Пәні: ана тілі
Сыныбы: 1 «Е» Мерзімі: 07.03.2016ж
Сабақтың тақырыбы:
Апама. Анаға сыйлаймыз. Кім? не? Сұрағына жауап беретін сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың кім? не? Сұрағына жауап беретін сөздер жайлы білімдерін ары қарай жалғастыру. Оқушыларға өленнің мазмұнын түсіндіру. Ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету.
Дамытушылық:Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаң ойын қорыта алуға, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру, сөйлеу тілін дамыту
Тәрбиелік: балалардың анаға деген сүйіспеншілігін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі - тәсілдері: Сұрақ – жауап,ойындар.
Пәнаралық байланыс: Еңбек, музыка.
Көрнекіліктер: Гулдер, көктем аруының суреті, техникалық құралдар,(мультимедиялық проектор)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай!
Құстар сайрап,
Бақтар жайнап, гүл атты.
- Дұрыс айтасыңдар балалар.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем мезгілінің қай айы?
- Наурыз.
- Көктемнің нешінші айы?
- Бірінші.
-Көктемнің ең алғашқы гүлдерін білесіңдер ме?
- Бәйшешек, жауқазын.
Балалар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше қызықты болғалы тұр.
Қыс мезгілі аяқталып, көктем мезгілі жеткенін өздеріңде айтып отырсыңдар.
Көктемнің алдында қай жыл мезгілі болды?
Қыс
Ендеше қыс ханшайымы біз күтіп отырған көктем аруын жібермей отыр.
Көктем аруы: Балалар мені құтқарыңдар. – деп көмек сұрап жатыр.
Қыс ханшайымы: Көктем аруын босатпаймын Егер де оны жіберетін болсам мен еріп кетемін. Ал менің кеткім келмейді. Менің бораным,қаһарлы аязыма ешкім төтеп бере алмайды.. Менен ешкім көктемді құтқара алмайды. Аха ха
- Ал балалар көктем аруына көмектесеміз бе?
- Иә
- Олай болса көктем аруын білімімізбен құтқарайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |