Сабақтың ортвсы
|
«Ширату жатттығулары » әдісі арқылы оқушылар алдыңғы білімімен бүгінгі сабақты ұштастырып оқу мақсатын ашады. Әр топ өзіне берілген үшбұрыштармен жұмыс жасайды.
Үшбұрыштың қабырғаларының ортасы болатын нүктені тауып, оны қосыңдар.
Үшбұрыштың орта сызығы деп қандай кесіндіні айта аламыз.
Берілген үшбұрыштың қабырғалары мен орта сызығын өлшеп алындар.
Не байқадыңыз?Қандай қасиеті туындайды?
Үшбұрыштың қандай түрі болмасын оның орта сызығы анықтамасы ортақ бола ма?
|
Bilimland ақпараттық ресурс арқылы тақырыпты, оқу мақсатын ашатын бейнебаян көрсетіледі. Оқушылар«Түртіп алу» стратегиясы бойынша өзіне қажетті мәліметті, ақпаратты жазып алады.
Теорема 1. Үшбұрыштың орта сызығы үшбұрыштың үшінші қабырғасына параллель және оның жартысына тең.
(Ж,Т) 1- тапсырма :«Ойлан тап » әдісі бойынша тапсырма беріледі.
Қалыптасатын дағды: ақпаратты басқарады, бірлескен жұмыс, ойлау, шешім қабылдау, креативтілік.
Тең бүйірлі АВС үшбұрышының АВ және ВС қабырғалары тең. ЕD орта сызығы АС қабырғасына, ал DҒ орта сызығы АВ қабырғасына параллель. ВЕD және DҒС үшбұрыштарының тең екенін дәлелдеңдер.
Дескриптор:
есептің берілгеніне байланысты шартын құрады;
шарты бойынша сызбасын сызады;
үшбұрыштың орта сызығының қасиеті бойынша үшбұрыштардың тең екенін дәлелдейді
|
Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады.
|