Курмангожина Дина Бакытовна - Көкшетау балалар музыка мектебінің домбыра аспабының және музыка әдебиетінің оқытушысы 2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың шығармашылық портреті. Білімділік мақсаты:
Оқушыларға А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармаларының қыр-сырын меңгеріп, өлеңдерін барынша терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау, қара сөздерін талдау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: Ақын портреті, суреттер.
Қажетті құралдар: слайдтар, СД-дисктер, электронды оқулық, компьютер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сабақты Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас» әнін оқушыларға тыңдатамыз, олар авторын және әннің атын айту керек. Содан кейін ақынның үлкен портретін көрсетіп тақтаға ілеміз.
2. Слайд. Оқушылар Абайдың өмірбаянына қатысты слайдтармен танысады. Композитордың туған жерінің суреттері, әр қалаларда орналасқан ескерткіштер, табиғат.
3. Мұғалімнің әңгімесі. Қысқаша Абайдың өмірбаянының ең маңызды оқиғаларын айту, толықтырып және кеңдеу шығармашылығына тоқтау, әндерін тыңдау, талдау. Балаларға бір кесте қара сөздерін таратып /1:18/ оқытып, мазмұндатып «Ата-анаға көз қуаныш» әнін тыңдау. Абайдың орыс шығармаларының қазақшаға аудармаларына тоқтап Татьянаның хатын орысша және қазақша оқып беру.
4. Оқушылармен Абайдың «Көзімнің қарасы» деген әнін айту.
5. Өткен сабақты пысықтау. Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Абайдың сөздері
Ұлы ойшыл, ақын және композитор А.Құнанбайұлы 1845 жылы Семей еліндегі Шыңғыс таудың етегінде дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі Ибраһим бола тұра, анасының бала кезіндегі еркелетіп қойған Абай атымен бүкіл дүние жүзіндегі әдебиет пен мәдениет өмірінің есігін ашқан. «Ескі там» қонысында әкесі ашқан медреседе оқып, ауылдың молдасынан дәріс алған. Әкесі Абайды 10 жасқа толғанда Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл оқиды. Медресенің 3 жылында ол осы қаладағы «Приходская школаға» түсіп, онда үш ай орысша оқиды. Осы жылдары араб, парсы және орыс тілдерін меңгереді. Орыс жазушылар А.С.Пушкин, Салтыков Щедрин, Некрасов, Лермонтов, Толстой мұраларын оқып, терең танысады.
Орыс ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, кейбір туындыларымен танысып, кейбір туындыларын қазақ тіліне шеберлікпен аударып, қазақ ұлтының орыс ақын жазушыларынң шығармаларымен танысуына өз ықпалын жасады. Тіпті Семейде кітапханаларға барып сонда айдауда жүрген геолог Михаэлис, дәрігер Долгополовпен достасып кетеді.
Абай жастайынан өз халқының әндерін, күйлерін сүйіп өскен, өзі ән айтып, домбырада ойнайды. Абайдың домбырасын көрсету. Қаладағы орыс достарымен танысып араласа жүріп Абай орыс халқының қалалық және профессионалдық музыка өнерімен танысады.
Абайдың «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «желсіз түнде жарық ай», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» лирикалық тақырыпқа жазылған әндер.
Абай әндерінде «Ахау» «Аха-хай» «Хай-ли-лау», «Дүние-ай», «Шіркін-ай» қазақ әндерінде көп кездесетін тіркестер кездеспейді немесе басқаша айтқанда өрнектелетін айналымдар кездеспейді.
Музыкалық тақырыпқа арнаған көркем әндерінің бірі «Айттым сәлем, қаламқас». Бұл шығарма бізге үш түрлі нұсқада жетіп отыр. Негізгі нұсқасының. Бұл ән 1889 жылы дүниеге келді. Қазақ еліне кең тараған халық әндерінің қатарына қосылып кетті.
2 ән: «Көзімнің қарасы». Кең тынысты, мұңды әуені жақсы көретін жанын жырлауға сөз асылын таппай қиналған жанның ішкі толғаныс сырларын ерекше көркемдік мәнермен жеткізеді.