мин


1.Бүгінгі сабақтан сендер не алдыңдар?

2.Бұл сабақ қиын болды ма?

3.Бүгінгі сабақтан алған ойларыңды жазыңдар.


Өз ойларын стикерге жазады

Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын беру: 18-жаттығу

Күнделікке жазады

Сабақтың өту мерзімі: Қысқа мерзімді жоспар



Сабақтың тақырыбы:

Сөз және оның мағынасы

Сабақтың мақсаты:

Сөз және оның мағынасы туралы алған білімдерін еске түсіру, қайталау.

Оқыту нәтижелері:

Сөздерді мағыналарына қарай ажыратады,талдайды

Негізгі дерек көздер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, АКТ, ОүБ және оқуды бағалау, дарынды және талантты балаларды оқыту, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту.

Оқулық, плакат, маркер, бағалау парағы, кесте, жеке тапсырма парағы, сурет




Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

2 мин


Сәлемдесу.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Апта аттары арқылы топтарға бөлу



Мұғаліммен сәлемдеседі

Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Өлең оқиды

Топтарға бөлінеді



ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру

8 мин


Үй тапсырмасын тексеру

Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы бір сөйлемнен оқып, өз жұмыстарын тексереді

Сөйлем мүшелері туралы білетіндерін сызбаға түсіріп, ережелерді айтқызу.

Топтық жұмыс: сөйлем мүшелері туралы білетіндерін сызбаға түсіріп, ережелерді айтады.


ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

Тақырыпқа шығу

10 мин


1. Кестемен жұмыс: дыбыс пен сөзді салыстыру, сөздерді мағынасына қарай топтастыру (синоним, антоним, омоним)

2.Оқулықпен жұмыс: 19-жаттығу. Суретке қарап, білезік сөзі туралы өз ойларын айтқызу (білек + жүзік)



1. Топтық жұмыс: дыбыс пен сөзді салыстырады, сөздерді мағынасына қарай топтастырады, түсіндіреді

2. Топтық жұмыс: білезік сөзін талдайды, қорытынды жасайды



Талдау және қолдану:

6 мин


20 -жаттығу. Мәтінді түсініп оқу, сабақ сөзінің қандай мағыналарда жұмсалатынын айтқызу

Жұптық жұмыс: мәтінді түсініп оқиды, сабақ сөзінің бірнеше мағынада жұмсалатынын айтып, түсіндіреді

Сергіту сәті:

1 мин


«Кім жылдам?» сөздердің қарама-қарсы мағынасын айтқызу

Сөздердің қарама-қарсы мағынасын жылдам тауып айтады

Оқулықпен жұмыс:

5 мин


21-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тауып, көшіріп жазу, мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып, астын сызу

Жұптық жұмыс: жұмбақты шешеді, көшіріп жазады, мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып, астын сызады

Жинақтау

5 мин


24-жаттығу. Кестені толтыру

Топтық жұмыс: синоним, антоним, омоним сөздерге өз беттерінше мысал келтіріп, кестені толтырады

5 мин

Өзіндік жұмыс орындату

Жеке жұмыс: жеке тапсырмаларды орындайды, тексереді

Бағалау:

2 мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

Рефлексия:

1 мин


1.Бүгінгі сабақтан сендер не алдыңдар?

2.Бұл сабақ қиын болды ма?

3.Бүгінгі сабақтан алған ойларыңды жазыңдар.


Өз ойларын стикерге жазады

Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын беру: 22-жаттығу

Күнделікке жазады

Сабақтың өту мерзімі: Қысқа мерзімді жоспар



Сабақтың тақырыбы:

Заттарды санау

Сабақтың мақсаты:

Заттарды әр түрлі тәсілмен санау, разряд бірліктері жайында берілген ұғымды қайталау

Оқыту нәтижелері:

Разряд бірліктерін ажырата біледі, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ және оқуды бағалау, дарынды және талантты балаларды оқыту, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту.

Оқулық, плакат, маркер, бағалау парағы, кесте, жеке тапсырма парағы, көрнекіліктер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет